Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 5 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4047. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 177 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 177 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 439 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 340 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 714 тіркелген) және Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3129 тіркелген) бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) банк органдарының өкілеттілігі тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан босатылады;";
      18-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) кредитор мен борышкердің бір адам арқылы сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Доғару процесіндегі банкке қойылатын талаптары талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады