Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған, II сессия) "2004-2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды-инновациялық дамуының бағдарламасы" N 166/2 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 21 қазандағы N 69/8 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 7 қарашада N 2788 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған, II сессия) "2004-2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды- инновациялық дамуының бағдарламасы туралы" N 166/2  шешiмiне (облыс әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 20 қаңтарда 2214 нөмiр арқылы тiркелген, "Сарыарқа Самалы" газетiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы 17 нөмiрiнде, "Звезда Приртышья" газетiнiң 2004 жылғы 7 ақпандағы 16 нөмiрiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      2004-2006 жылдарға арналған облыстың индустриалды- инновациялық дамуының бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "Инвестициялық қызметтi дамыту" 1 тарауы реттiк саны 15-1 мынадай мазмұндағы жолмен  толықтырылсын:

1.

Кластерлердi ұйымдастыру мүмкiндiктердi айқындау бойынша ұсыныстарды даярлау

Облыс әкiмiне есеп беру

Облыс экономика,  индустрия  мен сауда, ауыл шаруашылық департаменттерi

2004 ж.  IV тоқсан

Қаржыландыру талап етiлмейдi

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы                            А. Гуськов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады