Облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 "Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкілетті орган туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 152 қаулысы. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 16 мамырда N 2422 тіркелді ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды.№

  ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 1 бетте.

      АОӘД бастығы
    
      Қосымша:
      ...
      6) Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 152 "Облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 "Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкілетті орган туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 16 мамырда N 2422 тіркелді) 
      ...

      Облыс әкімиятының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N№245 "Атырау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді :
      Облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N№251 "Облыстық ауыл
шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкілетті орган туралы"  қаулысына  келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" сөздері "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы департаменті" сөздерімен ауыстырылсын.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады