Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4037. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.12.2016 № 11-1-2/619 ( алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

МИНИСТР



      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      2005 жылғы 29 қараша

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2005 жылғы 28 қарашадағы
N 08-1/361 бұйрығымен
бекітілген

Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану
Ережесі

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.

      Осы Ереженің күші Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге жүрмейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" атты ағымдағы бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешім қабылдайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Қаржылай көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

      1) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу көліктік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);

      2) аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);

      3) адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);

      4) біржолғы материалдық көмек:

      тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);

      тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);

      бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда сатып алу (280 АҚШ долларына баламалы соммадан аспайды);

      5) багажға жұмсалатын шығыстар, денені мәйітханада сақтағаны үшін шығыстарға ақы төлей отырып "200" (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың табыттарын және сауыттарын күлімен жөнелту) жүгін ресімдеу немесе келген мемлекетте жерлеу.

      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.05.29 N 08-1/155 бұйрығымен.

2. Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге бөлінетін республикалық бюджет қаражатын пайдалану тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жазбаша қорытындылары негізінде және тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлеміне сүйене отырып, Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының шетелдегі тиісті мекемесіне қаражат бөледі.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ұсынатын қорытындыға осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса тіркеледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері төмендегі құжаттар болған кезде қаржылай көмек көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі басшысының атына қаражатты бөлу қажеттілігінің негіздемесі бар Қазақстан Республикасы азаматының, туысқанының немесе өзге уәкілетті адамның паспорттық деректері, Қазақстан Республикасындағы тұратын мекен-жайы, тұрып жатқан мемлекеттегі орналасқан жері, құқыққа қайшы жасалған әрекеттердің жағдаяттары, өзге де мүмкін болған ақпарат көрсетілген өтініші;

      2) қайтыс болуды, шет мемлекетке заңсыз әкелуді, Қазақстан Республикасының азаматтарына қарсы бағытталған өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді, еңсерілмейтін күштерді, яғни азамат тарапынан алдын алуға және бақылауға алуға келмейтін және осындай ахуал жағдайларында күтпеген сипат алған төтенше жағдайлар туындаған фактілерді растайтын болмыш мемлекеттің уәкілетті органдары берген құжаттар.

      Мұндай жағдайлар олармен шектеліп ғана қоймайтын келесі әрекеттерді қамтиды: әскери іс-әрекеттер, стихиялық құбылыстар (су тасқыны, жер сілкінісі, эпизоотиялар, күшті дауыл, теңіз дауылы, боран, құйын, қардың қалың жаууы, цунами және т.б.);

      3) келген мемлекеттің уәкілетті медициналық мекемесі берген зорлау фактісін (егер зорлау фактісі орын алған жағдайда) растайтын құжат.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Осы ереженің 3-тармағында көрсетілген шығындар Қазақстан Республикасының тиісті шетелдегі мекемесінің қаржылай көмек көрсетудің мақсатқа лайықтылығы туралы қорытындысының негізінде жүзеге асырылады, ол шетелдегі мекеме басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

3. Есептілік және бақылау

      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және қамтамасыз етуге бөлінетін қаражаттың пайдаланылуына бақылау жүргізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.20 № 08-1-1-1/323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      8. Қаржылай көмек көрсету ішін қаражат алған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жұмсалған шығындар көрсетілген және оны растайтын құжаттар қосымшасымен бірге (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің басшысы немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығының, түбіртектер, есеп-фактуралар, жөнелтпе құжаттар көшірмелері және тағы басқа) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 122-бабына сәйкес, аталған қаражаттардың пайдаланылуы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне есеп тапсыруға тиіс.

      10. Қаржылай көмек көрсетуге бөлінген қаражатты мақсатқа сай және тиімді пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады