Балықты кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулау және басқа да су жануарларын өндіру үшін балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2004 жылғы 26 наурыздағы N а-3/87 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 07 сәуірде N 2420 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № А-7/242 қаулысымен

      Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.06.30 № А-7/242 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 "Қазақстан Республикасында балық аулаудың және басқа да су жануарларын өндірудің ережелерін бекіту туралы"  Қаулысына сәйкес және 2004 жылғы 25 ақпандағы әлеуметтік табиғат пайдаланушыларына балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және балықты кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулауды және басқа да су жануарларын өндіруді ұйымдастыруға құқық беру жөніндегі конкурстық комиссияның ұсыныстары негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулау үшін балық шаруашылық су айдындары (телімдері) табиғат пайдаланушыларына 10 жылдық мерзімге бекітіліп берілсін. Тізбесі қосылып берілді.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Орта Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасына табиғат пайдаланушыларымен су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) пайдалану жөніндегі шарттарды белгіленген тәртіппен жасау ұсынылсын. 2004 жылғы 1 шілдеге дейін шартқа отырмаған табиғат пайдаланушылар балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және пайдалану құқығынан айырылады және су айдындары (телімдер) жалпы пайдаланатын балық шаруашылық су айдындарының (телімдердің) дәрежесіне ауысады.
      3. Табиғат пайдаланушыларына бекітіліп берілмеген су айдындары жалпы пайдаланатын су айдындары болып табылады. Оларда балықты кәсіпшілік және өзге де түрлерімен аулау және басқа да су жануарларын өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 "Қазақстан Республикасында балық аулаудың және басқа да су жануарларын өндірудің ережелерін бекіту туралы"  қаулысымен бекітілген Балық аулау ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Орта Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасымен келісу бойынша жүзеге асырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Облыс әкімі

Ақмола облысы әкімдігінің
2004 жылы 26.03 N а-3-87
"Балықты кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулау
және басқа да су жануарларын өндіру үшін
балық шаруашылық су айдындарын
(телімдерді) бекітіп беру туралы"
қаулысына қосымша

Балықты кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулауды
және басқа да су жануарларын өндіруді жүзеге асыру үшін бекітіп берілген Ақмола облысының балық шаруашылық су айдындарының (телімдердің)
ТІЗБЕСІ

р/р №

Табиғат пайдаланушылардың аталуы

Балық шаруашылық су айдындарының (телімдердің) аталуы

АРШАЛЫ  АУДАНЫ

1

"Құсайынова" ЖК

Анаркөл көлі

АҚКӨЛ  АУДАНЫ

2

"Грань" ЖШС

Талқара өзенінің телімі (Ерофеевка-Ткачевка ауылдарының шекарасында)

3

"Урюпин және К" ЖШС

Дмитрово көлі, № 2 Камышное көлі, Талкара өзенінің телімі (Урюпинка ауылының жармасында  7 км)

4

"Инженерлік жобалау және сараптау институты" ЖШС

Краснобор бөгеті

5

"Райс" сауда үйі" ЖШС

Сілеті су қоймасының телімі (Ақкөл ауданының шекарасында)

АТБАСАР  АУДАНЫ

6

"Харьков" ЖК

Жарлыкөл көлі

7

"Жаркөл - 2002" ЖШС

№2 бөлімшенің тоғаны, Тұзқұдық тоғаны, Есіл өзенінің телімі (Октябрьское - Николаевка ауылдарының шекарасында)

БҰЛАНДЫ  АУДАНЫ

8

"Данилов және К"

Алакөл көлі

ЕҢБЕКШІЛДЕР  АУДАНЫ

9

"Жөкей демалыс орталығы" ЖШС

Жөкей көлі

10

"Агва - Сервис" ЖШС

Құдық ағаш бөгеті

ЕРЕЙМЕНТАУ  АУДАНЫ

11

"Трансстрой - Ерейментау" ЖШС

Кішкентайкөл көлі, Майкөл көлі

12

"Әлжанов" ЖК

Ащыкөл көлінің телімі

13

"Глория"ҰШ

Қамыстыкөл көлі

ЖАРҚАЙЫҢ  АУДАНЫ

14

"Көкшетау балықшылар мен аңшылардың ауданаралық қоғамы

Есіл өзенінің телімі (Өмірлік ауылы-Тассуат тоғаны шекарасында)

ЗЕРЕНДІ  АУДАНЫ

15

"Көкшетау балықшылар мен аңшылардың ауданаралық қоғамы

Құндыкөл көлінің телімі (Павлов)

16

"Гордорстрой" ЖШС

Құндыкөл көлінің телімі (Павлов)

17

"Нарол" ЖШС

Кіші Қоскөл көлі

ҚОРҒАЛЖЫН  АУДАНЫ

18

"ЦСО СОП РК" ААҚ

Ұялы-Шалқар көлінің телімі, Жәнібек-Шалқар көлінің телімі

19

"Балық - ЗС" ЖШС

Ащыкөл көлі, Тұщыкөл көлі, Шолақ көлінің телімі, Ұялы көлдері жүйесінің телімі

20

"Биар Плюс" ЖШС

Шолақ көлінің телімі, Шалқар көлінің телімі, Біртабан көлінің телімі, Ұялы көлдері жүйесінің телімі

21

"Жалын" ЖШС

Шалқар көлінің телімі, Біртабан көлінің телімі

22

"Агрофирма- Мирас-2004" ЖШС

Жәнібек -Шалқар көлінің телімі, Ұялы -Шалқар көлінің телімі

ЦЕЛИНОГРАД  АУДАНЫ

23

"Астана қаласы әкімінің шаруашылық басқармасы" МКҚК

Қоянды су қоймасы

ШОРТАНДЫ  АУДАНЫ

24

"Петров" ААҚ

Қарадыр көлі

25

"Бектау" ЖШС

Барышевка бөгеті, Конкрынка бөгеті, Қаражар бөгеті

26

"Алма" ҰШ

Балықты көлінің телімі

ЩУЧЬЕ  АУДАНЫ

27

"Орман шаруашылығы" ЖШС

№ 1,2 Зайчан бөгеттері (жаңасы мен ескісі)

28

"Айдос - 98" ЖШС

Климов тоғаны

29

"Трубаева" ЖК

Алакөл көлі (Сладкое)

СТЕПНОГОРСК  ҚАЛАСЫ

30

"Райс" сауда үйі" ЖШС

"Сопка 305" су қоймасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады