Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықты өткiзу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 05 мамырдағы N 133 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 13 маусымда N 1586 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 14-1) тармақшасына, "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы  N361 Заңы 19 бабы 2 тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005 жылдың 30 сәуiрiнен 30 шiлдесiне дейiн облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлық өткiзiлсiн (iлгерiде - үшайлық).

      2. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:
      үшайлық қорытындыларын шығару жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы;
      үшайлықты өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
      үшайлықтың қорытындыларын шығару ережелерi.

      3. Петропавл қаласы мен аудандар, ауылдық округтердiң әкiмдерi үшайлықты өткiзу жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлесiн.

      4. Ішкi саясат департаментi үшайлықтың өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандырсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.

       Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
5 мамырдағы N 133 қаулысымен
бекiтiлдi         

  Облыстың елдi мекендерiн санитарлық
тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықтың
қорытындысын шығару ережелерi

      Үшайлықтың қорытындысы аудандық және қалалық комиссиялармен әрбiр елдi мекен және жалпы аудан бойынша ай сайын шығарылады, қорытындысы комиссия төрағасы орынбасарының атына әрбiр айдың бесiншi күнiне дейiн түсу керек.
      Облыстық комиссия ай сайын, атқарылған жұмыс туралы қалалық және аудандық комиссиялар ұсынған есептi қарайды, ішiнара тексерулердi ұйымдастырады және елдi мекендердi санитарлық тазарту мен көркейту жөнiндегi үшайлықты өткiзудiң ақырғы қорытындысын ұйымдастырады.
      Бағалау 5 баллдық жүйе бойынша, келесi көрсеткiштерден орта балл шығарыла отырылып жүргiзiледi:
      1. Аудандардың, қалалардың және ауылдық округтардың шекараларын, елдi мекендерге кiру жолдарын (елдi мекен немесе кiру белгiсi көрсеткішінiң барлығы, жанасқан аумақтардың жайластырылуы) ресiмдеу.
      2. Жеке үй құрылыстарының жағдайы (қасбеттер, иелiктегi үй аумағының қоршауы мен санитарлық жағдайы, ең жақсы аулаларға, үйлерге байқау өткiзiле ме жоқ па)
      3. Қоғамдық үйлердiң, әлеуметтiк сала және сауда объектiлерiнiң, спорттық ғимараттардың: қасбеттерi, қоршауы, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайы, шағын базарлардың, автомобильге жанар-жағармай құю станциясы, автобус аялдамаларының, жарнама жазуларының жағдайы.
      4. Өндiрiстiк сектордың: мал фермалары, қырмандар, дәрiлеу алаңдары, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары (қасбеттерi, қоршауы, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайы) жағдайы.
      5. Жолдар мен тротуарлардың, жаяу жолдардың, елдi мекендердегi су өткiзілудiң ұсталуы.
      6. Коммуналдық меншiктегi бiтпеген құрылыс объектiлерiнiң бұзылудан сақталуы және қираған ғимараттарды бұзып алу.
      7. Естелiк жерлердi, ескерткiштер мен қоғамдық жерлеу орындарын жөндеу және ұстау.
      8. Стадиондарды, сәулет ескерткiштерiн жөндеу.
      9. Сумен жабдықтау (су арын мұнарасының санитарлық-гигиеналық жағдайы, су тарату колонкаларының түзеулiгi, олардың айналасының көтерiңкi болуы, құдықтардың санитарлық-техникалық жағдайы, олардың жаңа құрылысы).
      10. Елдi мекен тұрғындарының бұлақтарды, арналарды, өзен мен көлдердiң жағаларын, ормандарды, ағаш көшiндiлердi, ауыл маңындағы тоғайларды тазалауға қатысулары.
      11. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетiн жерлердiң, қи қоймаларының жағдайы.
      12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң тамақтық өнеркәсiп нысаналарының, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарының, сауданың көктемгi-жазғы кезеңiндегi жұмысқа дайындығына оң қорытындысы. Облыстық комиссия ауданды, аудандық орталық, ауылдық округтар және елдi мекендер бойынша жинаған балл есебiмен бағалайды.
      Баллды үстеп санау әрбiр бағыт бойынша орындалған жұмыстың көлемi мен сапасына байланысты жүзеге асырылады:
      100 % орындалған жұмыс көлемi үшiн 5 балл
      75%-тен 99%-ке дейiн 4 балл
      50%-тен 74%-ке дейiн 3 балл
      25%-тен 49%-ке дейiн 2 балл
      25%-ке дейiн 1 балл
      Жамбыл және Уәлиханов аудандары үшiн қорытынды шығарғанда алған балға көгалдандыру, сумен жабдықтау объектiлерiнiң дайындығы бағыттары бойынша 1,02 коэффициентi қолданылсын.
      Жеңiмпаз әрбiр айдың қорытындысы бойынша айқындалады.

Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
5 мамырдағы N 133 қаулысымен
бекiтiлдi          

  Облыстың елдi мекендерiн санитарлық
тазарту және көркейту бойынша үшайлықты
өткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жоспары

      1. Елдi мекендердiң көшелерiн, тұрғын үйлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың жанындағы және орамындағы жерлерiн, қыстан қалған қалдықтарын тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      Түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
      2. Үй құрылыстарының қоғамдық, өндiрiстiк үйлердiң қасбеттерiн, тұрғын үйлердiң, кәсiпорындар және ұйымдардың қоршаулары мен аулаларын тәртiпке келтiру үшiн қажеттi шаралар қабылдасын.
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      Түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
      3. Сумен қамтамасыз ету және суды бөлу объектiлерiнiң санитарлық - гигиеналық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар кешенiн өткiзсiн, оларды тиiстi жағдайға жеткiзсiн (су құбыры мен канализациялардың тазарту ғимараттары, насостық станциялар, су қорының резервуарлары, су арын мұнаралары, жер астынан су алатын жерлер, құдықтар, су колонкалар). 
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      "Есiл су" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (келiсiм бойынша).
      "Петропавл су" ашық акционерлiк қоғам.
      4. Коммуналдық меншiкте тұрған, келешекте пайдалану үшiн жарамсыз және бос үйлердiң бұзылуын, одан кейiн олардың бөлiнген орынға шығарылуын қамтамасыз етсiн. Коммуналдық меншiкте тұрған, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн аумақтардан шығару бойынша жұмысты жүргiзсiн.
      Петропавл қаласының, аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      Кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
      5. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетiн жерлердi, қи қоймаларды,мал қабiрлерiн тиiстi санитарлық жағдайға келтiрсiн. Жасырын жиналған қоқыс орындарын жойсын. Төгетiн жерлерге бiрiншi және екiншi сыныпты қауiптi қалдықтарды шығаруға жол бермесiн .
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      7. Елдi мекендердi көгалдандыру, ағаш алаңдарын, гүл алаңдарын, гүлзарларды бөлу, демалыс орындарын жайластыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын. Облыс аумағындағы қоғамдық пайдалану орындарындағы ескi жасыл егiндiлер учаскелерiн ұлғайту бойынша iс-шараларды белсендiрсiн.
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      8. Аудандардың қалалардың және ауылдық округтардың шекараларын, елдi мекендерге кiрер жолдарды ресiмдесiн және жанасып жатқан аумақтарды жайластырсын.
      Петропавл қаласының, аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      Үшайлық бойы.
      9. Мал фермаларын, шеберханаларды, қырмандарды, дәрiлеу алаңдарын, минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар қоймаларын, қоғамдық көлiктi, автобус аялдамаларын, автотұрақтарды, автомобильге құю станциясы, техникалық қызмет көрсету станциясы, шина құрастыру шеберханаларын, шағын базарларды, тамақ өнеркәсiп кәсiпорындарын, сауда, қоғамдық тамақтану орындарын тиiстi санитарлық жағдайға келтiру жөнiндегi жұмысты жүргiзсiн.
      Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
      Кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.

                                    Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
                                    5 мамырдағы N 133 қаулысымен
                                              бекiтiлдi     

         Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту
      және көркейту жөнiндегi үшайлықтың қорытындысын
       шығару жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы

Развин
Сергей Владимирович

- облыс әкiмiнiң орынбасары
комиссияның төрағасы

Назмутдинов
Мәлiк Ягофарұлы

- Солтүстiк Қазақстан облысы
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
департаментiнiң бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары


Комиссия мүшелерi:

Дмитриенко
Петр Гаврилович

- Солтүстiк Қазақстан облысы
табиғат ресурстары және табиғатты
пайдалануды реттеу
департаментiнiң бастығы

Сыздықов
Қайыргелдi Садықұлы

- Солтүстiк Қазақстан облысы
жолаушылар көлегi және автомобиль
жолдары департаментiнiң бастығы

Чжен
Александр Моисеевич

- Солтүстiк Қазақстан облысы
сәулеттiк-құрылыс бақылау
басқармасының бастығы

Исенеев
Қайырғали Қапезұлы

- Солтүстiк Қазақстан облысы
мемлекеттiк санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
департаментiнiң бастығы

Кенжеғозин
Бiржан Балқожаұлы

- Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлiгiнiң
қоршаған ортаны қорғау облыстық
аумақтық басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша)

Мұсабаев
Марат Шамшәрiпұлы

- Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөнiндегi министрлiгi
Солтүстiк Қазақстан облысы
төтенше  жағдайлар жөнiндегi
департаментiнiң  бастығы (келiсiм
бойынша)

Жанкин
Асқар Советұлы

- Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк инфрақұрылымды дамыту
комитетi Солтүстiк Қазақстан
облыстық басқармасының бастығы
(келiсiм  бойынша)

Глова
Павел Ильич

- Петропавл қаласы әкiмiнiң
орынбасары

Перепечина
Ольга Валентиновна

- Солтүстiк Қазақстан облысы қаржы
департаментiнiң бастығы

Әбiлқайыров
Армия Әбiлқайырұлы

- Солтүстiк Қазақстан облысы -
Солтүстiк Қазақстан облысы -
Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл
шаруашылық департаментiнiң бастығы

Иванищев
Александр Васильевич

- Солтүстiк Қазақстан облысы
кәсiпкерлiк және өнеркәсiп
департаментiнiң бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады