"Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3968. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 08.01.2013  № 6 бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N 1813 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 19, 608-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы  8 ақпандағы N 36  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      9-тармақта "жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау" деген сөздер "нормативтік құқықтық актілерді тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      екінші бөлімде "деңгейде" деген сөзден кейін ", республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлімді:
      ", республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық" деген сөздер алып тасталсын;
      "округтік әкімдіктер" деген сөздер "округтер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11-тармақтың екінші бөлімінде:
      ", республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық" деген сөздер алып тасталсын;
      "округтік әкімдіктер" деген сөздер "округтер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөлімдермен толықтырылсын;
      "Бұл ретте, жергілікті мемлекеттің басқару органында жоспарлы тексеруді аумақтық әділет органы осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес жарты жылда кемінде бір рет жүргізеді.
      Қажет болған жағдайда облыстық Әділет департаменттері аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтің жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, бірақ олардың алтауына, ғана жоспарлы тексеруді жүргізуі мүмкін.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады