Төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Курчатов қалалық әкімиятының 2003 жылдың 4 мамырдағы N 34 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 маусымда N 1269 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2008.03.17 N 240 қаулысымен.
      
      "Төтенше жағдайдың жергiліктi ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 11 наурыздағы N 19 қаулысын орындауда, "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы N 87-1 Заңының 17-бабына сәйкес және төтенше жағдайларды жою кезiнде апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, Курчатов қаласының әкiмдiгiҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн.
      
      Курчатов қаласының әкiмi

Курчатов қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 4 мамыр N 34
қаулысымен бекiтiлген

Төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы
кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi
туралы ереже 

      Осы Ереже төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы кезiнде және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгiн айқындайды.
      1. Төтенше жағдайды жою басшысы (төтенше жағдайларды жою кезiнде жұмыстардың жүргiзiлуiне басшылық жасайтын, немесе жергiлiктi атқарушы орган тағайындаған, өкiлеттiгiне төтенше жағдайларды жоюға кiретiн бас басқарушы және жауапты адам) төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы кезiнде:
      1) төтенше жағдай аймағында барлау жүргiзедi және жағдайды бағалайды, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
      2) апаттан құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қауiптi жерлердi, күштер мен құралдардың қажеттi санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;
      3) апаттан құтқару жұмыстарын жергiлiктi ауқымда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарына сәйкес жүргiзудi ұйымдастырады;
      4) төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлер мен ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      5) апаттан құтқару қызметтерi мен құрамаларына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың бiрлескен iс-әрекетiн ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      6) төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiне бақылауды жүзеге асырады және тиiстi шешiмдер қабылдайды;
      7) қажеттiлiкке қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, апаттан құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;
      8) күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады;
      9) Курчатов қаласы әкiмдiгiн, қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi штабын төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және апаттан құтқару, басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiнде олардың қабылдаған шешiмдерi туралы хабарлайды;
      10) күштер мен құралдарын төтенше жағдай орнынан кету тәртiбiн айқындайды.
      2. Аса қажет болған жағдайда (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнгенде) төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы кезiнде жағдайды жою басшысы:
      1) төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң келуiн шектейдi;
      2) төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;
      3) апаттан құтқару жұмыстарын жүргiзуге апаттан құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын, сондай-ақ ерiктi апаттан құтқару құрамаларын және көрсетiлетiн құрамалардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды, оларда құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргiзуге аттестатталғандығын растайтын құжаттары болған кезде тартады;
      4) шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келiсiмiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
      5) төтенше жағдайлар аймағында көшiру iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
      6) төтенше жағдайларды жою үшiн төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн броньнан босатады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейiннен шығыстардың орнын толтыра отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдарын және өзге де мүлкiн тартады;
      8) аса қажет болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдардың басшыларына қабылданған шешiмдер туралы шұғыл хабарлау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      9) төтенше жағдайлардың өршуiне әрi құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына негiзделген басқа да қажеттi шараларды қабылдайды.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жоюға бағытталған төтенше жағдайдың жергiлiктi ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының шешiмi төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
      4. Төтенше жағдайдың жергiлiктi таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгi жергiлiктi атқарушы орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың жойылғаны туралы жариялағаннан кейiн тоқтатылады.
      
      
      Курчатов қаласы әкiмi
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады