Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3668. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.04.07 N 136  (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134  қаулысының 6-тармағын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрі  
міндетін атқарушының     
2005 жылғы 4 мамырдағы    
N 281 бұйрығымен       
бекітілген          

  Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген
стипендияларды тағайындау ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендия, тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқудағы және ғылыми зерттеулердегі жетістіктері дипломдармен (немесе басқа да құжаттармен) расталған, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық ашқан, өнертабыстары мен Қазақстан Республикасының және шетелдердің орталық басылымдарындағы ғылыми мақалалардың авторлары болып табылатын, сондай-ақ білім беру ұйымының қоғамдық мәдени және спорт өміріне белсене араласатын жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылатын студенттерге 3 курстан бастап, аспиранттарға - бірінші оқу жылынан кейін беріледі.
      Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы кезекті оқу жылына тағайындалады.

      3. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендия жоғары оқу орнының ректорының немесе ғылыми ұйым директорының бұйрығымен жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдары ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындалады.

      4. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияларды тең жағдайда:
      жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;
      бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға басымдылықтар беріледі.

      5. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияны жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымдарының ғылыми кеңестерінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет беруге болады.

      6. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендиялары тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде ай сайын төленетін болады.

      7. Жоғары оқу орындары немесе ғылыми ұйымдарының ғылыми кеңестерінің кері ұсынымдар қабылданған кезде стипендиат бойынша жоғары оқу орнының ректоры немесе ғылыми ұйымның директоры Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендиясын төлеуді тоқтату туралы бұйрық шығарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады