Облыстық әкiмдiктiң 2003 жылғы 2 маусымдағы N 83 "Шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет мәселелерi жөнiндегi Комиссия туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2003 жылғы 15 тамыздағы N 135 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 қыркүйекте N 1392 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 569 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2007.04.18 N 569 хатымен.
      Кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту мен қолдау, мемлекеттiк сауда саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 3), 4) тармақшаларының негiзiнде, Бесқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ етедi:
      1. Шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет мәселелерi бойынша аудандық Комиссия құрылсын (бұдан әрi Комиссия).
      2. Қоса берiлген Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
      3. Аудан әкiмi аппаратының экономика бөлiмi (Жүнүсқожина Г. С.) Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныс енгiзсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Рахметуллинге жүктелсiн.
      5. Нақты қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
      
      
      Аудан әкiмi

      Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң
2003 жылдың 15 тамызындағы
N 135 қаулысына қосымша

      Бесқарағай аудандық әкiмдiгi жанындағы шағын және
      орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi
      Комиccия туралы
      ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы жағдай

      1. Бесқарағай аудандық әкiмдiгi және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк - кеңестiк орган болып табылады және Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау және әрi қарай дамыту концепциясын, сауда саясатын iске асыру мақсатында құрылған.
      2. Комиссия "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi Комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 тамыздағы N 883қаулысының, Шығыс Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 2 маусымдағы N 83 қаулысының негiзiнде құрылған.
      3. Комиссия өзiнiң iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары      

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы»Қазақстан Республикасының заңын iске асыру жөнiндегi шараларды өткiзуге әрекеттесу;
      2) салық төлемдерiн төмендету мәселелерi жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдар үшiн ұсынымдар әзiрлеу;
      3) меншiк пен активтердi заңдастыру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар енгiзу;
      4) кредит ресурстарын алу жолдарын жеңiлдету шараларын өткiзу жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
      5) әкiмшiлiк рәсiмдер мен рұқсат етудi жеңiлдету мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
      6) шағын және орта бизнестi қолдау өңiрлiк орталықтарын ұйымдастыру жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
      7) ауылда шағын және орта бизнестi, сауда және қызметтi дамыту жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу;
      8) жергiлiктi атқарушы органдар үшiн шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
      9) кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының конструктивтi бастамаларын қолдау, азаматтардың әл-ауқаттылығын жоғарылату және экономика жағынан дамыған мемлекеттi құруындағы әр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк оң көзқарасын насихаттау;
      10) кәсiпкерлiк iс-әрекеттi мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарының қаулыларын өз бастамаларымен әзiрлеу;
      11) шағын және орта бизнестi, сауда және қызметтi қолдау және қорғау жөнiндегi жобалар мен мақсатты бағдарламаларын iске асыру, үйлестiру және әзiрлеуiне әрекеттесу.
      5. Оған жүктелген мiндеттерге сәйкес комиссияның функциялары:
      1) шағын және орта бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi өнерлік және салалық бағдарламаларын iске асуын және үйлестiруiн қамтамасыз етуiнде, әзiрлеуiнде қатысу;
      2) көкейкестi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуiнде қатысу, оларды iске асыруында кәсiпкерлiктiң шағын және орта субъектілерiн, бiрлестiктерiн, одақтары мен ассоциацияларын қатыстыру;
      3) шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мүдделерiне қарасты заңнамада белгiлеген тәртiпте өз бастамаларымен нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуiн iске асыру;
      4) заңнамада белгiлеген тәртiпте жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу үшiн шағын және орта бизнес өкiлдерiн тарту және кәсiпкерлер ассоциацияларына, бiрлестiк, одақ, шағын және орта кәсiпорындарына ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      5) жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуiнде заңнамада белгiлеген тәртiпте кәсiпкерлердiң пiкiрлерiн есепке алу;
      6) шағын және орта бизнестiң салалық, кәсiби және аумақтық одақтары, ассоциациялары, бiрлестiктерi және басқа да кәсiпкерлiк құрылымдарымен өзара iс-әрекеттесу;
      7) шағын және орта бизнеске, сауда және қызметке қолдау жасайтын мемлекеттiк органдармен, шағын және орта бизнес, сауда және қызмет облысында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру және келiсiмдi шешiмдер әзiрлеу үшiн үнемi өзара iс-әрекет жасау;
      8) тиiстi мемлекеттiк органдардың, кәсіпкерлер қоғамдық ұйымдарының өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыпты отырыстар өткiзу;
      9) заңнамада белгiлеген тәртiпте кәсiпкерлердiң заңды құқықтарын қорғау және мүдделерiне өкiлдiк ету;
      10) заңнамада белгiлеген тәртiпте комиссияда жұмыс iстеу үшiн ғалымдар, беделдi кәсiпкерлер, басқару органдарының өкiлдерi мен басқа да мамандар қатарынан эксперт және кеңесшiлердi тарту;
      11) белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпараттық, талдаулық, анықтама-статистикалық құжаттар жиынтығын, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi алу болып табылады.

      3. Комиссия iс-әрекетiн ұйымдастыру      

      6. Комиссияны төраға - Бесқарағай аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады.
      7. Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы деңгейiндегi мәртебесi бар өкiлдерi енгiзiлдi.
      8. Комиссияның жұмыс органының функциялары аудан әкiмiнiң экономика бөлiмiне жүктеледi.
      9. Комиссияның жұмыс органы:
      1) комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      2) комиссия шешiмдерiн атқаруын бақылайды және қамтамасыз етедi;
      3) комиссия мүшелерi мен оның iс-әрекетiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
      10. Комиссия отырысында қарастырылған мәселелер тiзбесi қажеттiлiгiне байланысты құрастырылып төрағамен бекiтiледi.
      11. Бекiтiлген тiзбе тiзiм бойынша комиссия мүшелерiне таратылады.
      12. Комиссия отырысының нәтижесi бойынша хаттама құрастырылады және төрағасының қолы қойылады. Комиссия шешiмi ашық дауыс беру жолымен дауыстардың көпшiлiгiмен қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Егер берiлген дауыстар тең болған жағдайда төраға дауысын берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      13. Комиссия шешiмдерi ұсыным беру сипатта.
      14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкірлерiн айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазба түрiнде мазмұндалып комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлу қажет.
      15. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне байланысты тоқсанына бiр реттен кем емес өткiзiледi және төрағамен шақыртылады. Егер жедел шешiм қабылдау қажеттiлiгi туындаған жағдайда комиссияның жоспардан тыс отырысы өткiзiлуi мүмкiн, ол төрағаның шақыруымен өткiзiледi.
      16. Комиссия отырысында төрағаның шақыруы бойынша өтiнiштерi қарастырылатын кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi, мүдделi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ басшылары қатыса алады.
      
      
      Аудан әкiмiнiң аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады