Қазақстан Республикасы Жер кодексінің ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру және жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысының Ерейментау аудандық әкімиятының 2004 жылғы 30 сәуірдегі N а-5/85 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 04 маусымда N 2585 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009.04.08 № а-4/106 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-11 Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді жеке меншікке беруге орай әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық жұмыс тобы құрылсын (қосымша 1).
      2. Аудандық жұмыс тобының ережесі мен негізгі міндеттері  бекітілсін (қосымша 2).
      1) аудандық жұмыс тобына келісім бойынша әкімдерінің төрағалығымен жұмыс топтарын құрсын;
      2) жер учаскелерін саудаға қою жөніндегі ақпараттарын (конкурс, аукцион), 2004 жылдың 1 мамырына дейін тапсырсын;
      3) жерді пайдаланушылар арасында әрбір жер учаскелері жөніндегі өздерінің ойларын анықтау үшін түсініктеме жұмысын жүргізсін;
      4) жерді пайдаланушылардың (субарендаторлар) жерді пайдаланудағы өз құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі ойлары бойынша мониторинг нәтижелерін тоқсан сайын тапсырсын.
      5) әр жер учаскесін қоса есептегенде, ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінің ақпараттық базасын құруды қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі, аудандық жер  инспекциясына ұсынылсын:
      1) жер үлесі иелерінің іс-қимылдарын негізгі заңнамамен жүргізуде өздерінің құқықтарын іске асыруды бақылауды қамтамасыз ету;
      2) аудандар және қалалар әкімдерімен бірлесіп, жерді қайтара пайдалану және ауыл шаруашылық жерлеріне қосалқы жалгерлік күшін жою туралы шарттарды бұзу жөніндегі жұмыс 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізу;
      3) шартты жер үлестерін пайдаланушылардың өз құқықтарын жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы саласындағы жерлерді қосалқы жалға алу шартын бұзу жөнінде мониторинг енгізу.
      4) егіншілікке инвестиция тарту және жер учаскелерінде  коммерциялық пайдаланумен бюджетке түсетін қаржыны көбейту үшін, аудандар мен қалаларда жер аукциондары мен конкурстарын өткізу тәжірибесі кеңінен насихаттау;
      5) жерлерді пайдалануда және қорғауда мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жетілдіру.
      4. Аудан әкімінің баспасөз қызметі жер реформасын жүргізу  шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазатын болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.И.Захаровқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы Әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап  күшіне енеді.

      Аудан әкімі

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 30.04. N а-5/85
қаулысына 1 қосымша
"Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің ережелерін іс жүзінде
жүзеге асыру және жер қатынастарын
одан әрі жетілдіру туралы"

Аудандық жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

Алексей Иванович - аудан әкімінің орынбасары,
Захаров            жұмыс тобының төрағасы

Сайлау Қатайұлы - Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы,
Сейітқанов         жұмыс тобы төрағасының орынбасары

Серік Шакарұлы - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі
Жұмабеков        Ерейментау аудандық аумақтық басқармасының
                 бастығының уақытша міндетін атқарушы

Елена Васильевна - жер ресурстары жөніндегі комитеттің бас маманы,
Дробот             жұмыс тобының хатшысы (келісім бойынша)

Сергей Николаевич - Ерейментау аудандық жер ресурстарын басқару
Пикалов             жөніндегі комитеттің төрағасы (келісім бойынша)

Егор Михайлович - аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі
Топорков          бас маманы

Жомарт Мұратұлы - Ерейментау ауданының жер қорғау және пайдалану
Серғалиев         туралы мемлекеттік инспекторы

Байтұрсын Хамидоллаұлы - Қоршаған ортаны қорғау Ерейментау ауданының
Сәкенбаев                облыстық басқармасының өкілетті
                         инспекторы (келісім бойынша)

Аглая Алексеевна - Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық, сауда
Огай               және жол шаруашылығы басқаратын бөлімінің бас
                   маманы

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 30.04. N а-5/85
"Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің ережелерін іс жүзінде
жүзеге асыру және жер қатынастарын
одан әрі жетілдіру туралы"
қаулысына 2 қосымша

Аудан жұмыс тобы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      Аудандық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізгі нормаларын және Ережелерін жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік өкілеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру  мақсаттарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовтің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 17-71/и-101 тапсырмасына сәйкес құрылған.

2. Жұмыс тобының негізгі міндеттері

      1. Жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, басқа да, табиғат қорғау шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
      2. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізгі нормаларын және ережелерін, олардың заңнама актілерін іс жүзінде жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету.
      3. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қосалқы шарттарын бұзу тәртібі мен қажеттігін түсіндіру және заңда көрсетілгеніндей шартты жер үлестері барлардың өз құқықтарын 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыру.
      4. Мемлекеттік меншіктегі және жерді пайдалануға берілмеген жер учаскелерін жалға беру құқығын немесе аудандық ауылдары және қаланың сауда тәсілімен сатуға қойылатын нақты жер учаскелерін келісу (конкурстар, аукциондар).
      5. Жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарына енгізу және ерекше қорғалатын аймақ резервіне жатқызу жөнінде ұсыныс енгізу.
      6. Жер учаскелерін меншікке беру немесе Ерейментау қаласының ерекше қала құрылысын реттеу аймағындағы жерді пайдалануға беру жөніндегі ұсыныстар енгізу.

3. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру

      1. Аудан жұмыс тобын төраға басқарады, аудан әкімінің орынбасары.
      2. Төраға жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді.
      3. Жұмыс тобының мәжілісі аудандық жұмыс тобының негізгі талаптарына сәйкес, жер құқығы қатынастары мәселелері жөніндегі түскен өтінімдер бойынша өткізіледі.
      4. Жұмыс тобы төрағасының құқығы:
      жұмыс тобының мәжілісіне істелген жұмыс туралы есептерін талдау, қарастырылған мәселелерді шешу үшін аудандық жұмыс топтарының төрағаларын шақыру;
      жұмыс топтарының мүшелерінен және аудандық жұмыс топтарының төрағаларынан Жер кодексін іске асыру жөніндегі ақпаратты талап ету.
      "Ерейментау ауданының жер реформасының негізгі бағыттары мен жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы" іс-шараларды орындауда қанағаттанғысыз жұмыс істеген лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады