Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 245 шешімі. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2006 жылғы 23 қаңтарда N 4141 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 33 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2007.12.12 N 33 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған "Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы.

      Облыстық Мәслихаттың
      ХХІ сессиясының төрағасы

2005 жылғы 20 желтоқсандағы 
N 245 шешіммен       
БЕКІТІЛГЕН         

  Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді
оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ

Қызылорда қаласы Бағдарламаның төлқұжаты

Бағдарламаның атауы

Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарда Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды тереңдету мақсатындағы іс-шаралар жоспарының 3.2. тармағы

Жауапты орындаушы

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Бағдарламаның мақсаты 

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру, әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту және олардың тіршілік жағдайын жақсарту

Бағдарламаның
міндеттері

Мүгедектіктің алдын алу;
медициналық-әлеуметтік сараптау жүйесін жетілдіру:
медициналық оңалту;
әлеуметтік оңалту;
кәсіби оңалту.
Мүгедектерді оңалтуды өңірлік деңгейде ұйымдастыру;
әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеру

Қаржыландыру көздері  

Республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да қаражаттар:
2006 жылы - 436,29 млн. теңге;
2007 жылы - 3258,96 млн. теңге;
2008 жылы - 3274,98 млн. теңге.

Күтілетін нәтиже

Мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесі жасалады және мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі артады;
мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейі төмендейді;
балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын аурулары мен мүгедектікке әкеліп соқтырушы даму ақауларымен туылу қауіп-қатерінің дәрежесі төмендейді; 
мүгедектерге ұсынылатын медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа да оңалту қызметтерінің тізбесі ұлғаяды және сапасы көтеріледі;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен ақпараттық ортаға қол жетімділігі жақсарады.

Орындалу мерзімі

2006-2008 жылдар

КІРІСПЕ

      Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауды ұйымдастыру проблемасының өзектілігі оның ауқымдылығына байланысты. Облыс бойынша мүгедектердің саны 19,7 мыңнан астам адам немесе тұрғындардың 3,1 % құрайды.
      Қазіргі кезде мүгедек деп еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адам ғана емес, сондай-ақ тіршілік ету мүмкіндігінде басқа да шектеулері (өзіне-өзі қызмет көрсету, қозғалу, қарым-қатынасы, бағдары, өз мінез-құлқына бақылау жасау, оқу) бар адамдар да танылады.
      Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты Жолдауы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негіз болды.
      Бағдарлама "Қазақстан - 2030" Стратегиясы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының аясында әзірленген.
      Осы Бағдарлама қабылданғанға дейін Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы іске асырылды.

  Мүгедектік пен мүгедектерді оңалтудың
қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау

      2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста барлық санаттағы мүгедектердің саны 19669 адамды немесе тұрғындардың 3,1 пайызын құрады. 10,0 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектіктің интенсивтік көрсеткіші

Көрсеткіштер

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

Алғаш рет мүгедек ретінде танылғандар (барлығы)

1998

1761

1784

Оның ішінде: балалар арасында ересектер арасында

458

355

411

1540

1406

1373

Алғашқы мүгедектіктің интенсивті көрсеткіші (мүгедектердің барлық санаттары үшін)

32,8

29,2

29,4

Оның ішінде: балалар арасында ересектер арасында

20,8

16,9

19,2

39,6

35,6

34,9

      Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы тұрақты. Ересектер арасында мүгедектік қан айналымы жүйесі бойынша 261 адам (19%), қатерлі ісік -249 адам (19%), жарақат - 118 адам (8,6%) және психиканың бұзылуы-178 адам (12,9%) ауруларынан туындауда. Мүгедек балалардың арасында әр үшінші дерлік бала туа біткен даму ауытқушылықтарынан немесе хромосомды аурудан зардап шексе, 25,3% немесе 104-і жүйке жүйесі ауруынан, 27,9% немесе 115 - і психиканың бұзылуынан мүгедектікке ұшырауда.
      2004 жылы 7887 адам қайта куәландырылған, бұл ретте мүгедектерді ішінара оңалту көрсеткіші 8,5% құраса, мүгедектік тобы қиындағандардың көрсеткіші 4,8 %, толық оңалту көрсеткіші 6,7% құрап отыр.
      Мүгедектік көрсеткіші төмендегідей факторларға:
      облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейіне;
      халықтың денсаулық жағдайына;
      денсаулық сақтау жүйесін, медициналық қызметтің қол жетімділігі мен сапасын дамытуға;
      оңалту қызметтерінің сапасы мен қол жетімділігіне;
      еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жағдайына;
      экологиялық ортаның жағдайы және басқа да себептерге;
      өндірістің құлдырауына, мүгедектерге бос жұмыс орындарының жоқ болуына байланысты.
      Биологиялық деңгейде созылмалы, туа біткен және генетикалық аурулардың жоғары деңгейі байқалуы мүмкін;
      медициналық-ұйымдастыру деңгейінде аурушаңдықтың кеш анықталуын, аурушаңдық пен мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті назар аударылмауын;
      әлеуметтік-орта деңгейінде - еңбектің денсаулыққа қауіпті және зиянды шарттары мен өндірістік жарақаттардың және бірқатар аудандардағы экологиялық қолайсыздыққа байланысты.
      Тіршілік етудің шектелу дәрежесі бойынша мүгедектік санатын анықтай отырып, медициналық-әлеуметтік сараптау қызметкерлері әр мүгедек үшін медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың іс-шараларын қамтитын мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (одан әрі- ЖОБ) әзірлейді.
      Медициналық оңалту ауруды, жарақатты, сынықты түзеуге немесе олардың зардаптарын азайтуға бағытталған кешенді диагностикалық, емдік және оңалту іс-шараларын өткізуге негізделген.
      Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің әлеуметтік статусын қайта қалпына келтіруге, оларды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруды, оларға қажетті әлеуметтік қызмет көрсетуді, оларды қосалқы (компенсаторлы) техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, олардың әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кіруін қамтамасыз етуді, ақпараттық ортаны пайдалануда тең мүмкіндіктер жасауды, материалдық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді қамтиды.
      Облыста III топтағы 5901 мүгедек бар. 2004 жылы жұмыссыздыққа тіркелген мүгедектердің 55-і жұмысқа орналасты, 2005 жылы тіркелген III-ші топтағы 95 мүгедектің 30-ы жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 53 мүгедек, кәсіби оқытуға 7 мүгедек жолданды.
      Халықты жұмыспен қамтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес квотаны есептегенде (3%) үш жыл ішінде 570 астам мүгедекті жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.
      Облыста мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі де өзге өңірлердегідей мүгедектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы сияқты айтарлықтай кедергілерге келіп тіреледі. Өйткені жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арнайы еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу экономикалық жағынан алғанда тиімді емес. Кәсіпорындардың әкімшіліктері бірінші кезекте, еңбек нарығында еңбекке қабілетті азаматтар тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты өздерінде жұмыс істеп жатқан мүгедектерді қысқартуда.
      Сондықтан мүгедектерді жұмысқа орналастырудың тиімді жолы - ол арнайы кәсіпорындар. Облыста Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу өндірістік кәсіпорны жұмыс істейді. Онда 120 мүгедек жұмыспен қамтылған. Бұл кәсіпорындар қызметінің негізгі түрлері тігін бұйымдарын тігу, тоқыма бұйымдарын өндіру, құрылыс жұмыстары және т.б. болып табылады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты - оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және өмір сүру сапасын жақсарту.
      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
      Мүгедектіктің алдын алу;
      Медициналық-әлеуметтік сараптау жүйесін жетілдіру:
      медициналық оңалту;
      әлеуметтік оңалту;
      кәсіби оңалту.
      Мүгедектерді оңалтуды өңірлік деңгейде ұйымдастыру;
      әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеру.

3. Бағдарламаны негізгі бағыттары
мен іске асырудың тетіктері

Мүгедектіктің алдын алу

      Мүгедектіктің алдын алу дене құрылысы, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық ақаулардың (бірінші деңгейдегі алдын алу) пайда болуының және ақаудың ұдайы функционалды шектеуге немесе мүгедектікке (екінші деңгейдегі алдын алу) өтуінің алдын алуға бағытталған шаралар кешенін қарастырады.
      Медициналық-әлеуметтік сараптауды жетілдіру.
      Ағза функциясының бұзылуы мен тіршілік ету қабілетінің шектелу дәрежесіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік тобы, еңбекке қабілетті адамдарға тіршілік ету қабілетінің шектелуін сандық бағалау жолымен олардың жалпы немесе/және кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту пайызы белгіленеді. Бұл оңалту шараларының атаулылығын күшейтуге және олардың тиімділігін көтеруге ықпал етеді. Осының негізінде медициналық-әлеуметтік сараптау қызметкерлері оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдағы оңалту іс-шараларын қамтитын оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейді.
      Оңалтудың жеке бағдарламасын түрлі ведомстводағы және меншік нысанындағы ұйымдардың орындау міндеттілігі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған.
      Оңалтудың нәтижесін бақылау және бағалау медициналық-әлеуметтік сараптау қызметкерлеріне жүктелетін болады.

Медициналық оңалту

      Медициналық оңалту мақсатына сәйкес пайда болған аурудың және/немесе жарақаттың зардабын жою ағзаның функциясын, науқастың тіршілік ету қабілетін өмірлік және әлеуметтік статусын қалпына келтіруге бағытталатын болады.
      Бұл орайда реконструктивті хирургия мен протезді-ортопедиялық көмектің сапасын арттыру маңызды рөл атқарады. Осы тектес мүгедектерге медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну, емдеу мекемелеріндегі травматология бөлімдерінің протезді-ортопедиялық орталықтармен тығыз жұмыс істеуін қажет етеді.
      2005 жылдан бастап мүгедектерді протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифлоқұралдармен қамтамасыз ету функциялары облысқа берілген. Аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 24,1 млн теңге бөлінді.
      Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес "Ардагер" және "Жаңақорған" санаторийлерінің базасында мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеу ісі ұйымдастырылып, бұл мақсатқа 2005 жылы облыстық бюджеттен 7,8 млн. теңге жұмсалды. 2004 жылдан бері Қызылорда қаласында 40 орындық "Балаларды оңалту орталығы" жұмыс істеп келеді, 2006 жылдан бастап Қызылорда қаласында 30 орындық мүгедектерді оңалту орталығын ашу жоспарланған. 2007-2008 жылға 300 орындық жүйке аурулар интернат үйінің құрылысы, 200 орындық балалар жүйке аурулар интернат үйі, Қызылорда қаласының Талсуат (Александровск) кентінде 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жоспарлануда.

Әлеуметтік оңалту

      Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасында қарастырылған мемлекеттік, әлеуметтік нормативтер мен стандарттар жүйесіндегі өзгерістерді ескере отырып күнкөріс деңгейінің төмен базалық әлеуметтік индикаторға айналуына байланысты мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтің стандарттары қайта қаралатын болады.
      Бұл орайда мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін, ал қосымша қызметтер ақысы ішінара және толық төленген жағдайда көрсетілетін болады.
      Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту:
      әлеуметтік және әлеуметтік-консультативтік көмек көрсетуді (ерекше мұқтаждық пен сұранысқа байланысты);
      медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын тұлғаларға медициналық-әлеуметтік, білім беру және коррекциялық қызметтер көрсетуді;
      медициналық және басқа да көмектерді алуда ықпал ету шығындарды басқару, шаруашылықты ұстау және тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік қарым-қатынасқа жәрдемдесу қарастырылған үйге барып әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді;
      Облыста алғаш рет қимылында қиындығы бар I топтағы мүгедектерге көмекші және есту жағынан мүгедектерге ыммен сөйлейтін мамандар беру қамтамасыз етіледі.
      Мүгедектердің компенсаторлы, техникалық құралдарға, протезді-ортопедиялық, сурдо-тифло көмектерге сұранысын қанағаттандырудың деңгейін арттыру.
      Мүгедектерді техникалық, қосалқы құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту мүгедектердің сұранысын мейлінше толық есепке алу негізінде жүзеге асырылатын болады. Мұқтаж мүгедектерді кресло-арбалармен жабдықтау мәселесі тиісті деңгейде шешіліп келеді. 2002-2005 жылдар ішінде облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 618 мүгедек арбасы сатып алынды, бұл мақсатқа демеушілердің қаржылары да тартылуда. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында міндетті гигиеналық құралдарды енгізу есебінен мүгедектерге берілетін техникалық құралдардың тізбесін кеңейту қарастырылған.
      Әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына қол жетімділікті қамтамасыз ету:
      сәулеттік-жобалық тапсырмаларды мүгедектер мен тұрғындардың қауқары аз топтарының әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына қол жетімділігін қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып әзірлеуді қарастыру;
      жобаларды сараптау сатысында мүгедектер мен тұрғындардың қауқары аз топтарының көрсетілген нысандарға қол жетімділігі жөніндегі құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.
      Жұмыс істеп жатқан нысандар саласында:
      Жұмыс істеп жатқан әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдар нысандарын түгендеуден өткізу, қайта құруды қажет ететін нысандар тізбесін жасау.
      Мүгедектердің қол жетімділігі үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдарды қайта ыңғайластыру жөніндегі жұмыс жоспарын жасау және іске асыру. Мемлекеттік меншікке жататын нысандар мен ғимараттарға мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылатын болады, ал жеке сектордағы осындай жұмыстарды қаржыландыруды кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар есебінен жүзеге асыру көзделіп отыр.
      2004-2005 жылдары облыста жалпы алғанда 190-нан астам пандустар салынды. Облыс орталығында Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылға арналған бағдарламасын іске асыру кезеңінде синхронды дыбыс сигналы бар арнаулы бағдаршамдар орнатылатын болады.

Ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету

      Мүгедектердің ақпараттық қызметтерге қол жетімділігін кеңейту және осының негізінде әлеуметтік оқшаулауды жою үшін облыстық телеарналарда ақпараттық бағдарламаларды сурдоаударма жасауды ұйымдастыру жұмысын кеңейту жоспарлануда.

Кәсіби оңалту

      Мүгедектерді еңбек рыногына тарту үшін едәуір күш-жігер қажет етіледі.
      Бұл орайда жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру қарастырылуда. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу әртүрлі іс-шаралардың көмегімен жүзеге асырылатын болады: мүгедектерді кәсіби даярлау және қайта даярлау; жұмысқа орналастырудың ынталандырылған квотасын белгілеу (жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде); артықшылықпен немесе мақсатты еңбекке орналастыру (әлеуметтік жұмыс орындарын құру); шағын несиелер беру және т.б.
      Мүгедектердің жұмысқа орналасуына нақты жәрдем көрсетуге көмектесу мақсатында "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыс берушілер тарапынан жергілікті атқарушы органдармен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Бұл орайда мақсатты топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмыс берушілердің еңбекақы шығынын ішінара өтеу өтемақысы негізінде жүзеге асырылады.
      Тамақ өнімдерін, киімдер шығару, ұсақ көтерме сауда, үйдегі жұмыс пен ауыл шаруашылығы жұмыстары мүгедек әйелдер үшін балаларды тәрбиелеу және үйде жұмыс істеумен қатар кәдуілгі жұмыс күйінде қалады.
      Оңалту жүйесі еңбекке қабілетті мүгедектердің жұмыспен қамтылу жағдайына, олардың еңбегінің қауіпсіздігі мен жағдайына бақылауды қарастыратын болады.
      Динамикалық бақылау мен қадағалаудың төмендегідей нысандары қолданылатын болады: жұмыс орнында мүгедектердің шын мәнінде еңбекке орналасуын зерттеу, жұмыс берушілердің әлеуметтік және еңбек заңдылықтарын сақтауына бақылау жасау, жұмыс істеп жатқан мүгедектердің жұмысқа орналасуының тиімділігіне бақылау жасай отырып олардың жағдайына мониторинг жүргізу.
      Мүгедектердің, оның ішінде мүгедек балалардың белсенді өмір салтына араластыру мақсатында көркемөнерпаздардың, суретшілердің, қолөнер шеберлерінің және шығармашылықтың басқа түрлері бойынша облыстық конкурстар өткізілетін болады.
      Мүгедектерді оңалтуды өңірлік деңгейде ұйымдастыру.
      әдістемелік, іске асыру және бақылау функцияларының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлінуін ескере отырып, мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы органдарының функциялары мына төмендегідей болады:
      мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламасын жасау;
      медициналық қызметтің кепілді көлеміне қол жетімділікті және оның сапасының артуын қамтамасыз ету.
      әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеру.
      Заңнамалық негіздің өзгеруі және мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оңалтуды жетілдіру, осы жүйеде жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің құзыретіне, кәсібилігіне және адамгершілік қасиеттеріне жаңа биік талаптар қояды.
      Халықтың осы санатының өзіндік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілік талаптарын анықтау, қызметкерлерді аттестаттау мен сертификаттау мәселелерін шешуді қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
      Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мүгедектердің қоғамға жан-жақты араласуы үшін мүмкіндіктер беру, тәуелсіз өмір сүрулері үшін жағдайлар жасау арқылы орындалады:
      Ағзаның дамуындағы нашарлауын алдын-алуды анықтаудың тиімділігін көтеру:
      әйелдер консультациясы мен перзентханаларда туа біткен және тұқым қуалау патологиясының перинаталды скринингін уақытында өткізу және сапасын жақсарту, әйелдердің жұқпалы және генетикалық ауруларын анықтау.
      Мүгедектерді кешенді оңалтудың жүйесін жасау:
      мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды жетілдіру;
      мүгедектерді санаторлық-курорттық сауықтыруды ұйымдастыру;
      мүгедектерді техникалық жүріп-тұру, протезді-ортопедиялық, тифло, сурдо құралдармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
      мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалар, мүгедектер мен жалғызілікті қарттар үшін үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желілерін дамыту;
      аймақтық телеарналарда ақпаратты бағдарламалардың сурдоаудармамен берілуін ұйымдастыру;
      мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдарға қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Мүгедектерді белсенді өмір салтына тарту:

      мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар байқауына, суреттер мен шығармашылықтың өзге де түрлері бойынша өтетін конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету.
      Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ведомстволық бағынысындағы әлеуметтік мекемелердің құрылысы, күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту
      Үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін көтеру.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және дене шынықтыру органдары, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыс бойынша департаменті іс-шараларды іске асырудың негізгі қатысушылары болып табылады.

  4. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттің қаражатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаражатты бағыттау болжамданып отыр.
      Мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 6970, 23 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
      2006 жылы - 436,29 млн. теңге;
      2007 жылы - 3258,96 млн. теңге;
      2008 жылы - 3274,98 млн. теңге.
      Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 6343,27 млн. теңге, оның ішінде:
      2006 жылы -194,28 млн. теңге;
      2007 жылы -3069,60 млн. теңге;
      2008 жылы -3079,39 млн. теңге.
      облыстық бюджеттен -466,30 млн. теңге, оның ішінде:
      2006 жылы -181,54 млн. теңге;
      2007 жылы -114,47 млн. теңге;
      2008 жылы -120,29 млн. теңге.
      аудандық, қалалық бюджеттерден -210,66 млн. теңге, оның ішінде:
      2006 жылы -60,47 млн. теңге;
      2007 жылы -74,89 млн. теңге;
      2008 жылы -75,3 млн. теңге.

5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру:
      мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін жасауға және оларға әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыруға;
      мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
      балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын аурулармен, мүгедектікке әкеліп соқтыратын даму ақауларымен туылу қауіп-қатерінің дәрежесін азайтуға;
      мүгедектерге ұсынылатын медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа да оңалту қызметтерінің тізбесін ұлғайтуға және сапасын көтеруге;
      мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;
      мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

       2007-2008 жылдары Қызылорда облысында 150 орындық оңалту орталығы, 300 орындық жүйке аурулар интернат үйі, 200 орындық балалар жүйке аурулар интернат үйі ашылады.
      2006-2008 жылдары 600-ге жуық мүгедекті сауықтыру, 2000 мүгедекті протезді-ортопедиялық бұйымдармен, 1500 мүгедекті сурдо-тифло құралдарымен, 450 мүгедекті кресло-арбалармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қолдағы бар өндірістік және қоғамдық ғимараттарда 200 пандус салынатын болады. Облыс орталығындағы жүргіншілердің өтпелі жолдарында дыбыстық және жарықты қондырғылар мен синхронды дыбыстық дабыл сигналы бар 3 бағдаршам орнату ұйымдастырылады.

6. Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың
      2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
                 жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамдалған шығындар
млн. теңге

Қаржыландыру көздері

Мүгедектіктің алдын алу

1

әйелдер консультациялары мен перзентханаларда туа біткен және тұқым қуалау патологиясының перинаталды скринингін, әйелдердің жұқпалы және генетикалық  аурушаңдығын анықтаудың уақытылы өткізілуін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту

Ақпарат

Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті

2006-2008 жылдар

2006ж - 70,5

Облыстық бюджет

2

Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың, жарақаттың, бақытсыз жағдайлардың алдын алу және т.б. бойынша бағдарламалар мен іс шараларды жүзеге асыру

Ақпарат

Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті

2006-2008 жылдар

Бюджетте бөлінген
қаржы көлемінде

Облыстық бюджет

3

Аса кең тараған және жұқпалы емес аурулардың (артериялдық қан қысымы, диабет, бронхиалды демікпе, онкологиялық аурулар және басқа) алдын алу бойынша шаралар қабылдау және оларға мониторинг жасау

Ақпарат

Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті

2006-2008 жылдар

Бюджетте бөлінген
қаржы көлемінде

Облыстық бюджет

4

Жұмыс орындарын аттестациялауды және еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін сақтауды жүргізуде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау Министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың кәсіпорындар және мекемелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету

Ақпарат

Еж ХәҚМҚОБД, (келісім бойынша),ҚОЖҚҮ ж әБД,
Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

Медициналық-әлеуметтік сараптау қызметін жетілдіру

5

Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүгедектерді оңалтудың жеке бағдар ламасын іске асыруларын ұйымдастыру

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері,меншік түріне қарамастан мекемелер мен кәсіпорындар, жеке меншіктер (келісімдері бойынша),ОЖҚҮ ж әБД

Тұрақты

Шығындарды қажет етпейді

-

Медициналық оңалту

6

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің санаторлық-курорттық емделуін ұйымдастыру

Ақпарат

ҚОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж - 8,3
2007ж - 8,7
2008ж - 9,1

Облыстық бюджет

7

Диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді созылмалы ауруларды амбулаторлық жағдайда емдегенде дәрілік заттармен қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті

2006-2008 жылдар

2006 - 157,18

2007 - 165,0

2008 - 172,99

Республикалық бюджет

8

Облыстың аудан, қалаларында естуі төмен балаларға аудиограмма жүргізуді қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

әлеуметтік оңалту

9

Мүмкіндігі шектелген мүгедек балаларды толық қамту мақсатында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар үшін үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жүйелерін дамытуды жалғастыру.

Ақпарат

Аудан және  Қызылорда қаласының әкімдері

2006-2008 жылдар

2006ж. - 22,3

2007ж. - 28,1

2008ж. - 28,3

Аудандар мен қала бюджеттері

10

Жалғыз басты қарттар мен мүгедектердің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жүйелерін дамытуды жалғастыру

Ақпарат

Аудан және  Қызылорда қаласының әкімдері

2006-2008 жылдар

2006ж. - 32,1

2007ж. - 40,5

2008ж. - 40,7

Аудандар мен қала бюджеттері

11

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Аудан,  Қызылорда қаласының әкімдері

2006-2008 жылдар

2006ж. - 17,2

2007ж. - 18,0

2008ж. - 18,8

Республикалық бюджет

12

Естуі бойынша мүгедек терге ымдау тілінің маманын беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 10,2

2007ж. - 10,7

2008ж. - 11,2

Республикалық  бюджет

13

Протездеу мен ортездеуді ұйымдастыру, ортопедиялық аяқ киіммен, ортопедиялық аппаратпен, корсеттермен және басқа да протезді-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, протезді-ортопедиялық бұйымдарды жөндеу, протездеу мен ортездеуге қатысты қызмет көрсету, оның ішінде қазіргі заманғы технологиямен қызмет көрсету

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 15,2

2007ж. - 15,9

2008ж. - 16,7

Облыстық бюджет

14

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді арнайы жүріп-тұру (кресло-арбақұралдарымен қамтамасыз ету

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 7,4

2007ж. - 7,7

2008ж. - 8,1

Облыстық бюджет

15

Естуі бойынша мүгедектердің сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 6,4

2007ж. - 6,7

2008ж. - 7,0

Облыстық бюджет

16

Көруі бойынша мүгедектердің тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 2,3

2007ж. - 2,4

2008ж. - 2,6

Облыстық бюджет

17

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 9,7

2007ж. - 10,2

2008ж. - 10,7

Республикалық бюджет

18

Жұмыс істеп тұрған әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарын түгендеуден өткізу

Ақпарат

Барлық деңгейдегі әкімдер

2006  жылдың II тоқсаны

Шығындарды қажет етпейді

-

19

Меншік нысанына қарамастан, Мүгедектердің қол жетімділігі үшін қайта жөндеуді қажет ететін жұмыс істеп тұрған әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық нысандар тізбесін (одан әрі тізбе) анықтау және мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарын қайта жабдықтау жөнінде жұмыстың кезеңдік жоспарын жасау

Ақпарат

Барлық деңгейдегі әкімдер

2006 жылдың IV тоқсаны

Шығынды қажет етпейді

-

20

Мүгедектердің қол жеткізуі үшін әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды ыңғайластыру жөніндегі тізбе мен жұмыс жоспарына сәйкес тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кіріп-шығулары үшін жағдай жасау

Ақпарат

Барлық деңгейдегі әкімдер

2006 жылдың IV тоқсаны

2006ж.-4,4

2007ж.- 4,6

2008ж.- 4,6

Аудандар мен қала бюджеттері

21

Кіреберіс жолдары, пандустар, мүгедектік қол арбасы үшін қондырғылар салуды қамтамасыз ету және болашақта салынатын қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдар жобасын дайындағанда мүгедектердің салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік, көліктік рекреациялық  инфрақұрылым нысандарына қол жетімділігін қамтамасыз ету

Мәлімет

Барлық деңгейдегі әкімдер, Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті

2006-2008 жылдар

Жобалық сметалық құжаттама шегіндегі шығындар

-

22

Кәсіпкерлікпен айналы сатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік стандарттарға сәйкес мүгедектерге жалпы пайдаланудағы көлік құралдарына, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға құрылыстар мен жайларға мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуына, әуежайларда, темір жол, автовокзалдарда және басқаларда еркін бағдарлануы мен қозғалуына жағдай жасауы

Ақпарат

Барлық деңгейдегі әкімдер

2007-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

23

Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған мекемелер орналасқан жерлерде жол белгілері мен нұсқауларды орнатуды ұйымдастыру

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері
ІІД (келісім бойынша)

2007-2008 жылдар

2006ж.-1,3

2007ж.-1,3

2008ж.-1,3

Аудандар мен қала  бюджеттері

24

Жүргіншілердің өтпелі жолдарын дыбысты және жарықты қондырғылармен, синхронды дыбыс сигналы бар бағдаршаммен жабдықтауды ұйымдастыру

Ақпарат

Барлық деңгейдегі әкімдер, ІІД (келісім бойынша)

2007-2008 жылдар

2006ж.- 0,3

2007ж.- 0,3

2008ж.- 0,3

Аудандар мен қала  бюджеттері

25

Аймақтық телеарналарда ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармамен берілуін ұлғайту

Ақпарат

Ішкі саясат департаменті

2007-2008 жылдар

2006ж. - 0,14

2007ж. - 0,15

2008ж. - 0,16

Облыстық бюджет

26

Соқырлар мен саңырау мүгедектерге арналған кітапханаларды мерзімді, ғылыми, әдістемелік оқу, анықтамалық-ақпараттық  және көркем әдебиеттермен, оның ішінде аудиокассеталарда, дискілерде, бедерлі Брайл қаріпті және сурдоаудармасы бар бейне ежірелерде берілген әдебиеттермен қамтамасыз ету

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері Қызылорда облысының мәдениет департаменті

2006-2008 жылдар

2007ж. - 0,31

2008ж. - 0,32

Облыстық бюджет

27

Көркемөнерпаздар, сурет, қол өнері және мүгедектер шығармашылығының өзге түрлері бойынша конкурстар өткізуді қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда облысының мәдениет және білім беру департаменттері

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

28

Интернат үйлеріндегі мүгедектер мен қарттардың бос уақыттарын ұйымдастыру үшін көркемөнерпаздар ұжымдарын тарту

Ақпарат

Қызылорда облысының мәдениет департаменті, ОЖҚҮжәБД

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

29

Мүгедектер арасында спорт жарыстарын ұйымдастыру және мүгедектердің республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету және жарысқа қатысушы спортшы мүгедектерді спорт құралдарымен, спорт киімдерімен қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы,
ОЖҚҮжәБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 1,1

2007ж. - 1,87

2008ж - 1,96

Облыстық бюджет

30

Мүгедектер арасында спорт жарыстарын ұйымдастыру және мүгедектердің облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету және жарысқа қатысушы спортшы мүгедектерді спорт құралдарымен, спорт киімдерімен қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда  облысының  дене тәрбиесі және спорт басқармасы, аудан, Қызылорда қаласының әкімдері

2006-2008 жылдар

2006ж. - 0,25

2007ж. - 0,28

2008ж. - 0,30

Облыстық бюджет

31

Мүгедек спортшылардың Параолимпиадалық ойындарға қатысуын қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы, ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 0,3

2007ж. - 0,29

2008ж. - 0,31

Облыстық бюджет

32

1 қоғамдық жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамында мүгедектерді тасымалдау жайлылығын жақсартуды ұйымдастыру

Ақпарат

ҚОДТжСБ,
ҚОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар


Қоғамдық көліктер иелерінің келісімімен

Кәсіби оңалту

33

Психологиялық, медициналық-педагогикалық кеңестерді қалыптастыруды қамтамасыз ету

Ақпарат

Қызылорда облысының білім беру департаменті

2006-2008 жылдар

2006ж. - 32,7

2007 - 34,52

Облыстық бюджет

34

Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД,

2006-2008 жылдар

2006ж. - 13,5

2007ж. - 14,2

2008ж. - 15,0

Облыстық бюджет

35

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек-балалар үшін:
- орта кәсіби білім беру мекемелеріне түсер кезде қабылдау квотасын ұсыну

Ақпарат

Қызылорда облысының білім беру департаменті

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

36

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік және қосымша, әсіресе өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында жұмыс орындарын құру

Ақпарат

Аудан, Қызылорда  қаласының әкімдері, АД, КжӨД, ОЖҚҮ ж әБД,

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

37

Мүгедектерге жалпы жұмыс орындары санының үш пайыздық квотасының берілуін ұйымдастыру

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері, жеке меншік түріне қарамастан мекемелер мен ұйымдар (келісімдері бойынша), ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

38

Мүгедектердің, оның ішінде балалар интернат үйлерін бітірушілердің жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері Қызылорда облысының білім беру  департаменті, ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

39

Мүгедектердің кәсіби даярлығын және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері
ОЖҚҮ ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж. - 0,07

2007ж. - 0,09

2008ж. - 0,1

Аудандар мен қала  бюджеттері

Өңірлік деңгейде мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру

40

Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған қалалық, аудандық бағдарламаларын жасау және бекіту

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері

2005 жылдың IV
тоқсаны

Шығындарды қажет етпейді

-

41

Мүгедектерді оңалтудың облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу

Ақпарат

Аудан, Қызылорда қаласының әкімдері
ОЖҚҮ ж әБД,

Жарты жылдықтар бойынша

Шығындарды қажет етпейді

-

42

Қызылорда қаласында 30 орындық мүгедектерді оңалту орталығының ашылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД,

2006 жыл

Бюджетте бөлінген
қаржы көлемінде

Облыстық бюджет

43

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде күрделі жөндеуді жүзеге асыру

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД,

2006-2008 жылдар

2006 ж - 23,0

Облыстық бюджет

44

2007 жылы инвестициялық жобалар тізбесіне:
300 орындық психоневрологиялық интернат құрылысын;
200 орындық балаларға арналған психоневрологиялық интернат құрылысы Қызылорда қаласында мүгедектерге арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысын енгізу үшін шаралар қабылдау

Ақпарат

ЭжБЖД,
ОЖҚҮ ж әБД,

2007-2008 жылдар

2007 - 2865,7

2008 - 2865,7

Республикалық бюджет

45

Арал, Қазалы аудандарында 2007-2008 жылдары шағын интернат үйлерін ашу туралы ұсыныс дайындау

Ақпарат

Арал, Қазалы аудандарының әкімдері,ОЖҚҮ ж әБД

2006 жылдың 1 тоқсаны

Шығындарды қажет етпейді

-

46

Мүмкінділігі шектеулі балаларды оңалтуды ұйымдастыруды одан әрі жақсарту мақсатында Республикада осы бағытта жинақталған іс тәжірибе жұмысын ендіре отырып оларға қызмет көрсету нысанын жетілдіру

Ақпарат

ОЖҚҮ ж әБД

2007-2008 жылдар

Шығындарды қажет етпейді

-

әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеру

47

әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру

Ақпарат

Қызылорда облысының білім беру департаменті, ОЖҚҮ
ж әБД

2006-2008 жылдар

2006ж - 0,44

2007ж. - 0,47

2008ж. - 0,49

Облыстық бюджет

      Ескертпе: 2006-2008 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалту өңірлік бағдарламасының Мүгедектерді оңалту іс-шараларын іске асыруға көзделген шығыстар тиісті қаржы жылына арналған республикалық, облыстық бюджеттерді қалыптастыру кезінде түзетіліп отыратын болады.

      ҚОЖҚҮ жәБД - Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті,
      ЕжХәҚМҚОБД - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
      ЭжБЖД - Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті
      КжҮД - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
      ІІД - Қызылорда облысының ішкі істер департаменті
      АШД - Қызылорда облысының ауылшаруашылық департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады