N 1723 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2879. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 9-10, 544-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      32-тармақтағы "Әскери қызметшілердің" деген сөз алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 46-1 тармақпен толықтырылсын:
      "46-1. Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға және өлім жазасына сотталғандарды (бұдан ірі - ӨБА және ӨЖ) қадағалауды 15 камераға екі бақылаушы есебінен болатын бақылаушылар наряды жүзеге асырады. Камераның алдында қадағалауды жүзеге асыратын бақылаушылар үнемі көрініп тұратын өзара бақылауда болуы тиіс.
      Камера алдындағы пост екі жағында дабылдық-дыбыстық сигнализациясы бар дыбыс шығарғышпен, мекеменің кезекші бөлімінде тікелей пультпен басқарылатын телефонмен жабдықталады. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды ұстау үшін камералар осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес жабдықталады. Камералардың есіктері құлыппен жабдықталады. Камераның бір кілті пост бақылаушысында болады, екіншісі арнайы құлыптыкі корпус бойынша аға қызметкерде болады.
      Камераға кіре беріс сырт жағының қабырғасында камерадағы сотталғандардың суреті, анкеталық деректері мен қылмыс құрамы, профилактикалық есеп санаты қысқаша баяндалған кесте ілінеді";

      47-тармақ "қаулының дұрыс рәсімделгендігін" деген сөздерден кейін ", рапорттың немесе актінің, сотталғанның түсініктемесі (түсініктеме беруден бас тарту туралы актісі) болуын, арнайы құралдарды қолданған жағдайларда актінің болуын" деген сөздермен толықтырылсын;

      49-тармақта:
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды серуенге шығару кезінде маусымдық киімді, аяқ-киімді резервтік топтың бақылаушысы бөліп тұрған тор арқылы камера бойынша кезекшісіне береді. Содан кейін Нұсқаулыққа сәйкес сотталғандарға кісен салынады және серуендеу ауласына айдауылдайды. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды серуендеу ауласына бір-бірден кіргізеді. Сотталғандар серуендеу ауласының қарсы жақ есігіндегі қабырғаға бетін бұрып сапқа тұрады. Серуендеу ауласының есіктері құлыппен жабылады. Бақылаушының командасы бойынша сотталғандар серуендеу ауласы есігінің терезесіне бір-бірден жақындайды және олардан серуендеу кезінде кісендерін алады. Серуендеу қадағалау жөніндегі бақылаушының командасы бойынша жүзеге асырылады. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды серуендету күн сайын тәуліктің күндізгі уақытында, камералап, бір-бірінен бөлініп тұрған серуендеу аулаларында жүзеге асырылады. Серуендеу уақытында ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қадағалауды бақылаушылар серуендеу ауласының жоғарғы жағындағы төбесінде серуендеу ауласының барлық алаңын байқау мүмкіндігі болатын сетка-рабицамен жабылған тор түрінде жабдықталған бақылаушылар наряды соқпағынан үнемі қадағалауды жүзеге асырады. Бұл ретте әр камераларда ұсталатын сотталғандардың хабар алысу мүмкіндігін болдырмау керек. Серуендеу белгіленген ереже тәртібі бұзылған кезде немесе сотталғандардың қалауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Камера қабырғаларының зақымдалуы, ағаштан жасалған және металл құрылыстардың сынғаны және егелуі анықталған кезде күндізгі сменаның аға басшысы дереу мекеменің күзет, режим және қадағалау жөніндегі бастығының орынбасарына (немесе оның міндетін атқарушы адамға) хабарлайды, ол қызметтік тергеу жүргізу тағайындайды. Қажет кезінде сотталғандар басқа камераларға ауыстырылады. Анықталған жетіспеушіліктерді жоюға дереу шара қабылданады.";
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Әр камераға техникалық тексеру өткізгеннен кейін нәтижесі бойынша акті жасалады, ол режим және қадағалау бөліміне камераларға техникалық тексеру өткізу актісінің есебі журналына (40-қосымша) тіркеу үшін тапсырылады. Режим және қадағалау бөлімінде әр камераға жыл сайын жаңа папка ашылады, оған күн сайын камераларды техникалық тексеру нәтижелері туралы тіркелген актілер тігіледі.";

      50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды ертіп жүру бір сотталғанға кезекші нарядтың екі адамы есебінен жүзеге асырылады. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды ертіп жүру кезінде олардың қолдарына кісен салынады және қолдарын бақылаушылар артына қайырып ұстап жүреді. Сотталғандарды постының сыртына шығарған кезде олардың көздеріне селдір матадан шүберек кигізіледі. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды түзеу мекемесінің аумағында ертіп жүру тек қызметтік иттерді қолдану арқылы ғана жүзеге асырылады";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:
      "50-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды камерадан шығару Колония бастығының кезекші көмекшісінің (бұдан әрі - КБКК) шешімі бойынша:
      1) кездесуге рұқсат берген кезде;
      2) тергеу әрекетін жүргізген кезде;
      3) қажетті медициналық процедуралар жүргізген кезде;
      4) заңға қайшылық әрекетін болдырмау кезде;
      5) серуенге шығарған кезде;
      6) жұмысқа шығарған кезде;
      7) әкімшілік өкілдерімен сұхбат жүргізу үшін;
      8) тексеру, камераларды техникалық тексеру жүргізу кезінде;
      9) камерадан камераға ауыстыру кезінде;
      10) моншаның боксында шомылу кезінде жүргізіледі";

      мынадай мазмұндағы 50-2-тармақпен толықтырылсын:
      "50-2. Сотталғандарды камерадан шығару КБКК-нің, бір сотталғанға кемінде екі қызметкер есебінен болатын бақылаушылар наряды мен резерв тобының міндетті түрде қатысуымен мынадай тәртіппен:
      - камера бойынша кезекшінің баяндауынан кейін сотталғандардың қолдарына бөлу решеткасының есіктегі көзінен кезекпен кісен салады;
      - сотталғандар камерада қабырға бойымен бақылаушы олардың әрқайсысын толық шола алатындай болып сапқа тұрады;
      - кезекші бақылаушы КБКК командасы бойынша бөлу решеткасының есігін ашады және коридорға шығады;
      - бақылаушының командасы бойынша сотталғандар бір-бірден, бастарын төмен түсіріп, тізелерін бүгіп, қолдарын артына қайырып көтеріп, саусақтарын жайып камерадан шығады және коридорда дәл осындай күйде беттерін қабырғаға қаратып, бастарын қабырғаға тіреп тұрады;
      - сотталғандарды постының сыртына шығарған кезде олардың көздеріне селдір матадан шүберек кигізіледі.";

      51-тармақ:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      үшінші абзац "оған қажетті көмек көрсетеді" деген сөздерден кейін ", бұл ретте сотталғандар камерадан шығарылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сыртқы есіктің желкөзін ашқан кезде ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар қабырғаға беттерін қаратып, аяқтары иықтарының кеңдігіндей, қолдарын қабырғаға тірейді, қолдарының саусақтары ашылған күйінде сапқа тұрғызылады. Камера бойынша кезекші басын төмен түсіріп, қолдарын артына қайырып көтеріп, белгіленген нысан бойынша баяндау жасайды (41-қосымша).";
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Әкімшілік өкілдерінің камераға кіруі алдында ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға бөлу торы арқылы қолдарына кезекпен кісен мынадай тәртіппен кигізіледі: сотталған басын төмен түсіріп, тізелерін бүгіп, қолдарын артына қайырып көтеріп, бөлу торының есігіне жақындайды және оған арқасын қаратып бұрылып, есік көзіне қолын сұғады, бақылаушы оның қолына кісен салады. Содан кейін сотталған дәл осындай күйде камера қабырғасына барады және беттерін қабырғаға қаратып тұрады. Камераға сотталғандардың бірге болуымен осы қауіпсіздік шараларын сақтамай және объективті қажеттілік болмай кіруге үзілді-кесілді тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
      "52-1. Камера, корпус бойынша аға маман мен бір ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғанға кемінде екі қызметкер есебінен болған кезде КБКК-нің қатысуымен ғана ашылады, бұл ретте кезекші қадағалаушы есіктің жел көзін ашып сотталғанға сапқа тұруға бұйрық береді, бұйрықтың орындалғанына көзі жеткесін, камера бойынша кезекшінің баяндамасынан кейін, аға ілесушінің бұйрығымен, керек болған жағдайда, сыртқы есікті ашады, сонан соң сотталғандардың қабырғаға беттерімен қарағандарына көздерін тағы жеткізіп, бұйрыққа сәйкес ішкі торланған есікті ашады. Камераның торланып бөлінген есігін қарап, торланған камералық есіктің көзәйнегі арқылы сотталғандарға кезекпен кісен салынады.";

      мынадай мазмұндағы 52-2-тармақпен толықтырылсын:
      "52-2. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қадағалау жөніндегі ішкі постының бақылаушыларына:
      1) камералардың есігін онда сотталғандар болған кезде ашық тастауға;
      2) әр камерада ұсталатын сотталғандарды бір уақытта шығаруға;
      3) тамақ таратқан кезде бөліп тұрған ішкі есікті ашуға;
      4) электроэнергия берген кезде камераны ашуға;
      5) КБКК-ның, корпус бойынша бастығының рұқсатынсыз өз бетімен камераны ашуға;
      6) сотталғандармен қызметтік емес байланысқа түсуге және қызмет мүддесіне байланысты емес бөгде әңгімелер жүргізуге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 52-3-тармақпен толықтырылсын:
      "52-3. Төтенше жағдайды анықтаған постыдағы бақылаушы немесе әкімшілік өкілі дабыл қағу сигнализациясын немесе радио-телефон байланыс құралдарын қосу арқылы дабыл сигналын береді. Инженерлік-техникалық күзет құралының бақылаушы-операторы дабыл сигналын алғаннан кейін мекемеде дыбыс күшейткіш немесе радио байланыс құралымен дабыл жариялайды және КБКК-ге хабарлайды.";

      54-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "54. Камераларды жинастыруды сотталғандар кезектік тәртіппен жүргізеді. Кезекші дымқыл жинастыруды жүзеге асырылады. Кереуеттер жинау кезінде матрас, кереуеттің металл құрылысын көзбен тексеру үшін екі бүктеліп жиналады, кереуеттерді жинау белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Кереуеттерде демалуға жиналған төсекте сыртқы киімсіз белгіленген уақытта ғана рұқсат етіледі.
      Сыртқы қысқы киімдер және аяқ-киімдер арнайы белгіленген орындарда болуы тиіс. Сотталғандар камерада күнделікті киіммен және жұмсақ тәпішкелермен жүреді.
      Көпшілік пайдаланатын орындарды жинауды, пеш жағуды, тамақ әкелуді және таратуды шаруашылық қызмет көрсететін арнайы тағайындалған адамдар жүргізеді.
      Тамақ тарату ТМ-нің бастығының кезекші көмекшісінің немесе бақылаушылар наряды бастығының қатысуымен бақылаушылардың қадағалауымен жүргізіледі.
      ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың камерасына тамақ күнделікті тәртіппен белгіленген уақытта резервті топтың бақылаушысымен камера бойынша, есіктің желкөзі арқылы беріледі, оны камера бойынша кезекші 3-ден кем емес бақылаушының қатысуымен алады.
      ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға хаттарды, дәрі-дәрмектерді, кітаптарды және т.б. тапсыру кезінде арнайы құралдар пайдаланылады, мұндай кезде тек тапсыру терезесі ашылады, камералардың есігі ашылмайды.";
      ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың әйнектерінің жел көздері, камера бойынша кезекшіге есіктің жел көзі арқылы берілетін ұзындығы 1,3м. басында ілгешегі бар арнайы таяқпен ашылады, бұл ретте таяқ жұмыр жағымен жел көзге салынады және оны кезекші сол тәртіппен кері қарай береді";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
      "54-1. Сотталғандарды жуындыру камералап, бір-бірінен оқшауланған монша бокстарында 10 күнде бір реттен аз болмай жүзеге асырылады. Бұл ретте кісендері сотталғандарды монша бокстарына орналастырып, бөлу торының есігін жапқаннан кейін алынады. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың кісендерін алу оларды серуендеу алаңына орналастырғандағыдай ретпен жүзеге асырылады. Бұл туралы санитарлық тексерістен өткен сотталғандардың есебі журналында белгі қойылады. Қажеттілік бойынша жуындыруға шығару кезінде бастың шашты жерлерін қырқу жүргізіледі. Сотталғандарды жуындыру күні іш киімдері мен төсектері, сондай-ақ жууды қажет ететін киімдері ауыстырылады. Сотталғандарға өз бетімен киімін жууға тыйым салынады.";

      61-тармақ "бір сағат сайын" сөздерінен кейін "патрульдеу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      85-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сотталғандардан алынған сатуға және пайдалануға тыйым салынған бұйымдар, заттар және азық-түліктер қоймаға сақталуға жіберіледі не соттың шешімі бойынша жойылады;

      101-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) Түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдар қолданғаны туралы актілердің есебі журналы (42-қосымша).";

      134-тармақ:
      "жабдықталады" деген сөздің алдынан "оқшаулау учаскелері" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5)-тармақшамен толықтырылсын:
      "5) жазаны өтеу жағдайларын жіктеу үшін жатақханалар";

      142-тармақтағы ", бабы, мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы мен аяқталуы, бригадасының номерi" деген сөздер алынып тасталсын;

      144-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Локальдық учаскелер "рабица" торымен қоршалады, ал бір-бірінен толықтай толтырылып биіктігі кемінде 3 м. болатын тұтас құйылған темірбетон шетенмен бөлектенеді. Локальдық учаскелер арасында қандай да болмасын құрылыс жасауға тыйым салынады. Қоршаудағы шарбақтың есігі бекіту немесе құлып құрылғысымен жабдықталады. Локальдық учаскенің жоғарғы жабуы металл конструкциясынан құрастырылады және "рабица" торымен жабылады. Әрбір локальдық учаскелерде:
      әңгімелесуге арналған орын;
      шылым шегуге арналған орын;
      жасақ сотталғандарын тұрғызуға арналған мини-плац;
      спорттық алаңдар болуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 149-1-тармақпен толықтырылсын:
      "149-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандар бір сотталғанға 2,5 квадрат метр тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі. ӨБА-ға сотталғандар камераларда екі адамнан артық болмай, ӨЖ-ға сотталғандар бір адамдық камераларда орналастырылады.
      Барлық камераларда қос есік қойылады: сыртқысы: жуандығы 4 см кем емес, ішкісі - құрыштан жасалған торланған есік. Камераның ішінде дөңгелек құрыштан жасалған бөліп тұратын темір есік қойылады. Әйнектердің аралығында да бөліп тұратын тор қойылады. Темір дөңгелек бағаналардың диаметрі 20 мм, торлардың ұяшығы 12х20 см кем болмауы керек. Сыртқы есіктің ортасында 1,5 м. биіктікте оптикалық қарайтын тесік, сыртқы жағынан жабатын "жапқыш" орнатылады. Сотталғандарға тамақ, кітаптар және т.б. беру үшін барлық үш есікке еденнен 95 см биіктікте 21х27 см желкөз орнатылады. Желкөздердің есіктері коридор жағына қарай ашылады және құлыптармен жабдықталады. Құлыптарға сотталғандардың қолы жетпейтін болуы тиіс (43-қосымша).";

      мынадай мазмұндағы 170-1-тармақпен толықтырылсын:
      "170-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандардың туыстарымен және басқа адамдармен қысқа мерзімді кездесулері, жеке сұрақтары бойынша қабылдануы, телефонмен сөйлесулері арнайы жабдықталған үй-жайларда металл пруттан дайындалған кабинада өткізіледі. Кабинада сотталғанның қолын "артқы" жағдайда кісендеулі ұстау үшін кронштейні бар еденге бекітілген металл орындық орнатылады. Туыстарының тұратын жерлері ағаш шарбақпен бөлініп тұрады. Кездесу өткізу кезінде резерв тобының екі бақылаушысы мен кездесу бөлмесінің бақылаушысы қатысады (44-қосымша);

      осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес 40, 41, 42, 43, 44-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енедi.

       Министр

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының
      бірінші орынбасары
      ____________________
           (өз қолы)
      2004 жылғы 27 мамыр

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 155 бұйрығына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет  
министрлігі түзеу мекемелерінде 
ұсталатын адамдарды қадағалау  
мен күзетуді ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
40-қосымша           

Камераларды техникалық тексеру актілерінің есебі
Журналы

____________________________________________________________________
р/р |Камера| Тексеру |Анықталған |  Тексеру     |Қабыл. |  Акті 
N  |  N   |өткен күн|кемшіліктер|  өткізген    |данған |тігілген
    |      |         |           |қызметкердің  |шаралар|істің беті
    |      |         |           |шені, аты-жөні|       |
____________________________________________________________________
    |      |         |           |              |       |
____________________________________________________________________
    |      |         |           |              |       |
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 155 бұйрығына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет  
министрлігі түзеу мекемелерінде 
ұсталатын адамдарды қадағалау  
мен күзетуді ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
41-қосымша           

Баяндау нысаны

Сәлеметсізбе "одан әрі шені бойынша" мырза.

      Камера бойынша кезекші сотталған аты-жөні, туған жылы, баптар бойынша (баптардың нөмірлерін көрсету) сотталған, өмір бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына шығарылған үкімнің күні.
      Камерада ______адам бар, кезекшілік уақыт ішінде төтенше оқиғаларға жол берілген жоқ (егер жол берілсе, олар қандай) сұрақтар, шағымдар, өтініштер жоқ (егер болса, олар қандай).

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 155 бұйрығына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет  
министрлігі түзеу мекемелерінде 
ұсталатын адамдарды қадағалау  
мен күзетуді ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
42-қосымша           

_______________________________ түзеу мекемесі
     (түзеу мекемесінің атауы)
қызметкерлерінің арнайы құралдар қолдану есебінің
журналы

                                     Басталғаны______________20____ж.
                                   Аяқталғаны_______________20___ж.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 155 бұйрығына    
4-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет  
министрлігі түзеу мекемелерінде 
ұсталатын адамдарды қадағалау  
мен күзетуді ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
43-қосымша           

ӨБА және ӨЖ сотталғандарды ұстауға арналған
камераның сызбасы

      Сызбаны қағаз мәтіннен қараңыз .          Жалпы белгілер:
                                             1. Сыртқы есік;
                                             2. Ішкі есік;
                                             3. Болу торының есігі;
                                             4. Ілгіш;
                                             5. Унитаз;
                                             6. Раковина;
                                             7. Қос ярусты кереует;
                                             8. Орындық;
                                             9. Стол;
                                             10. Тумбочкалар;
                                             11. Болу торы;
                                             12. Терезе;
                                             13. Желкөз.

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2004 жылғы 27 мамырдағы  
N 155 бұйрығына    
5-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет  
министрлігі түзеу мекемелерінде 
ұсталатын адамдарды қадағалау  
мен күзетуді ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
44-қосымша           

Түрмеде ұсталатын ӨБА, өлім жазасына сотталғандармен қысқа мерзімді кездесулерге, жеке сұрақтары бойынша қабылдауға және телефонмен сөйлесуге арналған бөлмені жабдықтау сызбасы

       Сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз

      Шартты белгілер:
      1 - Сотталғанды орналастыратын металл пруттан жасалған кабина;
      2 - Кронштейні бар металл орындық;
      3 - Туыстары болатын орын;
      4 - Келушілерге арналған орындық;
      5 - Решеткаланған терезе;
      6 - Дабылдатқыш кнопка;
      7 - Қауіпсіздік бөлімінің кіші инспекторлары;
      8 - Кездесу өткізу жөніндегі кіші инспектор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады