Атырау облысында карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 6 маусымдағы N 1 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 маусымда N 2037 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатына сәйкес

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 03.10.2011 № 275/1711/-МШ хатына сәйкес.
      Облыс халқының»карантиндiк және аса қауiптi жұқпалы аурулар жөнiндегi эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N  361-II "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының»2003 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"» Заңының 27 бабы бойынша облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Атырау облысында карантиндiк және аса қауiптi жұқпалы ауруларды» алдын алу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
      2. Атырау қаласы және аудан әкiмдерi 2004-2006 жылдарға арналған карантиндiк және аса қауiптi жұқпалы аурулардың алдын алу iс-шаралары жоспарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсiн.

       Облыс  әкiмi                                 А.Мусин

Облыстық әкiмияттың  
2004 жылғы 6 шілдедегі 
N 1 қаулысымен бекiтiлдi

Атырау облысында карантиндiк және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Iс-шаралар

Орындалу мерзiмi

Орындаушылар

I. Карантиндiк инфекциялардың алдын алу (тырысқақ, оба)
1. Денсаулық сақтау
мекемелерi қызметкерлерiн
оба, тырысқақ және тағы
басқа аса қауiптi жұқпалы
аурулардың алдын алу,
емдеу, диагностикалау бойынша жыл сайынғы дайындықтан өткiзудi қамтамасыз ету.
2. Елдi мекендерге, мұнай
кәсiпшiлiктерiне, жағадан
салынған және қолданыстағы
өндiрiстiк кешендерге, мал жайылымдарға, бау-бақша участкiлерiне iргелес аумақтарды обаға
эпизоотологиялық зерттеу
жүргiзу.
3. Тұрғылықты жерi бойынша
және өндiрiстiк объектiлерде халық арасында обаны жұқтырудан сақтану жөнiндегi түсiндiру нұсқаулықтарын ұйымдастыру.
4. Түйе малдарын эктопаразиттерге қарсы
жүйелi түрде өңдеуден
өткiзiлсiн, жеке және заңды тұлғаларға алдыңғы малдәрiгерлiк қараусыз түйенi союға және сойылғаннан кейiн етi мен iшкi органдарын
малдәрiгерлiк-санитарлық
зерттеусiз сатуға жол берiлмесiн.
5. Оба қоздырғыштары
анықталған жерге жақын  орналасқан елдi мекендерде
тез арада дератизациялық,
дезинсекциялық шараларды
жүргiзудi қамтамасыз ету.
6. Сауда, қоғамдық тамақтану салалары кәсiпорындарын,
мекемелерiн, азық-түлiк
сақтау қоймаларын, қолданыстағы және салынып жатқан өнеркәсiптiк кәсiпорындарды, басқа
мекемелер мен облыс елдi
мекендердегi тұрғын үй
секторын дератизация,
дезинсекциямен қамту.
7. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен
аралығындағы мемлекеттiк
шекарасынан өту пункттерiнде көлiк құралдарын, жолаушылар
мен жүктерi санитарлық-карантиндiк бақылаудан өткiзудi жүргiзу (Құрманғазы аудан, Котяевка селосы).
8. Құрманғазы» санитарлық-карантиндiк пунктiн орын-жай, лабораториялық құрал-жабдықтар, мамандар,
компьютерлер және модемдi
байланыспен, басқа да
мүлiктермен және аспаптармен жабдықтау мәселелерiн шешу.
9. Мемлекеттiк шекарадан  өткiзу пунктiнде жұмыс  жасайтын мемлекеттiк
органдар қызметтерiнiң
келiсiмi iс-қимыл жасауын қамтамасыз ету, Құрманғазы ауданы, Котяевка селосы
автоөткелiнде карантиндiк
және аса қауiптi жұқпалы
аурулар анықталу жағдайына кешендi iс-шаралар жоспарын бекiту.
10. Туристiк фирмалар
басшыларын, көлiк құралдары экипажының мүшелерiн, жүргiзушiлердi, шекарада әскерiнiң, бақылау-өткiзу пунктiнiң кеден қызметкерлерiн, басқа да қызмет жұмысшыларын ауруды
анықтау және алдын алу
шараларын жүргiзу
мәселелерi бойынша
дайындықтан өткiзу.
11. Шекараралық ынтымақтасутуралы келiсiмдерге сәйкес
Астрахань облыстық
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
орталығымен ресей-Қазақстан шекарасындағы санитарлық-карантиндiк бақылау мәселесi жөнiнде
өзара iс-қимыл жасауды
орнату.
12. Тырысқақ бойынша
эпидемиялық жағдайды
шиеленiсуiне орай
госпитальге, оқшаулағыш
және провизорлық госпитальге арналған резервтiк үй-жайларды сумен қамтамасыз ету және канализация сызбасын дайындау.
13. Облысты» емдеу-сауықтыру мекемелерiн тұзды және коллоидты ерiтiндiлер,
антибиотиктердi қорымен,
облыстық санэпидемиологиялық сараптау орталығы  зертханасында тырысқақты
диагностикалау үшiн қоректiк және бактериялық препараттармен қамтамасыз ету.
14. Тырысқақты  эпидемиологиялық көрсеткiшi бойынша Орта Азия елдерiнен
(Өзбекiстан, Қарақалпақстан,
Қырғызстан) келген адамдарды есепке алу, тiркеу, зертханалық тексеруден өткiзудi пысықтау.
15. Халықты»сумен қамтамасыз ету жағдайына, авариялық жүйелер мен су қабылдағыш құрылғыларын жөндеуден өткiзiлуiн, суды
залалсыздандыру және
тазалау үшiн қажеттi
реагенттермен жабдықталуын бақылауды қамтамасыз ету.
16. Тырысқақтан қолайсыз
елдерден (Өзбекiстан, Қарақалпақстан және тағы да басқа) келген, жедел iшек инфекцияларымен ауырған адамдарды госпитализациялауды, тырысқақ ауруына тексерудi жүзеге асыр.
II. Зооантропоноздық
ауруларды алдын алу.1. Қызылқоға, Махамбет, Индер аудандардағы ауыл шаруашылығы малының бруцеллезбен ауруына қарсы күресу және малды
сауықтыру үшiн малдәрiгерлiк алдын-алу арнайы iс-шаралар кешенiн жүргiзу.
2. Бруцеллезбен ауру малды толық анықтау мақсатында, барлық меншiк төрiндегi малды жоспарлы тексерумен қамтуды, жыл сайын мал басының»70-80%.
3. Ауыл шаруашылығы малында бруцеллез ауыруы анықталған жағдайда елдi мекендерге, селолық округтерге, жеке қожалықтарға, фермаларға карантин жариялау.
4. Жануарлар мен адам
аурушаңдығы бойынша қолайсыз елдi мекендердегi халықты бруцеллезге зертханалық тексерумен қоса диспансерлiк қараудан өткiзу.
5. Облыс елдi мекендерiндегi бруцеллезбен ауырған адамдарды  диспансеризациялауын тәртiпке келтiру.
6. Бұралқы иттер мен мысықтарды ұстап алу (ату) жұмысын тұрақты жүргiзу мен ұйымдастыру үшiн қаражат бөлу.
7. Ауыл шаруашылығы малдары немесе адамда құтыру ауруы диагнозын (күдiк туғанда) анықталу барлық жағдайы бойынша санэпидемиологиялық
қызмет арасында ақпаратты және эпидемияға қарсы  бiрiккен шараларды жүргiзудi қамтамасыз ету.
8. Карантиндiк, аса қауiптi жұқпалы ауруларды алдын алуға халық арасында санитарлық-ағарту iс-шараларын жүргiзу.

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

 
жыл сайын

 
жыл сайын кешiктiрмей,  шұғыл  көрсеткiштер  бойынша

жыл сайын

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

2004 жылды» I тоқсаны және жыл  сайын

жыл сайын
I тоқсанда
жыл сайын

жыл сайын

жыл сайын

жыл сайын

жыл сайын

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

2004-2006 жылдар

жыл сайын

2004-2006 жылдар

жыл сайын

Атырау облыстық  денсаулық сақтау  басқармасы, қалалық,
аудандық денсаулық
сақтау бөлiмдерi,
Облыстық, қалалық,
аудандық мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиология
лық қадағалау басқармалары, Атырау
обаға қарсы күрес
станциясы (келiсiм
бойынша) Атырау обаға қарсы күрес станциясы (келiсiм бойынша)7
Атырау облыстық денсаулық сақтау
басқармасы, ведомстволық  медициналық жүйе, Атырау обаға қарсы күрес станциясы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қалалық, аудандық аумақтық басқармалары (келiсiм бойынша) Аудан әкiмдерi,«Дезинфекция ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) Аудан әкiмдерi,дезинфекция»ашық акционерлiк қоғамы
(келiсiм бойынша) Атырау облыстық мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиология
лық қадағалау басқармасы Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиология
лық қадағалау басқармасы Атырау облыстық  мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, № 2016 әскери бөлiм командирi (келiсiм бойынша), Атырау облысы бойынша кеден бақылау департаментi (келiсiм бойынша), Атырау облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасы (келiсiм
бойынша), шекарадағы
мемлекеттiк ветеринарлық бақылау бөлiмшесi
(келiсiм бойынша) Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадғалау басқармасы

Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиология
лық қадағалау басқармасы
Атырау қаласы, аудан
әкiмдерi, қалалық, аудандық денсаулық сақтау бөлiмдерi, қалалық, аудандық  мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  басқармалары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы,  қалалық,аудандық  денсаулық сақтау  бөлiмдерi, Атырау  облыстық  санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы. Атырау облыстық iшкi
iстер басқармасы  (келiсiм бойынша), Атырау облыстық  денсаулық сақтау  басқармасы, Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Атырау қаласы, аудан әкiмi, Облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиология
лық қадағалау  басқармалары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылығы  министрлiгiнiң облыстық, аудандық аумақтық басқармалары (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының
облыстық, аудандық
ауыл шаруашылығы
басқармалары (келiсiм
бойынша), Аудан әкiмдерi, Облыстық, аудандық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  министрлiгiнiң Атырау облыстық, аудандық басқармалары (келiсiм бойынша) Аудан әкiмдерi
(малдәрiгерлерi және
санитарлық қызметтiң
ұсынысы бойынша).
Атырау облыстық
денсаулық сақтау
басқармасы Атырау облыстық денсаулық
сақтау басқармасы
Аудан әкiмдерi Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  басқармасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  министрлiгiнiң Атырау
облыстық аумақтық
басқармасы (келiсiм бойынша). Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы,
Атырау облыстық
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  басқармалары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  министрлiгiнiң Атырау
облыстық аумақтық
басқармасы (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады