"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4039. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008.12.22 N 265 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 3310, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 - тіркелген N 3662 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      130 "Тауарлар сатып алу" кіші сыныбында:
      131 "Азық-түлік өнімдерін сатып алу" ерекшелігінде:

     «Шығындардың тізбесі" деген бағанда:
      "мектептер мен мектеп-интернаттар оқушыларының асханада тамақтануына ақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
      "Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысына сәйкес егер мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген болса, мектеп асханаларына азық-түлік өнімдерін сатып алу.
      Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды басқа заңды тұлға шарт бойынша іске асырады және бұл шығындар 149-ерекшелік бойынша көрсетіледі.";

      140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:
      146 "Ғимараттарды, үй-жайларды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеу ерекшелігінде:
      "Анықтама" деген бағанда:
      "жұмыстарды орындау" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Үй-жайларды жайластыру үшін қажетті тауарларды сатып алу (бра, шамдар, люстралар, перделер, күнперделер және т.б.) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі.";
      "көрсетуге және ұстауға қажетті"»деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "бір бірлігінің құны 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және қызмет уақыты бір жылға дейін";
      "және жабдықтарға арналған басқа да шығыс материалдарын сатып алу 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі" деген сөздер "жабдықтарға және желілер жүргізуге арналған басқа да шығыс және желілік материалдар (кабель, коннекторлар) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 148 "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеу" деген ерекшелікпен толықтырылсын:

148

Мемлекеттік
әлеуметтік
тапсырыс
шеңберінде
қызметтерге
ақы төлеу

Әлеуметтік бағдарлама-
лар мен жобалар бойынша
үкіметтік емес ұйымдар
көрсететін мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс
шеңберіндегі қызметтер-
ге ақы төлеу

»".

      149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігінде:
      "Анықтама" деген бағандағы "147" деген сан "148" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.Шәженова) Заң басқармасымен (С.Қалтаев) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады