Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімиятының 2005 жылғы 25 тамыздағы N 1003 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде Ақтау қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 7 қыркүйекте N 11-1-9 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 827 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің 2010.09.22 № 827 қаулысымен.

      
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 3 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қала мекемелері мен кәсіпорындарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

      3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) мүгедектерді арнаулы жұмыс орындарымен қамту шарасын алсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.

Қала  әкімі  Р. Мұстапаев

2005 жылғы 25.08 N 1003
қала әкімиятының   
қаулысына қосымша  

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын
ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСI

      Осы Ереже 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N 39-111 "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес жасалған және мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi, арнаулы жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен негiзгi жағдайлар мен есептесу жүйесiн реттейдi.

1. Жалпы ереже

      Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) Арнаулы жұмыс орны-мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi бюджет қоры есебiнен жұмысқа қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушiге жартылай өтемақы төлеуге ресми түрде жұмыс берушiмен берiлетiн жұмыс орны.
      2) Мүгедек - "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңымен белгiленген тіршілік-тынысы шектеулі және әлеуметтiк қорғауды талап ететiн тұлғалар тобы.
      2. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектерге Қазақстан Республикасының еңбек,зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.
      3. Мүгедектердiң арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал ететiн уәкiлеттi орган қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi- уәкiлеттi орган) болып табылады.

2. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және
ұйымдастыру тәртiбi

      4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары "Қазақ соқырлар қоғамы" Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорнының келісімімен картонажды-тігін бұйымдарын шығаруда қосымша жұмыстар жүргізу үшін құрылады.
      5. Уәкiлеттi орган жұмыс берушiлермен арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуде қызмет көрсетуге шарт жасасады.
      6. Қала әкiмияты жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмi негiзiнде мүгедектердi жұмысқа орналастыру мақсатында және олардың еңбек ақысын төлеуге белгiленген бюджет қаражатының нәтижелi пайдаланылуы үшiн құрылатын арнаулы жұмыс орындары тiзбесiн белгiлейдi.    

3. Арнаулы жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi және
қаржыландыру жағдайлары

      7. Арнаулы жұмыс орындарындағы тұлғалардың еңбек ақыларын қаржыландыру қалалық мәслихаттың шешiмдерiмен қарастырылады.
      8. Арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеудi ай сайын жұмыс берушi жеке еңбек шарты талаптары негiзiнде және орындалған жұмыстың саны, сапасы, күрделiлiгiне байланысты жүргiзiледi.
      9. Арнаулы жұмыс орындары қабылдаған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуге жұмсаған жұмыс берушiнiң шығыны жергiлiктi бюджет қорынан ең төменгi айлық еңбек ақы мөлшерiнде қайтарылады.
      10. Жұмыс берушiлер әр айдың 1 жұлдызына дейiн заңда белгiленген тәртiпке сәйкес жергiлiктi уәкiлеттi органға жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, жұмыс уақыты есебiнiң табелi, әрбiр жұмысқа орналасқандарға есептелген еңбек ақы ведомостi, арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеудi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға тапсырыс жасайды.
      11. Уәкiлеттi орган жұмыс берушiнiң есебiн тексергеннен кейiн қалалық қаржы бөлiмiне қаржыландыруға бюджеттiк тапсырыс ұсынады.
      12. Қалалық қаржы бөлiмi әр айдың 10 жұлдызына дейiн уәкiлеттi орган шотына қаржы аударады.
      13. Уәкiлеттi орган бюджет қаражатын жұмыс берушiлер шотына аударады.
      14. Жұмыс берушiлер қалалық бюджеттен түскен қаржыны нақты белгiленген мақсатта пайдаланады.
      15. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектерге жергiлiктi бюджет қорынан төленетiн еңбек ақыға заңда белгiленген тәртiпте салық салынады.
      16. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға жұмыс барысында денсаулығына залал келген жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

4. Есеп жүргiзу және есеп беру

      17. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын қалалық қаржы бөлiмiне арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы мәлiмет ұсынады.

  5. Бақылау

      18. Осы Ереженiң орындалуы мен бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, қалалық қаржы бөлiмi бақылау жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады