Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 874 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3315. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 794 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 794 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17, 21, 28, 44-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қосымшаға сәйкес амбулатория-емхана көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының (келісім бойынша) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының (департаменттерінің), өзінің құрамында амбулатория-емхана бөлімшелері бар мемлекеттік республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрыққа сәйкес халыққа амбулатория-емхана көмегін ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу алдын-алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 874 бұйрығына 1 қосымша 
"Амбулатория-емхана көмегін 
көрсету ережелері туралы" 

Амбулатория-емхана көмегін көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже амбулатория-емхана көмегін көрсету және бастапқы-медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына азаматтарды тіркеу тәртібін белгілейді. K090193

      2. Ереже меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулатория-емхана көмегін көрсететін медициналық ұйымдарға таралады.

2. Амбулатория-емхана көмегін көрсету

      3. Амбулатория-емхана көмегі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) фельдшерлік немесе фельдшерлік-акушерлік пункттерде , ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларда, ауылдық учаскелік ауруханаларда, аудандық (орталық) ауруханалардың жанындағы емханаларда, балалар , әйелдер консультацияларын қоса алғанда аумақтық қалалық емханаларда азаматтарды тіркеген жері бойынша өзге де амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады. K090193

      4. Амбулатория-емхана көмегін учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеттерінің дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерлері (бұдан әрі - БМСК мамандары) және бейін мамандары көрсетеді.

      5. Амбулатория-емхана көмегі Заңның 13-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау стандарттарына, сондай-ақ уақытша жұмысқа жарамсыздық сараптамасына сәйкес алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтиды. P040184

      6. Алдын алу қызметтері өзіне алдын алу тексерулерін, иммундауды, алдын алу емдеуін, оның ішінде бактериофагирлеу, эпидемиологиялық айғақтар бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы іс-шараларды, қауіпсіз су және ұтымды тамақтандыру жөніндегі түсіндіру жұмысын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, отбасын жоспарлау мен ұрпақты болу денсаулығын сақтауды қамтиды. Науқастарды жыл сайын алдын алу тексерулері мен диспансерлеуді жүргізу, одан кейін динамикалық бақылау, сауықтыру қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Диагностикалық қызметтер өзіне БМСК маманының жолдамасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек, бейін мамандарының тексеруін, сондай-ақ БМСК маманының және/немесе бейін маманының жолдамасы бойынша зертханалық және аспаптық зерттеулерді қамтиды.

      8. Емдеу қызметтері өзіне медициналық ұйымдардың шығыс материалдарын пайдалана отырып, шұғыл көмек көрсетуді, жоспарлы емдік манипуляцияларды (инъекциялар, физиоем-шаралар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуіштер салу, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар), стоматологиялық көмекті, сондай-ақ Заңның 44-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен аурулар түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрілік қамтамасыз етуге (оның ішінде тегін/жеңілдікті) рецептер беруді қамтиды.

      9. Амбулатория-емхана ұйымдарында уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жүргізіледі.

      10. Шұғыл амбулатория-емхана медициналық көмегі тіркеу фактісіне қарамастан тегін көрсетіледі.

      11. Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін жоспарлы амбулатория-емхана көмегі тіркелген азаматтарға тек алдын ала жазылу немесе өтініш бойынша көрсетіледі. V043267

      12. "2005 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесімен (бұдан әрі - ТМККК тізбесі) халықтың жекелеген әлеуметтік-қорғалатын санаттарына амбулатория-емхана көмегінің қосымша түрлерін қарастырған жағдайларда оны алу үшін азаматтар амбулатория-емхана ұйымына олардың тиісті санатқа жататындығын нақтылайтын ресми құжаттарды ұсынуы тиіс. Қараныз P070853

      13. Тіркелген азаматтар алғаш, сондай-ақ ақылы негізде қаралған жағдайда тіркеу орнында бастапқы есепке алу медициналық құжаты болып табылатын амбулаториялық науқастың (баланың даму тарихы) медициналық картасы ресімделеді және медициналық ұйымның тіркеу орнында сақталады. Амбулаториялық картаның сақталуына аға тіркеуші, ал фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттерде - БМСК маманы жауапты болады.

      14. Емделуші алғаш қаралған кезде міндетті тексеру минимумы дәрігерге дейінгі/дәрігерлік тексеруді, қанның жалпы талдауын (лейкоциттердің, гемоглобиннің санын, эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау), несептің жалпы талдауын, мерезге микрореакцияны, кеуде клеткасы мүшелерінің флюорографиясын қамтиды.

      15. Денсаулық жағдайы және ауруының сипаты бойынша амбулатория-емхана ұйымдарына бара алмайтын, не медициналық айғақтары бойынша алдын ала (алдын алу) іс-шараларын жүргізуді қажет ететін адамдарға медициналық көмекті БМСК мамандары, не шақыруды тіркеген күні БМСК мамандарының өтінімі бойынша бейін мамандары үйде көрсетеді.

      16. Амбулатория-емхана ұйымына қаралуға келген емделушілерді денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес медициналық айғақтары бойынша зерттеулер жүргізуге және жоспарлы ауруханаға жатқызуға жолдама беруді БМСК мамандары жүзеге асырады.

      17. Амбулатория-емхана ұйымында ТМККК тізбесінде көзделген зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтар болмаған жағдайда тіркелген азаматтар осы зерттеулерге денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілеген тәртіппен оларды тегін жасайтын басқа медициналық ұйымдарға жіберіледі.

      18. Амбулатория-емхана деңгейінде дәрілік қамтамасыз ету қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Рецептер нақты дәріхана ұйымының атауы көрсетілмеген тек бекітілген үлгідегі бланктерде жазылады. Дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі амбулатория-емхана ұйымдарының, ауылдық/отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың, фельшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттердің медицина қызметкерлеріне, осы қызметтің түріне аттестатталған медицина қызметкерлерін қоспағанда, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды сатуға жол берілмейді. V000001353

      19. Амбулатория-емхана көмегін көрсететін ұйымдарда пайдаланылатын бастапқы есепке алу медициналық құжаттамасы тек бекітілген үлгіде толтырылады.

3. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін
амбулатория-емхана ұйымына азаматтарды тіркеу

      20. Тіркеу - бұл амбулатория-емхана көмегін көрсету бойынша БМСК ұйымдарының міндеттерін тіркеу және оны тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде азаматтардың алуын іске асыру.

      21. Азаматтарды БМСК ұйымдарына тіркеу тіркелген, тұрақты немесе уақытша тұрған, жұмыс, оқу орны бойынша, сондай-ақ медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жүзеге асырылады.

      22. Азамат тек бір бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелуі мүмкін.

      23. Осы ережеге қоса беріліп отырған N 057/е нысанды талонға сәйкес медициналық ұйымға тіркеу талоны (бұдан әрі - талон) азаматтың БМСК ұйымына тіркелгендігі туралы куәландыратын құжат болып табылады.

      24. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелу үшін азамат мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      жеке басының куәлігі (паспорт, туу туралы куәлік) немесе оның нотариалды расталған көшірмесі.
      Ал тіркеу орнын өзгерткен жағдайда одан басқа, қосымша бұрынғы тіркеу орны бойынша берілген талонның жыртылмалы түбіртегі (тіркеуден шығару талоны).

      25. БМСК ұйымдары азаматтар өздігінен қаралған жағдайда, сондай-ақ тіркелген аумақты аулалық тексерулер арқылы тіркеуді жүзеге асырады.

      26. Денсаулық жағдайы бойынша өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды БМСК ұйымдарына тіркеу олардың тұрған жері бойынша БМСК ұйымдары қызметкерлерінің жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша жүргізіледі.

      27. БМСК ұйымдары азаматтарға, учаскеде тіркелген халықтың саны нормативтерден артпайтын болса, тіркеуге қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
      Бұндай жағдайларда азаматтарды басқа БМСК ұйымдарына тіркеу немесе медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жүзеге асырылады.

      28. БМСК ұйымдарына азаматтардың тіркелуін өзгертуге мынадай жағдайда жол беріледі:
      тіркелу, тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс немесе оқу орнын өзгертуін құжат бойынша растаған жағдайда, сондай-ақ амбулатория-емхана ұйымын қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайда шектелмейді;
      азамат медициналық ұйымды еркін таңдаған жағдайда денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы белгілеген мерзімдерінде жылына біреуден жиі емес.

      29. Тіркеуді өзгерткен жағдайда талон БМСК ұйымында сақталады, ал азаматқа оның жыртылмалы түбіртегі (тіркеуден шығару талоны) беріледі.

      30. Азамат БМСК ұйымына тіркелуді еркін таңдаған жағдайда оған үйде қызмет көрсету туралы осы ұйымның мамандарымен ертерек келісіледі және Талонда көрсетіледі.

      31. БМСК ұйымы тіркелген халық туралы ақпаратты денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына ұсынады.

                                         Амбулатория-емхана көмегін
                                          көрсету Ережесіне қосымша

                                                      057/е нысаны

              Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны

                                        ___________________________
                                         Нысанның ТКЖК бойынша коды
                                         ҚҰЖК бойынша ұйым коды
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы      |     |Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі|     |Денсаулық сақтау министрінің
                            |     |2004 жылғы 15 желтоқсан N 874
                            |     |бұйрығымен бекітілген
                            |     |N 057/е нысанды
                            |     |Медициналық құжаттама
____________________________|     |________________________________
Ұйымның атауы               |     |
___________________________________________________________________

Медициналық ұйым __________________________________________________
                                 _______________________
Медициналық тіркеу нөмірі (МТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

Амбулаториялық картаның N ____________ Учаскенің N ________________

              МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТІРКЕУ ТАЛОНЫ

1. Тегі ___________________________________________________________
Аты ____________________________ Әкесінің аты  ____________________
                                                 _      _        _
2. Туған күні (кк/аа/жж) __/__/__/ ж. 3. Жынысы |_| ер |_| әйел |_|
4. Ұлты ___________________ 5. Азаматтық __________________________
6. Туған жері: ел ______________ Өңір (облыс) _____________________
Аудан, қала __________________ Елді-мекен _________________________
    _           _                _
7. |_| Паспорт |_| Жеке күәлігі |_| Тууы туралы куәлік
    _
   |_| Өзге де
Сериясы _______ Нөмірі _________ Кім берді: _______________________
Берілген күні ____/_____/_______/ж.
8. Тұрақты тұратын жері (тіркелген орны):
Облыс ________________ Аудан, қала ________________________________
Елді мекен ________________________________________________________
Көше _______________ Үй _____ Пәтер ____________ Телефон __________
9. Тұратын жері: Облысы ____________ Аудан, қала __________________
Елді мекен ________________________________________________________
Көше ____________ Үй _____ Пәтер ____________ Телефон _____________
10. Осы медициналық ұйымда ______ жылдан бастап қызмет көрсетіледі.
                      _           _                  _
11. Отбасы жағдайы: |_| Бойдақ; |_| Тұрмыста емес; |_| Үйленген;
_             _                _                _
|_| Тұрмыста; |_| Айырылысқан; |_| Әйелі өлген; |_| Жесір.
             _           _                       _
12. Білімі: |_| Жоғары; |_| Аяқталмаған жоғары; |_| Арнаулы орта;
_
|_| Бастауыш.
13. Жұмыс (оқу) орны ______________________________________________
                   _
14. Халық санаты: |_| Жұмыс істейтіндер;
_                          _
|_| Тіркелген жұмыссыздар; |_| Тіркелмеген жұмыссыздар;
_                            _
|_| Ұйымдастырылған балалар; |_| Ұйымдастырылмаған балалар;
_
|_| 18 жастан асқан күндізгі оқу нысанындағы оқушылар;
_                           _
|_| Бала жастан мүгедектер; |_| Аурулары бойынша мүгедектер;
_                     _                    _
|_| ҰОС қатысушылары; |_| ҰОС мүгедектері; |_| Оралмандар.
15. 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарының Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
16. БМСК медициналық ұйымдарын еркін таңдау кезінде үйде
медициналық қызмет көрсету.
_                     _
|_| Кепілдендіріледі; |_| Кепілдендірілмейді.
17. Тіркеушінің Т.А.Ә. __________________ қолы ____________________
Мен осы медициналық ұйымға тіркелуге келісемін.
18. Емделушінің қолы _________ Тіркелген күні ___/ ____/________/ж.
19. Тіркеуден шыққан күні ____/____/_______/ж.
             _              _         _
20. Себебі: |_| Бас тарту; |_| Кету; |_| Қайтыс болу.
------------------------------------------------------------------
Медициналық ұйым __________________________________________________
                                 _______________________
Медициналық тіркеу нөмірі (МТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

Амбулаториялық картаның N ____________ Учаскенің N ________________

         МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНАН ТІРКЕУДЕН ШЫҒУ ТАЛОНЫ

1. Тегі ___________________________________________________________
Аты ____________________________ Әкесінің аты  ____________________
                                                 _      _        _
2. Туған күні (кк/аа/жж) __/__/__/ ж. 3. Жынысы |_| ер |_| әйел |_|
4.Тіркеуден шыққан күні ____/____/_______/ж.
           _              _
5.Себебі: |_| Бас тарту; |_| Кету;
Медициналық ұйым басшысының қолы
_________________
_________________
    Тегі А.Ә.

      М.О.

Об утверждении Правил оказания амбулаторно-поликлинической помощи

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года N 874. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2004 года N 3315. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года N 794

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 26.11.2009 N 794 (порядок введения в действие см. п. 6).

      В целях реализации статей 17 , 21, 28, 44 Закона Республики Казахстан "О системе здравоохранения"  ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить Правила оказания амбулаторно-поликлинической помощи согласно приложению. 
      2. Руководителям управлений (департаментов) здравоохранения, государственного санитарно-эпидемиологического надзора областей, городов Астана и Алматы (по согласованию), государственных республиканских организаций здравоохранения, имеющих в своем составе амбулаторно-поликлинические подразделения, обеспечить организацию и оказание амбулаторно-поликлинической помощи населению в соответствии с настоящим приказом. 
      3. Департаменту лечебно-профилактических работ, аккредитации, анализа информации Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Нерсесов А.В.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      4. Административному департаменту Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Акрачкова Д.В.) направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Диканбаеву С.А.
      6. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации.

      И.о. Министра 

 

Приложение                
к приказу и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан         
от 15 декабря 2004 года № 874    

 

Правила оказания амбулаторно-поликлинической помощи 

1. Общее положение

      1. Настоящие Правила определяют порядок оказания амбулаторно-поликлинической помощи и прикрепления граждан к организациям первичной медико-санитарной помощи. K090193
      2. Правила распространяются на медицинские организации, оказывающие амбулаторно-поликлиническую помощь, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности.

  2. Оказание амбулаторно-поликлинической помощи

      3. Амбулаторно-поликлиническая помощь в соответствии со статьей  28 Закона  Республики Казахстан "О системе здравоохранения" (далее - Закон) предоставляется в виде первичной медико-санитарной помощи (далее - ПМСП), квалифицированной и специализированной медицинской помощи в фельдшерских или фельдшерско-акушерских пунктах , сельских (семейных) врачебных амбулаториях, сельских участковых больницах, поликлиниках при районных (центральных) больницах, территориальных городских поликлиниках , включая детские , женских консультациях , консультативно-диагностических поликлиниках (центрах) и прочих амбулаторно-поликлинических организациях по месту прикрепления граждан к медицинским организациям. K090193
      4. Амбулаторно-поликлиническая помощь оказывается участковыми терапевтами, педиатрами, акушерами-гинекологами, врачами подростковых кабинетов, врачами общей практики, фельдшерами, акушерками, медицинскими работниками без содержания отдельного помещения (далее - специалисты ПМСП) и профильными специалистами.
      5. Амбулаторно-поликлиническая помощь в соответствии со  статьей 13  Закона включает профилактические, диагностические и лечебные услуги, оказываемые в соответствии со стандартами здравоохранения, утверждаемыми уполномоченным органом, а также экспертизу временной нетрудоспособности. P040184
      6. Профилактические услуги включают в себя профилактические осмотры, иммунизацию, профилактическое лечение, в том числе бактериофагирование, проведение лабораторного обследования по эпидемиологическим показаниям, санитарно-гигиенические, противоэпидемические мероприятия, разъяснительную работу по безопасному водоснабжению и рациональному питанию, формированию здорового образа жизни, планированию семьи и охране репродуктивного здоровья. Проведение ежегодных профилактических осмотров и диспансеризации больных   с последующим динамическим наблюдением и оздоровлением осуществляются в соответствии с действующим законодательством .
      7. Диагностические услуги включают в себя осмотр специалиста ПМСП, профильных специалистов по направлению специалиста ПМСП, лабораторные и инструментальные исследования по направлению специалиста ПМСП и/или профильного специалиста.
      8. Лечебные услуги включают в себя оказание неотложной помощи, плановые лечебные манипуляции (инъекции, физиопроцедуры, наложение марлевых, отвердевающих повязок, шин, хирургические, гинекологические, урологические, офтальмологические, оториноларингологические и другие амбулаторные процедуры) с использованием расходных материалов медицинской организации, стоматологическую помощь, а также в соответствии со  статьей 44  Закона выписывание рецептов на лекарственное обеспечение (в том числе бесплатное/льготное) в соответствии с перечнем видов заболеваний и отдельных категорий населения, утверждаемым уполномоченным органом.
      9. Экспертиза временной нетрудоспособности в амбулаторно-поликлинических организациях производится в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      10. Экстренная амбулаторно-поликлиническая медицинская помощь оказывается бесплатно независимо от факта прикрепления.
      11. Плановая амбулаторно-поликлиническая помощь, входящая в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи, оказывается только прикрепленным гражданам по предварительной записи или обращению.  V043267
      12. В случаях, когда Перечнем гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее - Перечень ГОБМП), утвержденным  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года N 1348 "Об утверждении Перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на 2005 год" предусматриваются дополнительные виды амбулаторно-поликлинической медицинской помощи отдельным социально-защищаемым категориям населения, для их получения граждане должны представить в амбулаторно-поликлиническую организацию официальные документы, подтверждающие их принадлежность к соответствующей категории. см. P070853
      13. При первичном обращении прикрепившихся граждан, а также лиц, обратившихся на платной основе, в регистратуре оформляется медицинская карта амбулаторного больного (история развития ребенка), которая является первичным   учетным медицинским документом и хранится в регистратуре медицинской организации. За сохранность амбулаторных карт ответственен старший регистратор, а в фельдшерско-акушерских и фельдшерских пунктах - специалист ПМСП.
      14. Обязательный минимум обследования при первичном обращении пациента включает доврачебный/врачебный осмотр, общий анализ крови (определение количества лейкоцитов, гемоглобина, скорости оседания эритроцитов), общий анализ мочи, микрореакцию на сифилис, флюорографию органов грудной клетки.
      15. Лицам, которые по состоянию здоровья и характеру заболевания не могут посетить амбулаторно-поликлинические организации, либо нуждаются в проведении превентивных (предупреждающих) мероприятий по медицинским показаниям, медицинская помощь оказывается на дому специалистами ПМСП, либо профильными специалистами по заявке специалистов ПМСП в день регистрации вызова.
      16. Направление пациентов, обратившихся в амбулаторно-поликлиническую организацию, на проведение исследований и плановую госпитализацию осуществляется специалистами ПМСП по медицинским показаниям в соответствии со стандартами здравоохранения. 
      17. При отсутствии в амбулаторно-поликлинической организации оборудования, необходимого для проведения лабораторно-инструментальных исследований, предусмотренных Перечнем ГОБМП, прикрепленные граждане направляются на данные исследования в другие медицинские организации, которые выполняют их бесплатно. 
      18. Лекарственное обеспечение на амбулаторно-поликлиническом уровне осуществляется в соответствии с действующим законодательством . Рецепты выписываются   только на бланках утвержденного образца без указания конкретной аптечной организации. Реализация лекарственных средств и биологически активных добавок медицинскими работниками амбулаторно-поликлинических организаций не допускается, за исключением аттестованных на данный вид деятельности медицинских работников сельских/семейных врачебных амбулаторий, фельдшерских и фельдшерско-акушерских пунктов в населенных пунктах, не имеющих аптечных объектов. V000001353
      19. Первичная учетная медицинская документация, используемая в организациях, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь, заполняется только на соответствующих формах.

    3. Прикрепление граждан к амбулаторно-поликлиническим 
организациям, оказывающим первичную медико-санитарную помощь

      20. Прикрепление - это регистрация обязательств организаций ПМСП по оказанию амбулаторно-поликлинической помощи и реализации прав граждан на ее получение в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.
      21. Прикрепление граждан к организациям ПМСП осуществляется по месту прописки, постоянного или временного проживания, работы, учебы, а также по праву свободного выбора медицинской организации.
      22. Гражданин может быть прикреплен только к одной организации ПМСП. 
      23. Документом, свидетельствующим о прикреплении гражданина к организации ПМСП, является талон прикрепления к медицинской организации в соответствии с формой № 057/у, прилагаемой к настоящим Правилам (далее - талон).
      24. Для прикрепления в организацию ПМСП граждане представляют следующие документы: 
      заявление;
      удостоверение личности (паспорт, свидетельство о рождении) или их нотариально засвидетельствованные копии.
      В случае изменения места прикрепления необходимо предоставить дополнительно отрывной корешок (талон открепления) талона, выдаваемый по месту прежнего прикрепления. 
      25. Организации ПМСП осуществляют прикрепление при самостоятельном обращении граждан, а также путем подворных обходов закрепленной территории. 
      26. Прикрепление лиц, не имеющих возможности по состоянию здоровья самостоятельно явиться в организации ПМСП, может проводиться по месту их нахождения по письменному или устному обращению работниками организаций ПМСП.
      27. Организации ПМСП не должны отказывать гражданам в прикреплении, за исключением случаев превышения нормативов численности прикрепленного населения на участке.
      В этих случаях прикрепление граждан осуществляется к другим организациям ПМСП по праву свободного выбора медицинской организации.
      28. Изменение прикрепления граждан к организациям ПМСП допускается: 
      без ограничений при документально подтвержденном изменении прописки, постоянного или временного проживания, работы или учебы, а также в случаях реорганизации или ликвидации амбулаторно-поликлинической организации;
      не чаще одного раза в год при свободном выборе гражданином медицинской организации.
      29. При изменении прикрепления талон сохраняется в организации ПМСП, а гражданину выдается его отрывной корешок (талон открепления).
      30. При свободном выборе гражданином прикрепления к организации ПМСП возможность его обслуживания на дому специалистами данной организации оговаривается заранее и указывается в талоне.
      31. Информацию о прикрепленном населении организация ПМСП представляет местному органу государственного управления здравоохранением.

       

Приложение к Правилу оказания 
амбулаторно-поликлинической помощи

Форма № 057/у

            Талон прикрепления к медицинской организации

       Примечание РЦПИ: Текст Талона на двух языках -
                 русском и государственном, 
                 см. бумажный вариант