Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N А-5/152 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда N 3132 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № А-3/161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.04.2013 № А-3/161 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Азаматтардың кейбір жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуді ұсынудың қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  департаменті азаматтардың жекелеген санаттары үшін санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастырсын.
      3. Ақмола облысының қаржы департаменті тиісті бюджеттік бағдарламаларды, осы мақсатқа бөлінген сомалар мөлшерінде, уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

      Ескерту. Кіріспе өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/21 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН      
Облыс әкімдігінің   
04.05.2005 ж. N а-5/152
қаулысымен      

Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

     1. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну туралы осы Ереже (бұдан кейін - Ереже) оны ұсынудың тәртібі мен шарттарын регламенттейді.
      2. Санаторлық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасының келесі санаттағы азаматтарына ұсынылады: Ақмола облысының аумағында тұрақты тұратын және тұрғылықты жерінің емдеу мекемесінің дәрігерлік кеңес беру комиссияның (бұдан кейін - ДКК) қорытындысы бойынша санаторлық-курорттық емдеуді қажет ететін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтарға;
      2) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген азаматтар санаттарына;
      3) еңбек ардагерлеріне;
      3 тармақша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/21 қаулысымен

      4) <*>
      Ескерту. 2 тармақ 4 тармақшамен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N А-12/357 қаулысымен. 4 тармақ алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/21 қаулысымен

2. Санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну тәртібі мен шарттары

      3. Санаторлық-курорттық емдеуге жіберу үшін, осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтар Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне (бұдан кейін - уәкілденген орган) келесі құжаттарды тапсырады:
      1) қосымшада берілген үлгідегі өтініш;
      2) емдеу мекемесі ДКК-ның санаторлық-курорттық емдеуді қажет ететіндігі туралы, Қазақстан Республикасының санаторийі, профилакторийі, пансионаты көрсетілген қорытындысы;
      3) жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) осы санатқа жататындығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
      4. Уәкілденген орган өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша санаторлық-курорттық емдеуге жолдама береді.
      5. Мүгедектерге сырқатына қарай арнайы жағдайлар жасау қажет болған жағдайда оларды арнайы санаторийлерде санаторлық-курорттық емдеудің ұйымдастырылуы мүмкін.
      6. Уәкілденген орган жыл сайын осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттарына, олардың өтініштері мен емдеу мекемелерінің ДКК-ның сырқатына байланысты санаторийі, профилакторийі немесе пансионаты көрсетілген қорытындысының негізінде санаторлық-курорттық емдеуді ұсынудың қажеттілігін анықтап отырады.

3. Санаторлық-курорттық емдеуді қаржыландыру

      7. Уәкілденген орган мемлекеттік алдын-ала сатып алу туралы заңның негізінде анықталған қажеттілікке сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметін алдын-ала сатып алады.
      8. Осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеуді қаржыландыру облыстық бюджеттен "Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту" атты шығындардың бюджеттік классификациясының 06-2-256-003-105 коды бойынша осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.
      9. Осы Ереженің 2 тармағының 3 тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін санаторлық-курорттық емдеуді қаржыландыру облыстық бюджет қаржысынан қосымша "Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер" атты шығындардың бюджеттік классификациясының 06-2-256-003-102 коды бойынша осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.

1 қосымша           
Азаматтардың  жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емдеуді 
ұсыну Ережесіне       

Ақмола облысының жұмыспен  
қамтуды және әлеуметтік  
бағдарламаларды       
үйлестіру департаментінің 
директорына        

ӨТІНІШ

Тегі________________________________________________

Аты_________________________________________________

Әкесінің аты________________________________________

Статусы_____________________________________________

Мекен-жайы__________________________________________

Телефоны____________________________________________

Төлқұжат немесе жеке куәлігі

Нөмірі__________________берілген(қашан,кіммен)______

_________________________________________________________

Маған_______________________________________________

(пансионаттың, профилакторийдің немесе санаторийдің атауы)

______санаторлық-курорттық емдеуге жіберуіңізді сұраймын.

(айы көрсетілсін)

      Емдеу мекемесінің ДКК-ның санаторлық-курорттық емделудің қажет екендігі туралы қорытындысын қоса беріп отырмын

Об утверждении Правил предоставления санаторно-курортного лечения отдельным категориям граждан

Постановление акимата Акмолинской области от 4 мая 2005 года N А-5/152. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 18 мая 2005 года N 3132. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 22 апреля 2013 года № А-3/161

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 22.04.2013 № А-3/161.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 20 Закона Республики Казахстан от 21 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", пунктом 17 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан, статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       Сноска. Преамбула изменена - постановлением акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года N А-2/21
     1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления санаторно-курортного лечения отдельным категориям граждан.
     2. Департаменту координации занятости и социальных программ организовать санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан.
     3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бекмагамбетова Г.М.

       Аким области

УТВЕРЖДЕНЫ        
постановлением акимата области
от 04.05.2005 года N а-5/152

ПРАВИЛА
предоставления санаторно-курортного лечения отдельным
категориям граждан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления санаторно-курортного лечения отдельным категориям граждан (далее Правила) регламентируют порядок и условия его предоставления.
      2. Санаторно-курортное лечение предоставляется следующим категориям граждан Республики Казахстан, постоянно проживающим на территории Акмолинской области и нуждающимся в санаторно-курортном лечении по заключению врачебно-консультационной комиссии (далее ВКК) лечебного учреждения по месту жительства:
      1) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним;
      2) другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны;
      3) ветеранам труда;
      Сноска. Подпункт 3 в новой редакции - постановлением акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года N А-2/21

     4) исключен - постановлением акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года N А-2/21

2. Условия и порядок предоставления санаторно-курортного лечения

       3. Для направления на санаторно-курортное лечение граждане, указанные в пункте 2 настоящих Правил, предоставляют в Департамент координации занятости и социальных программ Акмолинской области (далее уполномоченный орган) следующие документы:
     1) заявление прилагаемого образца;
     2) заключение ВКК лечебного учреждения о нуждаемости в санаторно-курортном лечении с указанием санатория, профилактория или пансионата Республики Казахстан;
     3) копию документа удостоверяющего личность;
     4) копии документов, подтверждающих принадлежность к данной категории.
     4. Уполномоченный орган выдает направление на санаторно-курортное лечение в порядке очередности согласно дате подачи заявлений.
     5. При необходимости создания инвалидам специальных условий в зависимости от заболевания, возможна организация их санаторно-курортного лечения в специализированных санаториях.
     6. Уполномоченный орган ежегодно определяет потребность в предоставлении санаторно-курортного лечения отдельным категориям граждан, указанным в пункте 2 настоящих Правил, на основании их заявлений и заключений ВКК лечебных учреждений с указанием санатория, профилактория или пансионата в соответствии с характером заболевания.

3. Финансирование санаторно-курортного лечения

       7. Уполномоченный орган согласно законодательства о государственных закупках проводит закуп услуг по санаторно-курортному лечению в зависимости от сложившейся потребности.
      8. Финансирование предоставления санаторно-курортного лечения отдельным категориям граждан, указанным в пункте 2 настоящих Правил, производится из средств областного бюджета по коду бюджетной классификации расходов 06-2-256-003-105 "Реабилитация инвалидов и ветеранов" в пределах средств, выделенных на эти цели.
      9. Для категории граждан, указанных в подпункте 3 пункта 2 настоящих Правил, финансирование предоставления санаторно-курортного лечения производится из средств областного бюджета дополнительно по коду бюджетной классификации расходов 06-2-256-003-102 "Льготы по санаторно-курортному лечению" в пределах средств, выделенных на эти цели.

Приложение 1      
к Правилам предоставления
санаторно-курортного лечения
отдельным категориям граждан

Директору                  
департамента координации   
занятости и социальных     
программ Акмолинской области

ЗАЯВЛЕНИЕ

Фамилия__________________________________________________

Имя______________________________________________________

Отчество_________________________________________________

Статус___________________________________________________

Домашний адрес___________________________________________

_________________________________________________________

Телефон__________________________________________________

Паспорт или удостоверение личности

номер _________________ выдан (когда,кем)________________

_________________________________________________________

Прошу предоставить мне санаторно-курортное лечение

в________________________________________________________

(наименование пансионата, профилактория или санатория)

в________________________________________________________

         (указать месяц)

        Заключение ВКК лечебного учреждения о нуждаемости в санаторно-курортном лечении прилагаю.

        Дата подачи заявления        Подпись заявителя

      ___________________          ________________