Сақтандыру қызметі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы.

МАЗМҰНЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2003.07.10 № 483 Заңымен.

1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.

      2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар

      1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;

      1-1) актуарий – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;

      1-2) актуарийлер бірлестігі – актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;

      1-3) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;

      2) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;

      3) бақылау – заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай:

      бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;

      бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;

      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған;

      бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;

      4) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      5) еншілес ұйым – өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      7) заңды тұлғаның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

      7-1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      8) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе, бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

      9) қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

      10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) қайта сақтанушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;

      12) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлығын, адалдығын растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      13) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) – бiр мезгiлде бiрнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн өздерінің арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жауапкершіліктерін бөле отырып қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

      13-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты – сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;

      14) өздігінен ұстап қалу – жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болады;

      15) пруденциялық нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшін міндетті нормативтер;

      16) сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      17) сақтандыру брокерi – сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      18) сақтандыру ережелері – сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;

      18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;

      18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);

      18-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы – қатысушылары арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;

      19) сақтандыру қызметінің субъектілері – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;

      20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;

      21) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;

      23) сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері;

      23-1) сақтандыру тәуекелі – сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;

      23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен (болған кезде) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.

      Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;

      24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлға (мұндай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);

      26-1) сақтандыру холдингi – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдердi шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкiндiгiне ие заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);

      27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;

      28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;

      29) тәуелсіз актуарий – осы Заңның талаптарына сай келетін және актуарийдің есеп-қисаптарына бағалау жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;

      29-1) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміле күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы тұлғаларды бір-біріне қатысты үлестес деп айқындау үшін негіз болып табылмайды.

      30) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

      1. Сақтандыру – сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді.

      2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.

      3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру

      1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымы ғана жүзеге асыра алады.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға мынадай жағдайларда:

      1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде осы тұлғалардың уақытша болған кезеңіне ғана;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері теңіз көлігінің қызметтеріне (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиацияға, ғарыштық ұшуларды іске қосуға және оның фрахтына (спутниктерді қоса алғанда) байланысты тәуекелдерді, сондай-ақ тауарларды, көлік құралдарының өздерін тасымалдау және осыдан туындайтын жауапкершілік тәуекелдерін сақтандыру бөлігінде жол беріледі.

      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-1-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 5-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

      1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

      2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

      1) өмiрдi сақтандыру;

      2) аннуитеттiк сақтандыру;

      3) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);
      4) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

      1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

      2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

      3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;

      4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;

      5) әуе көлiгiн сақтандыру;

      6) су көлiгiн сақтандыру;

      6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;

      7) жүктердi сақтандыру;

      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;

      9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

      10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

      11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

      11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

      11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;

      12) осы тармақтың 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

      13) заемдарды сақтандыру;

      14) ипотеканы сақтандыру;

      15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;

      15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;

      16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

      17) сот шығыстарынан сақтандыру;

      18) титулдық сақтандыру.

      4. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.

      6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.

      7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыру түрін білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде, сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.

      Жүктелген сақтандыру осы Заңның 6-бабының 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылмайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 № 483, 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

      1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

      2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.

      2-1. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      2-2. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).

      4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      5-1. Ғарыш объектілерін сақтандыру ғарыш объектісін иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның бүлінуі немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлiктi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, залалды өтеуге міндетті тұлға көлік құралын пайдалануы салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      8-1. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ғарыш объектісін пайдалануына байланысты залалды өтеуге міндетті тұлға келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      8-2. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру арнайы рұқсат (лицензия, хабарлама) негізінде жүргізілетін және (немесе) арнаулы білімді, тәжірибені және (немесе) біліктілікті талап ететін кәсіби қызмет процесіндегі немесе нәтижесіндегі қате әрекеттер (әрекетсіздік) және (немесе) олқылықтар салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіруге байланысты залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру түрін білдіреді.

      9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, залалды өтеуге міндетті сақтанушы барлық тәуекелді сақтандыру салдарынан келтірген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлкін өткізгеннен кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрін білдіреді.

      12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.

      15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.

      16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі шығындарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.

      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi:

      1) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге;

      2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызмет:

      1) осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен;

      2) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру түрлерімен біріктіріле алмайды.

      4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.

      5. (алып тасталды)
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.

      2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болған кезде ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.

      4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбын қоспағанда, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалатын қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

      Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

      7. Цедент сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде цедентте қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағаны туралы, қайта сақтандыру талаптарының барлығы көрсетілген жазбаша нысандағы растамасының болуы міндетті.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сот шешімімен қанағаттандырылған (қайта сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан немесе оны толық көлемде жүзеге асырмаған жағдайда) қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындамау фактісінің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға қабылданған тәуекелдер, сыйлықақылар көлемі және жасалған қайта сақтандыру шартының елеулі талаптары туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты анық емес не толық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің болуы негіз болып табылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-тармақ 16.12.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ Заңымен.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының бейрезиденті – қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға бере алады. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденті – осы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.

      10. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – қайта сақтандыру ұйымдарына осы тәуекелдерді қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокерінің орналастыру талаптары туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.

      11. 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ Заңымен.

      12. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің айрықша түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ

10-бап. Сақтандыру рыногының қатысушылары

      Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-бапты 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) сақтандыру брокерi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-бапты 2-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) сақтандыру агентi;

      4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

      5) актуарий;

      РҚАО-ның ескертуі!
      6) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

      6) тәуелсіз актуарий;

      7) бағалаушы;

      8) андеррайтер;

      9) аджастер;

      10) сюрвейер;

      11) сақтандыру омбудсманы;

      11-1) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;

      11-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;

      13) актуарийлер бірлестігі;

      14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне:

      1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;

      2) ішкі құжаттарды әзірлеу;

      3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу;

      4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;

      5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      6) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;

      7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.

      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері мынадай ішкі құжаттарды:

      1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;

      2) кәсіби әдеп кодексін;

      3) дауларды шешу тәртібін;

      4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.

      Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің жоғары басқару органы бекітеді және олардың мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      Ескерту. Заң 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі

      1. Актуарийлер бірлестігі коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады, оның қызметі осы Заңмен, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, актуарийлер бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі.

      2. Актуарийлер бірлестігіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату шарттары мен тәртібі актуарийлер бірлестігінің жарғысында белгіленеді.

      Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      3. Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде актуарлық бағалауды және мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне сараптама жүргізу;

      2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша талдау жүргізу және өмір сүру көрсеткіштерін жаңартып отыру;

      3) актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды өткізу;

      4) ішкі құжаттарды әзірлеу;

      5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;

      6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;

      7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      4. Актуарийлер бірлестігінің жұмыскерлері мен мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

      5. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің кәсіби әдеп кодексі мен кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік талаптары мен өзге де талаптарды бұзуы туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігі басқармасының жоғары органының құзыретіне жатады.

      Ескерту. 3-тарау 10-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi

      1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:

      1) осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметтi;

      1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;

      2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;

      4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;

      5) өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;

      6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;

      8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;

      9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;

      10) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;

      12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.

      3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы – жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде, түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы емес.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

      4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделеді.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

      1-1. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;

      2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;

      4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;

      6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;

      7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;

      8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;

      9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;

      10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін айқындауға тиіс.

      3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидаларын сақтандырушының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

      Ерікті сақтандыру шарттарын тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасқан жағдайда, сақтандыру ұйымы сақтандыру қағидаларын олардың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

      3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде директорлар кеңесі бекітеді.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.

      РҚАО-ның ескертуі!
      5-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.

      Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

      6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай келуге:

      1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыскері болмауға;

      2) актуарлық қызметте кемінде үш жыл және тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл тәжірибесі болуға және актуарийлер бірлестігінің мүшесі болуға;

      3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, актуарлық қызметке арналған уәкілетті органның лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.

      РҚАО-ның ескертуі!
      7-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

      7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 11-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Өмірді сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi

      1. Исламдық сақтандыру ұйымын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.

      2. Сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен тұрақты сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.

      РҚАО-ның ескертуі!
      3-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

      3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Сақтандыру ұйымы сақтанушы инвестицияларға қатысқан, сондай-ақ сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.

      5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде өзі дербес басқаруға не оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.

      Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді меншікті қаражаттары және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.

      Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуына байланысты төлемдерді есепке жазу аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

      6. Жинақталған сомаларды есепке ала отырып, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыру:

      1) сақтандыру төлемі құрамында сақтандыру жағдайы басталған;

      2) сақтандыру төлемі құрамында жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған;

      3) сатып алу сомасы құрамындағы сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда жүргізіледі.

      Сақтанушының акционерлермен (жалғыз акционермен) және (немесе) сақтандыру ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы тәуекелдерді сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарымен жасалуы мүмкін.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы;

      2) сақтандыру сыныптары (түрлері) және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің нысанасы болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;

      3) ортақ сақтандырудың (бірлескен қайта сақтандырудың) жекелеген шарты бойынша міндеттемелердің ең жоғары мөлшерін, қабылданатын тәуекелдер бойынша пулға әрбір қатысушы жауапкершілігінің ең жоғары үлесін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы мен оның қатысушыларының жиынтық міндеттемелерінің ең жоғары мөлшері;

      4) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау талаптары, тәртібі;

      5) шарттың қолданылу мерзімі;

      6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      7) дауларды шешу тәртібі;

      8) тараптардың қолтаңбалары қамтылуға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, оның жасалғаны туралы хабардар етеді.

      3. Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің шеңберінде жасалған ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті тұлғасының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің қолтаңбасы қамтылуға тиіс.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының әрбір қатысушысы сақтандыру резервтерін қабылданған міндеттемелердің көлеміне сәйкес қалыптастырады.

      6. Лицензиясында сақтандырудың тиісті сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.

      7. Сақтандырудың тиісті саласы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар басқа қатысушылардың пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокерінің арасында келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.

      Бұл ретте сақтандыру брокеріне жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары жүктеледі.

      Ескерту. Заң 13-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:

      1) сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметтi өз атынан жүзеге асыруға, осы Заңның 11-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда, негiзгi немесе қосымша қызмет түрi ретiнде сақтандыру брокерi, актуарий қызметтерiн көрсетуге;

      2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "сақтандыру", "қайта сақтандыру", "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы", "сақтандыру брокерi" деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыратынын не осы Заңның 11-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда сақтандыру брокерi, актуарий ретiнде әрекет ететінін бiлдiретiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ.

      2. Өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.

      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады.

      5. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. 15-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу

      Ескерту. 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда:

      1) басқа сақтанушыларға қарағанда сақтандыру тарифін төмендетіп қолдану не сақтандыру төлемін жоғарылатып жүзеге асыру;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;

      4) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.

      Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      2-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:

      1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары;

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.

      Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.

      Тәуелсіз директор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.

      3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі осындай мәмілелердің үлгі шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған осыған ұқсас мәмілелерге қолданылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берiлген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердiң жалпы жиналысын кейiннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.

      Осы баптың 2-1-тармағында аталған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен:

      оның өзі;

      оның кез келген жақын туысы немесе оның жұбайы (зайыбы);

      ол немесе оның жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

      4-1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша беруге міндетті.

      5-1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Осы баптың талаптары:

      1) мынадай шарттардың бірі:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;

      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады.

      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-2-бап. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасқан кезде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда, сақтандыру шарттары сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы электрондық нысанда жасалуы мүмкін.

      2. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.

      Ерікті сақтандыру шарттары тиісті келісімнің негізінде сақтандырушының әріптестері болып табылатын басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып электрондық нысанда да жасалуы мүмкін.

      Сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      3. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      4. Сақтандыру шартын осы баптың 1-тармағына және 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып жасалған кезде сақтандыру ұйымы:

      1) сақтанушыға сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;

      2) сақтанушының сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушы үшін сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      мәліметтерді өзгерту, сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;

      келтірілген зиян мөлшерін айқындау;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандыру ұйымына жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібі және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      5. Сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып жасалған кезде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.

      6. Сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып жасалған кезде, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың үлгілік талаптарымен не сақтандырушының сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін төлейді, сол арқылы ол осы қосылу шартын өзіне ұсынылған талаптарда жасасуға өзінің келісетінін растайды.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тарау 15-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Сақтанушыларға ақпарат беру бойынша сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың), сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген адамдардың назарына өз қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсы болуға тиіс.

      2. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында мынадай ақпарат:

      1) осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) акционерлер туралы мәліметтер;

      3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтер;

      4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      5) лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер;

      6) жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      7) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік үш жылға жылдық қаржылық есептілік (болған кезде);

      8) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік үш жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (болған кезде);

      9) алдыңғы есептік үш жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде);

      10) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде);

      11) сақтандыру ұйымына рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер (берген жағдайда);

      12) құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдары туралы мәліметтер (сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      13) олар бойынша олардың алдыңғы редакцияларын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды көру мүмкіндігімен сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін, ерікті нысандағы сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидалары;

      14) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшерлері туралы ақпарат орналастырылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

      3. Сақтандыру брокерінің интернет-ресурсында мынадай ақпарат:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

      3) шарттың нөмірі мен жасалған күнін, сақтандырушының атауын, сақтандыру объектісін және шартты жасасу нысанасы болып табылатын тәуекелдер тізбесін, оның қолданылу кезеңін және шарт бойынша сақтандыру сомасын қоса алғанда, сақтандыру брокерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты туралы мәліметтер орналастырылады.

      4. Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) қатысушы – сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер орналастырылады;

      5. Сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат:

      1) осы баптың 2-тармағының 6), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) сақтандыру омбудсманы офисінің, оның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      3) сақтандыру омбудсманын сайлау туралы мәліметтер;

      4) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының тізбесі;

      5) сақтандыру омбудсманының қызметін, оның ішінде дауларды шешу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдерін регламенттейтін ішкі қағидалар, сондай-ақ сақтандыру нарығының қатысушыларымен жасалған меморандумдар орналастырылады.

      6. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 4), 6), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) басшылар туралы мәліметтер;

      3) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер орналастырылады.

      7. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      8. Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері өзінің тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда, бұл туралы сақтанушыларға қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында бiр ай мерзімнен кешiктiрмей және сақтандырушының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабар беруге мiндеттi.

      Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда, бұл туралы өзiнiң сақтанушыларына қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында бiр ай мерзімнен кешiктiрмей және өзінің интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабар беруге мiндеттi.

      9. Сақтанушы исламдық сақтандыру шартын жасасқан кезде ислам сақтандыру ұйымынан исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің сақтандыру қағидаларының осы Заңның 6-1-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын қорытындысын сұратуға құқылы.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда– ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДЫҒЫ

16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру

      1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.

      2. Сақтандыру брокерінің атауы "сақтандыру брокері" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.

      3. Сақтандыру брокеріне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.

      4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

      5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      16-1-бапты 6 және 7-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.

      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлеріне бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызмет атқаруға болмайды.

      Ескерту. Заң 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын қалыптастыру

      1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестерін не акцияларды ұлттық валютадағы ақшамен ғана төлеуге міндетті.

      2. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін толық төлеуге тиіс.

      3. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. Заң 16-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру брокерінің қызметі айрықша қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.

      Сақтандыру брокеріне:

      1) сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға;

      2) сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызметтер ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қайта сақтандырушыға қайта сақтандыруға тәуекелдерді беруге;

      4) жұмыскерлер мен үлестес тұлғаларға бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге;

      5) сақтандыру брокерінің жұмыскерлеріне айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек беруге тыйым салынады.

      2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін:

      1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;

      2) өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру брокерінің қызметі мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультациялық қызметті;

      2) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздестіруді және тартуды;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының көрсететін қызметтеріне және қаржылық жай-күйіне салыстырма талдау жүргізуді;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге салыстырма талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;

      5) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемшарттарын әзірлеуді, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;

      6) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындауды және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;

      7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;

      8) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін жинауды;

      9) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кезде наразылықтарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;

      11) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына консультациялар жүргізуді және жәрдем көрсетуді;

      12) сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды берілген өкілеттіктерге сәйкес ресімдеуді;

      13) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін кейіннен оларды сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;

      14) сақтандыру жағдайы басталған кезде мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша шығындарды қарау және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындауды;

      15) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау бойынша сарапшылар көрсететін қызметтерді ұйымдастыруды;

      16) осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген қызметті;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде басқаруды қамтуы мүмкін.

      4. Сақтандыру брокеріне сақтанушыдан (цеденттен) немесе сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан) алынған сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомаларын орналастыру жөніндегі инвестициялық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерде орналастыруға құқылы.

      5. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.

      6. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі оның сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларында айқындалуға тиіс.

      7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген брокерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін сақтандыру брокеріне кез келген сыйақыны сақтанушының (цеденттің) мүдделерінде, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтанушы (цедент) ғана төлеуге тиіс.

      8. Егер сақтандыру брокері және (немесе) оның үлестес тұлғасы – сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокері) бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырса, онда сақтандыру брокері және оның үлестес тұлғасы – сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокері) көрсетілген сақтандыру тәуекелі бойынша сыйақыға байланысты өзара есеп айырысуды жүргізеді.

      9. Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiктерi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады.

      Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді жеке өзі жасайды және оларды жасауды өзге тұлғаға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.

      Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi.

      2. Сақтандыру ұйымы өзiнiң атынан және өзінің тапсырысы бойынша сақтандыру агентi жасасқан сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға міндетті.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің мынадай әрекеттерді жасағаны үшін:

      1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктер шегінен шығатын әрекеттерді жасағаны;

      2) сақтандыру ұйымында уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны;

      3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі жаңылыстырғаны;

      4) сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны;

      5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауапты болады.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті оның жүзеге асыруына байланысты емес әрекеттері үшін жауапты болмайды.

      3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi шарттар, оның iшiнде сақтандыру есептілігінің бланкiлерiн есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу мәселелерi бойынша шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.

      4. Сақтандыру агентiне сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қолма-қол ақшамен төлемді заңды тұлға болып табылатын сақтанушыдан қабылдауына тыйым салынады.

      Осы шектеу сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетін адамдардан қолма-қол ақшамен төлемді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қабылдауына қолданылмайды.

      Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) сақтандыру ұйымының банктік шотына немесе кассасына аудару арқылы толық көлемде сақтандыру ұйымына тапсыруға жатады.

      Сақтандыру агентіне сақтандыру ұйымының комиссиялық сыйақы төлеуі сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      5. Сақтандыру агентiнің сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан тапсырма шарты бойынша өзіне тиесілі сыйақыны ұстап қалуына тыйым салынады.

      6. Осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметті бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің жүзеге асыруына жол берілмейді.

      Сақтандыру агенттерінің мынадай:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын аннуитеттік сақтандыру;

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру;

      ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтанушылары болып табылатын сақтандыру;

      мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтанушылары болып табылатын сақтандыру;

      "Туристі міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын туристі міндетті сақтандыру;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақтың тоғызыншы абзацы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ Заңымен (мәтін алып тасталды).

      7. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрі, оның ішінде жалға алу ақысын төлеу жөніндегі шығыстар, сыйақылардың кез келген түрі, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-1-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ олардың есебін жүргізу және оқыту тәртібіне қойылатын талаптар

      1. Мыналар:

      1) кәмелеттік жасқа толмаған;

      2) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) орта білімі жоқ;

      4) осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқытудан өтпеген;

      5) еңбек шарты негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылатын;

      6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      7) бұрын уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Аталған талап уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан не заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, бұрын сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Аталған талап сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады.

      1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің осы баптың 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкестігін үш жылда бір реттен сиретпей тексеруге міндетті.

      2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізуге және оны сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың шолу жасауы мен танысуы үшін (интернет-ресурстарды қоса алғанда) қолжетімді жерге орналастыруға міндетті.

      Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттың болуы сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.

      Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі мәселелер лауазымдық міндеттеріне кіретін кемінде екі қызметкерді міндетті түрде көрсете отырып және оларда оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттары болған кезде сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілуге жатады.

      Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін сақтандыру шарттарын жасасу лауазымдық міндеттеріне кіретін барлық қызметкердің тізімін және оларда оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандарды тапсырғанын растайтын құжат болған кезде өзі дербес жүргізеді.

      3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың тізілімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      4. Оқуды ұйымдастыруды және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын тиісті құжат беруді сақтандыру ұйымы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті жүзеге асырады.

      Оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентіне басқа сақтандыру ұйымы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті берген оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжатты танымауға құқылы.

      5. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығаруға:

      1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын қоспағанда, сақтандыру агенті жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша сақтандыру ұйымына уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы;

      2) сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасуын сақтандыру ұйымының анықтауы;

      2-1) тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді сақтандыру агентінің орындамауын сақтандыру ұйымының анықтауы;

      3) сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамның осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін уәкілетті органның, сақтандыру ұйымының анықтауы;

      4) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату;

      5) сақтандыру агентінің соңғы екі жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырмауы негіз болып табылады.

      Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, осы тұлғаға ол шығарылған кезден бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырыс шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырыс шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының бұзылуына жол берген, заңды тұлға болып табылатын агенттің жұмыскері лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімінен алып тасталуға жатады.

      Ескерту. 18-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:

      1) жеке тұлға бола отырып, осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;

      2) сақтандыру ұйымынан лицензиясының бар екендігі және қаржылық есептілік деректері туралы дұрыс ақпарат алуға;

      3) сақтандыру бойынша консультативтік қызметті жүзеге асыруға;

      4) өзінің делдалдық қызметін қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан сыйақы алуға құқылы.

      2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:

      1) сақтанушыға тапсырма шартын, сондай-ақ:

      оның жеке басын куәландыратын;

      сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжаттарды көрсетуге;

      2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;

      3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 828-бабында көзделген жағдайларда қағидалардың көшірмесін беруге;

      4) ақпарат және, бар болса, - жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;

      5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;

      6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жабықтығын қамтамасыз етуге;

      7) өзі сақтанушылардан толық көлемде алған сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) сақтандыру ұйымына тапсыруға міндетті.

      Ескерту. 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. АКТУАРИЙЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АУДИТ

19-бап. Актуарийлiк қызмет

      1. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

      2-1. Актуарлық қызмет:

      1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерлерін есептеу;

      2) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздардың мөлшерлерін айқындау;

      3) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміленің жасалғаны туралы актуарлық қорытынды жасау;

      4) сақтандыру тарифтерін есептеу әдіснамасын және олардың экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу;

      5) аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру резервтерін бағалау үшін өмір сүру көрсеткіштерін талдау және жаңарту;

      6) актуарлық есеп-қисаптар мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету және ұсынымдар беру;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер;

      8) тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржылық міндеттемелерді талдау және сандық, қаржылық бағалау, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау бойынша қызметтер ұсынуды қамтиды.

      3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша - бастамашылық актуарийлiк есептеулер;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда - мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.

      4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.

      5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.

      6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға дереу хабарлауға мiндеттi.

      7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Аудит

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықты және осы баптың 1-1-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.

      1-1. Аудиторлық ұйымның:

      тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;

      тексерілетін сақтандыру брокеріне, оның акционерлеріне (қатысушыларына) және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;

      тексерілетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;

      лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетінін не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда аудиторлық есеп жарамды деп танылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру холдингінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар бір аудиторлық ұйымда қатарынан жеті жылдан аса не аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда қатарынан бес жылдан аса өзінің қызметіне аудит жүргізуге құқығы жоқ.

      Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

      3. Сақтандыру тобына бас ұйым және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын оның еншілес ұйымдары ретінде кіретін ұйымдардың аудитін белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін бас ұйымның және Қазақстан Республикасының резиденттері емес оның еншілес ұйымдарының аудитін, осындай аудит жүргізу олар резидент болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.

      РҚАО-ның ескертуі!
      4-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

      4. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тәуелсіз актуарийді тарту арқылы жүргізуге құқылы.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа да заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында қызметі лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі (аудитор) болуы міндетті.

      7. Ішкі аудит жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында айқындалады.

      8. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда), сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым үшін міндетті. Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебі мен ұсынымдарының көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым және аудиторлық ұйымдар уәкілетті органға осы құжаттарды алған немесе олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептің көшірмесін алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаға табыс етуге міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.

      9. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі осы құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.

      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін өзі орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін, аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға – қаржылық жағда йды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде осы Заңның 53-3-бабында көзделген шараларды;

      сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымға – осы Заңның 53-4-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін, аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін сақтандыру холдингіне осы Заңның 53-4-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.

      12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі – өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.

      Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін міндетті.

      Осы баптың 14-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.

      Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.

      Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.

      13. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.

      Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ сақтандыру құпиясын және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.

      Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.

      14. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.

      15. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ

21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті мемлекеттiк органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.

      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi және уәкілетті орган арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.

      Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.

      3. (алып тасталды)

      4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.

      Аталған шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.

      Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:

      1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;

      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      22-бапты 3-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.

      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.

      2-1. "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.

      3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.

      3-1. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық" және "өмірді сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.

      4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.

      4-1. Тек қана исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "исламдық" және "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер болуға тиіс.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.

      6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:

      1) директорлар кеңесi - басқару органы;

      2) басқарма - атқарушы орган;

      3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы;

      4) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін ғана).

      Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал "өмірді сақтандыру" саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiнiң, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс.

      2. Алып тасталды - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. алып тасталды.

      4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.

      5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 N 483, 2005.0708 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-1-бап. Субординарлық борыш

      Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;

      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты ол туындаған кезден бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;

      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келмейтін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

      4) сақтандыру ұйымы таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме тоғызыншы кезекте, ал қайта сақтандыру ұйымы таратылған кезде жай акциялардың меншік иелері – акционерлер талап еткенге дейін осы Заңның 72-бабында айқындалған жетінші кезекте қанағаттандырылады.

      Ескерту. Заң 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымына ірі қатысушы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бақылау жасай алмайды немесе ықпал ету мүмкіндігі болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін ала алады. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.

      Өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидаларын, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      2-1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.

      3. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымы акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.

      Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының – Қазақстан Республикасының резидент емесінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға қолданылмайды.

      Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 6-1, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларын шегере отырып) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді табыс етеді.

      Мыналар:

      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

      өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көзі болып табылады.

      Осы тармақшаның екінші бөлігінде аталған көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

      Сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған жағдайда өтініш беруші сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

      1-1) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;

      2) өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;

      3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын;

      5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпаратты;

      7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;

      8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.

      6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сыйға тарту шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсыну кезінде мынадай:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      2) осы баптың 6-тармағының 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;

      3) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      Сыйға тарту шарты нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленген жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:

      1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын иеленген акцияларының құнын шегере отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі бұрын иеленген акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;

      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кем дегенде жетпіс бес пайызын құрайды.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:

      1) өтініш берушінің тиісті органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;

      2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына ие, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;

      3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;

      4) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      5) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

      7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

      8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

      9) өтініш берушінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебесін алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстарды, егер олар бар болса, табыс етеді.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта аталған құжаттарға қосымша өтініш берушінің орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растама не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы өтініш береді.

      9. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

      1) осы баптың 8-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды;

      2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;

      3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтініш береді.

      9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниет білдірген тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа мыналарды:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;

      2) егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын құруға алып келген жағдайда, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша, уәкілетті орган оған қойылатын талаптарды белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

      11. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

      2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;

      3) олардың біреуі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

      4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;

      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін;

      6) олардың біреуі өзіне сыйға берілген ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

      12. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.

      Уәкілетті орган өз шешімінің нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлама беруге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісімді беруден бас тартқан жағдайда жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.

      Уәкілетті орган банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсатты бір мезгілде береді.

      13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

      Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

      Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындату үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір әрекет жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.

      Аталған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай болған тұлға сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш оған өзінің сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер осы тұлға аталған мерзімде акцияларын иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға беріледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.

      Уәкілетті орган сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.

      14-1. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру холдингі белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз иеленген кезде уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын алты айдан аспайтын мерзімде өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 53-4-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      15. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызы тиесілі және:

      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;

      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;

      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

      4) өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит өткізу мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін, олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар болып табылмайды.

      16. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;

      2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;

      3) олардың біреуі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;

      4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

      17. Уәкілетті орган осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екенін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғаның бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.

      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгеруі туралы, мұндай өзгеріс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алу салдарларынан орын алған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларын шегере отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған күннен бастап күші жойылды деп есептеледі.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға, өзіне тиесілі акциялар саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы иеленгендерін шегере отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, құжаттарға қосымша және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.

      19. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      21. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22. Банктің сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк бірігу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде акциялары сатып алынған немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған кезде акциялары берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

26-1-бап. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:

      1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      2) осы Заңның 34-бабының 3-тармағы 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

      3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;

      3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;

      3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

      4) өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;

      6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

      6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;

      7) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру холдингтеріне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау;

      9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

      10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы;

      11) уәкілетті орган банкті төлеуге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган банкті төлеуге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

      12) өтініш беруші – заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкессіздігі;

      13) Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар – заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.

      2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:

      1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;

      2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;

      3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

      4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;

      5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;

      6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе;

      6-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) жеткіліксіз болса;

      7) өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының болуын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру ықтималдығын куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.

      3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;

      2) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) көшірмелері;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi қамтылатын құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (мұндай құрылтайшылар болған кезде), аяқталған соңғы екi қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептiлiгi, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлiк баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп;

      5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;

      6) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий куәландырған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру мақсаттары, қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланған нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері, оларды өткізу тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржылық жоспар, оның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, инвестициялық саясат және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандар білімінің болжамды деңгейі, уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;

      6-1) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.

      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы баптың 1-тармағында тізбектеліп көрсетілген құжаттардан басқа, осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.

      2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4) - 6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға тиiс.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.

      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      27-бапты 8-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуға:

      1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;

      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу;

      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;

      5) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;

      6-1) осы Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;

      7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы негіз болып табылады.

      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi

      Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:

      1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;

      3) уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш білдірмеген жағдайларда керi қайтарып алады.

      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары уәкiлеттi органның оны құруға рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.

      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар

      Құрылтай құжаттарына енгiзiлетін, әдiлет органдарында қайта тiркеудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсiмен және мөрiмен құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.

      Құрылтай құжаттарына қайта тiркеудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әдiлет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы белгiсi қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiн де уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшiрмесiн, құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.

      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың бекітілуі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      Ескерту. 6-тарау 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы

      1. Осы Заңның 48-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.

      Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге арналған рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.

      Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.

      3. Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге құқылы емес.

      Бұл талап банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. Бұл ретте аталған тұлғаларға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.

      4. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды:

      1) еншілес ұйымды құрған жағдайда – жарғыны (бар болса) және құрылтай шартын немесе оны құру туралы шешімді, оны иеленген жағдайда – еншілес ұйымның жарғысын (бар болса);

      1-1) рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімін;

      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;

      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді қоса беру қажет.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы:

      олардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері шарттарына сәйкес біріктірілген негізде басқарылса;

      егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе;

      5) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

      6) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;

      7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;

      8) аудиторлық ұйымның есебін және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;

      9) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;

      11) мыналарды:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;

      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;

      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;

      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректерді қоса беріледі.

      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;

      12) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдауды, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысын;

      14) олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды иелену болжанатын немесе бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі әрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және пруденциялық нормативтерді, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.

      6. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тартудың негіздері:

      1) ұсынылған құжаттардың осы бапта көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;

      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 3-тармағының 3), 4) 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжалды болуының нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

      5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарларды талдау;

      6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;

      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымның қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларының болуы;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау болып табылады.

      7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.

      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсатын алмай тұрып еншілес ұйымды бақылауды иелену құқығын иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Осындай жағдайда уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтағаннан кейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.

      Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.

      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмай тұрып ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Осындай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі өздерінің капиталында қомақты қатысуы бар ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды алты ай ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.

      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      13. Уәкілетті орган:

      1) олардың негізінде рұқсат берілген дәйексіз мәліметтер анықталған;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың органдары шешім қабылдаған не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі иелігіндегі ұйым акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелігінен шығарған;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның қызметі осы Заңның 48-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.

      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде аталған ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      14. Осы баптың талаптары:

      1) мынадай шарттардың бірі:

      сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иемденген кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;

      2) банк холдингтері немесе банктер болып табылатын және уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.

      15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құрған немесе сатып алған не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда, уәкілетті орган, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын беретін тиісті құжатты берумен бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.

      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері, қатысушылардың жалпы жиналысының не акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін – филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органға олардың ашылуы туралы хабар беруге міндетті.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асырады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      4. Сақтандыру брокерінің филиалы өз қызметін сақтандыру брокерінің атынан жүзеге асырады және сақтандыру брокері өзіне берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Сақтандыру брокері филиалының сақтандыру брокерімен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру брокерінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша жұмыс істейді және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайды.

      6. Сақтандыру брокерінің өкілдігі сақтандыру брокерінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің делдалдық қызметін жүзеге асырмайды.

      7. Осы Заңның 53-5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің алдындағы үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227-бабының екінші бөлігінде, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды уәкілетті органның қолданбауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.

      8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдік ашуға құқылы.

      9. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдауға уәкілеттік берілген орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      10. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға мемлекеттің тиісті органында тіркелгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы жазбаша хабар беруге міндетті.

      11. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімін алмастан өз өкілдігін ашуға құқылы.

      12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;

      3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын немесе егер тиісті мемлекеттегі сақтандыру брокерінің қызметі лицензияланатын қызмет түрі болмаса, тіркеу нөмірін көрсете отырып, электрондық растаманы не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;

      4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін ашуға қарсы еместігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі басшысының атына нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, ашылуы туралы уәкілетті органға жазбаша хабар беруге тиіс.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.

      14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, хабар беруге міндетті.

      Өкілдік туралы ережеге қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдауға уәкілеттік берілген орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері өкілдігінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, өздерінің қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабар беруге тиіс.

      16. Уәкілетті орган осы баптың 7, 8, 12 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін жабуды талап етеді.

      Уәкілетті орган осы баптың 2, 9, 10 және 15-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне қадағалап ден қою шараларын қолданады.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.

      Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.";

      3. Мыналар:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;

      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы – жеке тұлға, сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;

      6) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.

      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:

      1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері, сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде екі жыл;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін – кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

      6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.

      8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;

      уәкілетті органның кандидатты келісуі мерзімі өткенге дейін белгілеген уақытта тестке келмеуі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткен соң ұсынуы;

      4) осы баптың 6-тармағында белгіленген, басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткен соң құжаттарды ұсынуы;

      5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.

      9. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар уәкілетті органға келісуге ұсынылмауына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, осы сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуды алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттігі тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің тиісті органының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

      Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органды осы ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

      11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:

      1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;

      2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;

      4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

      Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

      12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары мен бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шараларды қабылдауға міндетті.

      13. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасының және 12-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      14. Сақтандыру холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.

      15. Осы баптың талаптары:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:

      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар

      1. алып тасталды.

      2. Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:

      1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;

      2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;

      3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.

      Ескерту. 35-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

36-бап.

      Ескерту. 36-бап алынып тасталынды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері

      Ескерту. Заң 6-1-тарау толықтырылды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары

      Исламдық сақтандыру қағидаттары:

      1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;

      2) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген, пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;

      3) темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу болып табылады.

      Ескерту. 36-1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры

      1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.

      Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.

      3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.

      4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты шығындар үшін, мұндай шығындар оның кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.

      5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.

      6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.

      Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.

36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы

      Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алуға құқылы.

36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі

      1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.

      2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.

36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар

      1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін, осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа, кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге де кіріс алуға құқылы емес.

      2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.

36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары

      1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.

      2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай шарт бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.

36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар

      Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерге қоса:

      1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;

      2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.

7-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау

      1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;

      1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;

      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

      3) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

      5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

      6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;

      8) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) өтініш берушінің штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің бар екені туралы мәліметтерді;

      10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;

      11) егер сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;

      11-1) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.

      Осы тармақта жазылған талаптар, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий қол қойған, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;

      3) егер сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;

      3-1) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);

      6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды ұсынады.

      7) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      1) мыналардың:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;

      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.

      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқылы емес.

      Осы тармақтың талабы:

      1) сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;

      2) сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды.

      5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып алып тасталған кезде, сондай-ақ лицензиаттың тұрған жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады.

      5-1. Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау, сақтандырудың осы сыныптары бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді.

      Сақтандырудың осы сыныптары бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға не сақтанушының келісімі болған кезде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға және (немесе) сақтанушылармен сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.

      6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

      3) сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;

      3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;

      4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.

      7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.

      7-2. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына ғана береді.

      7-3. Сақтандыру ұйымы бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензины алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасауды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;

      3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді;

      4) инвестициялық комитеттің құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы комитет туралы ережені;

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидаларды;

      6) өтініш берушіде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың немесе өзге де жабдықтың болуын растайтын құжатты ұсынады.

      8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) брокерлік қызмет түрлерінің шегінде лицензия беру туралы өтінішті;

      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;

      5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;

      6) сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін ішкі жұмыс регламентін;

      7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;

      8) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;

      9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

      10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

      8-1. Сақтандыру брокері брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерлерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерлерге сәйкестігін растайтын құжаттарды;

      3) брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі көзделетін ішкі жұмыс регламентін;

      4) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;

      5) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.

      8-2. Лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайда, лицензия брокерлік қызметтің осы түрі алып тастала отырып, қайта ресімделуге жатады.

      8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін сақтандыру брокері уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.

      9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.

      2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған жағдайда сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтанушылармен сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.

      Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беруді қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі болған кезде жүзеге асыруға міндетті.

      Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатарынан соңғы алты ай ішінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзған жағдайда, уәкілетті орган сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша және "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

      5. Сақтанушының келісімін алу жөніндегі осы баптың 1-тармағының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.

      Сақтандыру ұйымы сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Ескерту. 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беруден бас тарту

      1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздер бойынша:

      1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;

      2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы өтініш берілгенге дейін алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаса;

      3) егер өтініш беруші мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбесе;

      4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе;

      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) жүргізіледі.

      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны немесе қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына не брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден бас тарту, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:

      1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтердің сақталмауын болжау (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);

      2) пруденциялық нормативтерді өтініш берілген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақтамау (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);

      3) өтініш берілген күні сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына немесе сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері үшін) негіздері бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

39-бап.

      Ескерту. 39-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

40-бап. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Өтініш беруші сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;

      5) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

      6) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін магистр дипломының көшірмесін;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-жеке тұлғалар үшін – актуарийдің мәртебесін және тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелікті растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      8) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (болған кезде);

      9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде қарайды.

      Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      3. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      4. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес өзінің біліктілігін әрбір үш жыл сайын растайды.

      5. Мынадай:

      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;

      3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайлар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi

      1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;

      2) сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалау;

      3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;

      4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.

      2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      Өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін тиісті жекелеген заңнамалық актілерінде көзделуi мүмкін.

      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

42-бап. Уәкілетті орган

      Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады.

      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкiлеттi орган:

      1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

      2) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;

      4) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергенде) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымын құруға, сақтандыру холдингіне заңды тұлғалардың жарғылық капиталына елеулі қатысуға рұқсат береді;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      8) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру тәртібін айқындайды және оны береді;

      9) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;

      10) жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерлерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

      11) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілейді, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

      12) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды;

      13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

      14) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік шығыстардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;

      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру брокерлерiнің басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келісім бередi;

      16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (сақтандыру полистерiн) және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу тәртібін белгiлейдi;

      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;

      19) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;

      20) сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді;

      21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерiнiң филиалдары мен өкілдіктерінің, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

      22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;

      23) мыналарға:

      ақпараттық процеске;

      қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге;

      дерекқордың сақталуына;

      үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;

      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілейді;

      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді;

      26) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды;

      27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына басқа да қатысушылар орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдайды;

      28) сақтандыру қызметi субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерін, сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру топтарын тексерудi жүргізеді;

      29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      30) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкциялар қолданады;

      31) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушыларға берiлген лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;

      32) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;

      33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдайды;

      34) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар және оның құрылтайшылары туралы мәлiметтер алуға құқылы;

      35) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардан және олардың бірлестіктерінен, сақтандыру агенттерінен осы Заңға сәйкес өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;

      36) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi алуға құқылы;

      37) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;

      38) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      39) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін белгілейді;

      40) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға орындалуы міндетті қадағалап ден қою шарасын қолдануға құқылы;

      41) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiндегі шараларды қабылдайды;

      42) Қазақстан Республикасы қаржы нарығының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      43) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;

      44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілейді;

      45) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілейді;

      46) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері анық емес (толық емес) есептілік ұсынған жағдайда, олардың қаржылық және өзге есептілікті түзетуін талап етуге құқылы;

      47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлер, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдарға және қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және ақпаратты тексеру үшін қажет кез келген дереккөздерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру барысында алынған, сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін жауапты болады.

      4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өкілеттіктер шегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы хабарлауға міндетті.

      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – заңды тұлға, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне мынадай шарттардың бірі орындалған кезде қолданылмайды:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуы. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы

      Уәкілетті орган "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.

      Ескерту. Заң 44-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

45-бап.

      Ескерту. 45-бап алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:

      жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;

      өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;

      активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.

      Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.

      Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.

      Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуге тиіс.

      4. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қолдануға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      Уәкілетті орган осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 53-4-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      4-1. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың үлестес тұлғаларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің заң бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.

      5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.

      6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады.

      7. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      8. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      10-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.

      10-2. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін активтердің құнын айқындау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сақтандыру холдингінен олардың құнын бағалаушыдан не бағалаушылар палатасы арқылы бағалауды жүргізуді талап етуге құқылы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті актив пруденциялық нормативтердің келесі есебінен алынады.

      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      46-бапты 12-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері

      Ескерту. 46-1-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

47-бап. Сақтандыру резервтерi

      1. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған мiндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.

      2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға ғана арналған.

      3. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.

      2. Сақтандыру холдингтерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:

      деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды;

      қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;

      сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;

      сатып алынатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келуі шартымен орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он пайыздан аз мөлшерінде заңды тұлғаларды;

      қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар, өзінде сақтандыру холдингі бар болған кезде орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды. Бұл ретте, сақтандыру холдингінің болуы жөніндегі талап дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;

      2) сақтандыру холдингтерінің:

      қаржы ұйымдарын;

      банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл шектеу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құрған кезде қолданылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктеріне қолданылмайды.

      Сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап:

      Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына;

      Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерге;

      сақтандыру холдингі аталған заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе Қазақстан Республикасының резиденттері банктің акцияларына иелік ету арқылы (дауыс беру, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) бас ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға;

      сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:

      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ аталған тұлғалардың шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне мынадай:

      1) сақтандыру холдингтерінің:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;

      талап етілетін ең төмен рейтингі бар облигацияларды сатып алуы жағдайларына қолданылмайды. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:

      тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.

      Осы тармақта белгіленген шектеулер бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелері тізбесіне енгізу шартымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:

      1) акциялардан, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген облигациялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;

      2) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда, банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;

      2-1) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етусіз қарыздарды тартуды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардан қарыз қаражатын тартуға;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілдермен қарыз беруге;

      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтанушыларға, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы сыйақылардың кез келген түрін төлеуге;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлері мен үлестес тұлғаларына бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге тыйым салынады.

      6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай қызмет түрлерімен:

      1) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғадан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алумен;

      2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;

      3) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғаға меншікті мүлкін сатумен айналысуға құқылы.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне, тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.

      9. Осы баптың талаптары:

      1) мынадай талаптардың бірін:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне;

      3) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына тікелей иелік ететін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне;

      4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерінен асатын, өзі қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      11. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялауға қолданылмайды.

      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

      1. Егер жасалған жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы (қабылданатын міндеттемелер көлемі) не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелерінің көлемі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асатын болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.

      2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiм сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдiң қорытындысы негiзiнде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданады.

      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция шығаруға құқығы жоқ.

      Ескерту. 50-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға растайтын құжаттарды табыс ете отырып күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.

      2. (алып тасталды)

      3. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.

      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 13-бабында белгіленген талаптарға сәйкес консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау шоғырландырылған негiзде жүзеге асырылуы мүмкін. Шоғырландырылған қадағалау қағидаларын уәкiлеттi орган бекітеді.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;

      2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне жеке-жеке лимиттерді;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

      Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері уәкілетті органның осы тармақта көзделген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      1-1. Активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

      2. Сақтандыру тобында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.

      Сақтандыру тобының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды шоғырландырылған негізде сақтауды қамтамасыз етеді.

      Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады.

      3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тарау 52-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға тыйым салынады.

      2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.

      Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы.

      3. Мынадай тұлғаларға:

      "өмірді сақтандыру" немесе "жалпы сақтандыру" салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.

      Ескерту. 9-тарау 52-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. Қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-бап. Ерте ден қою шаралары

      1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша нысанда талап жібереді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның ірі қатысушыларына (сақтандыру холдингтеріне) осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.

      4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының қатысушыларын тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушысына сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша жазбаша түрде талап жібереді.

      Сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде уәкілетті орган сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық орнықтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған, осы жоспардың іс-шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру холдингіне) және (немесе) оның ірі қатысушыларына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактор (факторлар) тиісті жоспардың (жоспарлардың) мерзімдері және іс-шаралары аяқталғаннан кейін жойылмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру холдингіне) және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) басшы қызметкерлеріне осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының іс-шараларды өздеріне байланысты емес себептермен іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын орындау мерзімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының өтінішхаты бойынша ұзартуы мүмкін.

      7. Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (пайда алушыларының) заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге қадағалап ден қою шараларын қолданады.

      2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:

      1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның сақтанушыларының (пайда алушыларының) мүдделеріне және (немесе) Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) сақтанушылардың (пайда алушылардың) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;

      4) басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) әрекеттері (әрекетсіздігі) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және (немесе) сақтанушыларға (пайда алушыларға) залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасауы;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының (оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың орнықсыз қаржылық жағдайы;

      7) осы Заңға сәйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;

      8) уәкiлеттi органға есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің тексеру жүргізуге оны белгіленген мерзімдерінде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы.

      3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;

      2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;

      3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;

      4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;

      5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;

      6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);

      7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;

      8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қолдануы, осыған байланысты қолданылған шараларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қолдануға әзірлігі.

      4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:

      1) осы Заңның 53-2-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;

      2) осы Заңның 53-3-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;

      3) осы Заңның 53-4-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.

      5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.

      6. Қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. 53-1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларының (пайда алушыларының) мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.

      2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:

      1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген органдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның назарына осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) жеткізе отырып, хабардар ету;

      2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;

      3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту.

      3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.

      Ескерту. 53-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар

      1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:

      1) төлеу қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін және (немесе) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоса алғанда, жекелеген мәміле түрлерін жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;

      3) шығыстарды қысқарту, оның ішінде жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы қысқарту;

      4) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;

      5) сақтандыру резервтерін қосымша қалыптастыру;

      6) жеке және (немесе) заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жеңілдікті шарттарда жасалған мәмілелердің шарттарын жеңілдікті шарттармен мәміле жасалған күні үшінші тұлғалармен жасалған осыған ұқсас мәмілелер шарттарына өзгерту;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен операцияларды шектеу;

      9) жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату;

      10) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау;

      11) осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасын қолданған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның ірі қатысушысына және (немесе) сақтандыру холдингіне тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларының (пайда алушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және (немесе) жағдайларды жою;

      14) сақтандыру агенттерінің тізілімінен сақтандыру агентін алып тастау;

      15) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қолдануға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.

      4. Уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым арасында жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

      Ескерту. 53-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-4-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға:

      1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 14-1-тармағында, 46-бабының 4-тармағында көзделген;

      2) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану сақтанушылардың (пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;

      3) сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда, қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:

      1) ірі қатысушы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

      2) сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұшырататын өзі мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздерінің арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен өзінің еншілес ұйымын немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;

      5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздері мен үлестес тұлғалары арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабы 10-тармағының екінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару бекітіледі. Бұл акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару бекітілетін мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды бекіту туралы шешімінде айқындалады.

      Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға уәкілетті орган алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.

      Өтінішхатта көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда, уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару бекітілген мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру негіздері жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында оларды өткізу жолымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткізу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Ескерту. Заң 53-4-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-5-бап. Санкциялар

      1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:

      1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгiленген негiздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;

      2) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервациялауды енгізу;

      3) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру;

      4) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты кері қайтарып алу;

      5) осы Заңның 61-бабының шарттарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу және оларды жаңа инвесторға өткізу туралы шешім қабылдау;

      6) осы Заңның 37-1-бабының 3-тармағында көзделген негіз бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.

      2. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;

      2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;

      3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;

      4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;

      5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;

      6) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қолдануы.

      Ескерту. Заң 53-5-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

      1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

      1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын орындамаған;

      1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші ірі қатысушы – жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін кері қайтарып алған;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;

      2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;

      2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;

      2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзған;

      2-4) осы Заңның 17-бабының 4-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзғанда;

      2-5) сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген меншікті капиталдың ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамағанда;

      2-6) сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға сақтандыру брокерінің қатысу фактісі анықталғанда;

      2-7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін сақтамағанда;

      3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;

      6) алып тасталды;

      7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;

      8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;

      8-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген;

      10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған;

      10-1) сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті сақтандыру брокерінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер объектісі болып табылатын үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шартынсыз жүзеге асырғанда;

      11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерінде болуы көзделген, сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған;

      13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ірі қатысушы – жеке тұлға не сақтандыру холдингі болмаған;

      14) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-4-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда;

      16) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмегенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін арттыруды көздейтін өзгертуді қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.

      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

      Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

54-1-бап. Консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сатысында немесе оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтанушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізуі мүмкін.

      Сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруге сақтандыру шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер жеткілікті болған жағдайда жол беріледі.

      Уақытша әкімшілік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консервацияланған немесе лицензиясынан айырылған кезде сақтандыру портфелін беру жөнінде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      2. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру жөнінде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялайды.

      Консервациялау сатысында сақтандыру портфелін беру кезінде хабарландыруда сақтанушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда, олардың қарсылықтарды ұсыну тәртібі, мерзімдері және қарсылықтар қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.

      3. Консервациялау сатысында уақытша әкімшілік сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде сақтандыру портфелін ішінара (бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша) немесе толық беру туралы шешім қабылдайды.

      Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.

      Уақытша әкімшілік сақтанушылардың жазбаша қарсылығын көрсетуі үшін осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісім берген сақтанушылардың тізімін қалыптастырады.

      4. Сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімінсіз толық көлемде жүзеге асырылады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Ескерту. Заң 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;

      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;

      2-1) уәкiлеттi орган қолданған қадағалап ден қою шараларын бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан көп рет) орындамаған;

      2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;

      2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;

      3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;

      5) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);

      6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген;

      7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.

      1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.

      2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.

      3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.

      4. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.

      Ескерту. 55-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау

      Ескерту. 55-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткілікті нормативін орындамаған;

      2) осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін.

      3. Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның шектеулі (бір жылға дейін) мерзімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындауын көздейді.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері сот тәртібімен он күн мерзімде шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.

      Ескерту. Заң 55-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік

      1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері не осы Заңның 34-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.

      2. Уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу жағдайлары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалған жеке шартпен белгіленеді.

      3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.

      4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.

      Ескерту. Заң 55-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды жүргізу туралы шешім

      1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды жүргізу туралы шешімі:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;

      3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулердің тізбесін;

      5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;

      6) консервациялау режиміндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, кірістері туралы декларацияны, меншiгiнiң бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке ұсыну туралы нұсқаманы;

      7) уақытша әкімшіліктің ұсынымдарын қамтуға тиіс.

      2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервациялауды жүргізу туралы шешiмдi қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзiмдi баспасөз басылымында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. Заң 55-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-4-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде басқару ерекшеліктері. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері

      1. Консервациялау әрекетінің басталуымен және оның мерзімінде:

      1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер, сондай-ақ осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке көшеді;

      4) уақытша әкiмшiлiк хабардар етілмей және оның жазбаша келiсiмiнсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның есебінен жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады.

      2. Уақытша әкiмшiлiк:

      1) осы Заңның 55-5-бабының талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң барлық мәселелері бойынша өздігінен шешім қабылдауға;

      2) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңінде жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;

      3) қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатын салуды көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан шарттарды бұзуға не ставкаларын, тарифтерін және қолданылу мерзiмдерiн өзгертуді қоса алғанда, оларға біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның мүддесіне орай талап қоюға;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында міндеттерін бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;

      7) кредитор мен борышкердің бір адам болуына орай өзара талаптарды есепке жазуды жүргізуге;

      8) сақтандыру портфелінің бір бөлігін не толық көлемде уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы.

      Ескерту. Заң 55-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ұсынымдар беруге (негізгі іс-шаралар жоспарын ұсынуға);

      2) орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;

      3) оның қызметі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат беруді талап етуге;

      4) істелген жұмыс туралы есепті тыңдауға;

      5) консервациялау мерзімін ұзартуға;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) қызметінің ерекшеліктері және оның үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасау қағидаттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Ескерту. Заң 55-5-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-6-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау:

      1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген консервациялау мерзімінің аяқталуы;

      2) уәкілетті органның консервациялауды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы негіздері бойынша тоқтатылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды (оның ішінде мерзімінен бұрын да) тоқтату оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік белгілеген осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты барлық шектеулерді алып тастауға әкеп соғады. Бұл ретте консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерінің құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшінде қалады.

      3. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға әкелмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруға құқылы.

      Ескерту. Заң 55-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары

      1. Сақтандыру қызметi субъектiлерiн және сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешiм уәкілетті орган оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi. Лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      2. Лицензиядан айырған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.

      3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық органдарының өкiлеттiгi көшедi.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.

      3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі "жалпы сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдайды.

      Сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

      дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру ұйымының және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдіктер берілетін сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша таратылатын сақтандыру ұйымының аннуитетті сақтандыру шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;

      сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыруы туралы хабарландыруды жариялайды. Сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында жариялайды.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру портфелін бергеннен кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде сақтандыру портфелін беру туралы шешімді ол қабылдамағаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

      4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі бекітілу үшін уәкiлеттi органға ұсынылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдап алу-беру актісімен ресімделеді, ол төрт данада жасалады. Қабылдап алу-беру актісінің бір данасы – уәкілетті органға, екіншісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешімді қабылдаған сотқа жіберіледі.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкімшінің) өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкімшінің) уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-бап.

      Ескерту. 57-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

58-бап.

      Ескерту. 58-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

      1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;

      1-1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын және уәкілетті органның өзге де талаптарын орындамаған;

      1-2) осы Заңның 40-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған;

      2) актуарлық қызметті Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;

      3) уәкілетті органға жіберілген, оның ішінде лицензия беруге негiз болған құжаттарда анық емес ақпарат ұсыну фактiсi анықталған;

      4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) егер актуарий уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда, үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.

      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

      Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

60-бап. Актуарийдi лицензиясынан айыру

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;

      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;

      3) актуарий есептеулерiн жүргiзу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген;

      4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;

      5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.

      2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.

      Актуарийді лицензиясынан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған кезде уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерінен (акционерлерiнен) мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттары бойынша барлық мiндеттеменi орындауына кепiлдiк беру жағдайында оларды сатып алуға ниет бiлдiрген жаңа инвесторға (инвесторларға) өткізуге құқылы.

      2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерінің акцияларын оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) өткізу мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнгі оның нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшері негізге алынып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынған акцияларын өткізуді уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп сатып алынатын барлық акциясы иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға (инвесторларға) өтеді.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ

62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

      Өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға бұрын берілген барлық лицензияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға өтiнiш беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешiмiнің болуы негiз болып табылады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімі;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуының болжалды шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуынан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, өз еркімен қайта ұйымдастырылудың салдарына қаржылық болжам.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.

      6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде өздерінің барлық сақтанушысына алдағы өзгерістер туралы тікелей хабардар ету және тиісті хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялау арқылы хабар беруге міндетті.

      7. Қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      9. Осы баптың талаптары:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болу шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:

      1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;

      2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;

      2-1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдері болмаған;

      2-2) болжалды қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылатын;

      3) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;

      4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.

      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

64-бап.

      Ескерту. 64-бап алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

12-тарау. ТАРАТУ

65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (ерікті таратылуы);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша (мәжбүрлеп таратылуы) таратылуы мүмкiн.

      Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi

      1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.

      2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

      2. Өз еркiмен таратылуды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшке тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратылуына рұқсат алуға берілген өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылуға рұқсат алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылуға уәкiлеттi органның рұқсатын алғаннан кейiн тарату комиссиясын құрады, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн және iстерiн басқару жөніндегі өкiлеттiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өтедi.

      6. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.

      7. Тарату комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есепті және тарату балансын бекіткен күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде оларды әдiлет органдары мен уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

      8. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттық негiздерi бойынша мәжбүрлеп таратылуға тиiс.

      9. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуын аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

      Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:

      1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;

      2) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;

      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеген;

      5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қолданылмаған жағдайларда бас тартады.

      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi

      1. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылса, уақытша әкiмшiлiк сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылатын жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;

      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      3) кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға байланысты, сондай-ақ "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру кезеңіндегі талаптарды қоспағанда, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;

      4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;

      6) басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот уәкілетті органды хабардар етеді және күнтізбелік он күн ішінде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшірмесін жібереді.

      3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.

      3-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды.

      4. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айырумен байланысты емес негіздер бойынша, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      5. Алып тасталды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

69-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілген сақтандыру түрлері бойынша толық көлемде сақтанушының келісімінсіз сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырады.

      Осы бапта көзделген іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.

      2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кепілдік берілетін сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру түрі бойынша лицензия болған және ол (олар) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде беруі мүмкін.

      Сақтандыру портфелін беру сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      2-1. Егер "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекеттің қатысуымен "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына беру жүзеге асырылады.

      3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің туындағаны туралы мәлімделген және олар бойынша сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі олардың міндеттемелері туындаған сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілмейді.

      Сақтандыру шарттарының тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорында сақтандыру шарты болмаған жағдайда, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған, қолданылу мерзімі аяқталмаған сақтандыру шарты (түпнұсқасы, көшірмесі, телнұсқасы) болған кезде осы шарт қолданылуы тиіс болған қалған уақыт кезеңіне барабар сақтандыру сыйлықақысының бөлігін талап ету құқығымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.

      Бұл ретте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру шарты мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына сақтанушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтару туралы өтініштің негізінде қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.

      Осы тармақтың нормалары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруі жағдайларына қолданылмайды.

      4. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі берілген (қабылдап алынған) күннен бастап қабылдаған сақтандыру шарттары бойынша туындайтын міндеттемелерді, қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) орындайды.

      Берілген сақтандыру шарты онда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жаңа сақтандыру шартын жасасу не мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жасалған сақтандыру шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.

      5. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялайды.

      Хабарландыруда:

      1) сақтандыру портфелінің берілген күні;

      2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының) атауы және байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері;

      3) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының және сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

      Ескерту. Заң 69-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау мен босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.

      1-1. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілені мынадай негіздер:

      1) басқа тараптың:

      егер мәміленің бағасы және (немесе) оның өзге талаптары салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мәмілелер жасалатын бағадан және (немесе) өзге де талаптардан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін нашар жағына қарай елеулі түрде ерекшеленетін болса;

      егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мүліктің немесе ол жүзеге асырған міндеттемелерді өзге де орындаудың нарықтық құны алынған міндеттемелерді қарсы орындаудың міндеттемелерді осындай қарсы орындаудың шарттары мен мән-жайлары ескеріле отырып айқындалған құнынан елеулі түрде асатын болса;

      егер мәміле өтеусіз немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалса, міндеттемелерді теңдей емес қарсы орындауы;

      2) егер мәміле басқа кредиторлар алдында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелері болған кезде мәмілені жасаған кезде орындалу мерзімі басталмаған, кредиторлардың бірінің талаптарын қанағаттандыруға әкелген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарды қанағаттандыру кезінде кредиторлардың біріне басқа кредиторлардың алдында басымдық беруге алып келген, жекелеген кредиторға немесе өзге де тұлғаға қатысты есеп айырысуды жасауы бойынша соттың жарамсыз деп тануы туралы талап қоя алады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілелердің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі олар анықталған күннен бастап бес жылды құрайды.

      Мәміле жарамсыз деп танылған кезде мәміле жарамсыздығының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) белгіленген салдары қолданылады.

      2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органға iстелген жұмыс туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтер мен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын cотқа табыс етедi.

      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөнiндегi iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.

      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тіркеуді жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.

      Тарату комиссиясы тарату балансын және тарату туралы есепті бекіткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал аталған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртiбi және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткiзуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

      6. Алып тасталды.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi есептеу әдiстемелерiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш және одан да көп ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орындамаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып анықталады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.

      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған жағдайда сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жөнiнде оңалту рәсiмдерiн тағайындауы мүмкiн.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерi санация нысанында немесе сақтандыру мiндеттемелерi мен соларға сәйкес активтер сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жария саудаға салу арқылы мүдделi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңдарда белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылады. Дәрменсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасуына жол берiлмейдi.

      Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi

      1. Сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiк пен қанағаттандырылуға тиiс:

      1) бiрiншi кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

      1-1) екінші кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) үшінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;

      3) төртiншi кезекте, сақтандырылушының жеке өзiне байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

      4) бесiншi кезекте, кредиторлардың - жеке тұлғалардың өздерi жасалған мүлiктiк сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке өзiне байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;

      5) алтыншы кезекте, кредиторлардың осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге жасалған сақтандыру шарттары бойынша талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепiлдiкті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда басқа сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады;

      6) жетiншi кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

      7) сегiзiншi кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;

      8) тоғызыншы кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісіне байланысты шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.

      3. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:

      1) бiрiншi кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын қайта сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) екінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;

      3) үшiншi кезекте, цеденттердiң "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;

      4) төртiншi кезекте, цеденттердiң "жалпы сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;

      5) бесiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

      6) алтыншы кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;

      7) жетiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.

      4. Әрбiр келесi кезектегi талаптар одан алдыңғы кезектегi талаптар толық орындалғаннан кейiн қанағаттандырылады.

      Бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi.

      5. Тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн әдiстермен, оның iшiнде есеп айырысудың бара-барлық принципiн сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай күйiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.

      6. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күні белгілеген бағам бойынша теңгемен қанағаттандырылады.

      Ескерту. 72-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:

      1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты да алуға;

      2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;

      4) тарату комиссияларының қызметiнде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайды туындатуы мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық анықталған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;

      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда, тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған жағдайда оларды ауыстыруды талап етуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;

      6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;

      7) тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.

      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкілетті органға анық және толық қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.

      2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептiлігінің тiзбесін, нысандарын не нысандарына қойылатын талаптарды, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгілейдi.

      2-1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.11 N 562, 2005.07.08 N 69, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 338-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және сақтандыру холдингтерінің есептілігі

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының және сақтандыру холдингтерінің қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды уәкілетті органға ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.

      Ескерту. 74-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы

      1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етiлуге тиiс.

      2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат

      коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.

      2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің

      шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.

      Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Ескерту. 75-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оларды аудиторлық растаусыз тоқсан сайын жариялайды.

      Сақтандыру холдингтері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.

      Осы баптың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi және мерзiмi

      1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушылары, сақтандыру агенттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөнiндегi деректердi қалыптастыруға және өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін жүргізуге міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты ол жасалған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміне енгізілуге тиіс.

      Сақтандыру шарттарының тізілімінде және дерекқорда қамтылатын сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, сақтандыру шартының нөмірі, оның жасалған, сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуы аяқталған күндері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бір-біріне сәйкес келуге тиіс.

      2. Мiндеттi түрде сақталуға жататын құжаттардың тiзбесiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агенттерiнiң оларды сақтау тәртiбi мен мерзiмiн уәкiлеттi орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен келiсе отырып белгiлейдi.

      Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау

      1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.

      2. Уәкiлеттi органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ консервациялау сатысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушысының), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешiмдi немесе әрекеттердi (әрекетсiздiктi) орындауды тоқтата тұрмайды.

      Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет

      Ескерту. Заң 14-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары

      1. Мемлекет қатысатын, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ұйым көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізуді осы Заң және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері жөніндегі заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырады.

      Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      1-1. 01.07.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-2. 01.07.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-3. 01.07.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:

      1) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;

      3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;

      4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.

      Басқару жүйесiн пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды дерекқордың орындауын тексерудi уәкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелерi дерекқорды басқару жүйесiн пайдалануға беру актiсiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.

      Ұйымның қызметін жүзеге асыруға дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісі мен ішкі ережелері болған кезде ғана жол беріледі.

      Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.

      6. Ұйым өз қызметінде:

      1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;

      2) дерекқорды және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтылымды қолдануға;

      3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ұйымның бағдарламалық-техникалық қамтылымына жыл сайынғы аудитті жүргізуге;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңның 80-бабының 2-тармағында санамаланған ақпаратқа "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;

      6) сақтандыру шарттары жөніндегі ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасасқан электрондық нысандағы сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты көру үшін ұйымның ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұйымның интернет-ресурсында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;

      7) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасасқан электрондық нысандағы сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты көру үшін ұйымның ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұйымның интернет-ресурсында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

      7. Ұйымның негізгі функциялары:

      1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;

      2) мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;

      3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;

      4) сақтандыру нарығы жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорыту үшін және оларды уәкілетті орган мен өнім берушілердің сұратуы бойынша ұйымның интернет-ресурсы арқылы оларға беру үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру және жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу;

      6) әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтау үшін сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды жүргізу;

      7) өзінің интернет-ресурсында сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру болып табылады.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.

      Сақтандыру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері мен дерекқорына "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.

      Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

80-бап. Дерекқор

      1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.

      2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі;

      2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі – сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі.

      3. Мыналар:

      1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар;

      2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;

      3) уәкілетті орган;

      4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады.

      4. Мыналар:

      1) уәкілетті орган;

      2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;

      2-1) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпарат беру мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;

      4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);

      5) сақтандыру және актуарийлік есептер саласында консультациялық қызметтер көрсетуді ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;

      6) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;

      7) сақтандыру омбудсманы;

      8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар;

      9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісінің келісімі негізінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары сақтандыру есебін алушылар болып табылады.

      Осы тармақта көрсетілмеген өзге де адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 4-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;

      2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;

      3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;

      4) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;

      5) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;

      6) осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан кезде, сондай-ақ дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.

      Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1), 3), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сұрау салуы сақтандыру есебін ұсыну үшін негіз болып табылады.

      Дерекқорға сұрау салуды беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан сұрау салу береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.

      Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы олардың сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.

      Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде ұсынылады.

      Ұйымның осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есебін алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұйымның осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген алушыға сақтандыру есебін ұсынуы оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.

      Осы баптың 4-тармағының 2), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұйымның интернет-ресурсы арқылы сақтандыру есебін алуға құқылы.

      6-1. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы.

      7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат

      1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлінісінде) ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде береді.

      2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқорға беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.

      4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

      1. Ұйым:

      1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;

      2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;

      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;

      4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.

      Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;

      5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;

      6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;

      7) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сауал салудың есебін жүргізуге;

      8) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;

      9) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;

      10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті органның сұратқан ақпаратын, оның ішінде:

      берілуі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ақпарат бермеуі, уақтылы бермеуі не толық көлемде бермеуі туралы ақпаратты;

      Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын бұза отырып, осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;

      12) уәкілетті органға дерекқордың қол жеткізуіне рұқсат беруге;

      13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасасқан сақтандыру шарты туралы мәліметтердің дерекқорда бар екендігі туралы ақпаратты оған беруге;

      14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің өліміне байланысты зиянның өтеміне құқығы бар адамның жазбаша өтініші алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру полисінің бар не жоқ екендігі туралы жазбаша мәліметтер беруге;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;

      16) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуге, оның ішінде:

      сақтандырушыға сақтандыру агентінің бірыңғай тізілімде бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға және сақтандыру шарттарын жасасқан кезде делдалдық қызметтер көрсетуге сақтандыру агенттерінің өкілеттіктерін растауға;

      осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерін бірыңғай тізілімнен алып тастауға міндетті.

      16) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуге, оның ішінде:

      сақтандырушыға сақтандыру агентінің бірыңғай тізілімде бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға және сақтандыру шарттарын жасасқан кезде делдалдық қызметтер көрсетуге сақтандыру агенттерінің өкілеттіктерін растауға;

      осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерін бірыңғай тізілімнен алып тастауға міндетті.

      2. Ұйым:

      1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;

      2) ақпаратты берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және дұрыс ақпаратты талап етуге;

      3) ақпарат берушінің ұсынған ақпаратын оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъекті деректерінің ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;

      3-1) кәсіпкерлік қызметке байланысты ақпараттық материалдарды өзін-өзі реттейтін ұйымнн сатып алуды жүзеге асыруға;

      3-2) дерекқорды қалыптастыру және пайдалану үшін ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерінен алуға;

      3-3) сақтандыру есептерін алушыларға сақтандырылған көлік құралының тарихы жөнінде ақпаратты беруге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      3. Ақпарат берушілер:

      1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;

      2) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;

      3) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;

      4) ұйымға дерекқор субъекті туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;

      5) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;

      6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;

      7) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.

      4. Ақпарат беруші:

      1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) ақпарат алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      5. Осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:

      1) ақпарат алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

      2) алынған ақпаратқа қатысты оның жабықтығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;

      4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;

      5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді мойнына алуға міндетті.

      6. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      7. Дерекқор субъектісі:

      1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;

      2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80–бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;

      3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алысымен сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;

      4) ақпарат берушіге және ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары

      Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:

      1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;

      2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;

      3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;

      4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;

      5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;

      6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;

      7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;

      8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;

      9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;

      10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;

      11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.

      Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.

      Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:

      1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;

      2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.

84-бап. Ұйымға тіркелу

      Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:

      1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.

      Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
     

85-бап. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 85-бап алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-тарау. Сақтандыру омбудсманы

      Ескерту. 15-тараумен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызмет қағидаттары, оны сайлау тәртібі және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату

      1. Мынадай:

      1) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;

      2) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.

      Сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) ретінде жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері әрекет ететін келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптар сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      2. Сақтандыру омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) тараптардың теңқұқықтылығы;

      2) сақтандыру омбудсманы шешім қабылдаған кезде объективтілік және бейтараптық;

      3) сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;

      4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;

      5) шешім қабылдау рәсімінің ашықтығы және негізділігі.

      3. Сақтандыру омбудсманын сайлауды және оның өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатуды сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің көпшілік дауысымен сайланады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.

      5. Егер сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің отырысына қатысатын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында дауыстардың жалпы санының кемінде үштен екісін иеленсе, осы отырыс – заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.

      6. Сақтандыру омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.

      7. Сол бір адам қатарынан екі реттен астам сақтандыру омбудсманы болып сайлана алмайды.

      8. Сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін өзінің бастамасы бойынша мерзімнен бұрын тоқтату өкілеттіктер тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.

87-бап. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі және оның құзыреті

      1. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі:

      1) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар әрбір сақтандыру ұйымынан;

      2) уәкілетті органнан бір-бір өкілден қалыптастырылады.

      2. Өкілдер кеңесінің құзыреті:

      1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар арасынан сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау;

      2) құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисін) бекіту;

      3) сақтандыру омбудсманының қызметін (бюджетін) қаржыландыру тәртібін айқындау;

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;

      5) сақтандыру омбудсманының осы Заңның 88-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған немесе ол осы Заңның 91-бабының 3-тармағында көзделген талапты орындамаған жағдайларда, сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату;

      6) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.

88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру омбудсманы ретінде сайлау үшін:

      1) жоғары заң білімі және (немесе) жоғары экономикалық білімі бар;

      2) мінсіз іскерлік беделі бар;

      3) сақтандыру саласында бес жылдан астам жұмыс өтілі бар;

      4) уәкілетті орган сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын сақтандыру ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.

      Сот Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын адам сақтандыру омбудсманы болуға ұсынылмайды.

      2. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдарында кез келген лауазымды атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.

89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтандыру омбудсманының:

      1) өтініш берушінің өтінішін қарау үшін қажетті мәліметтерді сақтандыру ұйымдарынан сұратуға;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру омбудсманының қызметі туралы материалдарды жариялауға;

      3) штат (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқығы бар.

      2. Сақтандыру омбудсманы:

      1) өз қызметінде осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа алуға;

      2) дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      3) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің алдында өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беруге міндетті.

90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі

      1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.

      2. Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.

      3. Сақтандыру ұйымдарының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі оны сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болады.

      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      5. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, өз құқығын қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.

91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді реттеу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі мүшелерінің жарналары есебінен қаржыландырылады. Жарналарды төлеу шарттары мен тәртібі сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалады.

      3. Осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы өтеусіз жүзеге асырады.

92-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері

      Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады