Облыста 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту аймақтық бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 маусымдағы N 45/6 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 30 маусымда N 2633 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Ел Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) - бекiтiлсiн.
      2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Облыс сәулет және қала құрылысы департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы Н. Шабрат

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

  Павлодар облыстық мәслихаттың
      2004 жылғы 30 маусымдағы 
"Облыста 2005-2007 жылдарға
арналған тұрғын үй құрылысы
мен құрылыс индустриясын 
дамытудың аймақтық    
бағдарламасы туралы   
N 45/6 шешiмiне    
қосымша         

Облыста тұрғын үй құрылысы мен құрылыс
индустриясын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Паспорт

Атауы

Облыста тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы, Президенттiң 2004 жылғы 19 наурыздағы 2005 жылға арнап Қазақстан халқына жасаған "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" Жолдауы, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрiнiң 2004 жылғы 16 наурыздағы N 11-7/007-81  тапсырмасы

Негiзгi әзiрлеушiлер

Облыс сәулет және қала құрылысы, облыс индустрия және сауда департаменттерi

Мақсаты

Облыс тұрғындары көпшiлiгiнiң  тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, аймақтың құрылыс индустриясын дамыту

Iске асыру мерзiмi

2005-2007 жылдар, 2004 жыл - дайындық мерзiмi

Қаржыландыру көздерi

Республикалық және жергiлiктi бюджеттер, ипотекалық кредиттер, тұрғын үй-құрылыс жинақ ақшалары, жеке меншiк инвестициялары, сондай ол қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзгеде қаржы көздерi
2005 жыл:
республикалық бюджет - 2197,75 млн. теңге:
жергiлiктi бюджет - 310 млн. теңге.
2006 жыл:
республикалық бюджет - 2197,75 млн. теңге:
жергiлiктi бюджет - 320 млн. теңге.
2007 жыл:
республикалық бюджет - 1265 млн. теңге:
жергiлiктi бюджет - 350 млн. теңге.

Мiндеттерi

Ипотекалық кредит беру және тұрғын үй-құрылыс жинақ ақшалары жүйесiн қолдана отырып  тұрғын үй салу, бәсекеге жарамды құрылыс материалдарымен тұрғын үй, өнеркәсiп және жол құрылысын қамтамасыз ету үшiн облыстың құрылыс индустриясын дамыту

Күтiлетiн нәтижелер

Алғашқы тұрғын үй нарығы одан әрi дамып, инвестициялық процесстер жандана түседi;
Құрылыс индустриясы базасы мен құрылыс материалдары өнiмiн шығару  дамып , шеттен құрылыс өнiмдерiн әкелу төмендейдi;
Құрылыс жұмыстарынан, жылжымайтын мүлiктен, құрылыс саласы жұмыскерлерiнен бюджетке түсетiн салық түсiмi өседi;
Өндiрiсте құрылыс өнiмдерiн, электротехникалық, металлургия мен химия өндiрiсiнде, сонымен бiрге жаңа құрылысқа қажет өнiмдерiн шығаруды ұлғайту арқасында  қатарлас салаларда мультипликативтiк тиiмдiлiк тосылады.

2. Кiрiспе

      Облыста тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi- Бағдарлама), Ел Президенттiң 2004 жылғы 19 наурыздағы 2005 жылға арнап Қазақстан халқына жасаған "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлет халық үшiн!" Жолдауында қойылған республикадағы тұрғын үй саясатын және Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуын iске асыру жөнiндегi мiндеттерге сәйкес әзiрлендi.
      Президент Қазақстан халқына жасаған Жолдауында тұрғын үй құрылысында жаңа саясаттың iске асуы басталды деп атап көрсеттi, оның мақсаты бағасын арзандату арқылы облыс тұрғындарының көпшiлiгiнiң тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету. Тұрғын үй құрылысын жаппай салу құрылыс материалдары өндiрiсiнiң дамуына әсер ететiн болады.
      Павлодар облысы бойынша 2004 жылдың 1 наурызына пәтер алуға кезекте шамамен 2600 адам тұр, оларды қамтамасыз ету үшiн 210 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет.
      Облыс қалаларында 2107 отбасы тұрып жатқан 225 бұзуға жататын ескi, қираған үйлер бар, оларды көшiру үшiн 170 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет.
      Алдағы уақытта, жыл сайын, бүгiнгi күнi кезекте тұрғандар санының 10-12%-ы өздерiнiң тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келедi, ол үшiн қосымша 72 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет болады.
      Жалпы алғанда облыста 452 мың шаршы метр үй салу қажет. 

3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау

       Соңғы жылдары тұрғын үй мәселесi жеке меншiк үйлер салу есебiнен шешiлiп отырды.Айталық, 2002 жылы жеке меншiк үйлер салу есебiнен 33,7 мың шаршы метр тұрғын үй iске қосылды.
      2003 жылы 48,5 мың шаршы метр тұрғын үй, соның iшiнде қалаларда - 47,5 мың шаршы метр, ауылдық жерде 1 мың шаршы метр iске қосылды. 7,5 мың шаршы метр көп қабатты (жергiлiктi бюджет есебiнен 3,6 мың шаршы метр), 41 мың шаршы метр жеке меншiк тұрғын үй iске қосылды.
      2003 жылы Павлодар қаласында кейiнгi кезде алғашқы рет жергiлiктi бюджеттер қаржысына 12/1 Ворушин көшесiнде орналасқан бес қабатты елу пәтерлiк, көлемi 3,6 мың шаршы метр тұрғын үй  құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды, одан халықтың әлеуметтiк қорғалатын топтарына пәтерлер берiлдi.
      Облыста қазiргi уақытта жалпы алаңы 118 мың шаршы метр, құрылысы салынып бiтпеген 31, соның iшiнде Павлодарда қаласында - 12, Екiбастұз қаласында -13, Ақсу қаласында - 6 объект бар.
      Облыста тұрғын үй қорын ұстау жағынан қиын жағдай қалыптасып отыр. Тұрғын үйдi жекешелендiргеннен кейiн меншiк иелерi оны қалыпты пайдалану және ұстау жөнiндегi мәселелердi өздерi шешуге мiндеттi. Алайда олардың бұны қосымша ақшалай қаражатсыз тиiстi дәрежеде жүзеге асыруға жағдайлары жоқ, оған себеп:
      облыстың тұрғын үй қорының елеулi үлесiн 1957-1961 жылдары, заводтардың құрылысшылары мен пайдаланушыларын орналастыру үшiн уақытша тұрғын үй ретiнде салынған  үйлер құрайды;
      уақытша 1-, 2-қабатты жиналмалы қалқанды үйлер салынды, мұндай үйлерде ас үйлерi мен басқа да бөлмелердiң аудандары шағын, санитарлық торабтары жоқ қазiргi заманға сай жабдықтарды орналастыруға  бейiмделмеген;
      алғашқы жаппай сериядағы бес қабатты тұрғын үйлер Павлодар қаласында алпысыншы жылдардың басында iрi панельдi орындалуда  салына басталған, қазiргi уақытта бұл үйлердi пайдаланудың нормативтiк мерзiмi екi есеге артқан, панельдердi бiрiктiру жүйелерiнiң төзiмдiлiк сипаттары тоттанудан төмендеген, бұл тұрғын үйлердiң құлауына, адам өлiмiне әкелуi мүмкiн.
      1990-2000 жылдар аралығында құрылыс индустриясының қолда бар өндiрiстiк әлеуетi толығымен дерлiк бұзылды.
      қазiргi уақытта өндiрiстiң техникалық деңгейдiң төмендеуi, өнiмнiң шығару көлемi және оның сапасы облыстың құрылыс материалдарына деген сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. өз қаражатының жеткiлiксiздiгi бұдан да iрi жобаларды iске асыруға және кәсiпорынды қайта қалпына келтiруге мүмкiндiк бермеуде.
      Павлодар облысында 7507 жұмысшылары бар 294 құрылыс ұйымдары жұмыс iстеуде. Жұмыс iстейтiндер  саны 200-ден асатын 6 кәсiпорын бар ("Ремстрой" ЖШС - 433 адам, "құрылыс" МҚБ ЖШС - 217 адам, "Иртыштрансстрой" қауымдығы - 500 адам, "Павлодар стройпуть" ЖШС -250 адам, "Промжилстройкомплекс" ЖШС - 200 адам, "Павлодарэнергострой" ЖШС - 300 адам).
      Павлодар облысында тұрғын үй-азаматтық құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын, топографо-геодезиялық және iздестiру жұмыстарын әзiрлейтiн 6 мамандандырылған жобалау институты бар:
      100 адамға дейiн мамандары бар, "Павлодаргражданпроект" ЖШС - 2003 жылы атқарылған жұмыс көлемi - 22 млн. теңге, 2004 жылға жоспарланған көлем -20 млн. теңге;
      30 адамға дейiн мамандары бар, "Павлодарэнегопроект" ЖШС -  2003 жылы атқарылған жұмыс көлемi - 80 млн. теңге, 2004 жылға жоспарланған  көлем - 92 млн. теңге;
      31 адамға дейiн мамандары бар"Ай-Су" концернi ЖШС - 2003 жылы институт атқарған жұмыс көлемi - 41 млн. теңге, 2004 жылға жоспарланған көлем - 14 млн. теңге;
      "Изыскатель" ЖШС - 2003 жылы институт атқарған жұмыс көлемi - 5 млн. теңге, 2004 жылға жоспарланған   көлем - 7 млн. теңге.
      "Изыскатель" ӨК - 2003 жылы институт атқарған жұмыс көлемi - 8 млн. теңге, 2004 жылға жоспарланған   көлем - 10 млн. теңге.
      "Восток ГИИЗ" фирмасы ЖШС - 2003 жылы институт атқарған жұмыс көлемi - 3 млн. теңге, 2004 жылға жоспарланған  көлем - 1,5 млн. теңге.
      Облыс аумағында әртүрлi меншiк нысанындағы құрылыс индустриясының 30-дан астам кәсiпорындары жұмыс iстеуде. Соның iшiнде:
      үстiмiздегi жылы "құрылыс материалдар заводы" бiрлестiгi" ЖШС жылына көлемi 12,3 млн. дана силикат кiрпiшiн шығаруды жоспарлап отыр, келешекте, жылына көлемi 20 млн. дана силикат кiрпiшiн шығаруға арналған завод қуатын ұлғайту көзделуде;
      "Огнеупор-Керамик" ЖШС жылына көлемi 8-10 млн. дана  кiрпiш шығарарлық қуаты бар;
      өткен  жылы Екiбастұз ("Ремстрой" ЖШС) қаласында жылына өнiмдiлiгi 5 млн. дана  шығаратын шағын кiрпiш заводы iске қосылды;
      "Атамұра" ЖСШ, "ПВ Агропромстрой" ЖШС ТББ заводы, "Железобетон" ЖШС, "Завод ТББ и К" ЖШС, "Темир Бетон" ЖШС құрылыс объектiлерiн темiрбетон бұйымдарымен қамтамасыз етумен айналасуда;
      "Имстальком" ААқ Павлодар қаласындағы "Энергострой" трестiнiң ТББ  негiзiнде құрама темiрбетон шығаруды жоспарлап отыр.
      2003 жылы көлемi 107,0 мың текше метр товарбетон және 12,6 мың текше метр құрама темiрбетоны шығарылды.
      2004-2005 жылдары (тапсырыс пен қаржыландыру болса), құрылыс индустриясының кәсiпорындары товар бетоны мен құрама темiрбетон шығаруды  2 есеге арттыратын болады.
      "Кастинг" ЖШС ПФ-да сортталған прокат шығаруда жергiлiктi жерде даярланған қауырт арматураны қолдана отырып темiрбетон бұйымдарын шығаруды ұйымдастыруға мүмкiндiк жасауда. Жақын арада  диаметрi 12, 14, 16, 20 мм. және ұзындығы -12 метрге шейiн арматуралық салаларды төсеу үшiн "300" үзiлiссiз ұсақ сұрыпты станды iске қосу жоспарлануда.
      Құрылыс объектiлерi инерттi материалдарымен (құм, шағынтас), ағаш, темiрпластикалық бұйымдармен толық көлемде қамтамасыз етiлген.
      "Таныбердi" фирмасы ЖШС iшкi айыру үшiн   көлемi 300 мың метр диаметрi 15-160 мм.-ге  дейiн  полипропилен  және қуаты 50 мың тонна диаметрi 15-180 мм.-ге  дейiнгi трубалар шығарады.
      "Казэнергокабель" ААқ қоғамы тұрғын үй - азаматтық нысандағы объектiлерi үшiн сым өнiмдерiн толық көлемде шығарады.
      Құрылыс кешенiне қажеттi электродтарды мына кәсiпорындар шығарады:
      "Арнайы электродтар заводы" - айына жобалық қуаты 140-150 тонна электрод, нарық сұранысы артқан жағдайда шығару көлемiн айына 300-350 тоннаға дейiн арттыруға болады.
      "Вторчермет" АҚ- жобалық қуаты айына 300 тонна, 2003 жылы 60 тонна электрод өнiмдер шығарылды.
      Дайындық мерзiмiнде (2004 жыл) тұрғын үй салу мақсатында мынадай iс-шараларды орындау  жоспарланып отыр:
      1-шi және 1А Усолка шағын ауданында тұрғын үй салу көлемi 160-165 мың шаршы метр 1100 орындық екi мектеп және 420 орындық бала бақша, 200 адам келетiн поликлиника және  өрт сөндiру депосы ЖҚД-ың  бағасы -16,9 млн.теңге тұратын кұрылыстарының егжей-тегжейлi жобаларын әзiрлеу;
      бағасы 14,0 млн. теңге тұратын Усолка шағын ауданы құрылысының бас жоспарының жобалау-сметалық құжаттарын әзiрлеу;
      Президенттiң 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына жасаған 2005 жылға арналған "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi  халық үшiн!" Жолдауының талаптарына сәйкес, тұрғын үй көлемiн әр бiр жанұяға 80 шаршы метрге дейiн ұлғайту жобаларының бiрнеше түрiн әзiрлеу (жобалау бағасы 10 млн. теңге).
      ипотекалық кредит беру тетiгi есебiнде 1 Усолка шағын ауданында жалпы алаңы 38,7 мың шаршы метр N 7,  тұрғын үйдi және N N 8, 9, 10, 29  үйлер құрылысын, салып бiтiру жоспарланып отыр, осы үшiн квартал iшiндегi инженерлiк коммуникациялар салу қажет;
      1100 орындық  мектептiң ( 19,2 млн. теңге тұратын ) тұратын, 420 орындық мектептiң (14 млн. теңге) және теңге 330 орындық (10,5 млн.). бала бақшаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, ЖСҚ құны - 43,7 млн. теңге.
      Усолка шағын ауданын Павлодар қаласының орталық бөлiгiне тура шығуға мүмкiндiк беретiн - академик Сәтбаев атындағы - Амангелдi - Майра көшелерiнiң ұзындығы 1,7 км. - автожолын салу үшiн  жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, ЖСҚ құны - 5,7 млн. теңге, автожол құрылысының құны - 153 млн. теңге.
      200 келушiге арналған поликлиниканы салу үшiн жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, ЖСҚ құны - 14,7 млн. теңге.
      1-шi және 1А Усолка шағын аудандарының бойымен жағалауды бекiту жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, ЖСҚ құны - 10,5 млн. теңге.
      Тұрғын үй салу бойынша  2005 жылы салынатын тұрғын үйлер көлемiнiң 30 %-нан кем емес тысқары iстi қамтамасыз ету.
      Дайындық мерзiмiнде (2004 жылы) - республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатымен ипотекалық кредит беру жүйесiнiң есебiнен 45,2  мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.
      Жергiлiктi бюджет есебiнен квартал iшiндегi құны 32,7 млн. теңге тұратын инженерлiк коммуникациялар (суторабы, жылуторабы, кәрiз, электр желiсi) салынатын болады.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

       Бағдарламаның мақсаттары:
      облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      жергiлiктi ресурстық әлеуетiн пайдалану негiзiнде аумақтың құрылыс индустриясын дамыту, жазғы демалыс кезеңінде студенттер құрылыс отрядтарын тарту; <*>
      тұрғын үй қорына күрделi жөндеу жұмысын жүргiзу;
      иесiз, ескi және қираған құрылыстарды бұзу;
      Бағдарламаның мiндеттерi:
      ипотекалық несие беру және тұрғын үй-құрылыс жинақ ақша жүйесi арқылы тұрғын үйлер салу;
      құрылыс саласын дамытуға инвестициялар жұмылдыру;
      құрылыс кешенiнiң жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарында қайта қалпына келтiруден және қайта жабдықтаудан өткiзу;
      құрылыс индустриясының бәсекеге жарамды құрылыс материалдарын шығаратын  жаңа  кәсiпорындарын  ұйымдастыруға  бағытталған бизнес-жобаларды қаржыландыру жөнiнде кәсiпорындарға  мемлекеттiк қолдау жасау;
      облыстың тұрғын үй қорын құрылыстық және санитарлық нормалар талаптарына жауап беретiндей техникалық жөнделген қалыпқа келтiру.
      Ескерту. 4 бөлімге өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 42/11 шешімімен .

  5. Бағдарламаны iске асырудың
негiзгi бағыттары мен тетiгi

      Мыналар:
      облыс тұрғындары көпшiлiгiнiң тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      толық инженерлiк инфрақұрылым жиынымен бiрге бос орындарға көп қабатты тұрғын үй-құрылысын орналастыру;
      ипотекалық кредит беру және тұрғын үй-құрылысы жинақ ақша жүйесi арқылы тұрғын үйлер салу;
      тұрғын халықтың әлеуметтiк қорғалуға жататын тобын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн салынып бiтпеген тұрғын үйлердiң құрылыстарын аяқтау;
      1-шi және 1А Усолка шағын ауданының кешендi құрылысы;
      құрылыс кешенi кәсiпорындарын қайта қалпына келтiру және техникалық қайта жабдықтау;
      жаңа технологияны енгiзу және жоғары сапалы құрылыс материалдарын шығару;
      минералды-шикiзат базасын және құрылыс кешенi кәсiпорындарын қолдау жүйесiн дамыту Бағдарламаны iске асыру барысындағы негiзгi бағыттар болып табылады.
      2005-2007 жылдары тұрғын үй және өнеркәсiптiк  құрылыстың жоспарланған көлемiн қамтамасыз ету үшiн құрылыс материалдарын шығаратын кәсiпорындарында жаңғырту, қайта қалпына келтiру және жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргiзiлетiн болады. Шығарылатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту - құмблок және шлакоблок өндiрiсiн игеру жоспарланып отыр. 2005 жылы "құрылыс материалдар заводы" бiрлестiгi" ЖШС-те қайта жаңғыртудан кейiн  силикат кiрпiшiн шығаруды жылына 20,0 млн. данаға жеткiзу жоспарланып отыр.
      2006 жылы "Керамика-огнеупор" ЖШС-те iшi бос керамика кiрпiшi өндiрiсiн шикiзатпен жыл бойы қамтамасыз ететiн шихтозапасник (кiрпiш балшығының қоймасы) салынады және ол жылына 8-10 млн. дана шартты кiрпiш шығаруға мүмкiндiк бередi.
      Екiбастұз қаласындағы жобалық қуаты жылына 5 млн. дана кiрпiш шығаратын қайтадан iске қосылған  шағын кiрпiш заводында ("Ремстрой" ЖШС) бетон тасын (кiрпiш) және құмблок шығару үстiмiздегi жылы 2,0 млн. данаға дейiн ұлғаятын болды, 2006 жылы жобалық қуатына жетедi. қолданып отырған технология құрылыс өнiмiнiң кең тiзiмiн - тротуар плиткасын, қаптама материалдар және басқа өнiмдер өндiруге мүмкiндiк бередi.
      Үстiмiздегi жылы "МНУ" ЖШС Екiбастұз қаласында жылына 1,4 млн. дана кiрпiшiн, құмблоктар және құрылыс материалдарының басқа түрлерiн даярлайтын технологиялық линиясын iске қосуды жоспарлап отыр.
      Өндiрiске алдыңғы қатарлы технология және бәсекеге жарамды құрылыс өнiмдерiн шығаруда көмек көрсетiлетiн болады.
      Жылына қуаты 10 мың текше метр "Павлодар ағаш өңдеу заводы" ЖШС-те, желiмдеп құрастырылған  терезе тақтайшалары және евротерезелер өндiрiсi ұйымдастырылатын болады. Елiмiздегi бiрiншi iрi сериялы желiмдеген ағаш экспортына бағдарланған желiмдеген ағаш өндiрiсiн iске қосу үшiн заводта жеке меншiк өндiрiстiк және шикiзат базасы бар.
      Құрылыс индустриясы кәсiпорындарында халықаралық стандарттар мен сапа жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды жандандыруда.
      Кәсiпорындар шығарған құрылыс өнiмдерiнiң облыстық, аймақаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, тұсаукесерлерiне қатысуын  ұйымдастыру және реттеу жолымен iшкi және сыртқы нарықта жылжытылуына көмек көрсетiлетiн болады.
      2005 жылы 1-шi Усолка шағын ауданында бұдан әрi кешендi құрылыс салу  жоспарлануда:
      45,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу (Жамбыл-Амангелдiдегi N N 7, 11, 8, 9, 10, 29, тұрғын үйлерi), соның iшiнде:
      ипотекалық несие мен жинақ ақша есебiнен - алаңы 37,1 мың шаршы метр көп қабаты тұрғын үй;
      8,1 мың шаршы метр - коммуналдық үйлер;
      құны 800 млн теңге 1100 оқушыға арналған мектеп салу.
      Усолка шағын ауданын Павлодар қаласының орталығымен байланыстыратын ұзындығы 1,7 километр академик Сәтбаев - Амангелдi - Майра автожолын салу жоспарланып отыр.
      2005 жылы барлығы республикалық бюджет және ипотекалық несие жүйесi есебiнен алаңы 45,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
      2006 жылы 45,2 мың шаршы метр тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр, соның iшiнде:
      ипотекалық кредит және тұрғын үй жинақ есебiнен 37,1 мың шаршы метр;
      8,1 мың шаршы метр - коммуналдық тұрғын үй;
      құны 410 млн теңге 420 оқушыға арналған мектеп.
      2006 жылы барлығы республикалық бюджет және ипотекалық несие жүйесi есебiнен алаңы 45,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
      2007 жылы 45,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр, соның iшiнде:
      ипотекалық кредит және тұрғын үй жинақ есебiнен 37,1 мың шаршы метр;
      8,1 мың шаршы метр - коммуналдық тұрғын үй;
      құны 117 млн теңге 200 келушiге арналған поликлиника;
      құны 250 млн теңге 330 орындық N 57 бала бақша.
      2007 жылы барлығы республикалық бюджет және ипотекалық несие жүйесi есебiнен алаңы 45,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

  6. Қажеттi Бағдарламаны қаржыландыру ресурстар және көздерi

       Республикалық және жергiлiктi бюджеттер, ипотекалық несие беру, тұрғын үй-құрылыс жинақ ақшалары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi Бағдарламаны қаржыландыру көздерi болып табылады.
      Облыстың құрылыс индустриясына капиталды жұмылдыру әртүрлi нысандарда, соның iшiнде лизинг түрiнде, бiрлескен кәсiпорындар құру және басқадай  жүзеге асырылады.
      2005 жыл:
      республикалық бюджет - 2197,75 млн. теңге:
      жергiлiктi бюджет - 310 млн. теңге.
      2006 жыл:
      республикалық бюджет - 2197,75 млн. теңге:
      жергiлiктi бюджет - 320 млн. теңге.
      2007 жыл:
      республикалық бюджет - 1265 млн. теңге:
      жергiлiктi бюджет - 350 млн. теңге.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру  нәтижесiнде:
     жыл сайын пайдалануға берiлетiн тұрғын үй саны өсiп отырған жағдайда үш жыл iшiнде жалпы көлемi 359 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынатын болады;
      азаматтардың тұрғын үйде тұруының қауіпсiздiгiн көтередi;
      тұрғын үй қорының ыңғайлылығы жақсарады;
      қаланың сәулеттiк көркi жақсарады;
      алғашқы тұрғын үй нарығы одан әрi дамып, инвестициялық процесстер жандана түседi;
      құрылыс индустриясы базасы мен құрылыс материалдары өнiмiн шығару дамып, шеттен құрылыс өнiмдерiн әкелу төмендейдi;
      құрылыс жұмыстарынан, жылжымайтын мүлiктен, құрылыс саласы жұмыскерлерiнен бюджетке түсетiн салық түсiмi өседi;
      өндiрiсте құрылыс өнiмдерiн, электротехникалық, металлургия мен химия өндiрiсiнде, сонымен бiрге жаңа құрылысқа қажет өнiмдерiн шығаруды ұлғайту арқасында қатарлас салаларда мультипликативтiк тиiмдiлiк тосылады.

8. Облыстағы құрылыс индустриясы мен тұрғын-үй құрылысын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары <*>

      Ескерту. 8 бөлім жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 42/11 шешімімен .

1

2

3

4

5

6

7

N
р/с

Iс-шаралар

Аяқтау
нысаны

Орында-
луына
жауапты-
лар

Орын-
дау
мерзi-
мi

Болжам-
д ы
шығыс-
тар
(млн.
теңге)

Қаржылан-
дыру
көздерi

1

Құрылыс салу
ауданын
егжей-тегжей-
лi жоспарлау
жобаларын
әзiрлеудi
және келiсудi
аяқтау

Егжей-
тегжейлi
жоспарлау
жобаларын
белгiлеген
тәртiпте
бекiту

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс
департа-
ментi

2005
жыл
бойы

28,9

Жергiлiктi
бюджет

2

Тұрғын үйле-
рiн, инженер-
лiк инфрақұры
лым объектi-
лерiнiң жоба-
лау-сметалық
құжаттамала-
рын әзiрлеу-
дi аяқтау

Жобалау-
сметалық
құжаттама-
ларды
белгiлеген
тәртiпте
бекiту

Павлодар
қаласының
әкiмi

2005
жыл
бойы

29,0

Жергiлiктi
бюджет

3

Тұрғын үй
қарқынын
арттыру
мақсатында
инженерлiк
желiлердiң,
коммуникация-
лардың,
жолдардың,
өткелдер мен
басқа да
құрылымдардың
құрылысын
алдын ала
салуды
қамтамасыз
ету

Облыс
әкiмiне
ақпарат

Павлодар
қаласының
әкiмi

2005
жыл
бойы

491,9

Республика
лық бюджет

4.

2005 жылға
тұрғын үй
көлемiнен
кем дегенде
30% коммунал
дық тұрғын
үйлердi
алдын ала
салуды қам-
тамасыз ету

Облыс
әкiмiне
ақпарат

Павлодар
қаласының
әкiмi

2004
жыл
бойы

539,0

Республика
лық бюджет

5.

8,1 мың
шаршы метр
коммуналдық
тұрғын үй
құрылысын
салу

Тұрғын
үйдi
пайдалану-
ға беру

Қалалар
мен
аудандар
әкiмдерi

2005
жыл
бойы

393,75

Республика
лық бюджет

6.

37,1 мың
шаршы метр
кредиттiк
тұрғын үй
құрылысын
салу

Тұрғын
үйдi
пайдалану-
ға беру

Павлодар
қаласының
әкiмi

2005
жыл
бойы

1 265,0

Республика
лық бюджет

7.

2006 жылға
тұрғын
көлемiнен кем
дегенде 30%
коммуналдық
тұрғын үйлер-
дi алдын
ала салуды
қамтамасыз
ету

Облыс
әкiмiне
ақпарат

Павлодар
қаласының
әкiмi

2005
жыл
бойы

539,0

Республика
лық бюджет

8.

8,1 мың
шаршы метр
коммуналдық
тұрғын үй
құрылысын
салу

Тұрғын
үйдi
пайдалану-
ға беру

Қалалар
мен
аудандар
әкiмдерi

2006
жыл
бойы

393,75

Республика
лық бюджет

9.

37,1 мың
шаршы метр
кредиттiк
тұрғын үй
құрылысын
салу

Тұрғын
үйдi
пайдалану-
ға беру

Павлодар
қаласының
әкiмi

2006
жыл
бойы

1 265,0

Республика
лық бюджет

10

2007 жылға
тұрғын үй
көлемiнен
кем дегенде
30%
коммуналдық
тұрғын
үйлердi
алдын ала
салуды
қамтамасыз
ету

Облыс
әкiмiне
ақпарат

Павлодар
қаласының
әкiмi

2006
жыл
бойы

539,0

Республика
лық бюджет

11

8,1 мың
шаршы метр
коммуналдық
тұрғын үй
құрылысын
салу

Тұрғын
үйдi
пайдалану-
ға беру

Қалалар
мен
аудандар
әкiмдерi

2007
жыл
бойы

393,75

Республика
лық бюджет

12

37,1 мың
шаршы метр
кредиттiк
тұрғын үй
құрылысын
салу

Тұрғын
үйдi
пайдалану-
ға беру

Павлодар
қаласының
әкiмi

2007
жыл
бойы

1 265,0

Республика
лық бюджет

13

Павлодар
қаласындағы
1078 орынға
арналған
мектептiң
құрылысы

Құрылысты
салу

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс,
бiлiм
департа-
менттерi

2005
жыл
бойы

150,0

Республика
лық бюджет

14

Павлодар
қаласындағы
1078 орынға
арналған
мектептiң
құрылысы

Мектептi
пайдалану-
ға беру

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс,
бiлiм
департа-
менттерi

2005
жыл
бойы

250,0

Республика
лық бюджет

15

Павлодар
қаласындағы
1078 орынға
арналған
мектептiң
құрылысы

Мектептi
пайдалану-
ға беру

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс,
бiлiм
департа-
менттерi

2007
жыл
бойы

400,0

Республика
лық бюджет

16

Павлодар
қаласындағы
ұзындығы 1,7
км академик
Сәтбаев-Аман
гелдi-Майра
көшелерi
бойындағы
автожол
құрылысы

Автожолды
пайдалану-
ға беру

Павлодар
қаласының
әкiмi

2005
жыл
бойы

220,0

Жергiлiктi
бюджет

17

Павлодар
қаласындағы
420 орынға
арналған
мектеп
құрылысы

Мектептi
пайдалану-
ға беру

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс,
бiлiм
департа-
менттерi

2006
жыл
бойы

410,0

Республика
лық бюджет

18

Павлодар
қаласындағы
330 орынға
арналған
балалар
бақшасының
құрылысы

Бала
бақшаны
пайдалану-
ға беру

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс,
бiлiм
департа-
менттерi

2007
жыл
бойы

250,0

Республика
лық бюджет

19

Кәсiпорындар
ға жұмыс
iстеп тұрған
өндiрiстердi
жаңғырту мен
қайта құрудан
өткiзу жөнiн-
де көмек
көрсету,
соның iшiнде:
қуаттылығы
жылына 20
млн. дана
силикат
кiрпiшiн
шығару
өндiрiсiн
техникалық
қайта жарақ-
тандыру;
темiрбетон
бұйымдарын,
кiрпiш пен
ұсақ
қабырғалық
блоктар
шығару
өндiрiсiн
қайта құру
және кеңейту

Өндiрiстер
дi жаңғыр-
ту

Облыс
кәсiпкер-
лiк және
өнеркәсiп
департа-
ментi

2005-
2007
жылдар
бойы


Кәсiпорын
дардың өз
қаражат-
тары мен
банктер
кредиттерi

20

Құрылыс индус
триясының
кәсiпорында-
рымен 9000
және 14000
сериялы ИСО
халықаралық
стандарттар
талабына
сәйкес сапа
менеджментi
жүйесiн
енгiзу
жөнiндегi
жұмысты
ұйымдастыру

Сертификат
тар алу

Облыс
кәсiпкер-
лiк және
өнеркәсiп
департа-
ментi

2005-
2007
жылдар
бойы


Кәсiпорын
дардың өз
қаражат-
тары мен
банктер
кредиттерi

21

Студенттiк
құрылыс
отрядтары
үшiн (СҚО)
жұмыс
қажеттiлiгi
мен көлемi-
нiң мониторин
гiн жүргiзу

Жұмыс
көлемiн
белгiлеу

Облыс
сәулет,
қала
құрылысы
және
құрылыс
департа-
ментi,
қалалар
мен
аудандар
әкiмдерi

2005-
2007
жылдар
бойы


Қаржылан-
дыруды
қажет
етпейдi

22

Студенттiк
құрылыс
отрядтарын
(СҚО) тұрғын
үй-азаматтық
бағыттағы
объектiлер
құрылысына
тарту

Шарттар
жасасу

Облыс
iшкi
саясат
департа-
ментi,
Павлодар
мемлдекет
тiк
универси-
тетiнiң
ректоры
(келiсiм
бойынша),
Павлодар
универси-
тетiнiң
ректоры
(келiсiм
бойынша)

2005-
2007
жылдар
бойы


Қаржылан-
дыруды
қажет
етпейдi

23

Жергiлiктi
құрылыс ма-
териалдары
кен орындарын
игеру жөнiн-
дегi жер қой-
науын пайда-
лануды игеру
құқығын алу
үшiн инвес-
тициялық бағ-
дарламаларға
конкурстар
және тiкелей
келiссөздер
өткiзу

Шарттар
жасау

Облыстық
кәсiпкер
лiк және
өнеркәсiп
департа-
ментi

2005-
2007
жылдар
бойы


Қаржылан-
дыруды
қажет
етпейдi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады