Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 164 "Атырау облысы аумағында орналасқан айрықша маңызды және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2003 жылғы 3 шілдедегі N 153 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 22 тамызда N 1594 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен.

       Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.

      Айрықша маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру және күзет қызметін ретке келтіру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді :

      1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 164 " Атырау облыс аумағында орналасқан айрықша маңызды және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" (Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 5 шілдеде N 1037 тіркелді) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулы қосымшасының:

      ішкі істер органдарының арнаулы күзет бөлімшелерімен міндетті түрде күзетілуге жататын объектілердің тізбесінде:
      реттік нөмірлері 27), 28), 34), 35), 36), 37), 38), 40), 42)  жолдары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41-1), 41-2) жолдармен толықтырылсын:

     "41-1) "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Прорванефть" мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай қоймасы";

      "41-2) "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Доссорнефть" мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай қоймасы".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады