"Зираттарды жобалауға және күтіп - ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3491. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

     "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған "Зираттарды жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
     5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 14 ақпандағы    
N 59 бұйрығымен бекітілген  

"Зираттарды жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық
ережелер мен нормалар 1. Жалпы ережелер

     1. "Зираттарды жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) зираттардың орналасуына, мәйітті көмуге және қайта көмуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қояды.

     2. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
     1) зират - өлген адамдарды жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
     2) зираттық кезең - мәйіттердің минералдану үдерісіне берілетін уақыт;
     3) мәйіт қалдықтары - мәйіттің шірімеген қалдығы;
     4) жерлеу бюросы, жерлеу рәсімін жүргізуге қызмет көрсететін бюро-дүкені - қайғылы дәстүрлі салттар жүргізуге қызмет көрсететін және соған арнап тауар сататын нысан.

2. Зираттардың орналасуына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

     3. Зират орналасатын жерді таңдау, сонымен қатар оны пайдалануға беру жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының осы санитарлық ережеге сай санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жасалғаннан кейін жүргізіледі.

     4. Зират орналасатын учаскелер елді мекеннің ық жағында орналасуы керек.

     5. Зираттарды орналастыру үшін бөлінетін учаскенің алаңы 1000 адамға шаққанда 0,24 гектар есебінен алыну қажет. Жалпы жерлеу алаңы зират алаңының 65-70 пайыз есебінен алынуы керек.

     6. Зират орналасқан жерлерді пайдалану оны көшірген уақыттан бастап жиырма жыл өткен соң рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда зират орнын тек ағаштарды өсіру үшін пайдалануға болады. Мұндай аумаққа ғимараттар мен құрылымдарды салуға болмайды.

     7. Жабылған зираттарды жиырма жылдан соң қайта көмуге пайдалану санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісілуі қажет.

     8. Зират алаңының орналасатын жері және оның көлемі елді мекеннің жобалау және құрылыс жоспарында зират жабылған уақыттан кейін сая жайдың және бау-бақшаның орналасатындай қаралу қажет.

     9. Зиратты жобалағанда келесі қарастырылу қажет:
     1) зиратты аумаққа бөлуді қарастыратын жоспарлық шешім;
     2) алаңның және жаяу жүретін, көлік жүретін аумақтың аббаттандыруы;
     3) инсоляцияны және жеткілікті желдетуді қамтамасыз ететіндей етіп жасыл желектердің орналасуы, сипаты және ауданы;
     4) су, канализация жүйелерімен қамтамасыз ету (әкімшілік бөлмелер қарастырылған жағдайда).

     10. Зиратты орналастыратын жердің топырағы ауаның жеткілікті өтуін және тез кебуін қамтамасыз ететіндей құрғақ кеуек болу қажет, елді мекеннің және шаруашылық мақсатында қолданатын ашық суаттардың қарама-қарсы жерге еңістеу болу қажет.

     11. Зират тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, спорттық-сауықтыру, санаторлы-курорттық аумақтардан 300 метр (бұдан әрі) шақырымда орналасу қажет. Жабық зираттардың санитарлық қорғау аумағының мөлшері зираттық кезең өткенше қысқармау қажет.
     Жаңа салынатын немесе пайдаланудағы зираттардың санитарлық қорғау аумағында тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылысын жүргізу рұқсат етілмейді.

     12. Жерлеу бюросы, жерлеу әбзелдерін дайындайтын бюро-дүкендер жеке ғимараттарда орналасып, тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан кем дегенде 50 м жерде орналасуы керек.

     13. Зираттың аумағы секторларға бөлініп, аббатандырылып, қоршалып, аумақтың 20% кем емес мөлшері көгалдандырылып, кіріп-шығатын жолдар қарастырылуы керек. Зираттың аумағы әртүрлі аумақтарға бөлінуі керек (кіре-беріс, ғұрыптық шаралар, әкімшілік-шаруашылық, көму орындары, зираттың периметрі бойынша көгалдандыру аумағы).

     14. Зират аумағында және көму жұмыстарын жүргізуге арналған ғимараттарда автокатафалк, автокөлік, қоқыс жинауға арналған урналар, қоқыс жинағыштар тұратын алаңдар және оған келетін жолдар қарастырылуы керек.
     Қоқыс жинағыш алаңдар қоршалынып, қатты жапқышпен (асфальтпен, бетонмен) жабылуы керек.

     15. Қоқыс жинағыштардың 2/3 бөлігі толғаннан кейін қоқыс қалалық немесе ауылдық жердің қоқыс төгетін жерлеріне шығарылады.

     16. Зираттың аумағы кезеңді түрде жиналып отырылуы керек.
     17. Мынандай аумақтарда зираттарды орналастыруға болмайды:
     1) ауыз сумен қамтамасыз ететін және минералды су көздерінің, курорттардың санитарлық қорғау аумақтарында;
     2) үңгірлер мен қатты жарықшақтанған тау жыныстарының бетіне және жер астынан су шыққан жерлерге;
     3) жер асты сулары жер бетінен 2 м жоғары орналасқан жерлерге, сондай-ақ су басып кететін, жер жарылып құлайтын және батпақты жерлерде;
     4) тұрғындардың шаруашылық-тұрмыстық қажеттілігіне, шомылуына және басқа да мәдени-сауықтыру шаралары үшін қолданатын нысандардың су қоймаларының жағалауында;
     5) су көзі болып табылатын жер асты суларының бастауынан жоғары орналасқан жерде.

     18. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін жүйені зират аумағынан өткізуге болмайды.

     19. Зират аумағындағы суғару және тазалау жұмыстарын жүргізу керек суды жеке жүйе бойынша алу керек.

     20. Ауыз су және шаруашылық үшін пайдаланылатын су "Ауыз сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесіндегі судың сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің қ. А. N 506 бұйрығымен бекітіліп, нормативті құқықтық актілерді тіркеудің Мемлекеттік Реестрінде N 2999 тіркелген қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуы керек.

3. Зираттарда көму жұмыстарын және мәйітті
қайта көму жұмыстарын ұйымдастырғанда қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

     21. Әрбір ересек өлген адамға 5 шаршы метр, балаларға 2 шаршы метр жер бөлінуі керек.
     Көрлердің арасы тігінен кем дегенде 1 м, ал көлбеу аралары кем дегенде 0,5 м болуы керек.
     Көрдің түбінен жер асты суларына дейінгі аралық кем дегенде 0,5 м болуы керек.

     22. Өлген адамның мәйітін жерлеу үшін алып баруға кез-келген көлік құралдарын (темір жол, әуе жолы, автокөлік) пайдалануға болады.

     23. Мәйітті бір жерден екінші жерге апарып, сақтау үшін, оны бальзамдаудан өткізу керек. Өлген сәттен көмуге дейін 5 тәуліктен көп уақыт өтпеуі керек.

     24. Мәйітті темір жол немесе әуе көліктері арқылы тасығанда мырышталған табытқа салынып, іші су тартатын заттармен толтырылып, берік дәнекерлену керек. Мәйітті багаждық бөлімде тасымалдау үшін металдан жасалған табытты. Ағаштан жасалған табытқа немесе берік шегеленген жәшікке салынуы керек.

     25. Мәйітті, өлген орыннан көметін жерге жеткізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы (ауру өлген орындағы) беретін рұқсат анықтаманы емдеу ұйымдарының берген қорытындысын көрсеткеннен кейін ғана ресімделінеді.

     26. Мәйітті тасып апарып жерленгеннен кейін, оны апарған көлік тазаланылып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш дәрмектермен зарарсыздандырылуы керек.

     27. Егер мәйіт құмдауыт жерде жерленетін болса, қайта жерлеу жұмысы кем дегенде бір жылдан соң жүргізілуі керек, ал егер топырақ сулы болатын болса, онда кем дегенде 3 жылдан соң рұқсат етіледі.

     28. Қайта жерлеу жұмысы жергілікті үкіметтің органдарының шешімімен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының аса қауіпті жұқпалы аурулар (күйдіргі) жоқ деген қорытындысы болғанда ғана жүргізіледі.

     29. Этиологиясы анық емес немесе аса қауіпті жұқпадан өлген мәйіттерді жерлеу мырышталған және ауа шықпайтындай етіп, дәнекерленген табытта жүргізілуі керек.

     30. Мәйіт мүрдесі алынған көр зарарсыздандырылып, қайтадан көміліп тегістелінуі керек.

     31. Зираттардың орнын ауыстырғанда, ол жерде қайта өңдеу шаралары жүргізілуі керек. Қайта өңделетін зират аумағынан алынған топырақты тұрғын үй аумағында пайдалануға болмайды.

     32. Егер зират аумағында бұрыннан белгісіз көму жұмыстары жүргізілген болса, өлген адамның денесі көрден алынып, қайтадан рұқсат етілген жерге жерленуі және ол жер өңдеуден өтуі керек.

                                     "Зираттарды жобалауға және
                                       күтіп-ұстауға қойылатын
                                     санитарлық-эпидемиологиялық
                                     талаптар" туралы санитарлық-
                                      эпидемиологиялық ережелер
                                       мен нормаларына қосымша

Санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым
(мәйітті тасымалдауға немесе қайта көмуге арналған)

                            N ________
                 "___"___________________ 200 жыл

___________________________________________________________________
     (мәйіттің қайтыс болу себебі туралы ұйғарымды берген
___________________________________________________________________
                 медициналық мекеменің атауы)
___________________________________________________________________
          қайтыс болған мәйіт тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
                    туған жылы, өлген күні

Мәйіттің өмір сүрген мекен-жайы ___________________________________
___________________________________________________________________
          (республика, облыс, қала, аудан, көше, үй, пәтер)

Медициналық мекеменің қорытындысы _________________________________
___________________________________________________________________
              (қайтыс болған себебі, берілген күні)
___________________________________________________________________
     (аса қауіпті жұқпалы аурулардың, этиологиясы белгісіз
___________________________________________________________________
               аурулардың болу немесе болмауы)

Көмілген орны _____________________________________________________
___________________________________________________________________
               (республика, облыс, қала, аудан)

Мәйітті тасымалдауға арналған көлік: ______________________________
___________________________________________________________________
                 (темір жол, авиациялық, автомобильді)

Мәйіт тасымалданатын жердің мекен-жайы: ___________________________
___________________________________________________________________
              (республика, облыс, қала, аудан)

Мәйітті тасымалдау кезінде індетке қарсы алдын ала өткізілетін
шаралар: __________________________________________________________
        (мырышталған, ауа кірмейтіндей етіп тығыз жабылған табыт,
___________________________________________________________________
             қиылыстырылған ағаш жәшіктің болуы)

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау:
мәйітті тасымалдау, қайта көму ____________________________________
     (астын сызу керек)        (рұқсат етіледі, рұқсат етілмейді)

Мөр орны  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
         қызмет органының жетекшісі        _______________________
                                                    қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады