Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы әкімиятының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 561 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 ақпанда N 1652 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 738 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое ауданы әкімдігінің 2008.02.11 N 738 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жыл 16 мамырдағы N 394 Жарлығын, "Есірткі, психотропты заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жыл 10 шілдедегі N 279 Заңын, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жыл 8 шілдедегі N 736 қаулысын жүзеге асыруда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бап 1-тармақ 17-тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое ауданының әкімияты жанынан консультативтік-кеңестік орган, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі аудандық комиссия қосымшада көрсетілгенге сәйкес құрамда құрылсын.
      2. Жоғарыда аталған комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
      3. Ұсынылып отырған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы Ереже бекітілсін.
      4. Глубокое ауданы әкімиятының "Есірткі мен құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы" 2003 жыл 11 желтоқсандағы N 505 қаулысының күші жойылған болып саналсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі

  Глубокое ауданы әкімиятының
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 561 қаулысымен бекітілген 

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі аудандық комиссия (бұдан былай-Комиссия) консультативтік -кеңестік орган болып табылады.
      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      3. Комиссияның негізгі мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің жоспарын жүзеге асыру жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолдау көрсету;
      2) нашақорлық пен есірткі бизнесіне, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған шаралардың әрі қарай жетілдірілуі;
      есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы мен олардың заңсыз айналымына, орынсыз қолданылуына қарсы әрекет жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың жетілдірілуі жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
      4. Комиссия өзіне жүктелген мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
      1) есірткі мен есірткісі бар заттардың заңсыз айналымына қарсы тұру мәселелері жөніндегі аудандық бағдарламаларды дайындауға қатысу;
      2) жергілікті атқару органдарының комиссия құзырына кіретін мәселелер жөніндегі ұсыныстары мен жобаларын қарауға қатысу;
      3) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің, есірткі заттары мен қоздырғыш заттарды орынсыз қолдану, нашақорлықтың алдын алу, емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды сауықтырудың негізгі бағыттарын анықтау,
      нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыстарын одан әрі жетілдіру;
      нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіруді жетілдіру;
      Глубокое ауданы халқының әлеуметтік есірткілік иммунитетін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      4) Глубокое ауданында есірткі жағдайының даму тенденциясы мен хал-ахуалына талдау жасау, есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен түбегейлі жоспарларды жүзеге асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттамаларын дайындау.

3. Комиссия құқықтары

      Комиссияның:
      1) Комиссия мәжілістерінде атқару органдары мен басқа да ұйымдардың басшылары мен өкілдерін комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
      2) өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін атқару органдары мен басқа да ұйымдардан қажетті құжаттамалар мен ақпараттарды сұратып алуға;
      3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мамандардың штаттан тыс сарапшы ретінде аудандағы нашақорлық сараптау және зерттеу үшін тартуға;
      4) мемлекеттік органдарға осы бағыттағы осы жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      5) түбегейлі жоспарларды, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық және аудандық үйлестірудің өзара қызметін жүзеге асыруға;
      6) Комиссия құзырына жататын басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссия жұмыстарын ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның жұмысын басқарады, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмыстарын жоспарлайды, оның шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.
      7. Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстары, құжаттарды материалдар әзірлеуді және мәжілістен соң хаттамасын рәсімдеуді комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      8. Комиссия отырысының материалдарын дайындауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады, ол комиссия мәжілісін өткізуден 3 күн бұрын барлық қажетті құжаттарды комиссия мүшелеріне таратады.
      9. Комиссия отырысы қажет болған кезде өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем болмауы тиіс.
      Комиссия мәжілісі оған мүшелерінің үштен бірі қатысқан жағдайда заңды саналады.
      10. Комиссия шешімі оған комиссия мүшелерінің жалпы санынан ашық көп дауыс берілсе қабылданады және комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауысқа ие болады.
      Хаттамаға комиссия төрағасы қол қояды.

      Глубокое ауданы әкімінің
      аппарат басшысы

  Глубокое ауданы әкімиятының
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 561 қаулысына қосымша

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру мен алдын алу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия құрамы


Пекур Мария Яковлевна
аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрайымы
Асамбаев Мурат
Жумабаевич
аудандық білім беру бөлімінің
басшысы, комиссия төрайымының
орынбасары
Айткулов Бауыржан
Темиргалиевич
Глубокое АІІБ қылмыстық
іздестіру бөлімшесі
бастығының орынбасары,
комиссия төрайымының орынбасары
Хозеева Лариса
Михайловна
ішкі саясат бөлімінің бас
маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Кузьмина Татьяна
Никитична
аудан әкімінің құқықтық
мәселелер жөніндегі кеңесшісі
Светочева Любовь
Леонидовна
аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің басшысы
Фоминых Галина
Викторовна
аудандық орталық аурухананың
фельдшер-нарколоғы
Мишаева Надежда
Ивановна
аудандық әдістемелік
орталықтың жастар ісі
жөніндегі әдіскері


      Глубокое ауданы әкімінің
      аппараты басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады