Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" тіркеу N 2468 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2842. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 36 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы  N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереженi бекiту және кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тану туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде Тiркеу N 2468 тiркелген және 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 49 "Юридическая газета" газетiнде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн.
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ережеде:
      8-тармақтың жетiншi абзацында "он еседен астам" деген сөздерден кейiн "айлық" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әдiлет вице-министрi С.Н. Баймағанбетовке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады