Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелері жөніндегі комиссия туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі N 567-а қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 9 қазанда N 1420 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 1508 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 1508 қаулысымен.

      Ауданда кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту мен қолдау, мемлекеттік сауда саясатын жүзеге асыру мақсатында және Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының "Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелері жөніндегі комиссия туралы" 2003 жылғы 2-маусымдағы N 83 қаулысын атқару үшін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағының 3), 4)-тармақшалары негізінде Күршім ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелері жөніндегі комиссия келесі құрамда құрылсын (бұдан әрі Комиссия):

Мұсақанов Қ.Қ.

комиссия төрағасы, Күршім ауданы Әкімінің
орынбасары

Қалелов М.Ж.

комиссия төрағасының орынбасары, Экономика
және нарықтық қатынастар бөлімінің
меңгерушісі

Комиссия мүшелері:

Загарулько Р.В.

Күршім аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі

Қыпшақов С.З.

Күршім ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)

Төлебаев Т.Қ.

Күршім ауданының жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім
бойынша)

Қисанов А.Қ.

Күршім ауданының санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы
бастығының міндетін атқарушы

Әлханов Д.Ә.

Күршім ауданы Әкімінің ауылшаруашылық
бөлімінің бастығы

Кінәсілов Т.Н.

жеке кәсіпкер (келісім бойынша)

      2. Комиссия құрамы аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітілуге ұсынылсын.
       3. Қоса берілген Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің орынбасары Қ.Қ. Мұсақановқа жүктелсін.
      5.Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Күршім ауданының Әкімі

Күршім ауданы әкімиятының
2003 ж. 11 қыркүйектегі
N 567а қаулысына қосымша

Күршім ауданы әкімиятының жанындағы Шағын және орта бизнес,
сауда және қызмет мәселелері жөніндегі комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы жағдай

      1. Күршім ауданы әкімиятының жанындағы Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) консультативтік-кеңестік орган болып табылады және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау және әрі қарай дамыту концепциясын, сауда саясатын іске асыру мақсатында құрылған.
      2. Комиссия "Шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 2-маусымдағы N 83 қаулысының негізінде құрылған.
      3. Комиссия өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шараларды өткізуге әрекеттесу;
      2) салық төлемдерін төмендету мәселелері жөніндегі тиісті мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеу;
      3) меншік пен активтерді заңдастыру мәселелері жөніндегі ұсыныстар енгізу;
      4) кредит ресурстарын алу жолдарын жеңілдету шараларын өткізу жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;
      5) әкімшілік рәсімдер мен рұқсат етуді жеңілдету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
      6) шағын және орта бизнесті қолдау өңірлік орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;
      7) ауылда шағын және орта бизнесті, сауда және қызметті дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      8) жергілікті атқарушы органдар үшін шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелері жөніндегі ұсынымдар әзірлеу;
      9) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының конструктивті бастамаларын қолдау, азаматтардың әл-ауқаттылығын жоғарылату және экономика жағынан дамыған мемлекетті құруындағы әр кәсіпкердің белсенді өмірлік оң көзқарасын насихаттау;
      10) кәсіпкерлік іс-әрекеті мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарының қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын өз бастамаларымен әзірлеу;
      11) Шағын және орта бизнесті, сауда және қызметті қолдау және қорғау жөніндегі жобалар мен мақсатты бағдарламаларын іске асыру, үйлестіру және әзірлеуіне әрекеттесу;
      12) Облыстың аудан және қала әкімдерінің жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі комиссиялардың іс-әрекетін үйлестіру болып табылады.
      5. Оған жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
      1) шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі өңірлік және салалық бағдарламаларын іске асуын және үйлестіруін қамтамасыз етуінде, әзірлеуінде қатысу;
      2) көкейтесті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуінде қатысу, оларды іске асыруында кәсіпкерліктің шағын және орта субъектілерін, бірлестіктерін, одақтары мен ассоциацияларын қатыстыру;
      3) шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мүдделеріне қарасты заңнамада белгіленген тәртіпте өз бастамаларымен нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуін іске асыру;
      4) заңнамада белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу үшін шағын және орта бизнес өкілдерін тарту және кәсіпкерлер ассоциацияларына, бірлестік, одақ, шағын және орта кәсіпорындарына ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу;
      5) жергілікті атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуінде заңнамада белгіленген тәртіпте кәсіпкерлердің пікірлерін есепке алу;
      6) шағын және орта бизнестің салалық, кәсіби және аумақтық одақтары, ассоциациялары, бірлестіктері және басқа да кәсіпкерлік құрылымдарымен өзара іс-әрекеттесу;
      7) шағын және орта бизнеске, сауда және қызметке қолдау жасайтын мемлекеттік органдармен, шағын және орта бизнес, сауда және қызмет облысында мемлекеттік саясатты жетілдіру және келісімді шешімдер әзірлеу үшін үнемі өзара іс-әрекет жасау;
      8) тиісті мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен тақырыпты отырыстар өткізу;
      9) заңнамада белгіленген тәртіпте кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету;
      10) заңнамада белгіленген тәртіпте Комиссияда жұмыс істеу үшін ғалымдар, беделді кәсіпкерлер, басқару органдарының өкілдері мен басқа да мамандар қатарынан эксперт және кеңесшілерді тарту;
      11) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттық, талдаулық, анықтама-статистикалық құжаттар жиынтығын, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді алу болып табылады.

3. Комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға-Күршім ауданы Әкімінің орынбасары басқарады.
      7. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан мемлекеттік органның бірінші басшысы деңгейіндегі мәртебесі бар өкілдері енгізіледі.
      8. Комиссияның жұмыс органының функциялары Күршім ауданы Әкімі аппаратының шағын бизнес бойынша бас маманына жүктеледі.
      9. Комиссияның жұмыс органы:
      1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Комиссия шешімдерін атқаруын бақылайды және қамтамасыз етеді;
      3) Комиссия мүшелері мен оның іс-әрекетіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      10. Комиссия отырысында қарастырылатын мәселелер тізбесі қажеттілігіне байланысты құрастырылып төрағамен бекітіледі.
      11. Бекітілген тізбе тізім бойынша Комиссия мүшелеріне таратылады.
      12. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша хаттама құрастырылады және төрағаның қолы қойылады. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен дауыстардың көпшілігімен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Егер берілген дауыстар тең болған жағдайда төраға дауысын берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      13. Комиссия шешімдері ұсыным беру сипатта.
      14. Комиссия мүшелері ерекше пікірлерін айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазба түрінде мазмұндалып Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілу қажет.
      15. Комиссия отырыстары қажеттілігіне байланысты тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі және төрағамен шақыртылады. Егер жедел шешім қабылдау қажеттілігі туындаған жағдайда Комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізілуі мүмкін, ол төрағаның шақыртылуымен өткізіледі.
      16. Комиссия отырысында төрағаның шақыруы бойынша өтініштері қарастырылатын кәсіпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ басшылары қатыса алады.

      Күршім ауданы Әкімінің
      аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады