Облыс аумағындағы жылу қуатын өндіруді, беруді және бөлуді, қазандарды және қысым арқылы жұмыс істейтін құбырларды пайдалануды, өнеркәсіптік мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалануды лицензиялау мәселелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 10 тамыздағы N 20 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 10 қыркүйекте N 2708 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" N 2200 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы" N 296 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Облыс кәсіпкерлiк және өнеркәсiп департаментi облыс аумағындағы жылу қуатын өндiру, беру және бөлудi (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен), қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырлардың пайдалануды лицензиялайтын;
      облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстардың пайдалануды лицензиялайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар болып белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 6 шешімімен.
      2. Мыналар:
      1) қоса берiлген жылу қуатын өндiру, беру және бөлу (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен) құқығына лицензиялар беру тәртiбi;
      2) қоса берiлген қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалану құқығына лицензиялар беру тәртiбi;
      3) қоса берiлген өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану құқығына лицензиялар беру тәртiбi;
      4) алынып тасталды
      Ескерту. 2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталды - Павлодар облысы әкімінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 6 шешімімен.
      3. Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 17 ақпандағы "Жылу қуатын өндiрудi, берудi, және бөлудi лицензиялау тәртiбi туралы" N 49 шешiмiнiң (2000 жылғы 24 сәуiрдегi МТН 241) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмiнiң         
2004 жылғы 10 тамыздағы    
"Облыс аумағындағы жылу қуатын 
өндiрудi, берудi және бөлудi, 
қазандарды және қысым арқылы жұмыс
iстейтiн құбырларды пайдалануды,
өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары
және тұрмыстық газ баллондарының
құрамында қысым арқылы жұмыс  
iстейтiн ыдыстарды пайдалануды 
лицензиялау мәселелерi туралы" 
N 20 шешiмiмен бекiтiлдi    

Жылу қуатын өндiру, беру және бөлу
(жалпы белгiленген қуаты сағатына
100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен)
құқығына лицензиялар беру
тәртiбi

1. Жалпы ережелер

      1. Облыс аумағындағы жылу қуатын өндiру, беру және бөлу (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен) құқығына лицензиялар берудiң осы тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiбi) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" N 1895 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      2. Тәртiп облыс аумағындағы жылу қуатын өндiру, беру және бөлу (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен) құқығына лицензиялар берудiң тәртiбiн, сондай-ақ лицензия алушының бiлiктiлiк талаптарын орындауын бақылауды реттейдi.
      3. Тәртiпте мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) лицензия сатушы - жылу қуатын өндiру, беру және бөлу (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен) құқығына лицензиялар берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      2) лицензия алушы - салық төлеушi ретiнде тiркелген Тәртiпке сәйкес жылу қуатын өндiрудi, берудi және бөлудi (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен) жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      3) жылу қуатының көзi - бу шығаратын немесе ыстық су беретiн құрылғылар кешенi, ол қазандық агрегатынан және қосалқы жабдықтардан: газ және ауа құбырларынан; бу мен су өткiзетiн арматурасы бар құбырлардан; күшпен үрлеу және басқа құрылғылардан тұрады;
      4) жылу желiсi - орталықтандырылған жылу жабдықтауында жылу жiбергiштi (ыстық суды немесе буды) жеткiзуге және бөлуге арналған құрылғылар кешенi бар құбырлар желiсi;
      5) жылу тасушы - жылуды жақсы қыздырылған нәрседен онша қыздырылмаған нәрсеге жеткiзу үшiн пайдаланылатын қозғағыш күш;
      6) жылу қуатын өндiру - коммуналдық-тұрмыстық және технологиялық қажеттiлiктердi қамтамасыз ету үшiн жылу көзiнен жылу қуатын алу;
      7) жылу қуатын беру - жылу тасушының жылуды жылу қуатының көзiнен тұтынушыға дейiн жеткiзу.
      8) жылу қуатын бөлу - тұтынушыларды оларға белгiленген жылу тасушының түрiне және мөлшерiне сәйкес жылу қуатымен қамтамасыз ету.

2. Бiлiктiлiк талаптары

      4. Лицензия алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы "Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" N 556 қаулысымен бекiтiлген талаптардың негiзiнде дайындалды.
      5. Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
      1) қолданылып жүрген қуатпен жабдықтайтын жүйесiмен көрсеткiштер мен тәртiптер бойынша технологиялық сыйымдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердiң;
      2) жобалық құжаттамаға және қолданылып жүрген санитарлық және экологиялық мөлшерлерге, электрөртжарылу қауiпсiздiгiнiң талаптарына, қауiпсiздiк техникасының және техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес келетiн мамандандырылған ғимараттар мен инженерлiк құрылғылардың; технологиялық жабдықтардың, құралдар мен технологиялық жарақтардың; жылу қуатын есепке алу, бөлу және пайдалану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн;
      3) мыналарды:
      жабдықтарды, тетiктердi, айлабұйымдарды және жарақтарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      жедел-диспетчерлiк басқару және байланыс каналдарының;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылаудың;
      метрологиялық қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      4) мемлекеттiк қуат қадағалау органының тұжырымы және қуатпен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi белгiленген тәртiпте бекiтiлген нұсқаулықтар, жұмыс iстейтiн кәсiпорындар үшiн - өткiзiлетiн ағымдағы және күрделi жөндеу жұмыстарының кестесiнiң;
      5) шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланған жағдайда оны қатыстыруға берiлетiн лицензиялардың;
      6) техникалық басшылардың тиiстi бiлiм деңгейiне сәйкес келетiн және мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасының ережелерiн бiлулерiне бiлiктiлiк тексеруден өткен мамандардың болуын қамтиды.
      6. Белгiлi тәртiптегi аккредиттелген, мамандандырылған ұйымдар лицензия алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн тексередi және материалдарды дайындайды.
      7. Лицензия алушының техникалық басшылары мен мамандарының бiлiм деңгейлерi мен жұмыс тәжiрибелерi қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес келуi керек.
      8. Техникалық пайдалану және қауiпсiздiк ережелерiнiң бiлiмдерiн тексеру тәртiбiн мемлекеттiк қуат қадағалау органдары белгiлейдi.

3. Лицензияларды беру тәртiбi

      9. Өтiнiш берушi лицензиялар алу үшiн облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментiне мынадай құжаттар тапсырады:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) мемлекеттiк қуат қадағалау органының тұжырымы;
      4) лицензиялық ақының төленгендiгiн растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi. <*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 6 шешімімен.
      10. Құжаттардың бiрiншi басшының қолымен және өтiнiш иесiнiң мөрiмен расталған көшiрмелерi берiледi. Құжаттар күшiнiң мерзiмi, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктен және жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктен басқасы, берiлген күннен бастап үш айдан аспауы керек.
      11. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап қажеттi құжаттарымен кемiнде бiр айдың iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлер үшiн - кемiнде он күннiң iшiнде берiледi.
      12. Лицензияға лицензия берушiнiң басшысы немесе осыған уәкiлет берiлген адам қол қояды және лицензия берушiнiң мөрiмен расталады.
      13. Лицензия берушiнiң басшысы уәкiлеттiк еткен адам бет сандары қойылған, жiппен тiгiлген және лицензия берушiнiң мөрiмен бекiтiлген арнайы журналда лицензияларды есепке алады және тiркейдi.

4. Лицензия алуға рұқсат бермеу, оның күшiн қысқарту,
      қайтарып алу және тоқтату

      14. Мына жағдайларда:
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн нақты қызмет түрiн жүзеге асыруға тыйым салатын заң актiлерi болса;
      2) лицензия алуға талап етiлетiн құжаттардың толық саны берiлмесе. Өтiнiшi иесi осы жағдайларды жойса, лицензия берушi өтiнiштi жалпы негiздерде екiншi рет қарайды;
      3) өтiнiш иесi белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмесе;
      4) соттың өтiнiш иесiне қызметтiң белгiлi түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса;
      5) лицензиялық ақы төленбесе, лицензия берiлмейдi.
      15. Лицензия алуға қарсылық бiлдiрген жағдайда, өтiнiш иесiне лицензия беруге белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелденген жауап берiледi. Лицензия алуға қарсылық өтiнiш иесiне оның қолын қойғызып тапсырылады немесе пошта арқылы жiберiледi.
      16. Мына себептер бойынша:
      1) өтiнiш иесiне лицензияланатын қызмет жүргiзу құқығын беру орынды болмаса;
      2) сатылуына лицензия талап етiлетiн товарлар (жұмыстар, қызметтер түрлерi) нарығы мол болғанда;
      3) нарықта монополиялық жағдайды қамтамасыз еткенде;
      4) өтiнiш иесiнiң адами және iскерлiк қасиеттерi күмән тудырса, соның iшiнде бұрынғы сотталу себептерi, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға бұрын салынған тыйымдар, лицензиялардың бұрын алынып қоюы себептерi күмән тудырса, егер бұл тыйымдар мен қайтарып алулар өз күштерiн заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес жоғалтқан (өтелген) болса, лицензия алуға қарсылық бiлдiредi.
      17. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана лицензия өз күшiн тоқтатады.
      18. Лицензия күшiн тоқтатуымен байланысты даулар сотта шешiледi.
      19. Мына жағдайларда:
      1) лицензия алушы лицензияда қойылған талаптарды орындамаса;
      2) сот лицензия алушыға лицензия берiлген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салса;
      3) лицензия берушi лицензия күшiн тоқтатқан себептер жойылмаса, лицензия сот тәртiбiнде қайтарылып алынады.
      20. Лицензия алушының лицензияда қойылған талаптарды орындалмауы, лицензия берушi немесе энергетикалық және экологиялық сараптау органдары өткiзетiн тексерулер арқылы анықталады.
      21. Лицензия берушi лицензияның күшiн мына жағдайларда:
      1) заң немесе лицензиялау ережелерi бұзылса;
      2) өз құзырлары шеңберiнде лицензия берушiнiң талаптары орындалмаса;
      3) лицензия алушы қабiлетсiз болса себептерiн көрсетiп, лицензия күшiн алты айға дейiн тоқтата алады.
      22. Лицензия күшiн тоқтату туралы мәселе лицензия берушiнiң қатысуымен тексеру қорытындылары бойынша қаралады.
      23. Лицензия алушы қолын қойып немесе пошта арқылы (хабарламамен) лицензияның күшiн тоқтату туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орны туралы хабардар етiледi.
      24. Лицензия алушы келмеген жағдайда, лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмдi лицензия берушi лицензия алушының қатысуынсыз қабылдайды.
      25. Лицензия берушiнiң лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмi лицензия алушыға қолын қойғызып табыс етiледi немесе пошта арқылы (хабарламамен) жiберiледi.
      26. Лицензия алушы лицензия күшiн тоқтату себептерiн жойғаннан кейiн, лицензия қайтадан күшiне енедi, бұл туралы лицензия алушы қолын қойдырып немесе пошта арқылы хабардар етiледi.
      27. Лицензияның күшiне енуi туралы шешiмдi өткiзiлген тексеруден кейiн лицензия берушi қабылдайды.

5. Лицензияларды есепке алу
және лицензиялау қызметiн бақылау

      28. Лицензия берушi лицензияларды есепке алады және лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасайды.
      29. Лицензия алушының қызметiне заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк қуат қадағалау органдары және лицензия берушiге лицензияны қайтарып алуға өтiнiш жасау құқығы бар басқа да қадағалау органдары бақылау жасайды.
      30. Лицензия берушiнiң лицензия алушының заңнамамен белгiленген тәртiпте және жоғары атқарушы өкiмет органдарының жеке тапсырмалары (мысалы, қуат көздерiн күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындау және басқасы) бойынша лицензияларды беру шарттарының орындалуына бақылау жасау құқығы бар.

6. Лицензия алушының құқықтары мен мiндеттерi

      31. Лицензия алушының:
      1) лицензияның күшiн тоқтату, қысқарту және қайтарып алу мәселелерi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензия берушi осы материалдарды қарағанда қатысуға;
      2) сот тәртiбiнде:
      лицензия беруге қарсылық бiлдiру туралы шешiмге;
      лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмге шағым арыз беруге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      32. Лицензия алушы оның қызметiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

7. Лицензия алушының жауапкершiлiгi

      33. Өтiнiш иесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте лицензия алуға берген құжаттардың дұрыстығына жауапты.
      34. Лицензия алушы лицензиясыз қызмет жүргiзгенi үшiн заңнамамен белгiленген тәртiпте жауап бередi.
      Жылу қуатын тиiстi лицензиясыз сатудан түскен кiрiс, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайлардан басқа жағдайларда, тиiстi бюджетке алынады.

Облыс әкiмiнiң         
2004 жылғы 10 тамыздағы     
"Облыс аумағындағы жылу қуатын  
өндiрудi, берудi және бөлудi,  
қазандарды және қысым арқылы   
жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалануды,
өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары 
және тұрмыстық газ баллондарының  
құрамында қысым арқылы жұмыс    
iстейтiн ыдыстарды пайдалануды   
лицензиялау мәселелерi туралы"   
N 20 шешiмiмен бекiтiлдi      

Облыс аумағындағы қазандарды (жалпы
жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн)
және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды
пайдалану құқығына лицензиялар беру
тәртiбi

1. Жалпы ережелер

      1. Облыс аумағындағы қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалану құқығына лицензиялар берудiң осы тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiбi) Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы" N 296 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      2. Тәртiп облыс аумағындағы қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалану құқығына лицензиялар берудiң тәртiбiн, сондай-ақ лицензия алушының бiлiктiлiк талаптарын орындауын бақылауды реттейдi.
      3. Тәртiпте мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) лицензия сатушы - облыс аумағындағы қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалануды лицензиялауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      2) лицензия алушы - салық төлеушi ретiнде тiркелген, осы Тәртiпке сәйкес облыс аумағындағы қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      3) қазан - бу шығаратын немесе су беретiн атмосфералық қысымнан жоғары қысымды құрылғылар, оның құрамына: пеш, буды қайта қыздырғыш, экономайзер, ауақыздырғыш, қаңқа, қазанның құбырлары, қоршау, жылу оқшалауы, қаптама кiредi;
      4) қысым арқылы iстейтiн құбырлар - су буды немесе ыстық суды жеткiзу үшiн қызмет ететiн (0,7 кгс/см 2) 0,070МПа-дан жоғары жұмыс қысымды (қазаннан сырт) құбырлар.

2. Бiлiктiлiк талаптары

      4. Лицензия алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы "Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" N 556 қаулысымен бекiтiлген талаптардың негiзiнде дайындалды.
      5. Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
      1) еңбектi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк талаптарға сәйкес келетiн технологиялық реттеме және техникалық жобаның;
      2) өндiрiстiк-техникалық базаның: мамандырылған-өндiрiстiк ғимараттардың, инженерлiк құрылғылардың (машиналар, тетiктер, жабдығы, қазандар, ыдыстар);
      3) мыналарды:
      жабдықтарды, тетiктердi, айлабұйымдарды және жарақтарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;
      метрологиялық қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      4) өтiнiш иесiнiң қауiпсiздiк және еңбектi қорғау талаптарына, экологиялық нормаларға сәйкестiгiн растайтын тау-техникалық және экологиялық қадағалау органдарының тұжырымдарының;
      5) белгiленген тәртiптегi бекiтiлген объектiлердi пайдалану қауiпсiздiгi, өндiрiстiкте мүмкiн апаттардың жою жоспары жөнiндегi нұсқаулықтардың;
      6) шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланған жағдайда оны қатыстыруға берiлетiн лицензиялардың;
      7) техникалық басшылардың тиiстi бiлiм деңгейiне сәйкес келетiн және мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасының ережелерiн бiлулерiне бiлiктiлiк тексеруден өткен мамандардың болуын қамтиды.
      6. Белгiлi тәртiптегi аккредиттелген, мамандандырылған ұйымдар лицензия алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн тексередi және материалдарды дайындайды.
      7. Лицензия алушының техникалық басшылары мен мамандарының бiлiм деңгейлерi мен жұмыс тәжiрибелерi қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес келуi керек.
      8. Техникалық пайдалану және қауiпсiздiк ережелерiнiң бiлiмдерiн тексеру тәртiбiн тау-техникалық қадағалау органдары белгiлейдi.

3. Лицензияларды беру тәртiбi

      9. Өтiнiш берушi лицензиялар алу үшiн облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментiне мынадай құжаттар тапсырады:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы немесе жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) тау-техникалық қадағалау органының тұжырымы;
      4) экологиялық қадағалау органының тұжырымы;
      5) лицензиялық ақының төленгендiгiн растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi. <*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 6 шешімімен.
      10. Құжаттардың бiрiншi басшының қолымен және өтiнiш иесiнiң мөрiмен расталған көшiрмелерi берiледi. құжаттар күшiнiң мерзiмi, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктен немесе жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктен басқасы, берiлген күннен бастап үш айдан аспауы керек.
      11. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап қажеттi құжаттарымен кемiнде бiр айдың iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлер үшiн - кемiнде он күннiң iшiнде берiледi.
      12. Лицензияға лицензия берушiнiң басшысы немесе осыған уәкiлет берiлген адам қол қояды және лицензия берушiнiң мөрiмен расталады.
      13. Лицензия берушiнiң басшысы уәкiлеттiк еткен адам бет сандары қойылған, жiппен тiгiлген және лицензия берушiнiң мөрiмен бекiтiлген арнайы журналда лицензияларды есепке алады және тiркейдi.

4. Лицензия алуға рұқсат бермеу, оның күшiн қысқарту,
қайтарып алу және тоқтату

      14. Мына жағдайларда:
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн нақты қызмет түрiн жүзеге асыруға тыйым салатын заң актiлерi болса;
      2) лицензия алуға талап етiлетiн құжаттардың толық саны берiлмесе, өтiнiшi иесi осы жағдайларды жойса, лицензия берушi өтiнiштi жалпы негiздерде екiншi рет қарайды;
      3) өтiнiш иесi белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмесе;
      4) соттың өтiнiш иесiне қызметтiң белгiлi түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса;
      5) лицензиялық ақы төленбесе лицензия берiлмейдi.
      15. Лицензия алуға қарсылық бiлдiрген жағдайда, өтiнiш иесiне лицензия беруге белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелденген жауап берiледi. Лицензия алуға қарсылық өтiнiш иесiне оның қолын қойғызып тапсырылады немесе пошта арқылы (хабарламамен) жiберiледi.
      16. Мына себептер бойынша:
      1) өтiнiш иесiне лицензияланатын қызмет жүргiзу құқығын беру орынды болмаса;
      2) сатылуына лицензия талап етiлетiн товарлар (жұмыстар, қызметтер түрлерi) нарығы мол болғанда;
      3) нарықта монополиялық жағдайды қамтамасыз еткенде;
      4) өтiнiш иесiнiң адами және iскерлiк қасиеттерi күмән тудырса, соның iшiнде бұрынғы сотталу себептерi, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға бұрын салынған тыйымдар, лицензиялардың бұрын алынып қоюы себептерi күмән тудырса, егер бұл тыйымдар мен қайтарып алулар өз күштерiн заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес жоғалтқан (өтелген) болса, лицензия алуға қарсылық бiлдiредi.
      17. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда ғана лицензия өз күшiн тоқтатады.
      18. Лицензия күшiн тоқтатуымен байланысты даулар сотта шешiледi.
      19. Мына жағдайларда:
      1) лицензия алушы лицензияда қойылған талаптарды орындамаса;
      2) сот лицензия алушыға лицензия берiлген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салса;
      3) лицензия берушi лицензия күшiн тоқтатқан себептер жойылмаса, лицензия сот тәртiбiнде қайтарылып алынады.
      20. Лицензия алушының лицензияда қойылған талаптарды орындалмауы, лицензия берушi немесе энергетикалық және экологиялық сараптау органдары өткiзетiн тексерулер арқылы анықталады.
      21. Лицензия берушi лицензияның күшiн мына жағдайларда:
      1) заң немесе лицензиялау ережелерi бұзылса;
      2) өз құзырлары шеңберiнде лицензия берушiнiң талаптары орындалмаса;
      3) лицензия алушы қабiлетсiз болса себептерiн көрсетiп, лицензия күшiн алты айға дейiн тоқтата алады.
      22. Лицензия күшiн тоқтату туралы мәселе лицензия берушiнiң қатысуымен тексеру қорытындылары бойынша қаралады.
      23. Лицензия алушы қолын қойып немесе пошта арқылы (хабарламамен) лицензияның күшiн тоқтату туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орны туралы хабардар етiледi.
      24. Лицензия алушы келмеген жағдайда, лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмдi лицензия берушi лицензия алушының қатысуынсыз қабылдайды.
      25. Лицензия берушiнiң лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмi лицензия алушыға қолын қойғызып табыс етiледi немесе пошта арқылы (хабарламамен) жiберiледi.
      26. Лицензия алушы лицензия күшiн тоқтату себептерiн жойғаннан кейiн, лицензия қайтадан күшiне енедi, бұл туралы лицензия алушы қолын қойдырып немесе пошта арқылы хабардар етiледi.
      27. Лицензияның күшiне енуi туралы шешiмдi өткiзiлген тексеруден кейiн лицензия берушi қабылдайды.

5. Лицензияларды есепке алу және лицензиялау
қызметiн бақылау

      28. Лицензия берушi лицензияларды есепке алады және лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасайды.
      29. Лицензия алушының қызметiне заңнамамен белгiленген тәртiпте тау-техникалық, экологиялық қадағалау органдары және лицензия берушiге лицензияны қайтарып алуға өтiнiш жасау құқығы бар басқа да қадағалау органдары бақылау жасайды.
      30 Лицензия берушiнiң лицензия алушының заңнамамен белгiленген тәртiпте және жоғары атқарушы өкiмет органдарының жеке тапсырмалары (мысалы, қуат көздерiн күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындау және басқасы) бойынша лицензияларды беру шарттарының орындалуына бақылау жасау құқығы бар.

6. Лицензия алушының құқықтары мен мiндеттерi

      31. Лицензия алушының:
      1) лицензияның күшiн тоқтату, қысқарту және қайтарып алу мәселелерi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензия берушi осы материалдарды қарағанда қатысуға;
      2) сот тәртiбiнде:
      лицензия беруге қарсылық бiлдiру туралы шешiмге;
      лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмге шағым арыз беруге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      32. Лицензия алушы оның қызметiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

7. Лицензия алушының жауапкершiлiгi

      33. Өтiнiш иесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте лицензия алуға берген құжаттардың дұрыстығына жауапты.
      34. Лицензия алушы лицензиясыз қызмет жүргiзгенi үшiн заңнамамен белгiленген тәртiпте жауап бередi.
      Жылу қуатын тиiстi лицензиясыз сатудан түскен кiрiс, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайлардан басқа жағдайларда, тиiстi бюджетке алынады.

Облыс әкiмiнiң          
2004 жылғы 10 тамыздағы     
"Облыс аумағындағы жылу қуатын   
өндiрудi, берудi және бөлудi,   
қазандарды және қысым арқылы    
жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалануды,
өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары 
және тұрмыстық газ баллондарының   
құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн
ыдыстарды пайдалануды лицензиялау 
мәселелерi туралы" N 20 шешiмiмен 
бекiтiлдi              

Облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары
және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс
iстейтiн ыдыстарды пайдалану құқығына лицензиялар беру
тәртiбi

1. Жалпы ережелер

      1. Облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану құқығына лицензиялар берудiң осы тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiбi) Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы" N 296 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      2. Тәртiп облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану құқығына лицензиялар берудiң тәртiбiн, сондай-ақ лицензия алушының бiлiктiлiк талаптарын орындауын бақылауды реттейдi.
      3. Тәртiпте мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) лицензия сатушы - облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану лицензиялауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
      2) лицензия алушы - салық төлеушi ретiнде тiркелген және осы Тәртiпке сәйкес облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
      3) өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары - нақты мақсаты үшiн суықтың өндiрудi және таратуды қамтамасыз ететiн мұздатқыш жүйе, оның құрамына: сығымдағыш, конденсатор, ресивер, ауасалқындатқыш, ауабөлгiш, құбырлар және басқа құраушылар кiредi
      4) ыдыс - химикалық, жылу және басқа технологиялық үрдiстердi жүргiзуге, сондай-ақ газ тәрiздi, сұйық және басқа заттарды сақтау және жеткiзуге арналған герметикалық жабық сыйымдылық;
      5) баллон - шұраларды, ернемектердi, штуцердi орнату үшiн бiр немесе екi мойны бар, 0, 07 МПа-дан жоғары қысымымен сығылған, сұйылған немесе ерiткен газдарды жеткiзуге, сақталуға және пайдалануға арналған ыдыс.

2. Бiлiктiлiк талаптары

      4. Лицензия алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы "Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" N 556 қаулысымен бекiтiлген талаптардың негiзiнде дайындалды.
      5. Бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
      1) еңбектi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк талаптарға сәйкес келетiн технологиялық реттеме және техникалық жобаның;
      2) өндiрiстiк - техникалық база: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттар, инженерлiк құрылғылардың (машиналар, тетiктер, жабдықтар, ыдыстар)
      3) өртжарылу қауiпсiздiк, улы күштi әсер ететiн заттарды және өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған қоймалардың, бөлмелердiң, сыймдылықтардың;
      4) мыналарды:
      жабдықтарды, тетiктердi, айлабұйымдарды және жарақтарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      баллондарды, айлабұйымдарды және оларды жөндеу жөнiндегi жарақтарды (куәландыру, баллондарының бояуы және т.б.) пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      қысым арқылы жұмыс iстейтiн (өзiне меншiктi апаттық қызмет немесе апаттық қызметiнен шарттың болуы), ыдыстарды пайдалану жөнiндегi шаруашылық субъектiнiң апатсыз жұмысты;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды және қоршаған ортаның қорғауды;
      метрологиялық қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      5) өтiнiш иесiнiң қауiпсiздiк және еңбектi қорғау талаптарына, экологиялық нормаларға сәйкестiгiн растайтын тау-техникалық және экологиялық қадағалау органдарының тұжырымдарының;
      6) объектiлердiң қауiпсiз пайдалану, өндiрiстiкте мүмкiн апаттардың жою жоспары жөнiндегi белгiленген тәртiптегi бекiтiлген нұсқаулықтардың;
      7) әрекеттенетiн шаруашылық субъектiлер үшiн белгiленген тәртiптегi бекiтiлген нұсқаулықтар, ыдыстарды және құбырларды техникалық куәландыру, негiзгi технологиялық жабдықтың ағымды және күрделi жөндеулер кестелерiнiң;
      8) шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланған жағдайда оны қатыстыруға берiлетiн лицензиялардың;
      9) техникалық басшылардың тиiстi бiлiм деңгейiне сәйкес келетiн және мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасының ережелерiн бiлулерiне бiлiктiлiк тексеруден өткен мамандардың болуын қамтиды.
      6. Белгiлi тәртiптегi аккредиттелген, мамандандырылған ұйымдар лицензия алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн тексередi және материалдарды дайындайды.
      7. Лицензия алушының техникалық басшылары мен мамандарының бiлiм деңгейлерi мен жұмыс тәжiрибелерi қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес келуi керек.
      8. Техникалық пайдалану және қауiпсiздiк ережелерiнiң бiлiмдерiн тексеру тәртiбiн тау-техникалық қадағалау органдары белгiлейдi.

3. Лицензияларды беру тәртiбi

      9. Өтiнiш берушi лицензиялар алу үшiн облыс облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментiне мынадай құжаттар тапсырады:
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы немесе жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) тау-техникалық органының тұжырымы;
      4) экологиялық қадағалау органының тұжырымы;
      5) лицензиялық ақының төленгендiгiн растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi. <*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 6 шешімімен.
         10. Құжаттардың бiрiншi басшының қолымен және өтiнiш иесiнiң мөрiмен расталған көшiрмелерi берiледi. Құжаттар күшiнiң мерзiмi, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктен және жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктен басқасы, берiлген күннен бастап үш айдан аспауы керек.
      11. Лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап қажеттi құжаттарымен кемiнде бiр айдың iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлер үшiн - кемiнде он күннiң iшiнде берiледi.
      12. Лицензияға лицензия берушiнiң басшысы немесе осыған уәкiлет берiлген адам қол қояды және лицензия берушiнiң мөрiмен расталады.
      13. Лицензия берушiнiң басшысы уәкiлеттiк еткен адам бет сандары қойылған, жiппен тiгiлген және лицензия берушiнiң мөрiмен бекiтiлген арнайы журналда лицензияларды есепке алады және тiркейдi.

4. Лицензия алуға рұқсат бермеу, оның күшiн қысқарту,
қайтарып алу және тоқтату

      14. Мына жағдайларда:
      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн нақты қызмет түрiн жүзеге асыруға тыйым салатын заң актiлерi болса;
      2) лицензия алуға талап етiлетiн құжаттардың толық саны берiлмесе. Өтiнiшi иесi осы жағдайларды жойса, лицензия берушi өтiнiштi жалпы негiздерде екiншi рет қарайды;
      3) өтiнiш иесi белгiленген бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмесе;
      4) соттың өтiнiш иесiне қызметтiң белгiлi түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса;
      5) лицензиялық ақы төленбесе, лицензия берiлмейдi.
      15. Лицензия алуға қарсылық бiлдiрген жағдайда, өтiнiш иесiне лицензия беруге белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелденген жауап берiледi. Лицензия алуға қарсылық өтiнiш иесiне оның қолын қойғызып тапсырылады немесе пошта арқылы (хабарламамен) жiберiледi.
      16. Мына себептер бойынша:
      1) өтiнiш иесiне лицензияланатын қызмет жүргiзу құқығын беру орынды болмаса;
      2) сатылуына лицензия талап етiлетiн товарлар (жұмыстар, қызметтер түрлерi) нарығы мол болғанда;
      3) нарықта монополиялық жағдайды қамтамасыз еткенде;
      4) өтiнiш иесiнiң адами және iскерлiк қасиеттерi күмән тудырса, соның iшiнде бұрынғы сотталу себептерi, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға бұрын салынған тыйымдар, лицензиялардың бұрын алынып қоюы себептерi күмән тудырса, егер бұл тыйымдар мен қайтарып алулар өз күштерiн заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес жоғалтқан (өтелген) болса, лицензия алуға қарсылық бiлдiредi.
      17. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайда ғана лицензия өз күшiн тоқтатады.
      18. Лицензия күшiн тоқтатуымен байланысты даулар сотта шешiледi.
      19. Мына жағдайларда:
      1) лицензия алушы лицензияда қойылған талаптарды орындамаса;
      2) сот лицензия алушыға лицензия берiлген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салса;
      3) лицензия берушi лицензия күшiн тоқтатқан себептер жойылмаса, лицензия сот тәртiбiнде қайтарылып алынады.
      20. Лицензия  алушының  лицензияда  қойылған талаптарды орындалмауы, лицензия берушi немесе энергетикалық және экологиялық сараптау органдары өткiзетiн тексерулер арқылы анықталады.
      21. Лицензия берушi лицензияның күшiн мына жағдайларда:
      1) заң немесе лицензиялау ережелерi бұзылса;
      2) өз құзырлары шеңберiнде лицензия берушiнiң талаптары орындалмаса;
      3) лицензия алушы қабiлетсiз болса, себептерiн көрсетiп, лицензия күшiн алты айға дейiн тоқтата алады.
      22. Лицензия күшiн тоқтату туралы мәселе лицензия берушiнiң қатысуымен тексеру қорытындылары бойынша қаралады.
      23. Лицензия алушы қолын қойып немесе пошта арқылы (хабарламамен) лицензияның күшiн тоқтату туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орны туралы хабардар етiледi.
      24 Лицензия алушы келмеген жағдайда, лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмдi лицензия берушi лицензия алушының қатысуынсыз қабылдайды.
      25. Лицензия берушiнiң лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмi лицензия алушыға қолын қойғызып табыс етiледi немесе пошта арқылы (хабарламамен) жiберiледi.
      26. Лицензия алушы лицензия күшiн тоқтату себептерiн жойғаннан кейiн, лицензия қайтадан күшiне енедi, бұл туралы лицензия алушы қолын қойдырып немесе пошта арқылы хабардар етiледi.
      27. Лицензияның күшiне ену туралы шешiмдi өткiзiлген тексеруден кейiн лицензия берушi қабылдайды.

5. Лицензияларды есепке алу
және лицензиялау қызметiн бақылау

      28. Лицензия берушi лицензияларды есепке алады және  лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасайды.
      29. Лицензия алушының қызметiне заңнамамен белгiленген тәртiпте тау-техникалық, экологиялық қадағалау органдары және лицензия берушiге лицензияны қайтарып алуға өтiнiш жасау құқығы бар басқа да қадағалау органдары бақылау жасайды.
      30 Лицензия берушiнiң лицензия алушының заңнамамен белгiленген тәртiпте лицензияларды беру шарттарының орындауына бақылау жасау құқығы бар.

6. Лицензия алушының құқықтары мен мiндеттерi

      31. Лицензия алушының:
      1) лицензияның күшiн тоқтату, қысқарту және қайтарып алу мәселелерi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензия берушi осы материалдарды қарағанда қатысуға;
      2) сот тәртiбiнде:
      лицензия беруге қарсылық бiлдiру туралы шешiмге;
      лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмге шағым арыз беруге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      32. Лицензия алушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және басқа да заңдарды сақтауға мiндеттi.

7. Лицензия алушының жауапкершiлiгi

      33. Өтiнiш иесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте лицензия алуға берген құжаттардың дұрыстығына жауапты.
      34.Лицензия алушы лицензиясыз қызмет жүргiзгенi үшiн заңнамамен белгiленген тәртiпте жауап бередi.
      Жылу қуатын тиiстi лицензиясыз сатудан түскен кiрiс, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайлардан басқа жағдайларда, тиiстi бюджетке алынады.

Облыс әкiмiнiң         
2004 жылғы 10 тамыздағы    
"Облыс аумағындағы жылу қуатын 
өндiрудi, берудi және бөлудi, 
қазандарды және қысым арқылы жұмыс
iстейтiн құбырларды пайдалануды,
өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары
және тұрмыстық газ баллондарының
құрамында, қысым арқылы жұмыс 
iстейтiн ыдыстарды пайдалануды 
лицензиялау мәселелерi туралы"
N 20 шешiмiне        
қосымша           

МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ

____________________________________________________ __берiлдi
      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

______________________________________________________________

Қызметiнiң түрi ______________________________________________
                          (қызмет түрiнiң атауы)______________________________________________________________
елдi мекеннiң, қаланың, ауданның, ұйымының немесе кәсiпорынның атауы)

Лицензия әрекетiнiң ерекше шарттары  _________________________

Бөлiмшелер, өкiлдiктер________________________________________

______________________________________________________________

Лицензияны берген орган - Павлодар облысының коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi

Облыс коммуналдық шаруашылық,
көлiк және коммуникациялар
департаментiнiң бастығы   _________________  В.Постников 
                               (қолы)

Лицензияның берiлген күнi
Лицензияның нөмiрi
Павлодар қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады