Байланыс формасы

Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темiржол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөнiндегi қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 284-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2989.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен


      Қазақстан Республикасының

      Жер ресурстарын басқару

      жөніндегі агенттігінің

      төрағасымен келісілген

      2004 жылғы 23 шілде

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

Министр



  "Қорғалатын аймақ жерлерін
пайдаланудың өлшемін, режимін
белгілеу және жерлерді бөлінген
алқаптағы темір жол көлігінің
мұқтаждықтары үшін пайдалану
жөніндегі ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 23 шілдедегі
N 284-І бұйрығымен бекітілген

Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темiржол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөнiндегi қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қағидалары темір жолдарды, темір жол көлігінің басқа объектілерін қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ тасымалдау процесіне қатысушылардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында қорғалатын аймақ жерлерін және темір жол көлігінің бөлінген алқаптарын белгілеу мен пайдаланудың тәртібін регламенттейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Темір жол көлігінің қорғалатын аймақ жерлерін
пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу тәртібі

      3. Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары (бұдан әрі - қорғалатын аймақтар) халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін бөлінген жер алқаптарын жанасып жатқан жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану үшін белгіленеді.

      4. Қорғалатын аймақтар бойынша жерлерді пайдаланудың ерекше шарттары бар, шегінде аймақтарды белгілеудің мақсаттарымен сәйкес келмейтін қызметтердің түрлері шектеледі немесе тыйым салынады.

      5. Қорғалатын аймақтарды, олардың темір жол көлігінің жер төсеміне және жасанды құрылыстарына теріс әсерлердің пайда болуына мүмкіншілік бермейтін шегінде өлшемдері мен шекараларын, жер пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеудің қажеттілігі физика-географиялық, топырақтық, гидрологиялық және басқа табиғи жағдайларды ескере отырып, жер төсемін салу, қайта жаңарту және жөндеуге арналған жобаларда анықталады.

      6. Қорғалатын аймақтар шегіндегі жер учаскелерінің жер пайдаланушылар осы Қағидалармен белгіленген шектеулерді ескере отырып, аталған жер учаскесінде шаруашылық қызметтерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Сусымалы құм аудандарындағы қорғалатын аймақтар, бөлінген жер алқабын қоса алғанда, темір жол осінің әр жағынан 500 метрден кем емес арақашықтықта белгіленеді.

      Сусымалы құм аудандарындағы қорғалатын аймақтар шегінде табиғи топырақ жамылғысын бұзу, өсімдіктерді жою, құрғақ шөпті тұтату, малды жаюды жүзеге асыру, көлік құралдарының өтуіне жол берілмейді.

      8. Орман қоры жерлерінде қорғалатын аймақтар шеткі темір жол осінің әр жағынан 500 метрден кем емес арақашықтықта белгіленеді.

      Орман қорының жерлері қорғалатын аймақтарда ағаш-бұта өсімдігін жаппай кесуге, баптау санитарлық және орманды қалпына келтіруді есепке алмағанда, рұқсат етілмейді.

      9. Өзендер жайылмаларында, көлдер мен су қоймалары жағаларында белгіленген қорғалатын аймақтарда, темір жол үйіндісінің және көпірлер жанындағы су реттегіш құрылыстардың шайылып кетуіне жол бермеу мақсатында мал бағуға, қорғағыш екпе ағаштар мен бұталарды кесуге тыйым салынады.

      10. Жоғары кернеулі электр берілісінің әуе немесе кабель желісінің тіректерін салу кезіндегі қорғалатын аймақтардың көлемдері осы желілерді салу нормаларына сәйкес белгіленеді.

      11. Жоғары кернеулі электр берілісінің әуе немесе кабель желісінің тіректері орналасатын қорғалатын аймақтарда түрлі ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды орналастыруға, карьерлер қазуға, байланыс желілерін, электр берілісінің әуе және кабельдік желілерін өткізуге, сондай-ақ крандардың, экскаваторлардың және биіктігі 22 метрден артық басқа ұқсас механизмдердің жүруіне арналған автомобиль жолдарын тікелей сымдардың астында және шеткі сымнан көлденеңі бойынша үш метрден жақын салуға тыйым салынады.

      12. Жер асты кабелдік байланыс немесе электр беріліс желілерінің үстіндегі қорғалатын аймақтардың өлшемдері шеткі кабельдерден екі жаққа қарай бір метрді есепке алғанда кабельдерге арналған траншеялардың енімен белгіленеді.

      13. Темір жол көлігі объектілерінің кезең-кезеңмен одан әрі дамуы үшін қажетті қорғалатын аймақтардың өлшемдері бірінші кезектегі шығындарды үнемдеу және тасымалдау көлемдерінің ұлғаюы шамасына қарай магистральдық темір жол желісінің одан әрі дамуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып техника-экономикалық есептердің алдағы нәтижелері бойынша белгіленеді және темір жолды пайдалануға енгізу сәтінен бастап, жиырма бесінші жылында темір жол көлігі объектілерінің дамуы мен қуаттылығына қолжеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      14. Магистральдық темір жол желісінің кезең кезеңімен одан әрі дамуы үшін қажетті қорғалатын аймақтардың шегінде тасымалдар көлемдерінің ұлғаюы шамасына қарай ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды салуға, екпе ағаштарды, жеміс ағаштарын отырғызуға, сондай-ақ құбырлар мен басқа инженерлік коммуникацияларды, уақытша жолдарды салуға, шымды төсемді жоюға, тың жерлерді жыртуға, бақшалар салуға, еңістердің тұрақтылығын нашарлататын және жер үсті мен шаруашылық-тұрмыстық сулардың шығуына әкелетін жер қазу жұмыстарына жол берілмейді.

      15. Шегінде түрлі шаруашылық қызметтердің жүргізілуі жер төсемі мен жасанды құрылыстардың тұрақтылығына ықпал етуі мүмкін қорғалатын аймақтардың өлшемдері мамандандырылған ұйымдар жүзеге асыратын инженерлік зерттеулердің негізінде, Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе желі иеленушінің есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің
мұқтаждықтары үшін жерлерді пайдаланудың тәртібі

      16. Темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін бөлінген алқап шегіндегі жер учаскелерінің шекаралары (бұдан әрі - бөлінген алқап белгіленген тәртіппен бекітілген жерлерді бөлу нормаларына, қала құрылысы және жобалық құжаттамаға сәйкес белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен таңбаланады.

      17. Шартты жобалық белгіден төмен жерлерде бөлінген алқаптың ең аз ені 12 метр мөлшерінде белгіленеді.

      18. Темір жол көшкіннен қорғағыш құрылыстарға, дамбаларға, эстакадаларға және басқа арнайы құрылғыларға мұқтаж жерлерде бөлінген алқаптың ені, осы құрылғылардың орналасуын есепке алып белгіленеді.

      19. Бөлінген алқаптың шекараларын белгілеу Ұлттық инфрақұрылым операторымен, тармақ иеленушілермен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20. Бөлінген алқап өлшемдерін өзгерту Қазақстан Республикасының заңмасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      21. Бөлінген алқап шегінде темір жол жылжымалы құрамы мен темір жол көлігіндегі тасымалдау процесімен байланысты өзге техникалық құралдардың қозғалыс қауіпсіздігін және пайдаланылуын қамтамасыз ету, жолаушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жол жүрудің қауіпсіз жағдайларын, экологиялық қауіпсіздікті жасау, инженерлік құрылыстар мен темір жол көлігінің басқа объектілерінің сапалы жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасау мақсатында Ұлттық инфрақұрылым операторы, тасымалдау процесіне қатысушылар:

      1) бөлінген алқап шегіндегі жер учаскесін олардың қолдану мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтайды;

      2) бөлінген алқап шегіндегі жер учаскесін жерге табиғи объект ретінде залал келтірмейтін тәсілдермен күтіп ұстайды;

      3) бөлінген алқап шегіндегі жер учаскесін эрозия мен дефиляциядан қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды, өртке қарсы және жерлерді қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғау жөніндегі басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа талаптарды сақтайды.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      22. Бөлінген алқап шегіндегі желі иеленушілер:

      1) қорғағыш екпе ағаштар орындарында шөптің және ағаш-бұталық өсімдіктердің ұлғайып өсуіне жол бермеуді;

      2) қақсалдың, шөпшектің, кесінді қалдықтардың және басқа жанғыш материалдардың жиналып қалуына жол бермеуді;

      3) бөлінген алқаптан табиғи орманның шетіне дейін 5-тен 9 метрге дейінгі өртке қарсы жыртылған жерді қамтамасыз етеді.

      23. Инженерлік коммуникацияларды, жол құбырларын, өтпелерді, байланыс, электр беріліс, мұнай-, газ құбырларын және басқа жер үсті мен жер асты құрылыстарын, сондай-ақ темір жолдарды басып өтетін басқа немесе олардан тікелей жақын жерлерде орналасқан объектілерді салу және пайдалану үшін бөлінген алқап шегінде сервитут мүдделі тұлғаларға Ұлттық инфрақұрылым операторымен, желі иеленушімен келісім бойынша беріледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      24. Инженерлік коммуникацияларды, жолөткелдерді, өтпелерді, байланыс, электр беру, мұнай-, газ құбырларын, сондай-ақ басқа темір жолдарды кесіп өтетін объектілерді немесе олардан тікелей жақын жерлерде орналасқан құрылыстарды бөлінген белдеу шектерінде орналастыру, салу және пайдалану шарттары мемлекеттік стандарттарға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес олардың иелері мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, тармақ иеленуші арасындағы шарттармен белгіленеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      25. Бөлінген алқап шегінде ойықтардың еңістерінде, қоршауларда, ғимараттарда, құрылғыларда және темір жол көлігінің басқа объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы жарнаманы орналастыру үшін шарт жағдайларында рұқсат беріледі.

      Бөлінген алқап шегінде темір жол көлігінің қауіпсіз қызмет етуіне әсер тигізбейтін, көріністі нашарлатпайтын, қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін төмендетпейтін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін сыртқы жарнама орнатылады.

      26. Бөлінген алқап шегінде қандайда болмаған бір объектіні орналастыруды келісу үшін арыз беруші Ұлттық инфрақұрылым операторына, желі иеленушіге жер учаскесінің өлшемі мен шекаралары белгіленген 1:200-1:1000 масштабындағы жер учаскесінің жобасын, сызбасын, объектінің өлшемін көрсетіп және сол объектінің сызбаларын қоса береді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      27. Осы Қағидалармен белгілеген талаптарды есепке ала отырып уақытша жер пайдаланушылар бөлінген алқап шегінде олардың тегін пайдалануына берілген жер учаскесін мақсатына сәйкес, темір жол көлігі объектілеріне және қозғалыс қауіпсіздігіне зиян келтірілуіне жол бермей пайдаланады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      28. Уақытша жер пайдаланушылар бөлінген алқап шегінде:

      1) топырақ үстінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) мал бағуды, қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты лақтыруды, канализациялық, өнеркәсіптік, мелиорациялық немесе ақаба суларды сутартқыш құрылыстарға ағызуды рұқсат етпейді;

      3) егер ол ғимараттар, имараттар мен құрылыстар темір жол көлігінің қауіпсіз қызмет етуіне бөгет жасайтын болса, кез келген ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды орналастырмайды;

      4) ағаш-бұталық өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      5) өрт қауіпті маусымда құрғақ шөптерді жағуды, қоқыс пен кесілген қалдықтарды өртеуді, қорғағыш екпе ағаштардың жолдық және танап шетінен 10 метрден және ағаш көпірлерден 100 метрден жақын жерде от жағуды, не ағаш төселген көпірлерде темекі шегуді рұқсат етпейді.

4. Қорытынды ережелер

      29. Қорғалатын аймақтар шегіндегі шаруашылық және өзге қызметтің режимін, бөлінген алқап шегінде ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру тәртібін сақтауға бақылау жасауды көлік саласындағы уәкілетті орган, Ұлттық инфрақұрылым операторы, желі иеленушілер жүзеге асырады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады