Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Лeбяжі аудандық әкімиятының 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 24/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 3 наурызда N 2322 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 07 тамыздағы N 125/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009.08.07 N 125/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" N 149-II Заңдарын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру Ережелерi, тұрғындарды мақсатты тобының құрамына кiретiн азаматтар тiзiмi бекiтiлсiн.
      2. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту бөлiмi:
      1) ауданның кәсiпорындары мен ұйымдарымен тұрғындарды мақсатты тобындағы жұмыссыздары үшiн 90 әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн келiсiм-шарт жасасын;
      2) ауданның кәсiпорындары мен ұйымдарымен әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiндегi келiсiм-шарт жасауды олардың тапсырысы негiзiнде жүргiзсiн;
      3) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруға икемдi кәсiпорындар мен ұйымдар, шаруа қожалықтарының тiзiмiн анықтасын.
      3. Аудандық қаржы бөлiмi бекiтiлген қаражат шеңберiнде аудандық бюджеттен әлеуметтiк жұмыс орындарының уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.О.Сағандыковқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Н.Әшiмбетов

Лебяжi аудандық әкiмдiгiнiң 
2004 жылғы 29 қаңтардағы  
"Жұмыспен қамту саласында  
азаматтарды әлеуметтiк қорғау
бойынша қосымша шаралар туралы"
N 24/2 қаулысымен бекiтiлдi 

Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру
ҚАҒИДА 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида жұмыссыз азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру қағидаларын анықтайды және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншiк түрiне қарамастан) есептiк жүйе мен негiзгi талаптарын реттейдi.
      2. Осы ережелерде қолданылатын негiзгi түсiнiктер:
      әлеуметтiк жұмыс орны - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қабылданған жұмыскерлердiң еңбекақысын төлеуге жұмыс берушiнiң шығының бөлшектеп өтеумен жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелген тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыз азаматтар үшiн жұмыс берушiлермен берiлетiн немесе ұйымдастырылатын жұмыс орны.
      3. Мақсатты топтар-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" N 149-II Заңымен белгiленген жұмысқа орналасуда қиындықтар көретiн және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн азаматтар тобы.
      Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмыссыздар Қазақстан Республикасының еңбек, сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамалық актiлер негiзiнде қабылданады.
      4. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу олардың келiсiмiмен аудандық жұмыспен қамту бөлiмiмен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға жұмыссыз азаматтарды орналастыру тәртiбi

      5. Әлеуметтiк жұмыс орындары арнайы тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздары  үшiн ауданның жұмыспен қамту бөлiмi мен мекеме, ұйым, шаруа қожалықтары (жұмыс берушi) арасында 6 ай мерзiмге дейiн келiсiм-шарт бойынша ұйымдастырылады.
      6. Тұрғындарды мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары аудандық бюджет қаражаты есебiнен қабылданған жұмыскерлердiң еңбегiн жартылай төлеу шартымен мекеме, ұйымдармен құрылады немесе берiледi.
      7. Әлеуметтiк жұмыс орындарын құратын немесе беретiн мекеме, ұйымдар тiзiмi, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен анықталады.
      8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын мекемелердi iрiктеу жұмыспен қамту бөлiмiмен жүргiзiледi.
      9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлерге кейiннен тұрақты жұмысқа орналасуға кепiлдiк беретiн мекеме мен ұйымдар iрiктеледi.
      10. Мекемелер мен ұйымдармен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдарда есептен алынады.
      11. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердiң еңбек ақысы жұмыс берушiмен, Қазақстан Республикасының нормативтiк-заңнамалық актiлерiмен сәйкес белгiленедi.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары  мен көздерi

      12. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi: жергiлiктi бюджет пен жұмыс берушiнiң қаражаты.
      13. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражатынан жұмыспен қамту бағдарламасының "Жұмыспен қамту" 010 бағдарламасы "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" 103 бағдарламашасы бойынша жүзеге асады.
      14. Жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыс берушiмен жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын жартылай төлеу туралы қызмет көрсету келiсiм-шартын жасайды.
      15. Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысының шығыны жергiлiктi бюджет қаражатынан белгiленген еңбек ақының 50 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республика бойынша белгiленген ең аз еңбекақыдан жоғары емес мөлшерде өтеледi. әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыскердiң жартылай өтемақысын төлеуге арналған бюджеттiк қаржы жұмыс берушiнiң есеп шотына аударылады.

4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртiбiне бақылау

      16. Осы Ереженi сақтауды бақылау белгiленген заңнамалық тәртiпте мемлекеттiк органдарымен жүзеге асады.

Лебяжi аудандық әкiмдiгiнiң    
2004 жылғы 29 қаңтардағы    
"Жұмыспен қамту саласында    
азаматтарды әлеуметтiк қорғау 
бойынша қосымша шаралар туралы"
N 24/2 қаулысына қосымша

  Лебяжi ауданы бойынша тұрғындарды  мақсатты топтарының
ТIЗIМI

      1. Аз қамтамасыздандырылғандар.
      2. 21 жасқа дейiнгi жастағы жастар
      3. 23 жасқа дейiн жастағы балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
      4. Кәмелет жасқа толмаған балаларды тәрбиелейтiн жеке басты және көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте тұрақты қарауды, көмек пен қадағалауды қажет ететiн азаматтар
      6. Зейнет жасына дейiнгi тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуына дейiн 2 жыл)
      7. Мүгедектер
      8. Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi қатарынан босатылған тұлғалар
      9. Мәжбүрлi емдеу немесе бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар
      10. Оралмандар
      11. 50 жастан жоғары тұлғалар
      12. Дәрiгерлiк консультативтiк кеңес анықтамасы бойынша еңбекке шектеулерi бар тұлғалар
      13. Бiрде бiр жұмыскерi жоқ аз қамтамасыздандырылған отбасыларының жұмыссыз азаматтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады