Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк мекемелерiне бекiтiлген мүлiктi есептен шығару тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 3-1-1866қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департементінде 2004 жылғы 28 желтоқсанда N 366 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы N 06-178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға  түспеген).

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1229қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған "Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк мекемелерiне бекiтiлген мүлiктi есептен шығару тәртiбi туралы" Нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары А.С. Мамытбековке жүктелсiн.

      Астана қаласының әкiмi

      Әкiмнің бiрiншi орынбасары

      Әкiмнің орынбасары

      Әкiмнің орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаментi" ММ-ның директоры

      Әкiм аппараты құжаттамалық
      сараптама бөлiмi меңгерушiсiнің
      мiндетiн атқарушы

      Әкiм аппараты экономикалық
      талдау және мониторинг
      бөлiмiнің меңгерушiсi

      "Астана қаласының Коммуналдық
      мүлiк департаментi" ММ-ның директоры

Астана қаласы әкiмдігінің  
2004 жылғы 1 желтоқсандағы 
N 3-1-1866қ қаулысымен   
бекiтiлдi         

Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары
мен мемлекеттiк мекемелерiне бекiтiлген мүлiктердi есептен
шығарудың тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
(бұдан әрi - Нұсқаулық)

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық табиғи және сапалық тозуының салдарынан, дүлей апаттар мен апаттардың нәтижесiнде жарамсыздыққа жатқызылған, Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк мекемелерiне бекiтiлген Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алынған мүлiктерден басқа мүлiктердi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
      2. Нұсқаулық Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi құрал-жабдықтарына (активтерiне) жататын мүлiктерге таратылады.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң мүлiктерiн есептен шығаруға қажеттi құжаттаманы ресiмдеу, осы Нұсқаулықтың 8-тармағымен белгiленген талаптарды ескере отырып осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылған Комиссияның қорытындысының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Комиссия Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны немесе мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрығымен құрылады.
      Комиссияның құрамына мiндеттi түрде:
      1) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
      3) мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледі.
      Мүлiктердiң жекелеген түрлерiн есептен шығаруда Комиссия құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзiледi.

  2. Мүлiктердi есептен шығару тәртiбi

      5. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметiнiң белгiленген мерзiмдерi өтелгеннен кейiн, дүлей апаттар мен апаттардың нәтижесiнде өндiрiстiк мәнiн толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтiру экономикалық жағынан орынсыз немесе мүмкiн емес болғанда, мүлiктер коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң балансынан шығарылады.
      6. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктерiн есептен шығару мемлекеттiк басқару органмен келiсу бойынша және коммуналдық мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк орган болып табылатын Астана қаласының мемлекеттiк мекемелерiнiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекеме болып табылмайтын және Астана қаласының мемлекеттiк мекемелерiнiң мүлiктерiн есептен шығару коммуналдық мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
      8. Комиссия есептен шығаруға жататын мүлiктердi толық тексередi, ол кезде техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлiк есептiң деректерiн қолданады, оны қалпына келтiруге және одан әрi пайдалануға жарамсыздығын белгiлейдi, осы нұсқаулықтың 5-тармағында белгiленген, мүлiктердi есептен шығару себептерiн анықтайды, есептен шығарылатын мүлiктердiң жеке тораптарын, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалауды жүргiзедi, оның уақытынан бұрын iстен шыққанына кiнәлi тұлғаларды анықтап акт жасайды. Комиссияның қызметi арнайы бiлiмдердi қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиiстi мамандарды (сарапшыларды) енгiзедi.
      Есептен шығару актiлерi бекiтiлгенге дейiн мүлiктi ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етiлмейдi.
      Мүлiктi жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрi - материалдар) үш топқа бөлiнедi:
      Бiрiншi топ - тiкелей тағайындалуы бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттар кiрiсiне алынуға мiндеттi одан әрi қолдануға жарамды материалдар.
      Екiншi топ - қайталама шикiзат ретiнде (қара, түстi және асыл металдар, көнерген материалдар, отын және т.б.) кiрiске алынатын тiкелей қызметi бойынша одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар.
      Үшiншi топ - одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
      9. Астана қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк мекемелерiнiң мүлiктерiн есептен шығару осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген себептерге байланысты (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) нысандарда белгiленген актiлерiмен үш данада ресiмделедi.
      10. Комиссия мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың және Астана қаласының мемлекеттiк мекемелерiнiң мүлiктерiн есептен шығаруға үш данада жасаған актiлерi осы Нұсқаулықтың 6, 7-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттармен қоса мемлекеттiк басқару органына жолданады:
      1) Комиссия хаттамасы;
      2) апат болған жағдайда - тиiстi лауазымды тұлға жасаған және бекiткен уақиға актiсiнiң көшiрмесi;
      Мемлекеттiк басқару органымен келiсiлген есептен шығару құжаттары жазбаша рұқсат алу үшiн коммуналдық мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органға жолданады.
      11. Мемлекеттiк мекеменiң немесе коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiгiн есептен шығару актiлерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта: "Келiсiлдi" деген тиiстi мемлекеттiк басқару органның мөрiмен бекiтiлген күнi, басшының қолы қойылады.
      Актiнiң бiр данасы, комиссияның хаттамасы (уақиға актiсiнiң көшiрмесi) тиiстi мемлекеттiк басқару органында қалады: бiр данасы - коммуналдық мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органға және "Келiсiлдi" деген белгiсi бар актiнiң бiр данасы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын және/немесе мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
      12. Келiсiлмеген жағдайда, мүлiктi есептен шығарудан бас тарту дәлелденуiмен құжаттардың пакетi коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.

  3. Қорытынды ережелер

      13. Мүлiктердi есептен шығарудың қолданылып жүрген тәртiбi бұзылған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      14. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады