Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" омырауға тағатын құрмет белгілері түріндегі көтермелеу нысанын тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2759. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 2 ақпандағы N 36 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 02.02.2012 N 36 бұйрығымен.

      Құрылыс саласы қызметкерлерінің абыройын арттыру, Қазақстанның қалалары мен ауылдарының және олардың инфрақұрылымдарының қазіргі келбетін қалыптастырудағы сәулетшілердің (қала салушылардың), инженерлер мен құрылысшылардың шығармашылық және кәсіби үлесін көтермелеу, салалық қолданбалы ғылымды және құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісінің озық технологияларын дамыту мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілері түріндегі көтермелеу нысаны тағайындалсын.
      2. Қоса берілген:
      "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілері туралы ереже;
      омырауға тағатын құрмет белгілерінің сипаттамасы;
      марапаттау қағазының нысаны бекітілсін.
      3. Сәулет, жобалардың техникалық сараптамасы және құқықтық жұмыстар басқармасының ұйымдастыру, құқықтық және кадр жұмыстары бөліміне:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
      омырауға тағатын белгілерін тапсыру, сондай-ақ марапаттауды ұйымдастыру үшін материалдардың есебін жүргізу, дайындау және ресімдеу жүктелсін.
      4. Осы бұйрық күшіне енгеннен кейін Сәулет, жобалардың техникалық сараптамасы және құқықтық жұмыстар басқармасы (С. Бекмұхамбетов):
      осы бұйрықты жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарына, Қазақстанның Сәулетшілер Одағына, Қазақстанның Қала салушылар Одағына, Қазақстанның Құрылысшылар Одағына, Қазақстанның Құрылысшылар Ассоциациясына, республиканың салалық ірі кәсіпорындары мен ұйымдарына хабарласын;
      осы бұйрықты салалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" омырауға тағатын құрмет белгілері түріндегі көтермелеу нысанын тағайындау туралы" Құрылыс істері жөніндегі комитеттің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 27 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы         
Индустрия және сауда министрлігінің  
Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының
2004 жылғы 1 наурыздағы N 81 бұйрығымен  
бекітілген               

"Қазақстанның құрметті сәулетшісі" және
"Қазақстанның құрметті құрылысшысы"
омырауға тағатын құрмет белгілері туралы
ЕРЕЖЕ

      1. "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілері Қазақстанның қалалары мен ауылдарының және олардың инфрақұрылымдарының қазіргі келбетін қалыптастырудағы сәулетшілердің (қала салушылардың), инженерлер мен құрылысшылардың шығармашылық және кәсіби үлесін бағалау, салалық қолданбалы ғылымды және құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісінің озық технологияларын дамыту мақсатында тағайындалады әрі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің жеке көтермелеудегі ведомстволық (салалық) түрі болып табылады.

      2. "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілермен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жоғары білікті мамандар, сондай-ақ қазақстанның сәулетін, қала құрылысы мен құрылысын дамытуға маңызды үлес қосқан өзге де тұлғалар:
      сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс саласындағы көп жылдық жемісті қызметі және сіңірген еңбегі үшін;
      мемлекеттік органдардағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жетістіктері үшін;
      маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені үшін;
      сәулет және құрылыс саласының маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін;
      сәулетшілердің, қала салушылардың және құрылысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндірушілердің кәсіптік мүдделерін қорғағаны үшін;
      сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны үшін;
      жоғары технологияларды өндіріске енгізгені үшін;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да проблемаларды іске асырудағы жетістіктері үшін мадақталады.
      "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілермен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мамандар мадақталады.

      3. "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілермен марапаттау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, бірлестіктерінің және мекемелерінің басшылары мен ұжымдардың өтініштері (ұсыныстары) бойынша Құрылыс істері жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.

      4. Көтермелеу туралы өтініш (көтермелеуге ұсыныс) көтермелеуге ұсынылып отырған тұлғаны сипаттайтын қысқаша ақпарат, оның нақты сіңірген қызметі, жетістіктері мен табыстары, сіңірген қызметтің мәні мен дәрежесін ашып көрсететін олардың тиімділігі туралы мәліметтер қоса берілген құрмет қағазының белгіленген нысаны бойынша жасалады.

      5. Құрылыс істері жөніндегі комитеттің төрағасы "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілерін тапсыру туралы шешімді дербес қабылдайды.

      6. Омырауға тағатын құрмет белгілері оң жақ омырауға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.

      7. "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") белгілермен қайтадан марапатталмайды.

      8. "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілерін тапсырған кезде оған қоса белгіленген үлгідегі куәлік беріледі, оның еңбек кітапшасына және жеке іс-қағаздарына бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, марапаттау туралы жазба жазылады.

      9. "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілерін тапсыруды Құрылыс істері жөніндегі комитеттің жетекшілері немесе олардың тапсырмасы бойынша ұйымдардың, бірлестіктердің немесе мекемелердің жетекшілері марапатталушы жұмыс істейтін еңбек ұжымында салтанатты жағдайда өткізіледі.

      10. Жоғалып қалған "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") және "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгілеріне түпнұсқалар берілмейді.

      11. Белгілердің куәлігін жоғалтып алған жағдайда марапатталушы жұмыс істейтін (жұмыс істеген) ұйымдар, бірлестіктер немесе мекемелер жетекшілерінің өтініштері бойынша куәліктің түпнұсқасы берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы       
Индустрия және сауда министрлігінің  
Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының
2004 жылғы 1 наурыздағы N 81 бұйрығымен 
бекітілген                 

Марапаттау қағазының
НЫСАНЫ

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс істері жөніндегі комитеті _________________________________________________________________
(мараптатталушының тегі, аты және әкесінің аты)
___________________________________________________________ үшін (омырауға тағатын құрмет белгілері туралы ережеге сәйкес)       "Қазақстанның құрметті құрылысшы"
("Почетный строитель Қазахстана") Құрмет белгісімен
Марапаттайды

      Тіркеу N _____

Төраға                                      Қ. Омаров

   Астана қаласы                         20__ жылғы "__" _________

Қазақстан Республикасы          
Индустрия және сауда министрлігінің    
Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының
2004 жылғы 1 наурыздағы N 81 бұйрығымен 
бекітілген                

"Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгісінің
СИПАТТАМАСЫ

      "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" ("Почетный строитель Казахстана") жеке омырауға тағатын белгі мыс пен никель қорытпасынан, диаметрі 28 милиметр және қалыңдығы 2 милиметр дөңгелек түрінде жасалған.
      Белгінің бет жағы (аверс) - шартты өрнектелген "шаңырақтың" төңірегінде "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" деген жазу бар. "Шаңырақтың" іші және жазу көкшіл түсті эмальмен қапталған.
      Белгінің сырт жағы (реверс) тіркеу нөмірі соғып жасалған. Белгінің қыры тегіс.
      Белгі ені 25 милиметр және ұзындығы 15 милиметр қалыпқа дөңгелек пен құлақшаның көмегімен бекітіледі, көкшіл түсті муар жібек лентамен көмкерілген.

Қазақстан Республикасы          
Индустрия және сауда министрлігінің    
Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының
2004 жылғы 1 наурыздағы N 81 бұйрығымен  
бекітілген                

"Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") омырауға тағатын құрмет белгісінің
СИПАТТАМАСЫ

      "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" ("Почетный архитектор Казахстана") жеке омырауға тағатын белгі мыс пен никель қорытпасынан, диаметрі 28 милиметр және қалыңдығы 2 милиметр дөңгелек түрінде жасалған.
      Белгінің бет жағы (аверс) - шартты өрнектелген "шаңырақтың" төңірегінде "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" деген жазу бар. "Шаңырақтың" іші және жазу көкшіл түсті эмальмен қапталған.
      Белгінің сырт жағы (реверс) тіркеу нөмірі соғып жасалған. Белгінің қыры тегіс.
      Белгі ені 25 милиметр және ұзындығы 15 милиметр қалыпқа дөңгелек пен құлақшаның көмегімен бекітіледі, көкшіл түсті муар жібек лентамен көмкерілген.

Қазақстан Республикасы            
Индустрия және сауда министрлігінің     
Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының
2004 жылғы 1 наурыздағы N 81 бұйрығымен   
бекітілген                  

Марапаттау қағазының
НЫСАНЫ

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Құрылыс істері жөніндегі комитеті
__________________________________________________________________
(мараптатталушының тегі, аты және әкесінің аты)
___________________________________________________________ үшін
(омырауға тағатын құрмет белгілері туралы ережеге сәйкес)

      Қазақстанның Құрметті Сәулетшісі"
("Почетный Архитектор Казахстана") Құрмет Белгісімен
Марапаттайды

      Тіркеу N _____
      Төраға                                      Қ. Омаров
Астана қаласы                           20__ жылғы "_" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады