Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 25 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 265 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 2 ақпанда N 2310 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы N 288 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, III шақырылған
облыстық мәслихаттың IX сессиясының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 162-III "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 25 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы"
қаулысына (әділет департаментінде 2004 жылғы 27 ақпанда № 1861 тіркелген, 2004 жылғы 15 наурызында № 31 "Прикаспийская коммуна" газетінде жарияланған, Атырау облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 29 қазанда № 2194 тіркелген облыс әкімиятының 2004 жылғы 6 қазандағы № 192 қаулысымен өзгерістер енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-тармағындағы "Атырау облыстық қаржы басқармасы" сөздері "Атырау қаласы және аудандар әкімдері" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      4-тармақтағы "Уәкілетті орган" сөздері "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Байғожинге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады