Қостанай облысы әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1339

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы N 30 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 23 ақпанда N 2756 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009.08.03 № 297 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 1900 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 
      1. Қостанай облысы әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1339, "Қостанай таңы" 2002 жылдың 23 сәуірі N 32, "Костанайские новости" 2002 жылдың 24 сәуірі N 61) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
       2 тармақтың 2)-тармақшасы төмендегідей редакцияда берілсін:
      "зейнетақы алатын жасқа жетпеген 2, 3 топтағы мүгедектер";
       5 тармақтың 1)-тармақшасында "зейнетақы мөлшері туралы анықтама" деген сөздер "зейнетақы куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындауына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады