Тұрғын үй комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы әкімиятының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 4 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 1599 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - ШҚО әділет департаментінің 2009.04.20 № 06-12-4273 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - ШҚО әділет департаментінің 2009.04.20 № 06-12-4273 хатымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-11, 1997 жылдың 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 Заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй пайдалану және жалға беру тәртібі туралы" N 1292 қаулысы негізінде Жарма ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жарма ауданы әкімияты жанында тұрғын үй комиссиясы құрылсын (N 1 қосымша).
       2. Жарма ауданы әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Шаяхметовқа жүктелсін.

      Жарма ауданы әкімі

Жарма ауданы әкімиятының
2004 жылдың 9 қаңтардағы N 4
қаулысына 1 қосымша

Жарма ауданы әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Қажихан Қалияхметұлы
Шаяхметов

аудан әкімінің орынбасары,
төраға

Әсет Ибрагимұлы
Әміргазин

аудан әкімінің мемлекеттік-
құқықтық мәселелер жөніндегі
көмекшісі, комиссия төрағасының
орынбасары

Марат Алтынбекұлы
Әбдікәрімов

"Сәулет және коммуналдық
шаруашылық бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бас маманы,
аудандық мемлекеттік мекемелер
кәсіподақтары комитетінің
төрағасы

Комиссия мүшелері:

Миржан Мейрамбекұлы
Ибраимов

аудандық халықты әлеуметтік
қорғау бөлімінің меңгерушісі

Қыдыр Рауаянұлы
Балтабаев

аудандық оқу бөлім меңгерушісі

Қуат Кәкенұлы Кененбай

аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі

Асқар Нұраллаұлы Өзбеков

аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің меңгерушісі

      Жарма ауданы әкімі
      аппаратының басшысы

Жарма ауданы әкімиятының
2004 жылдың 9 қаңтардағы N 4
қаулысына N 2 қосымша

Жарма ауданы әкімияты жанындағы тұрғын үй туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (одан әрі комиссия) аудан әкімияты жанындағы тұрақты жұмыс атқаратын орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылдың 17 сәуіріндегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" N 1292 қаулысын аталған ереже мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен өкілдіктері

      3. Комиссия аталған елді мекенде тұрақты тұратын (тұрақтау мерзіміне байланысты емес) және тұрғындардың әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендеріне жататын аудан азаматтарына, сондай ақ баспанаға мұқтаж мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдар еңбеккерлеріне, әскери қызметкерлерге және мемлекеттік сайланбалы лауазымды адамдарға пайдалануға баспана беру үшін құрылады.
      4. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы органдар алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үй беру үшін комиссия шешімі негізінде жергілікті атқару органы қаулы шығарады.
      5. Комиссияның негізгі міндеттеріне жатады:
      1) Мемлекеттік қордан берілетін тұрғын үй кезегін анықтау;
      2) Аудан азаматтарының тұрғын үй алу есебі бойынша бөлек тізім жасау;
      3) Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу тізімінде тұрғындар, сондай-ақ соңғы 24 ай бойында тұрғын үй алғандар жөнінде білушілерді тізіммен таныстыру. Ондай тізімде жанұя құрамы, алыну уақыты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу негіздер және оны көлемі көрсетілуге тиісті.
      6. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үй тұрғылықты мекен жай жағдайына қарай, бекітілген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай, ақаусыз жағдайда болуы қажет.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия аудан әкімі аппаратында тұрақты жұмыс істейтін құрамында комиссия төрағасы, әкім орынбасары, мүшелері мен хатшысынан тұрады.
      8. Комиссия жұмысына төраға басшылық жасайды. Ол комиссия мәжілісіне төрағалық етеді, мәжілістің күн тәртібін бекітеді, қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасайды және комиссияның атқарған жұмыстары үшін жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда төраға міндетін орынбасары жүргізеді.
      9. Комиссия хатшысы:
      1) комиссия мәжілісінде қаралатын мәселелердің күн тәртібін жинақтайды;
      2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      3) комиссия мәжілісінің хаттамаларын жасайды.
      10. Комиссия мәжілісі қажет болған жағдайда өткізіледі және төрағамен шақырылады.
      11. Комиссия мәжілісі қорытындысы бойынша хаттама жасалып, төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі ашық түрде көпшілік дауыспен қабылданады, егер комиссия мүшелерінің көбі дауыс берсе. Егер тең дауыс болса, төраға дауысты шешуші болып саналады.
      12. Комиссия мүшелерінің өзіндік пікірі болу құқығы бар, егер бола қалған жағдайда хаттамаға енгізілуі тиісті, жазбаша түрде жазылып, комиссия мәжілісі хаттамасына тіркелуі керек.

      Жарма ауданы әкімі
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады