Маңғыстау облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 10/157 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 101 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірде № 1898 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2023 № 67 және Маңғыстау облысы мәслихатының 26.05.2023 № 3/25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен шешімі және қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50- бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы’’ 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ жэне облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Маңғыстау облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері белгіленсін:

      ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін суарылмайтын жерде - 0,25 гектар және суармалы жерде 0,20 гектар;

      жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,15 гектар;

      бағбандық, сондай-ақ, саяжай құрылысы үшін - 0,18 гектар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/145 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 04.08.2017 № 189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2023 № 67 және Маңғыстау облысы мәслихатының 26.05.2023 № 3/25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен шешімі және қаулысы

      2. Мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Ж.Сарбасов
      Облыс әкімі Б.Палымбетов
      Облыстық мәслихат хатшысы Б.Шелпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады