Ірі қара мүйізді лейкозының алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 747 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3347. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабының 2 тармағына және 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Ірі қара мүйізді лейкозының алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ереже бекітілсін.
     2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада анықталған тәртіп бойынша, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды жүргізу Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа  жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жалпы ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәттен бастап қолдануға енгізіледі.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2004 жылғы 22 желтоқсандағы 
N 747 бұйрығымен бекітілді  

  Ірі қара малының лейкоз ауруының алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды
жүзеге асыру туралы
ЕРЕЖЕСІ

     Осы лейкоз ауруының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (одан әрі - Ереже) Жеке және Заңды тұлғаларға ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы»Заңының  26-бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Сиырдың лейкозы (Leucosіs borum, ірі қара малының лейкозы) - қатерлі ісік шалу негізінде С типті, жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы созылмалы ауру. Ауру белгісіз жағдайда өтеді, лимфоцитоз немесе қан өндіретін және басқа органдарда қатерлі ісік пайда болады. Лимфоцитоз және клиникалық белгілері жануарлардың екі жасында және одан жоғары жаста пайда болады. Ауырған мал өледі.

     2. Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру төрт-сегіз жас аралығында жиі байқалады. Лейкоздық қатынас генетикалық бірыңғайлылығына және сиырдың лейкозының бұрын жұққандығының, вирустың сақталуынан дамиды. Бұған бірыңғай тұқымдық бағытындағы және сұр түсті латвиялық, эстониялық қара шұбар, литвиялық қызыл, эстониялық қызыл, дала қызылы, голландиялық, голштинофриз, джерсейскілік, головейскілік, айерширскілік, симментал және олардың алатау, аулиеата, қазақтың ақбас тұқымдарымен шалыс тұқымдары жатады. Басқа тұқымдарынан гөрі қара ала және қызыл тұқымды сиырлар бұл ауруға бейім келеді. Алатау және аулиеатаның таза тұқымдары лейкозбен ауырмайды.

  2. Ветеринариялық-санитариялық жағынан таза қолайлы
аумақтағы жүргізілетін алдын алу іс-шаралары

     3. Сиырдың лейкозы (Leucosіs borum) ауруынан таза шаруашылықтар қатерлі ісік шалу негізінде С типті, ірі қара малының лейкозының жануарларға жұғуын болдырмас үшін, іс-шаралардың жоспарын жасайды.
     Жоспарда әкелінетін асыл тұқымды төлдердің және басқа мемлекеттерден, облыстардан, аудандардан және шаруашылықтардан Қазақстанға әкелінетін аталық бұқаларды орналастыруды, бағып күтудің, өсіруге бағытталған жұмыстарды атқарудың, селекциялық жұмыстар, асылдандыру және диагностикалық тексерулерді тасымалдау кезіндегі кешенді профилактикалық және ветеринариялық- зоотехникалық іс-шараларды атқаруға жауапты адамдардың аты жөні және іс-шараның орындалу мезгілі, күні, айы, жылы көрсетіледі.

     4. Ірі қара малының лейкозынан ветеринариялық-санитариялық жағынан таза қолайлы аумақ деп, қораны, табын, асыл тұқымды ферма, шаруашылық және мемлекеттік асылдандыру станциясы, алты ай бойы және бір айдан астам уақыт бойы ауру мал шықпаса, ИДР-ге оң нәтиже бермесе, және де клиникалық, гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық тексергенде лейкозға тән өзгерістер болмаса, онда лейкоздан таза қолайлы аумақ деп атаймыз.

     5. Бірыңғай тұқымдық бағытындағы және сұр түсті латвиялық, эстониялық қара шұбар, литвиялық қызыл, эстониялық қызыл, дала қызылы, голландиялық, голштинофриз, джерсейскілік, головейскілік, айерширскілік, симментал және олардың алатау, аулиеата, қазақтың ақбас тұқымдарымен шалыс тұқымдары бағылатын жеке шаруашылық қораларында, табындарда, фермаларда және шаруашылықтарда екі жасқа дейін, жануарлардың клиникалық белгілеріне зер салынып, бақылауда ұсталынады.

     6. Жоғарыда көрсетілген тұқымдық малдарды және олардың алты айдан асқан шатыстарын жоспарлы түрде, иммунно диффузиялық реакцияға жыл сайын бір рет қан алып, серологиялық тексеруден өткізеді. Буаз малдарды тууға екі ай қалғанда, немесе туғаннан екі ай өткесін ИДР-ға тексереді. Ауруға оң реакция берген жануарлар байқалса, онда оларды жылына бір рет гематологиялық әдіс арқылы тексереді.

     7. С типті қатерлі ісік шалу негізінде, лейкоздың қоздырушысының бастауы сиыр лейкозына генетикалық төзімділігі жоқ жануарлар бағылатын мемлекеттерден және республикалардың шаруашылықтарынан ірі қара малының асыл тұқымды төлдерін сатып алуға және әкелуге тиым салынады.

     8. Шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарларды жалпылама табынға жібермейді, 30 күн карантинде оңаша бағып күтіледі, ИДР-ға тексереді. Жануарлар ИДР-ға оң нәтиже берген жағдайда, шаруашылықтың ветеринариялық дәрігері жануарлар әкелінген сатып алынған шаруашылыққа хабарлайды, оларды қайтарады немесе етке сояды. Аурудан басқа малдарды оңаша алты ай бойы бағып күтеді, алты ай өткесін тағы да қайтадан ИДР-ға тексереді. ИДР-ға теріс реакция алған жануарларды жалпылама әдіспен бағып күтеді.

     9. Мемлекеттік асылдандыру заводтарында, асыл тұқымды және товарлы сүт шаруашылықтарында жануарларды лейкоздан генетикалық таза тұқымдардан жинақтайды, топтастырады.

     10. Асыл тұқымды шаруашылықтарда жануарларды лейкоздан генетикалық таза тұқымдардан жинақтаған, төлдерді сырттан әкелумен және сыртқа сатумен айналысатын асылдандыру шаруашылықтары жануарларды міндетті түрде екі рет серологиялық тексеруден өткізеді: бірінші рет алты айлығында, екінші рет сатар алдында тексереді.

     11. Асыл тұқымды мекемелерде (Мемлекеттік асылдандыру станцияларында және аналық сиырларды қолдан ұрықтандыру бекеттерінде) жануарларды лейкоздан таза шаруашылықтан генетикалық таза тұқымдардың сиыр лейкозына генетикалық төзімді аналық сиырлардан жинақтаған, тұқымында сиыр лейкозын жұқтырмаған жануарлардың тегінен асыл тұқымды бұқалар дайындалады. Асыл тұқымды бұқаларды сатып таратар алдында серологиялық тексеруден өткізеді: бірінші рет алты айлығында, екінші рет сатар алдында тексереді.

     12. Шаруашылықтағы барлық малдардың басына, лейкозға төзімді бір бағыттағы малдардың тұқымдарына жоспарлы түрде генеалогиялық талдау жүргізіледі.

  3. Ветеринариялық-санитариялық жағынан ірі қара
малының лейкоз ауруына қолайсыз аумақтағы шаруашылық
субъектілерінде (мемлекеттік асылдандыру станциясы,
асылтұқымды шаруашылық, ферма, жеке бөлімшелер,
қоралар) жүргізілетін іс-шаралары

     13. Лейкозға қолайсыз шаруашылықтарында және аудандарда сауықтыру жоспары жасалынады. Жоспарда бағыт-бағдар беріледі және шаруашылықтың сипатын, қандай тұқым бағылады, жасы, малдың өнімділігі және лейкозға байланысты эпизоотологиялық жағдайы, күні, айы, жылы және ауруды қалай анықтағаны жөнінде қолданылатын әдістер, клиникалық байқаудың мерзімді уақыты, серологиялық және гематологиялық тексерулер, төлдейтін бөлімшелерде аналықтардың, жаңа туған төлдердің сауықтыру бөлімшесінде, асыл тұқымды және келешек мал басын толықтыратын төлдердің арнайы бөлекше дайындалған фермаларында жануарлардың иммунно диффузиялық реакциясына (одан әрі ИДР) оң және теріс нәтижесін анықтау үшін, жұмыстар ұйымдастыру шаралары көрсетіледі, сүтті және сүт өнімдерін пастерилизациялаудың нәтижесі көрсетіледі, гипериммунды қанның сарысуын және ауырып жазылған малдың қанын пайдалануға ұлықсат етілмейді, ауру жануарлардың, лейкоз вирусын жұққызған аталық бұқалардың ұрықтарын пайдалануға ұлықсат етілмейді.

     14. Көрсетілген жоспар облыстық (қалалық) немесе аудандық ветеринария бөлімінің басшыларының немесе бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының қолымен бекітіледі және орындаушыларға дейін жеткізіледі.

     15. Диагноз серологиялық, гемотологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық әдістер арқылы лейкозды анықтайды.

     16. Ірі қара малының лейкозынан ветеринариялық-санитариялық жағынан қолайсыз шаруашылық, аумақ деп, қораны, табын, асыл тұқымды ферма, шаруашылық және мемлекеттік асылдандыру станциясы, ИДР-ге оң нәтиже берген, және серологиялық, клиникалық, гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық тексергенде лейкозға тән өзгерістер байқалса, онда лейкозға қолайсыз шаруашылық, аумақ деп атаймыз. Мұндай қораға немесе шаруашылыққа осы Ереженің 17 тармағына сәйкес шектеу қойылады.

     17. Лейкоз ауруына қолайсыз шаруашылықтарда мыналарға тиым салынады:
     1) жануарларға домдау жұмыстарын атқарғанда бір инемен егуге және бір құралмен залалсыздандырмай егуге жол берілмейді, ауру жұқтырғыш малдармен таза малдардың және аналық сиырлардың ауруға оң нәтиже бергені мен ауруға теріс нәтиже берген аналықтар бір төлдейтін қорада бағылып күтілуіне тиым салынады;
     2) С типті қатерлі ісік шалу негізінде, лейкоздың қоздырушысының бастауы сиыр лейкозына генетикалық төзімділігі жоқ жануарлар бағылатын шаруашылықтарынан ірі қара малының асыл тұқымды төлдерін сатып алуға және әкелуге тиым салынады;
     3) тұқымдардың С типті қатерлі ісік шалу негізінде, лейкоздың қоздырушысының бастауы сиыр лейкозының бұрын жұқтырған вирусының сақталуынан, ауырған және ауру жануарлармен бір рет болсада аурудың жұқтырғаны жөнінде сезік байқалса, осы ірі қара малдарының төлдерінен табындарды толықтыруға тиым салынады;
     4) жануарлар ИДР-ға оң нәтиже берген жағдайда, ауру жануарлардың, лейкоз вирусын жұққызған аталық бұқалардың ұрықтарын пайдалануға тиым салынады, оларды жояды;
     5) ауру жануарлардың, лейкоз вирусын жұққызған сиырлардан алынған сүт заводқа өткізіледі, сүтті және сүт өнімдерін пастерилизациялаудың нәтижесі көрсетіледі, залалсыздандырудан кейін жалпылама пайдалануға болады, күнделікті тұрмыста сүтті қайнатқаннан кейін, тек қана қолайсыз шаруашылықтың ішінде пайдалануға болады, сыртқа шығаруға тиым салынады;
     6) гипериммунды қанның сарысуын және ауырып жазылған малдың қанын жануарларды домдау және емдік мақсатта пайдалануға тиым салынады;
     7) тұқымдардың С типті қатерлі ісік шалу негізінде, лейкоздың қоздырушысының бастауы сиыр лейкозының бұрын жұқтырған вирусының сақталуынан, ауырған және ауру жануарлармен бір рет болсада аурудың жұқтырғаны жөнінде сезік байқалса, бірыңғай тұқымдық бағытындағы және сұр түсті латвиялық, эстониялық қара шұбар, литвиялық қызыл, эстониялық қызыл, дала қызылы, голландиялық, голштинофриз, джерсейскілік, головейскілік, айерширскілік, симментал тұқымдарымен және олардың алатау, аулиеата, қазақтың ақбас тұқымдарын шағылыстыруға тиым салынады.

     18. Шаруашылықта жануарлардың арасынан гематологиялық, патологоанатомиялық және патоморфологиялық тексеру кезінде, лейкоз ауруына оң реакция берген жануарлар байқалса, онда оларды жылына екі рет серологиялық әдіс арқылы тексереді. Ауру жұқтырғыш жануарларды гематологиялық әдіс арқылы жылына екі рет, арасы алты ай сайын тексереді.

     19. Шаруашылықта жануарлардың арасынан лейкоз вирусын жұқтырған, гематологиялық тексергенде лейкоз ауруына оң реакция берген жануарлар байқалса, онда оларды бағып-күтіп, етке союға өткізеді.

     20. Жануарлардың арасынан лейкоз вирусын жұқтырғаны 10 пайыздан асып кетсе, онда олардың барлығын етке союға жібереді.

     21. Сиырдың буаздығының екінші жартысында, оларды оқшаулап бағады, туғаннан кейін аналықты етке союға өткізеді, туған бұзауды бордақыға бағым күтімге алады.

     22. Фермерлік ірі шаруашылықтарда ауру жұқтырғыш жануарларды алмастыру үшін, аурудан таза, тұқымында бірде бір ауру вирустары болмаған аналықтардан туған төлдерді жинақтап, табынды толықтыруды ұйымдастырады.

     23. Табынды толықтыру үшін, арналған төлдерді туғаннан 10 күн өткеннен алты ай толғанша оңаша оқшаулап бағып күтіледі, оларды ИДР-ге теріс нәтиже берген сиырлардың сүтімен бағады, алты айлығында және қашырымға түсер алдында серологиялық тексеруден өткізеді, бірінші туатын қашарларды негізгі табынға көшірер алдында серологиялық тексеруден өткізеді. Ауру жұқтырғыш жануарларды бордақыға жібереді. Ауруға төзімді ауырмаған жануарлардан құралған қашарларды жинақтап, қолайсыз етке кеткен малдардың орнын толтыру үшін, дайындайды.

     24. Мемлекеттік асылдандыру станцияларында аталық бұқаларды ИДР-ға арасы алты ай сайын екі рет тексереді, лейкоз ауруын жұқтырғыш жануарлар байқалса, онда оларды оқшаулап бағып-күтіп 15 күн ішінде етке союға өткізеді. Мұндай бұқалардың ұрықтарын жояды.

     25. Лейкозбен ауырған немесе ауруын жұқтырғыш жануарларды етсою мекемесіне темір жол, су жолы және авто көлік қатынасымен тасымалдайды. Жолдама құжаттарында осы лейкоз ауруымен ауырады деген арнайы белгіленген белгілері болады.

     26. Лейкозбен ауырған жануарларды санитарлық мал сою орнында союды атқарады. Осы сойылған малдардың қанын, қанның сарысуын эндокринді және басқа ағзаларын медициналық және ветеринариялық мақсаттарға пайдалану үшін сынама алуға тиым салынады. Мал сойылып болғаннан кейін, мал сою орнын және барлық құрал жабдықтарды санитарлық тазалықтан өткізіп залалсыздандырады.

     27. Мал сою орнының ветеринариялық дәрігері сойылған малдың етіне және ағзаларына санитарлық ветеринариялық сараптамалық баға береді, сараптама жануарларды ветеринариялық тексеру және сою кезіндегі ет және ет өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптамалық Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
     Лейкозға патологоанатомиялық тексергенде жануарлардың ағзаларынан және ткандерінен ауруға тән өзгерістер байқалса, онда сынаманы ветеринариялық зертханаға гистологиялық тексеруге жібереді.

     28. Ірі қара малының лейкозынан ветеринариялық-санитариялық жағынан қолайсыз шаруашылықты, аумақты, қораны және оған тиісті аулаларды, ашық алаңдарды, мал төлдейтін орындарды тазартып арнайы дезинфекциядан өткізеді, ал қиларды биотермиялық жолмен зарарсыздандырады.

     29. Барлық ауырған жануарлар етке өткізілгеннен кейін, ИДР-ге теріс нәтиже берген, ауру жұқтырғыш жануарларды гематологиялық әдіс арқылы жылына екі рет, арасы алты ай сайын тексеруден өткеннен кейін, залалсыздандыру жұмыстары толық аяқталысымен шаруашылықта шектеу алынады.

     30. Осы Ережеде қаралғанындай, көрсетілген іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылау, тиісті әкімшілік территориясының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жүргізеді.

Об утверждении Ветеринарных правил по профилактике и ликвидации лейкоза крупного рогатого скота

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 747. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 12 января 2005 года № 3347. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

     Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

     В соответствии с подпунктом 8)  статьи 8  и пунктом 2  статьи 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии",  ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Утвердить прилагаемые Ветеринарные правила по профилактике и ликвидации лейкоза крупного рогатого скота.
     2. Департаменту ветеринарии совместно с территориальными управлениями областей, городов Астана и Алматы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке, принять необходимые меры, вытекающие из настоящего приказа.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента ветеринарии Кожумратова А.А.
     4. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и вводится в действие с момента официального опубликования в средствах массовой информации.

     Министр

        

Утверждены                 
Приказом Министра сельского      
хозяйства Республики Казахстан     
от 22 декабря 2004 года N 747     

Ветеринарные правила
о мероприятиях по профилактике и ликвидации лейкоза
крупного рогатого скота

     Настоящие Правила (далее - Правила) определяют порядок организации и проведения ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридическими лицами в соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан «О ветеринарии».

         

1. Общие положения

     1. Лейкоз крупного рогатого скота (гемабластозы) - хроническая инфекционная болезнь опухолевой природы, вызываемая онкорнавирусом типа "С", который обладает тропизмом к лимфоидным клеткам и размножается в них. Болезнь протекает бессимптомно, проявляется лимфоцитозом или образованием опухолей в кроветворных и других органах. Лимфоцитоз и клинические признаки болезни обнаруживаются у животных в возрасте двух и старше лет. Больные животные погибают.
     2. Лейкозный процесс развивается у генетически предрасположенных и инфицированных вирусом лейкоза крупного рогатого скота (далее - ВЛКРС) животных различных пород. К ним относятся отдельные семейства и линии бурой латвийской, эстонской черно-пестрой, красной литовской, красной эстонской, красной степной, голландской, голштинофризской, джерсейской, головейской, айерширской, симментальской пород и их помеси с алатауской, аулеатинской, казахской белоголовой породами. Скот алатауской и аулеатинской пород, разводимые в чистоте не болеют лейкозом.

      

2. Профилактические мероприятия проводимые на территории
ветеринарно-санитарного благополучия

     3. Для свободных по лейкозу хозяйств и районов, разрабатывают план мероприятий по охране животных от инфицирования онкорнавирусом типа "С" крупного рогатого скота и заболевания.
     В плане отражают сроки и ответственных лиц по проведению комплекса профилактических и ветеринарно-зоотехнических мероприятий при завозе в хозяйства племенного молодняка и спермы быков-производителей из других государств, областей, районов и хозяйств Казахстана, их размещение и содержание, использование для воспроизводства стада, проведение селекции пород и диагностические исследования.
     4. Благополучным по лейкозу крупного рогатого скота считают хозяйствующий субъект в котором в течение шести и более месяцев не было выявлено положительно реагирующих животных по реакции иммунной диффузии (далее - РИД), а также отсутствовали характерные для лейкоза клинико-гематологические, патологоанатомические и гистологические изменения.
     5. В хозяйствующих субъектах, в которых имеется скот бурой латвийской, эстонской черно-пестрой, красной литовской, красной эстонской, красной степной, швицкой, голландской, голштинофризской, джерсейской, головейской, айерширской, симментальской пород и их помеси с алатауской, аулеатинской и казахской белоголовой породами проводят систематический контроль за клиническим состоянием животных старше двухлетнего возраста.
     6. Скот указанных пород и их помеси старше 6-ти месячного возраста в плановом порядке подвергают ежегодным однократным серологическим исследованием РИД. Стельных коров по РИД исследуют только за 2 месяца до отелов или через 2 месяца после отелов. В случае выделения серопозитивных животных их исследуют гематологически один раз в год.
     7. Не допускают завоз и закуп племенного молодняка крупного рогатого скота из других хозяйств республики и стран, непроверенного на местах на генетическую устойчивость к лейкозу и инфицированность к онкорновирусу типа "С".
     8. Вновь поступивших животных не допускают в общее стадо, содержат изолированно в течение 30 дней и исследуют по РИД. В случае выявления РИД положительных животных, ветеринарный специалист хозяйствующего субъекта сообщает об этом поставщику, таких животных возвращают или сдают на мясо. Остальных животных этой группы содержат отдельно и через 6 месяцев повторно исследуют по РИД. При получении отрицательных результатов их используют на общих основаниях.
     9. В Государственных племенных заводах, хозяйствующих субъектах скот формируют только из семейств и линий, в родословной которых отсутствуют генетически предрасположенные и больные лейкозом предки.
     10. В племенных хозяйствах, занимающихся импортом и экспортом племенного молодняка, в родословной которых отсутствует предрасположенность к лейкозу, в обязательном порядке проводят двукратное серологическое исследование животных: первый раз в 6-ти месячном возрасте, второй - перед племенной продажей.
     11. Отбор бычков для племенных предприятий (Государственной племенной станции и пунктов по искусственному осеменению коров) осуществляют только из благополучных по лейкозу хозяйств от коров, не инфицированных вирусом лейкоза и в родословной которых не имеются предки, предрасположенные к заболеванию. Племенных бычков перед реализацией подвергают серологическому исследованию: первый раз в 6 месяцев - второй - перед племенной продажей.
     12. В хозяйствующем субъекте проводят плановый генеалогический анализ родословных данных всего поголовья скота по линиям и семействам, устойчивым к лейкозу.

      

3. Мероприятия в неблагополучных по лейкозу
крупного рогатого скота хозяйствующих субъектах

     13. Для неблагополучных хозяйствующих субъектах разрабатывают план оздоровительных мероприятий, в котором предусматривают направление и характеристику хозяйства, породы, возраста, продуктивность скота и эпизоотическую ситуацию по лейкозу, даты и методы, посредством которых установлено заболевание, сроки клинического осмотра, серологического и гематологического исследований животных, организация родильных отделении для РИД положительных и отрицательных коров, профилактории для новорожденных телят, специализированные фермы по изолированному выращиванию племенного и ремонтного молодняка, раздельное содержание РИД положительных и отрицательных животных, пастеризации молока и молочных продуктов, недопущение к использованию гипериммунной сыворотки и крови реконвалесцентов, спермы быков-производителей от инфицированных вирусом лейкоза, а также больных животных.
     14. Указанные планы утверждаются главным государственным ветеринарным инспектором района и доводятся до исполнителей.
     15. Диагноз на лейкоз устанавливают серологическим, гематологическим, патологоанатомическим и гистологическими методами исследования.
     16. Неблагополучным по лейкозу считается хозяйствующий субъект в котором диагноз у животных подтвержден серологическим, гематологическим, патологоанатомическим и гистологическим методами исследования. На такой хозяйствующий субъект вводят ограничения согласно пункта 17 настоящих ветеринарных Правил.
     17. В хозяйстве, неблагополучном по лейкозу не допускаются:
     1) обработку животных одним и тем же инструментом, непростерилизованным для каждого животного, проведения отелов коров серопозитивных с серонегативными в одном родильном отделении;
     2) ввоз и ввод племенного молодняка, гематологически больных и инфицированных вирусом лейкоза животных, племенная продажа;
     3) ремонт стада молодняком крупного рогатого скота, в родословной которых имеется хотя бы один случай больного лейкозом предка;
     4) хранение спермы быков инфицированных вирусом лейкоза;
     5) сдача молока от больных лейкозом коров на молокозавод. Такое молоко подлежит кипячению и использованию только внутри неблагополучного по лейкозу хозяйства;
     6) использование крови и ее сыворотки, полученных от инфицированных вирусом лейкоза животных, для профилактических и лечебных целей;
     7) скрещивание алатауской, аулеатинской и казахской белоголовой пород со скотом бурой латвийской, эстонской черно-пестрой, голштинофризской, красной литовской, красной эстонской, красной степной, симментальской, айерширской голландской, головейской породами, в родословной которых имеется хотя бы один случай больного лейкозом животного.
     18. В хозяйстве, где диагноз подтвержден гематологическим, патологоанатомическим и патоморфологическим проявлением болезни, всех животных старше шестимесячного возраста, в плановом порядке, подвергают серологическому исследованию два раза в год. Серопозитивных животных исследуют гематологически два раза в год с интервалом в шесть месяцев.
     19. При выявлении гемаположительных и зараженных вирусом лейкоза животных, их сдают на убой или переводят в группу откорма с последующей сдачей на убой.
     20. При выявлении более 10% инфицированных вирусом лейкоза животных от поголовья стада - все поголовье стада сдают на убой.
     21. Инфицированных коров во второй половине стельности изолируют, после отелов их сдают на убой, а телят - на откорм.
     22. Для замены серопозитивных животных в крупных фермерских хозяйствах организуют изолированное выращивание ремонтного молодняка, полученного от коров, свободных от вируса лейкоза и в родословной которых отсутствуют больные предки.
     23. Ремонтный молодняк изолированно выращивают с десятидневного до шестимесячного возраста, им скармливают молоко от РИД отрицательных коров, серологически исследуют в 6 месяцев и перед осеменением, нетелей - перед переводом в основное стадо. Серопозитивных животных переводят в группу откорма. Из выращенных серонегативных нетелей формируют гурты для замены неблагополучного поголовья.
     24. В Государственных племенных станциях быков исследуют по РИД два раза в год с интервалами в 6 месяцев. Серопозитивных животных в течение 15 дней направляют на убой. Сперму таких быков уничтожают.
     25. Больных лейкозом животных на санитарную бойню перевозят железнодорожным, водным и автомобильным транспортом с обязательной отметкой в сопроводительных документах о том, что они больны этой болезнью.
     26. Убой больных лейкозом животных проводят на санитарной бойне. При этом запрещают сбор крови, ее сыворотки, эндокринных и других органов животных для ветеринарных и медицинских целей. Помещение и оборудование, где проводился убой больных животных, дезинфицируют.
     27. Ветеринарный специалист санитарной бойни проводит санитарную оценку туш и внутренних органов убойных животных, руководствуясь действующими правилами ветеринарного осмотра убойных животных и ветеринарно-санитарной экспертизы мяса и мясных продуктов.
     При обнаружении характерных для лейкоза патологоанатомических изменений органов и тканей убойных животных, их направляют в ветеринарную лабораторию для гистологического исследования.
     28. В неблагополучных по лейкозу хозяйствующих субъектах животноводческие помещения, родильные отделения, выгульные площадки и территорию вокруг них дезинфицируют, а навоз подвергают биотермической обработке.
     29. Ограничения по лейкозу с хозяйства снимают после вывода последнего больного лейкозом животного и получения двух подряд, с интервалом в шесть месяцев, отрицательных результатов по РИД всего стада.
     30. Контроль за проведением мероприятий, предусмотренных настоящими Правилами, осуществляются государственным ветеринарным инспектором соответствующей административной территориальной единицы.