"Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 282-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 76-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3524. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 377-НҚ бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.11.30 № 377-НҚ бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 14-1-бабының 5) тармақшасына,  15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы  ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

     1. "Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2983 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 18 қыркүйекте N 38 (195) нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 282-НҚ  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы";

     кіріспеде және бұдан әрі мәтін бойынша:
     "Табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;
     "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "ұсыну" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

     1-тармақтағы "белгілеу және алып тастау" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесінде:

     тақырыбында және барлық мәтін бойынша:
     "белгілеу және алып тастау", "белгіленген", "ұсыну", "белгілеу" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;
     "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақтағы:
     үшінші абзацта және бұдан әрі барлық мәтін бойынша "байланыс қызметтерін" деген сөздер "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы - телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін алатын жеке немесе заңды тұлға";
     тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган;";
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтердiң осы түрлерiн ұсынудың технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебi бойынша бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметтері және телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі қызметтер";

     6-тармақтағы "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     7-тармақтағы:
     бірінші абзацта:
     "телекоммуникациялар қызметін ұсынудың көлемін арттырған кезде," деген сөздер алынып тасталсын;
     "осы" деген сөз "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екінші және үшінші абзацтар "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     төртінші абзацтағы:
     "телекоммуникациялар қызметін пайдалану көлемі" деген сөздер алынып тасталсын;
     "осы" деген сөз "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     бесінші және алтыншы абзацтар "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     20-тармақтағы:
     "белгіленген" деген сөз тиісінше "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "телекоммуникациялар қызметін" деген сөздер "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметін" деген сөздермен және "телекоммуникациялар қызметінің" деген сөздер  "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

     22-тармақ "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     24-тармақтағы "белгілеген" деген сөз "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

     26-тармақта және  27-тармақтың үшінші абзацында "белгіленген" деген сөз "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

     көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
     жоғарғы оң жақ бұрышындағы:
     "телекоммуникациялар" деген сөздің алдынан "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;
     тақырыбында және барлық мәтін бойынша:
     "белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "Табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;

     8-тармақтағы "ұсынылатын" деген сөзден кейін "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

     9-тармақтағы "Байланыс қызметін" деген сөздер "Телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     10-тармақтағы:
     "Тұтынудың" деген сөздің алдынан "Реттеліп көрсетілетін қызметін" деген сөздермен, "әрбір" деген сөзден кейін "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
     "Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;
     "белгілеуді" деген сөз "бекітуді" деген сөзбен ауыстырылсын;

     көрсетілген Ереженің 2-қосымшасында:
     жоғарғы оң жақ бұрышындағы:
     "телекоммуникациялар" деген сөздің алдынан "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;

     тақырыбында:
     "белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "телекоммуникациялар" деген сөздің алдынан "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер алынып тасталсын;

     1-тармақтағы "белгіленген" деген сөз "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

     2-тармақтағы:
     "телекоммуникациялар қызметтердің" деген сөздер "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "белгілеген" деген сөз "бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "байланыс қызметтерін" деген сөздер "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақтағы:
     "телекоммуникациялар" деген сөз "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "байланыс қызметтерін" деген сөздер "телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     Ескертудегі:
     "әрбір" деген сөзден кейін "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
     1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, "Қазақтелеком" және "Транстелеком" акционерлік қоғамдарының, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

     5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төрағаның міндетін атқарушы

     Келісілген

     Қазақстан Республикасы
     Ақпараттандыру және байланыс
     агенттігінің төрағасы
     2005 жылғы 26 наурыз

     Келісілген

     Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлігі
     Салық комитетінің төрағасы
     2005 жылғы 26 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады