Атырау облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 63-III шешiмi. Атырау облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 20 ақпанда N 1852 тіркелді

      Облыстық әкімияттың 2003 жылғы 8 желтоқсандағы N 265 "Атырау облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекіту туралы" қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-2 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  6 бабын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат 4 сессиясында шешім етті:
      Облыстық әкімияттың 2003 жылғы 8 желтоқсандағы N 265 қаулысымен ұсынылған "Атырау облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы" бекітілсін (жалғанды).

      Облыстық мәслихаты
      IV сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы                            

Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
2003 жылғы 8 желтоқсан N 265

Атырау облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005
жылдарға арналған Бағдарламасын туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N№1445 "Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы" қаулысын  орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабын  басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият қаулы етеді :

      1. Атырау облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

      2. Атырау облыстық туризм және спорт басқармасы Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жылына 2 рет желтоқсанда және маусымда облыс әкімі аппаратына ақпарат берсін.

      3. Атырау облыстық қаржы басқармасы Атырау облысында 2004-2005 жылдарға арналған туризм саласын дамыту Бағдарламасын облыс бюджетінде қаралған қаражат шегінде қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімиятының
2003 жылғы 8 желтоқсандағы 265
қаулысына қосымша

Атырау облысында 2004-2005 жылдарға арналған туристік
саланы дамыту жөніндегі бағдарлама

1. Паспорт

Атауы             Атырау облысында туризм саласын дамытудың
                  2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы.

Әзірлеу           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29
үшін негіздеме     желтоқсандағы N 1445 "Туризм саласын дамытудың
                  2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
                  туралы"» қаулысы .

Негізгі әзірлеуші Атырау облыстық туризм және спорт басқармасы.

Бағдарламаның     Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстандық және
мақсаты          шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге
                  қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең
                  мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманға
                  тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік
                  кешен құру, саланы дамытудың экономикалық
                  және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Атырау
                  облысының туристік өнімінің
                  сапасын қамтамасыз ету жөнінде облыстық деңгейдегі
                  шараларды іске асыру.

Бағдарламаның     Алға қойылған Бағдарламаның мақсаттарға сәйкес
міндеттері        бірінші кезектегі міндеттері мыналар болып
                  табылады:
                  туризмдегі өзгерген әлеуметтік-экономикалық
                  жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға және
                  туристік қызметті жүзеге асыру міндеттеріне жауап
                  беретін облыстық реттеудің жаңа көзқарастар
                  жүйесін қамтамасыз ету;
                  Атырау облысында туризмді дамытудың
                  нормативтік-құқықтық базасын, осы
                  саладағы облыстық реттеу тетігін жетілдіру;
                  туристік саланы кадрлық, ғылыми-әдістемелік,
                  жарнама ақпараттық
                  қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
                  туризмнің инфрақұрылымын дамыту.
                  туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа
                  объектілер құрылысын
                  жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін
                  әзірлеу;
                  облыстың туристік өнімін туристік қызметтердің
                  әлеуметтік рыногына
                  жақындату;
                  туризм және қызмет көрсету салаларына шағын
                  кәсіпкерлікті дамытуды,
                  халықтық жұмыспен қамтылуын ынталандыруды
                  қамтамасыз ету;
                  сала субъектілерін инвестициялау және
                  қаржыландырудың, кредиттеудің басқа
                  да нысандары үшін жағдайлар жасау.

Бағдарламаны іске 2004-2005 жылдар
асыру мерзімі    

Бағдарламаны      Бағдарламаны іске асыру үшін болжанып отырған
қаржыландыру      шығыстар мынаны құрайды: жергілікті бюдеттен
                  2004-2005 жылдарға - 62370000 теңге, 2004 жылға -
                  47540000 теңге, 2005 жылға - 14830000 теңге,
                  сондай-ақ басқа да қаражат тартылуы мүмкін.

Күтілетін нәтижелер Туристердің жалпы ағынының тұрақты өсуін
                    қамтамасыз ету былайша
                    болжанады:
                    Ішкі туризм бойынша көлемі 2004 жылы 800 адамнан
                    2005 жылы 2500 адамға дейін;
                    Келу туризмі бойынша - 2004 жылы 500 туристен
                    2005 жыл соңына 1800 туристке дейін көбейеді;
                    2004-2005 жылдар кезеңінде келу туризмінен
                    бюджетке түсетін түсім 180 мың АҚШ долларын
                    құрайды.

2. Кіріспе

      Атырау облысында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N№1445 "Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысына  сәйкес әзірленді.
      Атырау облысының бірегей табиғи және мәдени әлеуетіне, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне туризмнің икемді ықпалдасуына, жер бедерінің және табиғатының әркелкілігіне негізделген, туристердің кез келген сұранымын қанағаттандыруға қабілетті қазіргі заманғы
туристік индустрия неғұрлым серпінді дамып келе жатқан және салаға салынған капиталдың қайтарымы бойынша тиімді табиғи жүйе құраушы факторы болып табылады.
      Туризммен сабақтас салаларды (көліктік коммуникациялық инфрақұрылым, сервис, құрылыс, сақтандыру және т.б.) дамытуға және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға негізделген облыстық туристік өнімнің кешенді түрде іске асырылуы халықтың жұмыспен қамтылуын және ел табысының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
      Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандарының рекреациялық сыйымдылығының шегіне жетуіне байланысты және облысымызда туристер келетін аумақтарының тізімін жаңалау мен кеңейту қажеттілігі халықаралық туризм жүйесінде өзінің лайықты орын алуына нақты
мүмкіндік туғызады.
      Мемлекетаралық, мемлекеттік және жекеше деңгейлерде туристік салада даму жоспарлау саясатын үйлестіруге, Атырау облысында туризмді мемлекеттік басқаруды және дамытуды қолдаудың нысандары үйлестірілген тетіктің Туризмді дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасының базасында қамтамасыз етуге зор рөл берілген.

3. Атырау облысында туристік саланың қазіргі
жай-күйін талдау

      Ағымдағы сәтте облысымызда туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген проблемалары бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар объективті факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристік индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас саладағы да әлсіз
менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымдағы қолда бар объектілердің негізгі қорларының тозуы.
      Елдің ұлттық, ішкі және экономикалық қауіпсіздігіне туризмнің ықпалы, сондай-ақ шетелдік туристердің облысымызда болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе күні бүгінге дейін қаралған емес.
      Статистика жөніндегі мемлекеттік органдар туризмді дербес сала ретінде жеке қарастырған жоқ. Алайда, туристік көрсеткіштерді есепке алуды жетілдіру жөніндегі жұмыс Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ұсынымдарына сәйкес жүргізілді. Осы мақсаттарда статистикалық есеп беру нысандары жыл сайын қайта қаралды және қазіргі уақытта тексерудің жаңа бланкілері енгізілуде. Туризм салааралық қызметтің үлгісін білдіреді, мұның өзі көмекші шоттар енгізуді талап етеді.
      Туристік саланы дамытудың аса маңызды мәселелерінің бірі қаржыландыру проблемасы болып табылады, оны шешу үшін:
      мемлекеттік және жеке менеджменттің тиісті деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
      жеке бастамалардың дамуына жәрдемдесу;
      облыстық  туристік өнімді сыртқы және ішкі рыноктарға жылжытудың тиімді жүйесін әзірлеу;
      инвестициялау мен салым салу мәселелері бойынша қажетті нормативтік-құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес қабылдау;
      шетел туристерінің облысымызға келу рәсімдерін оңайлату;
      саланың ақпараттық кеңістіген қалыптастыру қажет.
      Атырау облысында туризмді дамытудың маңызды қыры - әлеуметтік туризмді, соның ішінде әлеуметтік қызметтер рыногын дамытудың басты факторларының бірі болып табылатын балалар туризмін дамыту болып табылады.     

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4.1.Бағдарламаның негізгі мақсаттары  

      Бағдарламаның басты мақсаты Атырау облысында қазіргі заманға тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, келу және ішкі туризмді қолдау, облыс экономикасына шетел валютасының тұрақты келуін қамтамасыз ету. Экономикалық және құқықтық басым тетіктерін әзірлеу, экономиканың сабақтас салаларын дамыту болып табылады.
      Бағдарлама сондай-ақ, мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
      тартымды туристік объект ретінде облыстың беделін орнықтыру;
      ұлттық туристік өнім қалыптастыру және оның сапасын әлемдік деңгейге сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
      саланы облыстық реттеудің оңтайлы әдістерін қолдау мен таңдау негізінде туризмді кешенді дамыту.

4.2.Бағдарламаның негізгі міндеттері: 

      Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар:
      туризмде әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға, туристік қызметті жүзеге асыру міндеттеріне жауап беретін облыстық реттеудің жаңа көзқарастар жүйесін қамтамасыз ету;
      мемлекеттік туризм саласында облыстық уәкілетті орган арқылы әрекет ететін басқарудағы, атқарушы органдар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылын реттеудегі рөлін күшейту;
      Атырау облысында туризмді дамытудың нормативтік-құқықтық базасын, осы саладағы облыстық реттеу тетігін күшейту;
      туристік саланы кадрлық, ғылыми-әдістемелік, жарнама-ақпараттық жағынан қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
      туризмнің инфрақұрылымын дамыту, туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа объектілер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
      Атырау облысының туристік өнімін туристік қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына жылжыту;
      инвестициялау және сала субъектілерін қаржыландырудың, кредиттеудің басқа да нысандары үшін жағдайлар жасау болып табылады.

  5 . Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
      5.1.Туристік қызметті облыстық реттеу мен қолдау жүйесін дамыту

      Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
      туризм саласындағы статистикалық есепке алу мен есеп беру жүйесін жетілдіру, соның ішінде саланың мекемелері мен ұйымдары жұмысының қаржылық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді енгізу;
      туристік қызметтер рыногындағы барлық өндірушілердің бәсекелестік қабілеті мен тұрақты табысын қамтамасыз ету мақсатында туристік бизнес рентабельдігінің оқтайлы шегін айқындау үшін баға құрау мәселелерінде облыстық реттеу саясатын әзірлеу;
      туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      халықаралық шарттардың негізінде шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту:
      туристік қызметті стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және  туризм саласына кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
      саланы қаржыландырудың, оның ішінде кредиттік ресурстарды тарту есебінен қаржыландырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
      туризм саласында мүдделі орталық атқарушы және басқа да облыстық органдар арасындағы, сондай-ақ облыстық және жеке секторлар арасындағы қызметті ең жоғарғы деңгейде үйлестіруді қамтамасыз ету.

      5.2. Атырау облысының мәдени тарихи және рекреациялық
             аймақтарын дамыту және сақтау

      Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
      мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
      халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны және өзге де туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;   
      халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық жіктері мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

5.3. Маркетинг және облыстық туристік өнімді ұсыну

      Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
      туристік көрмелер мен басқа да іс шараларды ұйымдастыру;
      облыс халқының барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;
      облыста туризмнің мамандандырылған (экотуризм, әлеуметтік, балалар және жасөспірімдер, спорттық сауықтыру, мәдени танымдық және т.б.) түрлерін дамытудың бағдарламаларын әзірлеу;
      облыста әлеуметтік және жекеше туризмді дамытуды қамтамасыз ету;
      ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық туристік өнімнің жылжуын ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету;
      туризмді дамытудың аймақтық және аймақаралық бағдарламаларын әзірлеу үшін әдістемелік нұсқаулықтар мен ғылыми-жобалық негіздемелер дайындау.

5.4. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

      Бұл бағытта:
      туристік саланы дамыту үшін қажетті жоғары, орта кәсіптік және бастауыш кәсіби білім беретін мамандықтардың тізбесін әзірлеу;
      жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп мамандардың кәсіби даярлығының сапасын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу;
      облыста туристік индустрияны дамытудың түйінді проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді және облыстық туристік оқиғаларға қатысуын қамтамасыз ету қажет;
      туристік саланың кадрларына арнап облысымыздағы жоғары оқу орындарымен, білім беру мекемелерімен бірлесіп, тұрақты жұмыс істейтін кәсіби даярлық курстарын құру.  

5.5.Туризм индустриясының материалдық техникалық базасын дамыту

      Осы бағытта:
      туристік объектілерді жаңарту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризмнің материалдық-техникалық базасын дамыту;
      әуе тасымалы қызмет көрсету рыногында бәсекелесу қабілетін көтеру, автомобиль және темір жол көліктерінде жолаушыларды тасымалдауды одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
      облыс аумағына туристік объектілерді перспективалық орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзірлеу;
      қонақ үй-сервистік кешенін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының желісін құру;
      ілеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, кәріз желісі мен қатты қалдықтарды жоюдың жүйесін, қолданыстағы және әлеуетті туристік аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;
      туризмді дамыту аудандарында жерді пайдалану және құрылыс салу нормаларының қолданылуын бақылау;
      шетел инвистициясын тарту жолымен жүйе құраушы туристік объектілерді (халықаралық деңгейдегі туристік кешендер) дамыту;
      аймақтық деңгейде туристерді орналастыру орындары мен қонақ үйлерді жаңғырту және халықаралық тәжірибеге сай стандарттауды енгізу.

5.6. Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Бағдарлама туризм саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айғындайды:
      туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
      туризмнің сақтандыру рыногын дамыту;
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
      өрт қауіпсіздігі;
      орналасу мен тамақтану орындарындағы қауіпсіздік;
      көліктегі қауіпсіздік;
      турист кадрларын арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөнінде туроператорлар мен турагенттердің қызметінде техника қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      туристік ортаны қорғау және сақтау;
      қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету;
      ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес;
      туристерді және жергілікті халықты қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жергілікті жүйесін құру.

5.7. Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету

      Бұл бағытта:
      облыстың табиғи және мәдени-тарихи әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында интерактивті геоақпараттық жүйенің негізінде туристік рыноктың жай-күйіне және болжамды дамытуға кешенді талдау жүргізу;
      көлік жолдары, инженерлік және инфрақұрылымдық объектілерді бірге ала отырып, елдің аймақтары бойынша туристік индустрияны аумақтық аймақтарға бөлудің моделін әзірлеу;
      туристік ұйымдардың көрсеткен қызметіне электрондық брондауды ұйымдастыру және электрондық төлемдерді енгізу жөнінде шаралар жүйесін әзірлеу;
      туризммен сабақтас салалардың барлығына интерактивті геоақпараттық жүйені енгізу қажет.

5.8. Бағдарламаны іске асыруға қажетті техникалық
және экономикалық шарттар

      Осы Бағдарламаны іске асыруға арналған техникалық-экономикалық негізгі шарттар мыналар болып табылады:
      саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;
      сала ішілік секторлау бойынша туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; 
      аймақтар бойынша саланы дамытудың қажетті қарқынына сәйкес инвестициялардың оңтайлы көлемдерін бағалау;
      жүйе құраушы туристік объектілердің сервистік инфрақұрылымын құру және іске асыру.

5.9. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ДТҰ) ынтымақтастық, ДТҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясына және осы ұйым өткізетін басқа іс-шараларға қатысу;
      ірі халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу және жыл сайын Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге қатысу.

    6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыру үшін қажеттілік облыстық бюджеттен 2005 жылға дейін 62370000 мың теңгені құрайды. Қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес осы Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен болжанатын шығындардың сомасы: 2004 жылы - 47540000 теңге, 2005 жылы - 14830000 теңге.
      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға жергілікті бюджеттерде қаралатын қаражат есебінен және соның шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады.

6.1.Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды
және бақылауды ұйымдастыру

      Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырушы және бағылаушы Атырау облысының әкимияты және Атырау облыстық туризм және спорт басқармасы болып табылады. 

    7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаның іске асырылуы жергілікті бюджетке едәуір түсімді қамтамыз етеді.
      Бағдарламада әзірленген шаралар республика ішіндегі де, сондай-ақ шетелден келетін туристер ағынының бұдан әрі ұлғаюына жәрдемдеседі және түпкі нәтижесінде халықаралық кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық саласы ретінде ұлттық туристік өнім тартымдылығының артуына едәуір қол жеткізетін болады.

8. Атырау облысында туристік саланы дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Аяқтау
нысаны

Жауапты орындаушылар (іске асырушылар)

Орындау (іске асыру) мерзімі

Көзделетін шығыстар (мың.теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

2004

2005

 

1. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту

1.1. Туризмнің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру

1

Туристер демалысына  арналған техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау мәселелері жөніндегі  нормалар мен
талаптарды әзірлеу  

Облыс әкімінің шешімі

ОТжСБ, ДСБ

2004 жыл  

2000,0

 

Жергілікті бюджеттен

1.2. Облыста тарихи мәдени және табиғи рекреациялық аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану

2

Туризм инфра-
құрылымына тікелей инвестициялар тарту жөнінде жұмыстар жүргізу

Атырау қаласы және аудан
әкімдері
нің
шешімі

Атырау қаласы және
аудан әкімдерінің шешімі 

2004 жыл

10 000, 0

 

Жергілікті бюджеттен

3

Туристік  кәсіпкерлерге семинар ұйымдастыру

Облыс

әкимиятына ақпарат  

ОЭжКҚБ, ОТжСБ 

Жыл сайын қыркүйек

 

 

Талап етілмейді

4

Облыста өлкетану экспедициясын ұйымдастыру

ҚРТСА  есеп 

ОТжСБ, ОББ

2004 ж.
2005 ж.

5000,0

5000,0

Жергілікті бюджеттен 

5

Атырау қаласында туристік  экскурсиялық станция ашу

Облыс әкімінің шешімі 

ОТжСБ, ОҚжКШБ

2004 ж.

15000,0

 

Жергілікті бюджеттен

1.3. Туристік сала көрсеткіштерінің статистикалық есебін жетілдіру

6

Туристік  ұйымдардың қызметкерлері үшін туризмнің статистикасы бойынша  облыстық семинар өткізуді ұйымдастыру

ҚРТСА ақпарат

ОСБ, ОТжСБ

2004 жыл
қаңтар

 

 

Талап етілмейді

7

Туристік саланы дамыту облыстық  семинар  кеңес өткізу

ҚРТСА  ақпарат

ОТжСБ

2004 ж.
2005 ж.

350,0

350,0

350,0

350,0

Жергілікті бюджеттен

2. Туризм инфрақұрылымын дамыту

8

Атырау қаласында туристік база құрылысын салу

ҚРТСА ақпарат

ОТжСБ, ОҚжКШБ

2004 ж.
2005 ж.

2000,0

2000,0

Жергілікті бюджеттен

3. Облыстық туристік өнімді жылжыту және маркетинг

3.1. Атырау облысының туристік беделін нығайту және халықаралық ынтымақтастықты ұлғайту

9

Алматы қаласында өтетін«Туризм
және саяхат»
Қазақстандық
халықаралық
туристік
жәрмеңкесіне
қатысу 

ҚР ТСА
есеп

ОТжСБ

2004 ж.
2005 ж.

750,0

750,0

750,0

Жергілікті бюджеттен

10

Берлин (Германия Федеративтік Республикасы) қаласындағы ITB Халықаралық туристік биржасына қатысу

ҚРТСА есеп

ОтжСБ

2004 ж.
2005 ж.

850,0

850,0

Жергілікті бюджеттен

11

Мөскеу (Ресей
Федерациясы) қаласындағы
"Туризм және
саяхат"Мәскеу халқаралық көрмесіне қатысу

ҚРТСА есеп

ОТжСБ

2004 ж.
2005 ж.

460,0

460,0

Жергілікті бюджеттен

12

Лондон (Ұлыбритания)
қаласындағы Дүниежүзілік туристік биржаға қатысу

ҚРТСА есеп

ОТжСБ

2004 ж.
2005 ж.

520,0

520,0

Жергілікті бюджеттен

13

Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік саланың дамуы жөніндегі мәселелерді жариялау

ҚРТСА ақпарат

ОАҚКБ, ОТжСБ

Желтоқсан жыл сайын

 

 

Талап етілмейді

14

Туризмнің түрлері бойынша жарнамалық бүктемелер жасау

ҚРТСА ақпарат

ОТжСб

2004 ж.
2005 ж.

1200,0

1400,0

Жергілікті бюджеттен

15

"Қазақстан -
теңдессіз туристік объект" электронды тасығыштарында жарнама ақпараттық материалдар жасау

ҚРТСА ақпарат

ОТжСБ

2004 ж.

750,0

 

Жергілікті бюджеттен

16

Облысымыздың туризм бойынша
фотоальбомдар  шығару

ҚРТСА

ОТжСБ

2004ж

1000,0

 

Жергілікті бюджеттен

3.2. Халықаралық жобаларды іске асыру

17

Келу және ішкі туризмді дамытуға бағытталған "Хан Ордалы
Сарайшық" атты
туристік бағыт
әзірлеу және
іске асыру

ҚРТСА ақпарат

ОТжСБ, жергілікті атқарушы органы

2004ж

1000,0

 

Жергілікті бюджеттен

3.3. Халық арасында туризм құндылықтырын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау

18

Оқушылар үшін
облысымыздың
туристік
объектілері
бойынша
тақырыптық
автобус және
жаяу жүру
экскурсияларын ұйымдастыру

ҚРТСА ақпарат

ОТжСБ, ОБББ

қыркүйек

2004 ж.
2005 ж.

500,0

500,0

Жергілікті бюджеттен

19

Мектептерде туған өлке
тарихын оқыту

ҚРТСА есеп

ОБББ

Жыл сайын
2004 ж.
2005 ж.

3000,0

3000,0

Жергілікті бюджеттен

      Ескерту: Әріптік аббревиатуралардың мағынасын ашу.
      ҚРТСА - Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі Агенттігі
      ОТжСБ - облыстық туризм және спорт басқармасы;
      ДБС - денсаулық сақтау басқармасы;
      ОСБ - облыстық стандарттау басқармасы;
      ОЭжКҚБ - облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы;
      ОББ - облыстық білім беру басқармасы;
      ОҚжКШБ - облыстық коммуналдық шаруашылық басқармасы;
      ОАҚКБ - облыстық ақпарат қоғамдық келісім басқармасы;
      ОІІБ - облыстық ішкі істер басқармасы.

      Бұл Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті бюджеттік қаражаттар көлемі Республикалық және жергілікті бюджет лайықты жылға қалыптасқан кезде нақтыланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады