Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 146 қаулысы. Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 25 мамырда N 1906 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 01-30-1018 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012.07.11  № 01-30-1018 қаулысымен. 

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 , "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы   N 149  Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 68  қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының" уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) құру және қаржыландыру ережесі бекітілсін.

      2. Қалалар мен аудандардың әкімдері жыл сайын жаңа қаржылық жылдың басталуынан бір ай бұрын, жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесі мен заңнамамен белгіленген тәртіпте алдағы жылға осы мақсаттарға арналған шығыстарды қаржыландыруды анықтасын.

      3. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Баужанова) халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асырсын. 

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.

       Облыс әкімі

  Қосымша           
Маңғыстау облысы әкімиятының
2005 жылғы 27 сәуірдегі  
N 146 қаулысымен бекітілген 

Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс
орындарын құру және қаржыландыру
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 , "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 149 Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 68  қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасының" уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, меншік түрлеріне қарамастан әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен негізгі шарттары мен есеп айырысулар жүйесін реттейді.

  1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік жұмыс орны - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қабылданған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмыс берушілердің шығындарын ішінара өтеу жолымен халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің ресми беретін жұмыс орны.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылады. 
      3. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін уәкілетті орган аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.

  2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру
тәртібі

      4. Әлеуметтік жұмыс орындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуге шығындарды ішінара өтеу жолымен жұмыс берушілермен құрылады және өз қаражатынан қаржыландырылады.
      5. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарынан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуге шығындарды ішінара өтеуді төлеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасайды.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджеттік қаражатын тиімді пайдалану мақсатында аудандар мен қалалар әкімияттары жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін берілетін немесе жаңадан құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары бар ұйымдардың тізбесін айқындайды.
      Тізбеге, тек қана еңбекке ақы төлеу жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы ұйымдар кіргізіледі. 

  3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен
шарттары

      7. Әлеуметтік жұмыс орындарында қамтылған адамдардың еңбегіне ақы төлеуді қаржыландыруға арналған қаражат, аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімдерімен тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделеді.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жұмыс беруші арқылы ай сайын жеке еңбек шартының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      9. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындары алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі айлық жалақының 60 пайызы мөлшерінде жергілікті бюджеттің қаражатынан, ал елді мекендердің аумағын тазалаумен, көгалдандырумен және абаттандырумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарда ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінде өтеледі.
      10. Жұмыс берушілер еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығындарын аудандық, қалалық бюджеттерден өтеу үшін, ай сайын келесі айдың 1-жұлдызына дейін заңнамамен белгіленген тәртіппен жергілікті уәкілетті органға: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісін, жұмыс уақытын есепке алу табелін, әрбір жұмысқа орналастырылған адамның жалақы есептелімінің есептік-тізімін, әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыруға өтінімін табыс етеді. 
      11. Уәкілетті орган жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына ақы төлеу жөніндегі жергілікті бюджеттің қаражатынан өтеуге арналған есептемесін тексеріп, көрсетілген қаражатты қаржыландыруға арналған бюджет өтінімін есепті мерзімнен кейінгі айдың 5-жұлдызына дейін аудандық, қалалық қаржы бөлімдеріне табыс етеді.
      12. Аудандық және қалалық қаржы бөлімдері ай сайын 10-жұлдызына дейін уәкілетті органдардың есепшотына қаржыландыруды жүзеге асырады.
      13. Уәкілетті орган бюджет қаражатын жұмыссыздардың жеке есеп айырысу шотына аударады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін жалақыға заңнамамен белгіленген тәртіпте салық салынады.

  4. Есеп пен есептілікті жүргізу

      15. Уәкілетті орган әр айдын 10-жұлдызынан кешіктірмей, жұмыс берушілер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі есебін түзіп жасайды және оны Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне береді.
      16. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті тоқсан сайын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты Маңғыстау облысының қаржы департаментіне табыс етеді.

  5. Бақылау

      17. Осы Ереженің сақталуына және бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жасау Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тексеру органдарымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады