Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы кезектен тыс ІV-сессиясының N 4-3 "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы N 14-2 шешімі. Байзақ ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 17 қарашада 23 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 7-13 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 7-13 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 8 тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 30 наурыздағы кезектен тыс ІV-сессиясының N 4-3 "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, мал дәрігерлік туралы заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" (тіркеу N 1346, аудандық "Ауыл жаңалығы" газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы N 22 санында жарияланған)  шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген "Аудандағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау және елді мекендердің аумақтарын көріктендіру туралы" Ережесінде:
      11 тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға, арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға;".
      
      Аудандық Мәслихат                          Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Н. Есимов                                  Т. Абдуалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады