N 2180 болып тiркелген "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын кадрларды іріктеу және зерделеу жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығына өзгерiс енгізу туралы"

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2892. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 382 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.07.02 № 382 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженiң 5-тармағына сәйкестендiру мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын кадрларды iрiктеу және зерделеу жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 5 қаңтардағы N 1  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде N 2180 болып тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын азаматтарды зерделеу мен iрiктеудiң тәртiбiндегi:
      13-тармақ алынып тасталсын.
      2. Астана, Алматы қалалары ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы iшкi iстер бас басқармаларының, iшкi iстер басқармаларының және көлiктегi iшкi iстер басқармаларының, Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының бастықтары аталған бұйрықты басшылыққа алу және орындау үшiн қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшiне енедi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады