Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылы 23 сәуірдегі N 1/257 "Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылы 8 мамырда N 529 тіркелген) қаулысы және Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 17 маусымдағы N 3/390 "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 шілдеде N 460 тіркелген) қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 16 маусымда N 605 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы N 1/102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 12.02.2014 № 1/102 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасы 1998 жылы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 3 бабындағы 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Алып тасталды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 N 4/1119 қаулысымен.
       2. Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылы 17 маусымдағы N 3/390 "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 шілдеде N 460 тіркелген, 2002 жылы 7 желтоқсанда N 138 "Алматы Ақшамы" газетінде және 2002 жылы 14 желтоқсанда N 98 "Вечерний Алматы" газетінде жарыққа шыққан) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
       осы қаулы "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" редакциясында баяндалсын;
       аталған қаулымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы" Ережеде:
       қаулының басы келесі редакцияда баяндалсын: "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі жөніндегі Қағидасы";
       8) тармақшада "осы Ережемен" сөздері "осы Қағидамен" сөздерімен алмастырылсын.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады