Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 374 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3417

      "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

Төраға



  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 374 қаулысымен бекітілген

Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының
қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің
мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын
талаптар туралы ереже

      Осы Ереже "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 11-бабының 6) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және актуарийдің қорытындысы негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту тәртібін және талаптарын, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      жинақтау кезеңі - сақтанушы (сақтандырылған) сақтандыру ұйымына аннуитет шартында айқындалған мөлшерде, тәртіппен және мерзімде кезеңді сақтандыру жарналарын төлейтін кезең ішінде аннуитет шартының қолданылу кезеңі;

      сақтандыру төлемдерінің кезеңі - сақтандыру ұйымы сақтанушыға (сақтандырылғанға, пайда алушыға) аннуитет шартында айқындалған мөлшерде, тәртіппен және мерзімде кезеңді сақтандыру төлемдерін жасайтын кезең ішінде аннуитет шартының қолданылу кезеңі.

      2. Жинақтау кезеңінен кейін сақтандыру төлемдерінің кезеңі басталады.

      3. Егер аннуитет шартының талаптарымен тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы көзделсе және осындай ұлғаю мөлшері аннуитет шартында айқындалса, осы Ереженің талаптары қосымша ұлғаю жағдайына қолданылады.

2-тарау. Тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту шарттары

      4. Аннуитет шарты қолданылуының алғашқы екі толық жылында шарт бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы жасалмайды.

      5. Аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы сақтандыру ұйымының қосымша кірістері есебінен жүргізіледі.

      Жинақтау кезеңінде сақтандыру ұйымының мұндай қосымша кірістері:

      1) нақты инвестициялық кірістілік ставкасы мен аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшерін есептеу кезінде көзделген ставка арасындағы оң айырма;

      2) аннуитет шарттарын жасау мен орындауға байланысты сақтандыру ұйымы шығыстарының нақты деңгейі және аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшерін есептеу кезінде көзделген шығыстар деңгейі арасындағы теріс айырма есебінен қалыптасады.

      6. Сақтандыру төлемдері кезеңінде, осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген сақтандыру ұйымының қосымша кіріс көздерінен басқа, сақтандыру ұйымының өлім-жітім бойынша нақты көрсеткіштері және аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшерін есептеу кезінде көзделген оның болжамды көрсеткіштері арасындағы оң айырма аталған кезеңнің көзі болып табылады.

      7. Аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту жөніндегі актуарлық қорытындыны бір жылғы қорытынды бойынша да, сондай-ақ бірнеше жылғы кезең үшін де жасауға болады. Талданатын кезеңге қарамастан, сақтандыру ұйымының осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген қосымша кірістерінің көздерін айқындау әрбір жыл үшін жеке жасалады.

      8. Сақтандыру ұйымының осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген қосымша кірістері жалпы сомасының әрбір құрамдасы (көзі) осы Ереженің жинақтау кезеңіне арналған талаптарын және тиісінше сақтандыру төлемдерінің кезеңін ескере отырып, әрбір аннуитет шарты үшін жеке айқындалады.

      9. Егер сақтандыру ұйымы қосымша кірістерінің жалпы сомасы теріс мөлшерін құрса, аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы жүргізілмейді.

      10. Сақтандыру ұйымы кепілдік берілген кезеңді, сақтандыру төлемдерінің кезеңін көздеуі мүмкін, әрі осы кезең ішінде сақтандыру ұйымы аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін сақтанушыға (сақтандырылғанға, пайда алушыға) аннуитет шартында аталған кезең аяқталғанға дейін сақтанушы (сақтандырылған) тірі немесе қайтыс болғанына қарамастан жасайды.

      Мұндай жағдайда, сақтандыру төлемдерінің кезеңінде осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құрамдас (көз) нольге тең болады және аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымы қосымша кірісінің жалпы сомасына кіргізілмейді.

3-тарау. Тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту тәртібі

      11. Жинақтау кезеңінде инвестициялық кірістілік ставкаларының арасындағы оң айырма есебінен аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымының қосымша кірістері мынадай формула бойынша айқындалады:

      (i-i 1)*(t V+1/3*P), мұнда

       і - өткен жыл үшін аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасы;

       і 1 - аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) есептеген кезде қолданылған инвестициялық кірістіліктің болжамды ставкасы;

       t V - жыл басына аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері;

      Р - сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) жылдық мөлшері.

      12. Шығыстардың нақты деңгейі мен болжамды деңгейі арасындағы айырма есебінен сақтандыру ұйымының қосымша кірістері былайша айқындалады:

      (Е-Е 1), мұнда

      Е - сақтандыру ұйымының нақты шығыстары;

      Е 1 - сақтандыру ұйымының болжамды шығыстары.

      Есептеу мақсаттары үшін сақтандыру ұйымы қосымша кірістілігінің көрсетілген құрамдасы барлық аннуитет шарттарының жиынтығы бойынша не осы соманы олар бойынша тепе-тең белгіленген сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) мөлшері бойынша әрбір аннуитет шарты бойынша жеке бөле отырып бұрын қалыптасқан шарт топтары бойынша айқындалуы мүмкін.

      13. Сақтандыру төлемдері кезеңінде сақтандыру ұйымының өлім-жітім бойынша нақты көрсеткіштері мен болжамды көрсеткіштері арасындағы оң айырма есебінен сақтандыру ұйымының аннуитет шарты бойынша қосымша кірістер барлық аннуитет шарттары бойынша жиынтығында былайша айқындалады:

      (В-В1), мұнда

      В - сақтандыру ұйымының өткен жылғы аннуитет шарттары бойынша нақты сақтандыру төлемдері;

      В 1 - сақтандыру ұйымының жыл басындағы аннуитет шарттары бойынша болжамды сақтандыру төлемдері.

      Сақтандыру ұйымының өлім-жітім бойынша нақты көрсеткіштері мен әрбір аннуитет шарты үшін жеке болжамды көрсеткіштері арасындағы оң айырма есебінен сақтандыру ұйымының қосымша кірістерінің мөлшері ол бойынша белгіленген сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшеріне тепе-тең айқындалуы мүмкін.

      14. Сақтандыру ұйымының осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген қосымша кірістерін есептеу мақсаттары үшін аннуитет шарттары есеп айырысуды жүргізу күніне сақтанушының (сақтандырылғанның) жасына сәйкес топтарға бөлінеді.

      Егер сақтанушының (сақтандырылғанның) жасы есеп айырысуды жүргізу сәтіне бүтін сан болмаса, жасын бүтін санға дейін дөңгелету былайша болады:

      Егер жас санының бүтін емес бөлігі 0,5 және 0-ден кем болса;

      өйтпеген жағдайда - 1.

      15. Сақтандыру төлемдері кезеңінде сақтандыру ұйымының инвестициялық кірістілік ставкалары арасындағы оң айырма есебінен аннуитет шарттары бойынша қосымша кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:

      (i-i1)* t+1 V, мұнда

       і - өткен жыл үшін аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасы;

       і1 - аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) есептеген кезде қолданылған инвестициялық кірістіліктің болжамды ставкасы;

       t+1V - жыл аяғына аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері.

      16. Аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту жөнінде шешім қабылданған жағдайда сақтандыру ұйымының қосымша кіріс сомасы аннуитет шартының талаптарына сәйкес ол бойынша сақтандыру төлемдерінің барлық қалған кезеңіне тең бөлінеді. Жинақтау кезеңінде аннуитет шарты бойынша қосымша кіріс төленбейді.

      17. Егер сақтандыру ұйымының аннуитет шарттары бойынша қосымша кірістің жалпы сомасы жекелеген шарттар үшін жинақтау кезеңінде қалыптасса, көрсетілген қосымша кіріс сомасын сақтандыру ұйымы өткен жылғы аннуитет шарттары бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін активтер бойынша сақтандыру ұйымының инвестициялық кірістілігінің нақты ставкасынан аспайтын инвестициялық кірістіліктің жылдық ставкасы бойынша сақтандыру төлемдерінің кезеңіне дейін жыл сайын индекстей алады.

      18. Егер индекстеуді ескере отырып бүкіл жинақтау кезеңінде жекелеген аннуитет шарты үшін жинақталған инвестициялық кіріс сомасы не сақтандыру төлемдерінің барлық не қалған кезеңіне бөлу арқылы сақтандыру төлемдері кезеңінде есептелген аннуитет шарты бойынша қосымша кіріс сомасы тиісінше аннуитет шарты бойынша жылдық сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кемінде 1%-ке ұлғаюына әкеліп соқтырса, сақтандыру ұйымы актуарийдің қорытындысы негізінде қосымша кірістің барлық сомасын аннуитет шарты бойынша бірінші не тиісінше одан кейінгі сақтандыру төлеміне енгізуі мүмкін.

4-тарау. Актуарлық қорытындының мазмұнына қойылатын талаптар

      19. Аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің ұлғаюы актуарийдің қорытындысы негізінде осы Ереженің талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

      20. Актуарлық қорытындыда мыналар болуы тиіс:

      1) өткен жыл үшін аннуитет шарты бойынша сақтандыру резервтерін өтейтін сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасын талдауы және есеп айырысуы;

      2) жеке аннуитет шарттары немесе шарт топтары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) есептеген кезде қолданылған инвестициялық кірістіліктің болжамды ставкалары;

      3) аннуитет шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру ұйымының нақты шығыстарын талдауы және есеп айырысуы;

      4) аннуитет шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру ұйымының болжамды шығыстары;

      5) сақтандыру ұйымының өткен жылғы аннуитет шарттары бойынша нақты сақтандыру төлемдері және жыл басына аннуитет шарттары бойынша болжамды сақтандыру төлемдерінің мөлшері;

      6) аннуитет шарттары бойынша қосымша кірістердің жалпы сомасының әрбір құрамдасының (көзінің) есеп айырысуы және осы Ереженің талаптарына сәйкес әрбір аннуитет шарттары үшін осы жалпы соманың бір бөлігін айқындау;

      7) аннуитет шарттарының қолданылу кезеңіне қосымша кіріс сомаларын бөлу, ұлғаюын және оларды төлеу тәртібін ескере отырып олар бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің есеп айырысуы;

      8) олар бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайтпастан және ұлғайта отырып есеп айырысуларды жүргізу сәтіне аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерінің мөлшері;

      9) аннуитет шарттары бойынша ұлғайтылған сақтандыру төлемдерін ескере отырып сақтандыру ұйымының төлем қабілетін және қаржылық тұрақтылығын талдау және жақын арадағы үш жылға пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы болжам.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Об утверждении Правил об увеличении размера регулярных страховых выплат в период действия договоров аннуитета на основании актуарного заключения и требованиях к его содержанию

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 декабря 2004 года N 374. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 2 февраля 2005 года N 3417

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность страховых организаций, осуществляющих деятельность в отрасли "страхование жизни", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила об увеличении размера регулярных страховых выплат в период действия договоров аннуитета на основании актуарного заключения и требованиях к его содержанию.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту надзора за субъектами страхового рынка и другими финансовыми организациями (Каримуллин А.А.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, страховых (перестраховочных) организаций.

      4. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства (Несипбаев Р.Р.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Досмукаметова К.М.

Председатель



  Утверждены
постановлением Правления
Агентства Республики
Казахстан по регулированию и
надзору финансового рынка и
финансовых организаций
от 27 декабря 2004 года № 374

Правила об увеличении размера регулярных
страховых выплат в период действия договоров
аннуитета на основании актуарного заключения
и требованиях к его содержанию

      Настоящие Правила об увеличении размера регулярных страховых выплат в период действия договоров аннуитета на основании актуарного заключения и требованиях к его содержанию разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", пунктом 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" и определяют порядок и условия увеличения размера регулярных страховых выплат в период действия договоров аннуитета на основании заключения актуария, а также требования к его содержанию.

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.05.2016 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального).

Глава 1. Общие положения

      1. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      период накопления - период действия договора аннуитета, в течение которого страхователь (застрахованный) уплачивает страховой организации периодические страховые взносы в размере, порядке и сроки, определенные договором аннуитета;

      период страховых выплат - период действия договора аннуитета, в течение которого страховая организация производит периодические страховые выплаты страхователю (застрахованному, выгодоприобретателю) в размере, порядке и сроки, определенные договором аннуитета.

      2. Период страховых выплат наступает после периода накопления.

      3. В случае, если условиями договора аннуитета предусматривается увеличение регулярных страховых выплат и размер этого увеличения определен договором аннуитета, то требования настоящих Правил распространяются на случаи дополнительного увеличения.

Глава 2. Условия увеличения регулярных страховых выплат

      4. В первые два полных года действия договора аннуитета увеличение регулярных страховых выплат по договору не производится.

      5. Увеличение регулярных страховых выплат по договору аннуитета производится за счет дополнительных доходов страховой организации.

      В период накопления такие дополнительные доходы страховой организации формируются за счет:

      1) положительной разницы между фактической ставкой инвестиционной доходности и ставкой, предусмотренной при расчете размера страховой премии (страховых взносов) по договору аннуитета;

      2) отрицательной разницы между фактическим уровнем расходов страховой организации, связанных с заключением и исполнением договоров аннуитета и уровнем расходов, предусмотренным при расчете размера страховой премии (страховых взносов) по договору аннуитета.

      6. В период страховых выплат, помимо источников дополнительных доходов страховой организации, указанных в пункте 5 настоящих Правил, источником для названного периода является положительная разница между фактическими показателями страховой организации по смертности и предполагаемыми ее показателями, которые были предусмотрены при расчете размера страховой премии (страховых взносов) по договору аннуитета.

      7. Актуарное заключение по увеличению регулярных страховых выплат в период действия договоров аннуитета может составляться как по итогам одного года, так и за период в несколько лет. Независимо от анализируемого периода, определение источников дополнительных доходов страховой организации, указанных в пунктах 5 и 6 настоящих Правил, производится для каждого года отдельно.

      8. Каждая составляющая (источник) общей суммы дополнительных доходов страховой организации, указанная в пунктах 5 и 6 настоящих Правил, определяется отдельно для каждого договора аннуитета с учетом требований настоящих Правил для периода накопления и периода страховых выплат, соответственно.

      9. В случае, если общая сумма дополнительных доходов страховой организации составит отрицательную величину, то увеличение регулярных страховых выплат по договорам аннуитета не производится.

      10. Страховая организация может предусмотреть гарантированный период, период страховых выплат, в течение которого регулярные страховые выплаты по договору аннуитета производятся страховой организацией страхователю (застрахованному, выгодоприобретателю) независимо от того жив страхователь (застрахованный) или нет, до истечения этого периода, оговоренного договором аннуитета.

      В этом случае, в период страховых выплат, составляющая (источник), указанная в пункте 6 настоящих Правил, равна нулю и в общую сумму дополнительного дохода страховой организации по договорам аннуитета не включается.

Глава 3. Порядок увеличения регулярных страховых выплат

      11. В период накопления дополнительные доходы страховой организации по договорам аннуитета за счет положительной разницы между ставками инвестиционной доходности, определяются по следующей формуле:

      1

       (i - i 1 )*( t V + -- * P), где

      3

       i - фактическая ставка инвестиционной доходности по активам страховой организации, покрывающим страховые резервы по договору аннуитета, за предыдущий год;

       i 1 - предполагаемая ставка инвестиционной доходности, использованная при расчете страховой премии (страховых взносов) по договору аннуитета;

       t V - размер страховых резервов по договору аннуитета на начало года;

       P - годовой размер страховой премии (страховых взносов).

      12. Дополнительные доходы страховой организации за счет разницы между фактическим уровнем расходов и предполагаемым уровнем, определяются следующим образом:

      (E - E 1 ), где

      E - фактические расходы страховой организации;

      E 1 - предполагаемые расходы страховой организации.

      Для целей расчетов указанная составляющая дополнительных доходов страховой организации может определяться по совокупности всех договоров аннуитета либо по ранее сформированным группам договоров с последующим распределением этой суммы отдельно по каждому договору аннуитета пропорционально установленному по ним размеру страховой премии (страховых взносов).

      13. В период страховых выплат, дополнительные доходы страховой организации по договору аннуитета за счет положительной разницы между фактическими показателями страховой организации по смертности и предполагаемыми, определяются в совокупности по всем договорам аннуитета следующим образом:

      (B - B 1 ), где

      B - фактические страховые выплаты страховой организации по договорам аннуитета за предыдущий год;

      B 1 - предполагаемые страховые выплаты страховой организации по договорам аннуитета на начало года.

      Размер дополнительных доходов страховой организации за счет положительной разницы между фактическими показателями страховой организации по смертности и предполагаемыми отдельно для каждого договора аннуитета может определяться пропорционально установленному по нему размеру страховой премии (страховых взносов).

      14. Для целей расчетов дополнительных доходов страховой организации, указанных в пункте 12 настоящих Правил, договоры аннуитета разбиваются на группы в соответствии с возрастом страхователя (застрахованного) на дату проведения расчетов.

      Если страхователю (застрахованному) на момент проведения расчетов количество лет составляет не целое число, то округление количества лет до целого числа производится следующим образом:

      если не целая часть числа количества лет составляет 0,5 и менее - 0;

      в противном случае - 1.

      15. В период страховых выплат дополнительные доходы страховой организации по договорам аннуитета за счет положительной разницы между ставками инвестиционной доходности, определяются по следующей формуле:

      (i - i 1 )* t+1 V , где

      i - фактическая ставка инвестиционной доходности по активам страховой организации, покрывающим страховые резервы по договору аннуитета, за предыдущий год;

      i 1 - предполагаемая ставка инвестиционной доходности, использованная при расчете страховой премии (страховых взносов) по договору аннуитета;

      t+1 V - размер страховых резервов по договору аннуитета на конец года.

      16. Сумма дополнительных доходов страховой организации в случае принятия ею решения об увеличении регулярных страховых выплат по договорам аннуитета, распределяется равномерно на весь оставшийся период страховых выплат по договору аннуитета в соответствии с его условиями. В период накопления выплата дополнительного дохода по договору аннуитета не производится.

      17. В случае, если общая сумма дополнительных доходов страховой организации по договорам аннуитета сформировалась в период накопления для отдельных договоров, то указанная сумма дополнительных доходов может индексироваться страховой организацией каждый год до периода страховых выплат по годовой ставке инвестиционной доходности, не превышающей фактическую ставку инвестиционной доходности страховой организации по активам, покрывающим страховые резервы по договорам аннуитета, за предыдущий год.

      18. В случае, если накопленная с учетом индексации сумма дополнительных доходов для отдельного договора аннуитета за весь период накопления либо сумма дополнительных доходов по договору аннуитета, рассчитанная в период страховых выплат, путем распределения на весь либо оставшийся период страховых выплат, соответственно, приводит к увеличению годового размера страховых выплат по договору аннуитета на менее чем 1%, то страховая организация на основании заключения актуария может включить всю сумму дополнительных доходов в первую либо последующую страховую выплату по договору аннуитета, соответственно.

Глава 4. Требования к содержанию актуарного заключения

      19. Увеличение регулярных страховых выплат по договорам аннуитета производится с учетом требований настоящих Правил на основании заключения актуария.

      20. Актуарное заключение должно содержать:

      1) анализ и расчет фактической ставки инвестиционной доходности по активам страховой организации, покрывающим страховые резервы по договорам аннуитета за предыдущий год;

      2) предполагаемые ставки инвестиционной доходности, использованные при расчете страховой премии (страховых взносов) по договорам аннуитета отдельно или группам договоров;

      3) анализ и расчет фактических расходов страховой организации, связанных с заключением и исполнением договоров аннуитета;

      4) предполагаемые расходы страховой организации, связанные с заключением и исполнением договоров аннуитета;

      5) фактические страховые выплаты страховой организации по договорам аннуитета за предыдущий год и размер предполагаемых страховых выплат по договорам аннуитета на начало года;

      6) расчет каждой составляющей (источника) общей суммы дополнительных доходов по договорам аннуитета и определение части этой общей суммы для каждого договора аннуитета в соответствии с требованиями настоящих Правил;

      7) распределение суммы дополнительных доходов на период действия договоров аннуитета, расчет регулярных страховых выплат по ним с учетом увеличения и порядок их выплаты;

      8) размер страховых резервов страховой организации по договорам аннуитета на момент проведения расчетов без увеличения регулярных страховых выплат по ним и с увеличением;

      9) анализ платежеспособности и финансовой устойчивости страховой организации с учетом произведенного увеличения страховых выплат по договорам аннуитета и прогноз о соблюдении пруденциальных нормативов на ближайшие три года.

Глава 5. Заключительные положения

      21. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.