Байланыс формасы

Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4181.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Келісілген

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі Төраға

      _________________________

      қолы, күні, елтаңбалы мөр

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет, ақпарат және

      спорт министрлігінің

      Ақпарат және мұрағат

      комитеті Төраға

      _________________________

      қолы, күні, елтаңбалы мөр



  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
№ 40 қаулысының 1-қосымшасы

Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) банкті сот шешімі бойынша мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Қағидаларда қолданылатын жалпы ережелер және негізгі ұғымдар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қағидалар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалар соттың шешімі бойынша еріксіз таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.

      Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сот:

      1) банктің банкрот болуына;

      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органының банк заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиялардан айыруына;

      3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты банкті мәжбүрлеп таратады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысы.

      4. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

      3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;

      4) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;

      5) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;

      6) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;

      7) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      8) кредиторлар талаптарының тізілімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ таратылатын банк ұсынған есептеуге сәйкес сома көлемінде өтемақы төлеу міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;

      9) күтпеген шығыстар – тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кейінге қалдырылмайтын қажеттілікке арналған жоспарланбаған шығындары;

      10) қатысушы банк – Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;

      11) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар;

      12) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;

      13) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

      14) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;

      15) сату объектісі - жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылған таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;

      16) сатушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы;

      17) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

      18) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

      19) сауда-саттықты ұйымдастырушы - таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;

      20) сауда-саттық қатысушысы - сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      21) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

      22) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;

      23) тарату комиссиясы - банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;

      24) тарату комиссиясының шығыстары - банкті мәжбүрлеп тарату процесінде тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

      25) тарату, конкурстық масса - таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;

      26) тарату массасының мақсатсыз шығысы - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      27) тарату шығыстарының сметасы - кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;

      28) тарату ісі - банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

      29) таратылатын банк - сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк;

      30) таратылатын банктің мүлкі - құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы;

      31) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) – банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру күнінен бастап уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Банкті банкрот деп таныған жағдайда оның таратылуы осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Банкті еріксіз тарату тәртібі

      6. Банктегі тарату ісінің басы банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енгізілген күні болып табылады.

      7. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін:

      1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген салдары туындайды;

      2) банктің бұрын жұмыс істеген органдарының, оның ішінде мүлікке иелік ету және банктің міндеттемелерін өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады. Басшы, ал қажет болғанда өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады;

      3) таратылатын банктің атынан және соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы іс-әрекеттерді жасауға сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;

      4) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі аяқталған болып саналады;

      5) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

      6) егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, таратылатын банкке қойылатын мүліктік сипаттағы талаптармен сотта қаралған даулар тоқтатылады;

      7) соттардың таратылатын банкке қойылатын мүліктік талаптарға қатысты атқару құжаттары тарату комиссиясына Банктер туралы заңда белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі. Таратылатын банкке қатысты бұрын қабылданған соттардың шешімдерін орындау тоқтатылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7-1. Банкте тарату процесінің басталуы банктің барлық дебиторлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақы есептеуді тоқтатуға негіздеме болып табылмайды.

      Банктің дебиторлық берешегі бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банктің арасында жасалған шартта көзделген талаптар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырлды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Тарату комиссиясы

      9. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады.

      Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде банктің басшылығынан не уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.

      Банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясының түпнұсқасы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

      Тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9-1. Банкте филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда банкті тарату банктің филиалы не өкілдігі орналасқан жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) бірлесіп жүргізіледі.

      Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.

      Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімдерін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      Бөлімшелер жұмыс жоспарын тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде таратылатын банктің бас офисіне жібереді.

      Жиынтық жұмыс жоспары таратылатын банктің бас офисімен жарты жылға бөлу арқылы (бөлімшілер ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып) бір жылға жасалады және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.

      Жыл сайынғы жұмыс жоспарлары таратылатын комиссиясының бас офисімен жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі.

      Жұмыс жоспарын орындау туралы ақпарат таратылатын банктің бас офисімен уәкілетті органға жарты жылдың жиынтығы бойынша беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның қызметіне дербес жауап береді.

      Тарату комиссиясының төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін төраға тарату комиссиясының мүшелері арасынан тағайындайтын орынбасары орындайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      12-1. Банктің тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ өкілеттіктер мен функционалдық міндеттемелерді нақтылау мақсатында ол тағайындалған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының және төраға орынбасарының арасындағы міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. Ереже 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      14. Бөлімшені уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімшенің басшысы) басқарады.

      Бөлімшенің басшысы өзі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенімхат негізінде жүзеге асырады.

      Бөлімшенің басшысы және бөлімше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және филиалды не банктің өкілдігін таратуға жауап береді.

      16. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің өкілеттіктері Қағидаларда және кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде белгіленеді.

      Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің құқықтары және міндеттері, жұмыс тәртібі, сыйақыны төлеу мөлшері мен мерзімдері және тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің функцияларын орындауға байланысты өзге де ережелер көзделеді.

      Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімге кредиторлар комитетінің атынан кредиторлар комитетінің төрағасы немесе кредиторлар комитеті осыған уәкілеттік берген адам қол қояды.

      Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін және келісім жасалғанға дейін тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-1. Кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің арасында келісімді жасауға (бұзуға) тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау (босату) туралы уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босатқан күннен бастап келісім бұзылған болып саналады.

      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16-2. Тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.

      Тарату комиссиясының жұмысына банктің кредиторлары және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ бұрынғы басшы қызметкерлері тартылмайды.

      Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, тарату комиссиясы бөлімшелерінің және олардың басшыларының жұмысын бақылайды.

      Тарату комиссиясының төрағасы кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы шешімдерді және Қағидалардың 111-тармағына сәйкес таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, банкті тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Төраға, бөлімшенің басшысы және тарату комиссиясының мүшелері банкке келтірілген зиян үшін және банкті тарату барысында жіберілген өзге де тәртіп бұзушылықтар үшін жауап береді.

      Асыра сілтеу фактілері және өзге де заң бұзушылықтар байқалған кезде тарату комиссиясы бұл жөнінде белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

      19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

      1) ол тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағымдарды мәлімдеу тәртібін, мерзімін және кредиторлар өз талаптарын беретін мекенжайларды, филиал желісі болса – филиалдардың мекенжайларын (мекенжайлары) міндетті түрде көрсете отырып, банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды;

      2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға және (немесе) таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен (бұдан әрі – № 207 қағидалар) бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады;

      3) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі", "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі", "Мемлекетттік кредиттік бюро" акционерлік қоғамдарын, кредиттік бюроларды, банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамаған банктің мүлкін иеліктен алу мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын банк болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;

      4) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарын және мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;

      5) тіркеушіден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;

      6) банктің басшылығын және (немесе) банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып, таныстырады;

      7) қабылдау-өткізу актілерін жасай отырып, банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен құжаттарын дереу талап етеді;

      8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде банктің мүлкін қабылдайды;

      9) банктің кассасын дереу түгендейді, Қағидалардың 55-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын банктің банктік шоттарына аударады;

      10) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде банктің корреспондентік шоттарын салыстырып тексереді, банктің корреспондентік шоттарын жабады және таратылатын банктің теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ағымдағы шотын ашады;

      11) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы хабарландыруды көрінетін жерге орналастырады;

      12) Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;

      13) таратылатын банктің активтерін анықтайды;

      14) таратылатын банктің активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады;

      15) таратылатын банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      16) таратылатын банктің бағдарламалық қамтамасыз етуінің және электрондық ақпарат тасымалдағыштардың, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) толық материалдық жауап беретін адамдар, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және таратылатын банктің қаржылық және басқа есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады;

      18) таратылатын банктің істері мен құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдағаннан кейін таратылатын банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;

      19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысымен көзделген нысандар бойынша автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын тағайындау күнінде қолда бар электрондық түрдегі екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есепті (индекс 700-Н) және екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті (индекс 700-ВН) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      20) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;

      21) таратылатын банктің кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды таратылатын банктің бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

      22) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;

      23) банкті таратудың барлық кезеңі ішінде таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      24) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жылдың қорытындысы бойынша жариялайды;

      25) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;

      26) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;

      27) банктің бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      28) банкті тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;

      29) банкті тарату аяқталғаннан кейін Қағидалардың 12-тарауына сәйкес сақталуға жататын құжаттарды береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20. Ескерту. 20-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысы.

      21. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында таратылатын банктің бас офисі орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалында ашылады.

      Осы Қағидаларда көзделген касса лимитін қоспағанда таратылатын банктің, оның ішінде таратылатын банктің филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына кіріске алынады.

      Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы таратылатын банктің бас офисіне тарату комиссиясы бөлімшесінің кассасы арқылы келіп түсетін ақшаны кіріске алады және осы Қағидаларға сәйкес шығыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады.

      Банктің тарату комиссиясынан қабылдаған шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлеуге жарамдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтау орталығына жіберіп, кейін банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына кіріске алады. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру есепшот арқылы жүзеге асырылады. Сұрыптау процесінде төлеуге жарамсыз, сондай-ақ айналыста болуға жарамайтын шетел валютасын анықтаған жағдайда банктің тарату комиссиясы оны сатады не екінші деңгейдегі банктер немесе Ұлттық пошта операторы арқылы айырбастайды.

      Таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясына және (немесе) оның бөлімшелерінің тек уәкілетті органның келісімімен ғана екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.

      Банктің және оның филиалдарын (өкілдіктерін) таратуды аяқтаған кезде банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің ағымдағы шоттарын № 207 қағидаларда белгіленген тәртіппен жабады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      21-1. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы уәкілетті органға істелген жұмыс туралы есептерді және қосымша ақпаратты ұсынады

      Өз қызметін банктің филиалдары мен өкілдіктерінде жүзеге асыратын бөлімшелер істелген жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Тарату шығыстары сметасын
қалыптастыру және бекіту

      23. Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын банк қаражатынан кезектен тыс және тұрақты түрде жасалады.

      Кредиторлар комитетін құрғанға дейін тарату шығыстары, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін төлем мөлшерін қосатын сметаны уәкілетті органмен келісе отырып тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.

      Тарату ісінің шығыстары олардың туындауы бойынша тарату массасынан төленеді.

      Тарату массасының мақсатсыз шығысына, сондай-ақ үш айдан астам мерзімге тарату шығыстарында қаражаттың резервте сақталуына жол берілмейді.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      24. Таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері олардың әрқайсысына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті жылға белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Таратылатын банктің шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызметі кезеңінде тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Таратылатын банктің тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа лайықтылық және жарамдылық принциптерін басшылыққа алады.

      Тарату шығыстарының нақтылық принципі тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажет екеніне меңзейді.

      Тарату шығыстарының негізділік принципі деп тарату ісінің белгілі кезеңіне болжанған шығындардың объективті қажеттілігі түсіндірілу қажет.

      Мақсатқа лайықтылық принципі тарату комиссиясы жасаған шығындардың алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату ісін аяқтауға және таратылатын банк кредиторларымен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді.

      Тарату шығыстарының жарамдылық принципі жасалған (жоспарланған) шығындарды тарату комиссиясының құжатқа негіздеп растайтындығын білдіреді.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      28. Тарату шығыстарының сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:

      1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;

      3) әкімшілік шығыстар;

      4) тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары;

      5) іссапар шығыстары;

      6) көзделмеген шығыстар;

      7) өзге шығыстар.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы төлеу, таратылатын банктің филиалдары мен өкілдіктерін есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған тұлғалардың жұмысына ақы төлеу.

      Еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарда:

      лауазымдық еңбекақы;

      мемлекеттік бюджетке аударылатын жеке табыс салығының;

      міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының арасында жасалған келісім негізінде жүргізіледі, ол бойынша жұмыстар күн сайынғы негізде орындалады және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған шығыстар бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штаттық кестеге сәйкес қалыптастырылады.

      Штаттық кестеге тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, еңбек шарттары және қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар енгізіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31-1. Қызметін және функциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тарату комиссиясы үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісін қоспағанда, қызметтерді жеткізушіні таңдайды.

      Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызмет көрсетудің практикалық тәжірибесі, өңірлерде филиалдардың, мамандардың болуы ескеріле отырып баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.

      33. Әкімшілік шығыстар:

      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;

      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар);

      3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;

      4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;

      5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;

      6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;

      7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;

      8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;

      9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      10) коммуналдық қызметке;

      11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;

      12) үй-жайды жалдауға;

      13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке;

      14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;

      15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;

      16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;

      17) сантехникалық жұмыстарға;

      18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке;

      19) мемлекеттік бажды төлеуге;

      20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке;

      21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке;

      22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;

      23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;

      24) инкассация қызметіне;

      25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;

      26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;

      27) құжаттарды аудару қызметіне;

      28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;

      29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін тіркеушінің қызметіне;

      30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке;

      31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметке;

      32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге;

      33) коллекторлық қызметке арналған шығындарды қамтиды.

      Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және біржолғы сипатта болады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Ағымдағы қажеттілікті өтеу және мыналарға арналған барынша төмен қорларды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар:

      1) жұмыс бабындағы офистік жабдықтарды ұстау;

      2) көлік құралдарын ұстау;

      3) үй-жайды ұстау;

      4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;

      5) кеңсе тауарларын сатып алу;

      6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Тарату комиссияларының әр түрлі қызмет көрсетулер мен тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстарды сметаға енгізу кезіндегі есеп айырысулары осы өңірде белгіленген тарифтік сетка мен орта рыноктық баға негізінде жасалады.

      36. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстары сметасында көзделген қаражат шегі бойынша жүзеге асырылады.

      Іссапарға жіберілген қызметкерге, тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті органның қызметкерін қоспағанда, тәуліктік ақы 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына баратын көлік шығыстары өтеледі.

      Тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары уәкілетті органның қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      36-1. Өзге шығыстар өзге де шығындарды қамтиды.

      "Өзге шығыстар" шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 36-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Жоспарланған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      38. Банктің тарату комиссиясы уәкілетті орган оны тағайындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісуге шығыстар сметасын әрбір бап бөлігінде жасауды қалыптастыру кезінде осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбамен уәкілетті органға ұсынады.

      Филиалдық желілері бар банкте тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және тарату комиссиясының бөлімшелері бойынша шығыстар бөлігінде шоғырландырылған тарату шығыстарының сметасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
     

      39. Тарату комиссиясы мерзімін жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың онынан кешіктірмей cоңында келісу үшін шығыстар сметасын әрбір бап бөлігінде жасауды қалыптастыру кезінде осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген принциптерді сақтауды көрсететін түсіндірме жазбаның қосымшасымен тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Тарату комиссиясының төрағасының тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі уәкілетті органмен келісуі арқылы ғана жасалады.

      41. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын кредиторлар комитетіне бекітуге жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей береді.

      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.

      42. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей қарайды және бекітеді.

      43. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын, оған қоса берілген түсіндірме жазбасын тарату комиссиясы уәкілетті органға кредиторлар комитеті бекіткен күннен кейінгі күні береді.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      44. Таратылатын банктің нақты қаржылық жай-күйіне қарай және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына міндетті тәртіппен кредиторлар комитеті алдын-ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44-1. Уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитетімен бекітілген тарату шығыстарының сметасы өткен кезеңде жүзеге асырылмаған жағдайда және оны жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі бар болғанда, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізілуге жатады.

      Ескерту. Ереже 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      44-2. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге немесе оны кредиторлар комитетінің бекітуіне дейін мынадай шығындар баптары:

      1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызметтер;

      2) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      3) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер бойынша шығыстар, пошта мен анықтамалық қызметтер, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар);

      4) коммуналдық қызметтер;

      5) бірінші және екінші қолдың (қолдардың) үлгілері және мөр бедері бар құжаттарды нотариаттық куәландыру қызметтері;

      6) үй-жайды жалдау қызметтері;

      7) инкассация қызметтері бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуге байланысты шығыстарды тарату комиссиясының жүзеге асыруына жол беріледі.

      Ескерту. Ереже 44-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      45. Тарату шығыстарының сметасын келіскен не бекіткен орган оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

      45-1. Тарату шығыстары сметасы мынадай жағдайларда келісуге (бекітуге) жатқызылмайды:

      1) тарату комиссиясының осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген тарату шығыстары сметасын қалыптастыру принциптерін сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны бермеу;

      2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды бермеу.

      Ескерту. 45-1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      45-2. Уәкілетті орган тарату шығыстары сметасын келісу немесе онымен келісуден бас тарту туралы банктің тарату комиссиясына жазбаша түрде хабарлама жібереді.

      Кредиторлар комитетінің тарату шығыстары сметасын бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 45-2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      46. Басқа бапқа үнем жасау есебінен бір баптың шығындары бойынша артық шығындануға жол берілмейді.

      47. Қағидалардың 44-2-тармағына сәйкес шығыстарды жүзеге асыруды қоспағанда, тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе оны кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының шығыстарды жүзеге асыруына жол берілмейді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптары

      48. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаны уақтылы кіріске алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.

      49. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдарды бұйрықпен белгілейді.

      Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.

      50. Қолма-қол ақша операцияларын орындап отырған, сондай-ақ басқа құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

      51. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды жүзеге асыру банктің қоймасында (сақтау қоймасында) немесе бекітілген және күзет, өрт және дабыл сигнализациясымен, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      52. Алынып тасталды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      53. Тарату комиссияларының кассалары (бұдан әрі - касса) жұмыс аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау қоймасы) немесе қолма-қол ақша мен құндылықтар сақталатын үй-жай бір комплектісі кассирде, біреуі - бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімше басшысында) болатын кілтпен және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      54. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      55. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті мынадай шекте анықталады:

Таратылатын банктің бас офисіндегі касса қалдығының күнделікті лимиті

Бөлімшедегі касса қалдығының күнделікті лимиті

600 мың теңге

200 мың теңге


      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      56. Осы Қағидалардың 55-тармағында белгіленген күн сайынғы лимит сомасын көтерген кезде тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті төлеттіруден кредиторлармен есеп айырысу мақсаты үшін сақтауға алған қолма-қол ақшасы ақшаны алған күнді қоспағанда, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қоятын кассалық кіріс құжаты бойынша (қолма-қол ақшаны шығаруды хабарлау және кассалық кіріс құжаты) жасалады және кіріс жөніндегі касса кітабында көрсетіледі.

      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау кассалық шығыс ордерлері бойынша жасалады.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      58. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) сол күні кассаға кіріске алынады.

      Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      59. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордері бойынша жасалады.

      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.

      60. Кассир немесе оның орнындағы адам ақшаны шығыс ордері бойынша берген жағдайда алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, оны кім және қай уақытта берілгенін жазып алады.

      61. Кассир немесе оның орнындағы адам қолма-қол ақшаны кассалық шығыс құжатында көрсетілген адамға ғана береді.

      62. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалған жағдайда кассир ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнінен кейін ордер мәтінінде ақшаны алу сеніп тапсырылған адамның фамилиясын, аты-жөнін көрсетеді. Егер ақшаны беру ведомость бойынша жасалатын болса, кассир ақшаны алу жөніндегі қолхатқа "Сенімхат бойынша" деген жазба жасайды.

      Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомостке бекітіледі.

      63. Кассалық операциялар негізінде пайда болған және кассалық құжаттармен ресімделмей қалған жетпеген ақша немесе артық шығулар және құндылықтар тиісінше кіріске алынады немесе кассирдің акт жасауы арқылы төлеттіріп алуға жатқызылады.

      64. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасының, бас бухгалтерінің және кассирінің, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысының қолы қойылады.

      65. Тарату комиссиясының қызметкерлері мен оған тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық кіріс ордері жасалмай төлем жасау ведомостері бойынша (есеп айырысу-төлем) не сома қызметкердің банк шотына аудару жолымен төленеді.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      66. Төлем жасау ведомостерінің (есеп айырысу-төлем) бірінші (бастапқы) бетінде қолма-қол ақшаны беру мерзімін және оның сомасын көрсете отырып, тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылып, қолма-қол ақшаны беру жөніндегі рұқсат беру жазбасы жасалады.

      67. Кассир жалақыны төлеудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін:

      1) төлем жасау ведомосіндегі төлем жасалмаған адамдардың фамилиясының қарсы жағына штамп қояды немесе өз қолымен "сақтауға алынды" деген белгі қояды;

      2) сақтауға алынған сомалардың тізілімін жасайды;

      3) ведомостің соңында нақты бөлінген сома және сақтауға алынуға тиісті жалақының алынбаған сомасы туралы жазбалар жасайды, осы сомаларды төлем ведомосі бойынша жалпы сомамен салыстырады және өзінің қолымен бекітеді;

      4) ведомосте нақты төленген соманы көрсетеді.

      Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісімен байланысты мақсаттарға есепті түрде қолма-қол ақша беріледі.

      Қолма-қол ақшаны есепті түрде беру негіздемесі тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылған, осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін тиісінше ресімделген (хабарлама жазбалар, есептер, тарату комиссиясының хаттамалары және басқалар) құжаттар болып табылады.

      69. Есепті түрде берілген сомалар алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапарлық шығыстар бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап есепті тұлғалар алынған сомалардың көзделген мақсатқа жұмсалғанын растайтын (барлық растаушы құжаттар, тауарлар немесе көрсетілген қызметтің төленгендігі жөніндегі чектер қоса берілген аванстық есептер) құжаттарды береді.

      Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапарлық шығыстар іссапар аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:

      1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;

      2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса.

      Есепті түрде алынған және пайдаланылмаған ақша сыйақыдан (жалақыдан) ұсталмайды.

      Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      70. Кассалық кіріс, шығыс құжаттары және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Ешқандай тазалау, жағалдау және тіпті сөз болған түзетулер жасауға бұл құжаттарда жол берілмейді.

      Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері көрсетіледі және оларға қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.

      71. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге штамппен міндетті түрде бекітілуі немесе кассирдің не оның орнындағы адамның күнін, айын және жылын көрсете отырып, "Алынды" немесе "Төленді" деп қолын қоюы міндетті.

      72. Кассир жұмыс күнінің соңында кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына сәйкес бір күндегі кассалық айналымдар және құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырып тексереді. Салыстырып тексеру тарату комиссиясының кассирі мен бас бухгалтерінің қолымен расталады.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      73. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және нысаналы пайдаланылуын есепке алу үшін Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша нөмірленетін, жіппен байланатын және мөрмен бекітілетін кассир қабылдаған және берген ақшаны есепке алу кітабын жүргізеді. Касса кітабындағы парақтар саны тарату комиссия төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің қолымен расталады.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      74. Касса кітабында тазартуға және айтылмаған түзетулер жасауға жол берілмейді. Қателер түзетілген жағдайларда "Түзетілді" деген жазба жасалады, оған түзету күні көрсетіліп, тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.

      Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуге бақылау жасау тарату комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.

      75. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі операциялардың жиынтығын (кіріс және шығыс бойынша) есептейді, қолма-қол ақша қалдығы, сондай-ақ тарату комиссиясының кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше басшысының) қолдарымен расталатын келесі күнгі касса кітабындағы басқа құндылықтар қалдығы шығарылады.

      Ескерту. 75-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      76. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда бұл туралы бас бухгалтер алшақтықтардың себептерін анықтау үшін тарату комиссиясының төрағасын және бөлімше басшысын дереу хабардар етеді. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.

      Ескерту. 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      77. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және брошура жасайды. Кассалық құжаттарды қалыптастыру кезінде олар кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке (нөмірлеудің өсу тәртібімен) баланстық шоттар бойынша іріктеледі. Мемориалды құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша іріктеледі - бастапқыда кіріс, одан соң шығыс болып.

      78. Кассалық құжаттар әр күн үшін жеке папкаларға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады. Брошура жасалған құжаттардың жиынтық деректері сол күнгі кассалық айналым туралы жиынтық анықтаманың деректері саналады және салыстырылады.

      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық ордерлердің күн ішіндегі кірісі мен шығысының кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттар папкасының бас жағына орналастырылады.

      79. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны (банкнотты - парақтап, монеталарды - дөңгелектеп) толық қайта санау арқылы кассаға ревизия және басқа құндылықтардың болуына тексеру жасалады. Кассаның ревизиялық өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен акт жасап отыратын комиссия тағайындалады.

      80. Ревизия ақша мен құндылықтардың ұрлануын жасыру, кем шығу ықтималдығын болдырмайтын жүйелілікпен барлық құндылықтардың болуын тексерумен жүргізіледі. Кассада құндылықтардың кем шығуы немесе артық шығуы анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың туындау жағдайлары көрсетіледі.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Активтерді басқару және талаптарды қарау

      81. Таратылатын банктің активтерінің құрамына банктің меншікті мүлкі, заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, сондай-ақ банктің басқа да талаптары кіреді және тарату массасын қалыптастыру үшін негіз жасайды.

      82. Тарату комиссиясы тағайындалған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясы уәкілеттік берген таратылатын банк қызметкерлерінің қатысуымен таратылатын банктің мүліктерін (активтерін), кредиттік және басқа да шарттарын түгендеуді, сондай-ақ жеке шоттарды баланстық шоттармен, баланстық шоттардағы және меморандум шоттарындағы қалдықтарды салыстырып тексеруді жүргізеді. Түгендеу нәтижелері бойынша акті жасалады.

      Соңынан бухгалтерлік есеп деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына кемінде бір рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда:

      материалды жауапты және лауазымды тұлғалар, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) бухгалтерлік қызмет басшысы ауысқан жағдайда;

      ұрлану немесе теріс пайдаланушылық, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілері анықталған жағдайда;

      табиғи апат, өрт, апаттар немесе қысылтаяң жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайлар жағдайында міндетті тәртіппен түгендеу жүргізеді.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      83. Барлық кредиттік істер, оның ішінде кредиттік шарттар, өзге де кредиттік міндеттемелер бойынша шарттар бар құжаттарды қоса отырып сипаттауға және соңынан есеп-тіркеу құжаттарымен салыстыруға жатқызылады. Алшақтықтар анықталған, не құжаттар болмаған жағдайда себебі түсіндіріліп акт жасалады.

      83-1. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа шағым-талап өтінішін берген күніне дебитор мен банктің арасында жасалған шарттардың талаптарына негіздеп жүргізеді.

      Ескерту. 83-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      84. Таратылатын банктің түгендеу жолымен анықталған барлық активтері егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тарату массасына қосуға жатқызылады. Таратудың басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын банктің аралық тарату балансында көрсетілуі тиіс.

      Осы Қағидалардың 82-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жүргізілген түгендеу барысында анықталған мүліктің кем шығуы аралық тарату балансына енгізіледі және жеке шотта ескеріледі.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      84-1. Мүлікті осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатқанға дейін, тарату комиссиясы тарату шығыстарын барынша азайту мақсатында таратылатын банктің мүлкін, оның ішінде тарату комиссиясымен атқарушылық іс жүргізу шегінде сот актілері бойынша қабылданғандарды, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебінен алынғандарды және белгіленген тәртіппен тіркелгендерді жалға беруді таратылатын банктің кредиторлар комитетімен келісу бойынша жүзеге асырады.

      Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі.

      Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны сату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды.

      Тарату комиссиясының жалға беру шартын жасасуы жалға алушының мүлікті тарату комиссияның бірінші талабы бойынша босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосымша жалдауға (субарендаға) беру мүмкін еместігі бойынша шектеулерді қабылдауға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 84-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.06 N 166 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      84-2. Банктің тарату комиссиясы жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша артықшылық ең жақсы жалға алу шарттарын ұсынған тұлғаға беріледі.

      Ескерту. 84-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.06 N 166 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      84-3. Тендер өткізу туралы хабарландыру тендер өткізу күнінен кемінде он күнтізбелік күн бұрын аумағында жалға берілетін мүлік орналасқан облыс немесе қалада таралатын республикалық маңызы бар мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      Жалға алушыны таңдау бойынша тендер өткізу туралы хабарландыруда:

      1) тендерді өткізу күні, орны және уақыты;

      2) таратылатын банктің атауы;

      3) жалға берілетін мүліктің сипаттамасы;

      4) өтінімдерді қабылдайтын орны, уақыты және мерзімдері;

      5) тендер құжаттамасын және қосымша ақпарат алуға болатын телефондар, мекенжай қамтылады.

      Ескерту. 84-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.06 N 166 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      84-4. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) хабарландыруда көрсетілген ақпарат;

      2) жалға берілетін мүлікті көрсету күні, уақыты және орны;

      3) жалға алу төлемін төлеу шарттары;

      4) негізінде тендердің жеңімпазы анықталатын критерийлер;

      5) жалға беру шартының жобасы.

      Ескерту. 84-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.06 N 166 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      84-5. Таратылатын банктің бұрынғы басшы қызметкерлері, таратылатын банктің кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тартылған қызметкерлері тендерге қатыстырылмайды.

      Ескерту. 84-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.06 N 166 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      84-6. Егер тендерге екі қатысушыдан кем қатысқан болса тендер өтпеді деп саналады.

      Тендер өтпеді деп танылған жағдайда тарату комиссиясы тендердің жалғыз қатысушысымен жалға беру шартын жасасу мәселесін қарайды.

      Ескерту. 84-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.06 N 166 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      85. Тарату комиссиясы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.

      Тарату комиссиясы бірмезгілде бүкіл мүлікті не мүліктің бөлігін бағалауды жүргізеді.

      Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша ең тиімді талаптар (көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты өткізу талаптарын банктің тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар аумағында банктің бағалануға жататын мүлкі орналасқан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, облыста немесе республикалық маңызы бар қалада таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Тарату комиссиясы 50 (елуден) 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжымалы мүліктің бір бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырады.

      Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз жылжымалы мүлікті бағалау жүргізілмейді.

      Бағалау жүргізу конкурсына бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар қатыстырылмайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      86. Таратылатын банктің алдындағы берешегін өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті беру кредиторлар комитетімен келісу бойынша бағалау туралы есеп болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      87. Таратылып отырған банктің қатысуымен болатын мәмілелер, аралық тарату балансы бекітілгенге дейін орындалуы және құжаттамалық ресімделуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалмаған болса, жасалмаған болып есептеледі.

      88. Конкурстық тарату массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, есепке алу және сақтау үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа кастодиан-банкке аударылады.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      88-1. Осы Қағидалардың 88-тармағында көрсетілген активтерді аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптары тізілімін бекіткенге дейін қайтару барысында тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) тарату конкурстық массаға енбеген активтерді оларды басқа банкке аудару үшін түгендеуін жүргізеді;

      2) тапсыратын күні берілетін активтердің мөлшеріне қатысты салыстырып тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша тиісінше акт жасалады. Басқа банкке берілетін активтер сомасы таратылатын банктің есепке алу және сақтау үшін қабылдаған активтер сомасына тең болуы тиіс;

      3) активтерді (ақшаны) басқа банкке аудару туралы шарт және активтерді аудару туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын активтерді қабылдау-өткізу актісін жасайды.

      Ескерту. 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      89. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      89-1. Осы Қағидалардың 89-тармағында көрсетілген кепіл мүлік пен бөлінген активтерді аралық тарату балансын және кредиторлардың талаптары тізілімін бекіткенге дейін қайтару барысында тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) кепіл мүлік пен ипотекалық облигациялардың қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне тапсыру жөнінде шарт жасасады;

      2) ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне Қазақстан Республикасының ипотека туралы заңнамасына сәйкес, ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы болып табылатын ипотекалық заем шарттарын (ипотекалық куәліктерін қоса алғанда), сондай-ақ кепіл шарттарын және тапсырылатын кепіл мүлікке құқығын анықтайтын барлық құжаттарды тапсырады;

      3) талап ету құқықтарын беру туралы ережеге сәйкес ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкіліне ипотекалық шарт бойынша талап ету құқығын тапсыруды жүзеге асырады;

      4) ипотекалық куәлігінде ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің пайдасына тапсыру жазбасын жүргізеді. Бұл ретте тапсыру жазбасында ипотекалық куәлігі бойынша құқықтар тапсырылатын ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің аты нақты және толық көрсетілуге тиіс. Ипотекалық куәлігіндегі және ипотекалық шартындағы бланктік тапсыру жазбалары жарамсыз болып саналады.

      Ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ипотекалық куәлігі бойынша құқықтарды тапсыру онымен келешекте оған негізгі міндеттеме бойынша құқықтарды да тапсыратынын көрсетеді. Ипотекалық куәлігінің және ипотекалық шарттың заңды иесі кепілдік ұстаушы мен кредитордың негізгі міндеттеме бойынша құқықтарын қоса алғанда, оның мазмұнынан туындаған барлық құқықтарды иеленеді;

      5) тапсыру күніне тапсырылатын ипотекалық заемдардың мөлшерін (нақтылы өтелген берешек сомалары бойынша және өтелмеген берешек қалдықтары бойынша) салыстырып тексеру жүргізеді. Ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне негізгі борыш, сыйақы, осы ипотекалық заемдар бойынша айыппұл, өсімпұлды қоса алғандағы сомаға тапсырылады;

      6) ипотекалық облигациялар шығарылымының көлемі мен банк берген заемдардың жиынтық сомасы арасында айырма пайда болған жағдайда ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілін ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық заемдар бойынша жетпеген соманы мойындағаны туралы және осы берешек соманы кредиторлардың талап ету тізілімінің сегізінші кезек тобына енгізетіні туралы хабардар етеді;

      7) ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығын тапсырған кезде әрбір борышкерді жазбаша оның заем бойынша міндеттемелерін басқа тұлғаға тапсырғаны туралы хабардар етеді.

      Егер борышкер ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар етілмесе банк алдындағы міндеттемелерін орындау ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілі орындауы тиіс деп танылады.

      Тарату комиссиясының ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлікті және бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне тапсырғаннан кейін ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілдері мен ипотекалық облигациялар ұстаушылары арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      Ескерту. 89-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30. N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      90. Тарату комиссиясы берілген қарыздар бойынша кредиттік шарттарды өтеу нақтылығы мен перспективалары, борышкерлердің мүліктік жағдайы мәніне талдау жасайды және кредиттік топтаманы қалыптастырады. Тарату комиссиясы кредиттік топтама талаптарын иеліктен алу немесе басқаға беру туралы мәселелерді кредиторлар комитетінің қарауына шығарады.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      91. Кепілдік беру ұйымын қоспағанда, заңды тұлғалар, банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын, заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкпен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен оның тарату комиссиясына хабарласады.

      Кредиторлар - жеке тұлғалар растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен тарату комиссиясына өтініш жасайды.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      92. Кредиторлардың талаптарында талап етудің негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкцияларының, шығындардың мөлшері туралы жеке-жеке мәліметтер қамтылады (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар).

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      93. Талап (өтініш) банк пен кредитор арасында жасалған шартта басқа мерзім аталмаған жағдайда, оны алған күннен бастап екі апта ішінде қаралуы тиіс.

      94. Тарату комиссиясы заңды немесе жеке тұлғаның талаптарын (өтініштерін) қарау кезінде көрсетіліп отырған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      95. Талапты (өтінішті) алған тарату комиссиясы өтініш берушінің жазбаша нысанда жазған негізді талап етуін таниды және талапты (өтінішті) қарау қорытындысы туралы оны жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Талаптарға (өтініштерге) жауап беруде мыналар көрсетіледі:

      1) талаптарды (өтініштерді) беруші өтініш иесінің және жауапты жіберіп отырған тарату комиссиясының толық атауы, почталық деректемелері, жауап беріліп отырған талаптардың (өтініштердің) күні және нөмірі;

      2) талаптар (өтініштер) толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома не мерзімі және егер олар ақшалай бағалауға жатпайтын болса, қанағаттандыру тәсілі көрсетіледі;

      3) талаптарды (өтініштерді) толық немесе ішінара қабылдамау себебі тиісті нормативтік құқықтық актілерге және талаптарды (өтініштерді) қабылдамауды негіздейтін құжаттарға сілтеме жасау арқылы болған жағдайда;

      4) жауапқа қоса берілген құжаттар және басқа да дәлелдер тізбесі.

      96. Талап (өтініш) толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш берушінің талабы (өтініші), сондай-ақ өтініш берушінің талабының (өтінішінің) қабылданбауын негіздеген құжаттар өтініш иесінде болмаған жағдайда қайтарып беріледі.

      Кредитор растайтын құжаттарды бермегеніне байланысты тарату комиссиясы талапты (өтінішті) қабылдамауы кредитордың тарату комиссиясына талаптар (өтініштер) қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінді талап етілген құжаттарды қоса беріп, талабын (өтінішін) қайта беруге кедергі жасамайды.

      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      97. Кредиторға жауап тапсырысты немесе құнды хатпен, оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.

      98. Өтініштер беру мерзімі баспасөзде банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және 2 (екі) айдан кем болмайды.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      99. Өтініштер беру мерзімі өткен, сондай-ақ барлық берілген өтініштер қаралған соң бір айлық мерзімде тарату комиссиясы жүргізілген активтер мен міндеттемелерді түгендеудің нәтижелерін ескере отырып, таратылатын банк мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген шағымдар мен өтініштердің тізбесі, оларды қарау нәтижелері және банктің кредиторлары талап етпеген берешек, кредиторлар талаптарының тізілімі туралы мәліметтер қамтылатын аралық тарату балансын жасайды.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      100. Талап (өтініш) берген кредитор бір мезгілде таратылып отырған банктің борышкері болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы талаптарды (өтініштерді) қарау кезінде ұсынылып отырған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің бір тұлға болып дәл келуі түріндегі өзара талап етулер сынағын өткізу туралы мәселе қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.

      Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талап етулер сынағы осы кредитордың талабын қанағаттандырудың тиісінше кезегі келген кезде ғана жасалады.

      Өзара талап етулер сынағын таратылып отырған банкпен кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шарты (тар) бойынша пайда болған кезде жүргізуге тыйым салынады.

      101. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасайды.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      102. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      103. Банктің тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келеді.

      Кредиторлар талаптарының тізіліміне әр кредитор туралы, ақшалай міндеттемелер және (немесе) міндетті төлемдер бойынша оның талаптарының мөлшері, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ ұйымның кепілдік беру жөніндегі, еріксіз таратылып отырған банктің тарату комиссиясына ұсынған есебіне сәйкес сомадағы көлемде төлемді өтеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптары енгізіледі.

      Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша атқарушы құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін беріледі.

      Орындалатын құжаттар танылған талап етулер болып табылады және орындалмаған сомалар мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптары тізілімінде ескеріледі.

      Ескерту. 103-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      103-1. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағыштарда бекітуге ұсынады.

      Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.

      Аралық тарату балансы және банк кредиторлары талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.

      Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.

      Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.

      Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) айдан аспайды.

      Ескерту. 103-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      104. Таратылатын банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7-тарау. Таратылған банктің кредиторлар комитеті

      105. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және банкті еріксіз таратқан жағдайда солардың қатысуымен шешімдер қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.

      106. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптары тізілімін бекіткен күннен бастап бір ай ішінде қалыптастырады және оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде бекіту үшін ол уәкілетті органға жіберіледі. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жасайды.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      107. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы ең көп кредиторлар, Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген әр кезектегі кредиторлар санатының бір өкілінен кіреді.

      Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсыныстар жібереді.

      Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.

      Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      107-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      108. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде үш адам болады.

      Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылып отырған банкте ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      108-1. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің мүшесін кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарады:

      1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан екі реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы;

      2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру;

      3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы;

      4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар).

      Ескерту. 108-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      108-2. Уәкілетті орган кредиторлар комитетінің құрамын мынадай негіздер бойынша қайта бекітуге тиіс:

      1) кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді қабылдауы;

      2) кредиторлар комитетінің отырысына мәселені екі реттен көп рет шығару кезінде кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы;

      3) кредиторлар комитетінің кредиторлар - жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерді қабылдауы.

      Кредиторлар комитетінің құрамын қайта бекіту туралы шешім тарату комиссиясына және кредиторлар комитетіне жіберіледі.

      Ескерту. 108-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      108-3. Қағидалардың 108-1 және 108-2-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекітуге уәкілетті органға ұсынумен кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.

      Тарату комиссиясы таратылып отырған банкке ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.

      Ескерту. 108-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      109. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысын өткізу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитеті отырысының күн тәртібін бере отырып, уәкілетті органды және кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілу орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.

      Кредиторлар комитетінің бірінші мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады. Кредиторлар комитеті бірінші мәжілісінде:

      1) комитеттің төрағасын сайлайды;

      2) кредиторлар комитетінің мәжілісін жүргізу тәртібін және дауыс беру рәсімін реттейтін кредиторлар комитеті туралы ережесін бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде тең дауыс болған кезде шешуші дауыс құқығы беріледі. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      110. Кредиторлар комитетінің одан кейінгі мәжілістері комитет белгілеген тәртіп пен мерзімде шақырылады.

      111. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

      1) банкті тарату процесінде құралатын барлық құжаттармен танысу;

      2) Қағидалардың 16-тармағына сәйкес тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен келісім жасау;

      3) уәкілетті органды банкті тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы хабардар ету;

      4) сотқа және уәкілетті органға тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне шағымдану;

      5) мүлікті сату аукциондарын және тарату комиссияның отырыстарын қоса алғанда, кредиторлар комитеті мүшелерінің арасынан банкті тарату рәсімдерінің кез келгенін жасау кезінде қатысу өкілеттіктері берілген кредиторлардың өкілдерін сайлау;

      6) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат алу;

      7) таратылатын банктің өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешегінің көлемін бекіту;

      8) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын банктің тарату, конкурстық массасын іске асыру жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің мүлкін 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге төлемді бөліп-бөліп төлеу түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;

      9) тарату шығыстарының сметасын бекіту;

      10) тарату комиссиясының мүлікті таратылатын банктің балансынан есептен шығару актісін бекіту;

      11) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің мүлкін жалға беру туралы шешімді және тендерлік құжаттаманы келісу;

      12) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған мүлікті таратылатын банктің алдындағы берешегін өтеу үшін, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне қабылдау туралы шешімді келісу;

      13) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот актілері бойынша банктің тарату комиссиясы қабылдаған жылжымайтын мүлкіне қатысты мәміле жасау туралы шешімді келісу.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізіледі - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      111-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Қағидалардың 111-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

      Ескерту. 111-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      112. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.

      Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      113. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8-тарау. Таратылған банктің кредиторларының талаптарын қанағаттандыру

      114. Тарату комиссиясы таратылған банктің кредиторларының талаптарын, оның ішінде оның банкрот болуына байланысты қанағаттандыруды аралық тарату балансына сәйкес ол бекітілген күннен бастап, Банктер туралы Заңның 74-2-бабында белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша жасайды.

      115. Әрбір кезектің талабы алдындағы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін барып қанағаттандырылады.

      Бір кезектің танылған барлық талаптарын қанағаттандыру үшін таратылған банктің мүлкі жетіспеген жағдайда таратылған банктің ақшасы және (өзге) мүлкі осы кезектің кредиторлары арасында кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең түрде бөлінеді.

      Ескерту. 115-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      116. Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) бағалаушы айқындаған құны бойынша заттай нысанда мүлікті, сондай-ақ есептеулердің тепе-теңдік қағидатын сақтай отырып, беру күніне таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарында есептелген дебиторлық берешекті (негізгі борышты, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) беру арқылы қанағаттандырылады.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      117. Тарату комиссиясы ұсынылған талаптарды (өтініштерді) белгілеген мерзім өткеннен кейін таныған, бірақ тарату балансы бекігенге дейінгі кредиторлар талабы кредиторлар талабы тізіліміне енгізілмейді, бірақ басқа кредиторлық берешек ретінде жеке баланс шотында ескеріледі және белгіленген мерзім ішінде анықталған кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған борышкер мүлкінен қанағаттандырылады.

      Тарату комиссиясының талаптарды (өтініштерді) ұсыну үшін белгілеген мерзімі өткеннен кейін белгілі болған және тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары кредитордың ұсынған талаптарының қанағаттандырылғандығы және олардың кредиторлар талаптары тізіліміне тиісті кезекке қойылғандығы жөніндегі сот шешімі негізінде ғана енгізіледі.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      118. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор банктің тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талапарызбен сотқа жүгінеді.

      Белгіленген мерзімде мәлімделген, бірақ тарату комиссиясымен танылмаған, оларға қатысты оларды қанағаттандыру туралы сот шешімі бар кредиторлардың талаптары кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптарды толық қанағаттандырғанға дейін есеп айырысу жүргізілген кезектегі кредиторлардың талаптарын орындау тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      119. Таратылған банктің мүлкі жетіспеуіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары (өтініштері), сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейін жасалмаған өтініштер өтелді деп есептеледі.

      Егер кредитор сотқа талаптанбаған және соттың шешімі бойынша оны қанағаттандырудан бас тартылған жағдайдағы тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары өтелген болып есептеледі.

      120. Өтініші тарату комиссиясымен танылған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредитордың алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустың депозитіне аударады.

      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      121. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылған банктің қалған мүлкін тарату комиссиясы акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен банк акционерлері арасында бөліске салады.

9-тарау. Таратылған банктің мүлкін сату тәртібі
1-параграф. Таратылған банктің мүлкін сату жөніндегі
аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      122. Егер таратылып отырған банктегі бар ақша кредиторлар мен акционерлердің талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда тарату комиссиясы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен банктің мүлкін сатуды жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясы бағалы қағаздардың ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған рыногында таратылатын банктің бағалы қағаздарын сатуды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен іске асырады.

      Ескерту. 122-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      122-1. Бағалы қағаздар нарықтық құны бойынша сатылады.

      Таратылатын банктің ұйымдастырылған нарықта айналыстағы бағалы қағаздарының (бір бірлігінің) құнын бағалау "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Осындай бағалы қағаздарды көрсетілген әдістеме бойынша бағалау мүмкін болмаған не бағалы қағаздардың белгілі бір түріне қатысты әдістеме болмаған жағдайда, олардың құнын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы бағалайды.

      Таратылатын банктің бағалы қағаздарын нарықтық құны бойынша сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаса – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бағалы қағаздардың әрбір түрі үшін өзге құнын белгілейді.

      Ескерту. 122-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      123. Тарату комиссия төрағасының мүлікті сату туралы шешімін, сондай-ақ таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын таратылған банктің кредиторлар комитеті бекітеді.

      Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгенге дейін тарату комиссиясы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісу бойынша мүлікті сатады.

      Таратылған банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, мүлікті сату туралы шешімді, сондай-ақ таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және оны уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 123-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30 N 250 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      124. Мүлікті сату сауда-саттық жасау Жоспарына сәйкес ашықтық, жариялылық және рұқсат беру принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады.

      Тарату комиссиясы аукциондарды өткізу кезінде тарату комиссиясы осы Қағидалардың 157-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда сауда-саттық жасау (ағылшын немесе голланд әдісі) әдістерін дербес таңдайды.

      Ескерту. 124-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      125. Таратылатын банктің үйлері және ғимараттары, жылжымайтын мүліктің өзге де объектілері, олардың құнына қарамастан көлік құралдары, сондай-ақ мүліктің бір бірлігі үшін 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен асатын бағалау құны бар таратылатын банктің өзге мүлкі тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылуға жатады.

      Мүлкінің бір бірлігі үшін 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз бағалау құны бар таратылатын банктің өзге жылжымалы мүлкін тарату комиссиясы жария сауда-саттық өткізбей-ақ, бірақ бағалау құнынан төмен емес бағамен сатады.

      100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз бағалау құны бар банктің жылжымалы мүлкі кредиторлар комитеті мүлікті сату бағасын бекіту талабымен бағалау құнынан төмен емес баға бойынша осы мүлікті сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылады.

      Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз жылжымалы мүлікті сатуды тарату комиссиясы дербес анықтаған, бірақ баланстық құнынан 50 (елу) пайыздан төмен емес баға бойынша жария сауда-саттық өткізбей-ақ жүзеге асырылады.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      125-1. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының (LBMA Gold Price) сату күніне белгіленген алтын бағасы бойынша айқындалады.

      Ескерту. 125-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      126. Таратылған банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады:

      1) таратылған банктің мүлкін құрылымын қайта қарау (сегментация, шоғырландыру) жөніндегі ұсыныстарды дайындау және нәтижесінде объектіні сату анықталатын лоттарды қалыптастыру;

      2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушы(ларды)ны таңдау жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен таратылған банктің мүлкіне баға беру;

      4) таратылған банктің мүлкін сату туралы хабарландыруларды жариялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      5) таратылған банктің мүлкін сату Жоспарын кредиторлар комитетіне қарауға және бекітуге дайындау және ұсыну;

      6) қамтылып отырған жеке немесе заңды тұлғамен сауда-саттық өткізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасау.

      Ескерту. 126-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      127. Сату жоспарында сату объектілері туралы ұсыныстар мен олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, сатудың бастапқы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі ең төмен) бағасы, сауда-саттықты өткізу кезеңі мен әдісі туралы мәліметтер бар.

      Сату жоспарына баланстық құны елу айлық есептік көрсеткіштен төмен, сондай-ақ жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар мүлік енгізілмейді. Жүз айлық есептік көрсеткіштен кем бағалау құны бар, бағалау құнынан төмен баға бойынша сатылмаған мүлік сату жоспарына енгізіледі.

      Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      128. Тарату комиссиясы осы Қағидаларда белгіленген тәртіп бойынша тартылып отырған банктің мүлкін сатуды мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып жүргізеді:

      1) сатылып отырған мүлікке осы өңірдегі осыған ұқсас мүлік түрлерінің рыноктық бағасынан кем емес баға белгілеу;

      2) мүлікті ең жоғары бағамен сату;

      3) мүлікті қалдырмай сатып жіберу кезіндегі жоғалтуды барынша азайту.

      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      129. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын таратылатын банк мүлкінің орналасқан жері бойынша облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Банктің жылжымайтын мүлкін сату бойынша алғашқы сауда-саттық өтпеген болып танылған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.

      Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      130. Сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарда мынадай мазмұн болады:

      1) сауда-саттықты өткізу күні, орны және уақыты;

      2) таратылатын банктің сатуға қойылатын мүліктің атауы және тарату комиссиясының мекен-жайы;

      3) қойылатын лоттардың сипаты (мазмұны);

      4) әрбір лот бойынша сауда-саттықты өткізу әдісі;

      5) сатуға қойылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағасы (лоттың ең төмен бағасы сауда-саттықты голландтық әдісімен өткізген жағдайда көрсетіледі);

      6) кепілдік беру жарнасының мөлшері, мерзімі және тәртібі, Сатушының деректемелері;

      7) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;

      8) сату объектісімен таныстыру күні, уақыты мен орны;

      9) сатып алынған объектісін сату бойынша ақы төлеу шарттары;

      10) сауда-саттықты өткізу ережесімен танысуға және өзге ақпаратты алуға болатын телефондары мен мекен-жайлары;

      11) Сатушының шешімі бойынша басқа қосымша ақпарат.

      Ескерту. 130-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      131. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізгенге дейін әрбір қатысушыға оның тіркеген сәтте берілетін аукционға қойылатын әрбір лоттың жан-жақты сипаты бар аукциондық карта жасайды.

      132. Ақпараттық хабарды жариялағаннан кейін Сатушы барлық ниет білдірушілердің аукционды өткізу ережесі және ұйымдастыру туралы ақпаратқа және сату объектісіне еркін кіруін қамтамасыз етеді.

      133. Сатушының функцияларына мыналар жатады:

      1) кепілдік берілген жарналарын қабылдау;

      2) аукционды өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру;

      3) сауда-саттық Жеңімпаздарымен сатып алу-сату шартын жасау және оның орындалуын бақылау;

      4) қатысушыларымен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.

      134. Аукционға қатысуға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      135. Аукционға таратылатын банктің бұрынғы басшы қызметкерлері, Сауда-саттықты ұйымдастырушы, таратылатын банктің кредиторлары болып табылатын тұлғалар, банктің тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері қатыспайды.

      Аукционға "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес бір-біріне қатысты үлестес әлеуетті сатып алушылар қатыстырылмайды.

      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      136. Таратылатын банктің аукцион арқылы сатылатын мүлігін сатып алуға ниет білдіруші тұлғалар кепілдік берілген жарнасын енгізеді.

      Ескерту. 136-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 58 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      137. Аукционға қатысу үшін кепілдік берілген жарнасы барлық таратылатын банктер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әрбір сату объектісі бойынша оның бастама бағасының 5%-ін құрайды.

      138. Қатысушылардың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік берілген жарнасы болып табылады:

      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

      2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;

      3) сатып алу-сату бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау;

      139. Бір кепілдікті жарна сауда-саттыққа қатысуға және кепілдікті жарна енгізілген бір нақты лотты сатып алуға құқық береді.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      140. Кепілдікті жарнаны қатысушы не оның атынан Қағидалардың 135-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепілдікті жарнаның алушысы болып табылады.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      141. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепілдік берілген жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиісті төлемдер шотына жатқызылады.

      142. Сатушы мынадай жағдайларда:

      1) аукционды өткізуге дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын оған қатысудан бас тартқанда;

      2) сауда-саттық Жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқанда;

      3) қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оның нәтижелерімен келіспеуді негіздемей қол қоюдан бас тартқанда;

      4) Сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда;

      5) егер қатысушы сауда-саттықтың ағылшын әдісінде бастама баға хабарланғаннан кейін немесе сауда-саттықтың голланд әдісінде ең төменгі бағаға жеткен кезде аукциондық нөмірін көтермеген болса, кепілдікті жарнаны қайтармайды.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      143. Қалған барлық жағдайларда кепілдік берілген жарналар аукцион басталған күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының банк шотына түссе, онда олар түскен күннен бастап бес банктік күн ішінде қайтарылады.

      144. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап өткізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат қалғанда аяқталады.

      145. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін құжаттар тізбесінде мыналарды қамтылады:

      1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;

      2) жеке куәлік немесе "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын өзге құжат (жеке тұлға үшін)";

      3) кепілдікті жарнаның енгізілуін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордердің көшірмесі;

      4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

      5) жарғының және құрылтай шартының (бар болса) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың (заңды тұлға үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері.

      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      146. Аукцион қатысушыларын тіркеу Сатушы еркін нысанда жасайтын сауда-саттық қатысушыларын тіркеу журналында жүргізеді.

      147. Тіркеуден өткен тұлға аукцион өткізілетін күнінде аукциондық номеріне ауыстырылатын қатысушының билетін алады. Сауда-саттық барысында аукциондық номерін басқа тұлғасы пайдалануға тыйым салынады.

      148. Аукционға қатысушы:

      1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысады;

      2) қосымша мәліметтерді, сауда-саттыққа шығарылатын сату объектісі бойынша нақтылауларды тегін алады;

      3) сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарайды;

      4) өзінің құқығы бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

      5) Қағидалардың 142-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдікті жарнаны қайтарып алады;

      6) Сатушыға бұл туралы жазбаша хабарлай отырып аукционға қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алады.

      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      149. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысады. Кіру билетінің құнын Сатушы өзі айқындайды және ол бір билет үшін бір айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукционға қатысушылар, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.

      Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      150. Сатушы сауда-саттықты дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңінде:

      1) сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етпейді;

      2) Қағидалардың 145-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, аукционға қатысушылардан қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды талап етпейді.

      Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      151. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу қағидаларын хабарлаудан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі.

      Аукционды өткізу қағидаларын бұзған адамдар аукцион өткізу залынан шығарылады.

      Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      152. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны өзгерту қадамын сауда-саттық барысында сату объектісінің бастама бағасының бес пайызынан он пайызына дейінгі шекте белгілейді.

      Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      153. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион картасында белгіленген тәртіпке қарамастан лоттарды сауда-саттыққа қою бірізділігі туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      154. Аукционға бірнеше лоттар шығарған кезде әрбір лоттар бойынша сауда-саттықтың әр түрлі әдістер өткізуге рұқсат етіледі.

      155. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірімен өткізіледі:

      1) сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайтын сауда-саттықтың ағылшын әдісі. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтере отырып бастама бағасын жоғарылатады, бірақ хабарланған қадамнан кем емес етіп жоғарылатады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттыққа қатысатындардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы бастама бағасын төмендету қадамын хабарлаумен жаңа бағаны хабарлай отырып, лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайтын сауда-саттықтың голланд әдісі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірін бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы төмендетілмейді. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша алғаш рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының сексен пайызынан аз болмайды. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және одан көп рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының елу пайызынан аз болмайды.

      Егер сауда-саттықты өткізу кезінде баға хабарланған сәтте екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадам шамасына бағаны көтере бастайды. Егер бағаны көтерген кезде өз нөмірін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың ешқайсысы көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.

      Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз нөмірін бір мезгілде көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, олардың біреуінде "жеңімпаз" деген жазуы бар қағаз парағы, ал басқасында (басқаларында) – таза қағаз парағы болады.

      Конвертті тарту құқығын Қағидалардың 147-тармағына сәйкес аукционға қатысушы ретінде бірінші болып тіркеуден өткен сауда-саттыққа қатысушы алады. "Жеңімпаз" деген жазумен қағаз парағы бар конвертті тартқан сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылады.

      Өткізілетін сауда-саттық мынадай жағдайда:

      сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмағанда немесе егер берілген өтінімдердің саны бір өтінімнен аспайтын болса;

      сауда-саттыққа қатысушылар келмегенде немесе қатысушылардың келуі бір қатысушыдан аспайтын болғанда;

      сауда-саттықтың жеңімпазы сауда-саттық хаттамасына, сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқанда немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысулар тәртібін бұзғанда;

      көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда немесе сауда-саттықтың ағылшын әдісінде лоттың бастама бағасы хабарланған кезде бір ғана аукциондық нөмір көтерілгенде;

      5) сауда-саттықтың голланд әдісінде лоттың ең төменгі бағасы хабарланған кезде көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда өтпеген болып саналады.

      Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      156. Аукцион егер онда кемінде екі қатысушы қатысқан жағдайда, жасалды деп саналады.

      157. Аукционға бірінші рет қойылатын мүлікті сату сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі.

      158. Осы Қағидаларда атап көрсетілген әдістердің бірімен аукционды өткізген кезде сауда-саттықтар жасалмады деп танылған жағдайда, Сатушы Таратылатын банктің мүлігін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізеді. Мүлікті іске асыру жоспарына енгізілетін өзгерістерді кредиторлар комитеті бекітеді, ал ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жібереді. Өзгерістерде сатылатын лоттардың өзге құрылымы және (немесе) олардың бастама (ең төменгі) бағасы болады.

      Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      159. Мүлікті іске асыру жоспарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бір сатып алушы қатысатын сауда-саттықты өткізген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы жалғыз қатысушыға қойылатын лотты ағылшын әдісі кезде бастама бағасынан кем емес, голланд әдісі кезде ең төменгі бағасынан кем емес сатады.

      160. Әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттық нәтижелері сол күні сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасымен ресімделеді, Сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы, сауда-саттықтың Жеңімпазы және әрбір лот бойынша сауда-саттық аяқталған барлық қатысушылары оған қол қояды. Сауда-саттық қатысушыларына кепілдік берілген жарнасы олар сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттық қатысушысы оның нәтижелеріне өз келіспеушілігін жазбаша негіздейді. Егер сауда-саттық болмай қалған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы болмай қалған сауда-саттық туралы хаттама жасайды.

      Ескерту. 160-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен

      161. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың Жеңімпазы аукционға бұдан әрі қатысуға құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектісі бойынша сауда-саттықтар жаңартылады.

      162. Сауда-саттық нәтижелерін және сауда-саттық Жеңімпаздарының міндеттемелерін және Сатушының сату бағасы бойынша сатып алу-сату шарт жасауын белгілейтін құжаты сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасы болып табылады.

      163. Аукционды өткізгеннен кейін үш күн ішінде Сатып алушы және Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәні, құқығы, міндеттемелері және тараптардың жауапкершілігі, сату объектісінің соңғы бағасы және ақы төлеу шарттары, тараптардың деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ тараптар арасындағы Сатып алушы және Сатушы қол қоятын сауда-саттықтың объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып тараптардың қарауы бойынша өзге талаптар.

2-тарау. Сауда-саттық қатысушылары
арасындағы есеп айырысу жүргізу тәртібі

      164. Егер шартта бөлiп-бөлiп төлеу көзделмеген болса, Сатушы мен Сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін бес банктік күннен кешіктірмей Сатып алушы шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және оған тиісті төлем құжатының көшірмесін растауға ұсынады.

      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      165. Сатып алушы осы Қағидалардың 164-тармағында белгіленген мерзімде аукционда сатып алған мүлікке қажетті төлем енгізбеген жағдайда, Сатушы сатып алу-сату шартын осы шарттың талаптарында көзделген бір тәртіппен бұзады. Сатып алушы енгізген кепілдік берілген жарнасы оған қайтарылмайды және осы мүлік қайтадан сауда-саттыққа қойылады. Сатып алушының сату объектісіне төлем енгізбегеніне жауапкершілігі ол және Сатушының арасындағы сатып алу-сату шартында көзделеді.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

10-тарау. Уәкілетті органның еріксіз таратылатын
банктердің тарату комиссияларының қызметіне бақылау
жөніндегі өкілеттіктері

      166. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды.

      167. Уәкілетті орган:

      1) мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясын тағайындайды және босатады;

      2) банктің тарату комиссиясы ұсынған аралық тарату балансын және мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптар тізілімін бекітеді;

      3) банктің тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитетінің құрамы тізімін бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарату комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      5) тарату комиссиясы ұсынған мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату туралы есепті және тарату балансын қарайды және келіседі;

      6) банктің тарату комиссиясының қызметін бақылау бойынша осы Қағидаларда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге өкілеттіктері бар.

      Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      168. Егер тарату комиссиясының қызметін тексеру не уәкілетті органға ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижесінде банк кредиторларының және акционерлерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны байқалса, сондай-ақ тарату процесін жүргізудің заңмен реттелген тәртібі бұзылса, уәкілетті орган тарату комиссиясына міндетті түрде орындау үшін көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде жазбаша ескертпе жібереді және ұйғарымды орындау үшін мерзімін белгілейді.

      169. Тарату комиссиясы жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады, сондай-ақ банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімді қабылдаған сотқа не прокуратура органдарына кредиторлардың заңмен қорғалатын мүдделерін және бұзылған құқықтарын қорғау үшін хабарласады.

      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысы.

11-тарау. Тарату ісіне қатысушылардың кепілдік
беру жөніндегі ұйыммен өзара іс-әрекеті

      170. Осы тарау қатысушы-банктердің тарату комиссияларына қолданылады.

      171. Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, кепілдік берілетін депозиттерді қайтару бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйым бекіткен нысан бойынша және "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша депозиттер бойынша өтеу есебін ұсынады.

      Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер бойынша өтеу есебін беруді қабылдау-өткізу актісін жасап, қағаз және электрондық тасымалдауыштарда жүзеге асырады.

      Ескерту. 171-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      172. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      173. Қатысушы-банктің тарату комиссиясы депозиторларға өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті есеп айырысуды жасағаннан кейін жіберілген міндеттемелер сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және таратылатын банктің кепілдік беруі бойынша ұйым үшін ашылған тиісті шотқа есепке ала отырып, салымшыларға төленуге тиісті өтемақы мөлшерінде кредиторлар тізілімінің үшінші кезегінде кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.

      Ескерту. 173-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      173-1. Тарату комиссиясы және кепілдік беру жөніндегі ұйым әр жылдың төртінші тоқсанында (банктің тарату ісі қозғалған жылды қоспағанда) кепілдік беру жөніндегі ұйым таратылатын банктің салымшыларына төлеген кепілдік өтемақы сомасының салыстырып тексеруін жүргізеді.

      Ескерту. Ереже 173-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 N 15 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      174. Кепілдік беру ұйымымен кепілдік берілген депозиттер бойынша оның төлеген (төленетін) өтеу сомасы бойынша есеп айырысу таратылатын банктің кредиторлары талаптарын қанағаттандырудың үшінші кезегі келген кезде жүргізіледі.

      Кепілдік беру жөніндегі ұйымы тарату комиссиясы депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілетін депозиторлар тізіміне және депозиттер бойынша өтеудің есебіне кіргізбеген тұлғаларға оның төлеген кепілді өтеу сомасы бойынша талап қойған жағдайда банктің тарту комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын даусыз деп тану туралы мәселесін қарайды.

      Көрсетілген талаптар даусыз деп танылған кезде, олар кепілдік беру жөніндегі ұйым үшін белгіленген кезек тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанша есептеу жүргізілген кезектің кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02. N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      175. Еріксіз таратылатын қатысушы банктің ісі біткеннен және тарату комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін банкті тарату және тарату балансы туралы есепті жасау кезінде кепілдік беру жөніндегі ұйым және қатысушы-банктің тарату комиссиясы екі данадан, әрбір тарап үшін бір данадан, есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

12-тарау. Таратылатын банктің құжаттарын мұрағатқа
сақтауға және тапсыруға ұйымға қойылатын талаптар

      176. Банктің тарату комиссиясы есепті қамтамасыз ету, сақтауға жататын құжаттарды ресімдеу мен сақтау мәселелері бойынша банктерге қойылатын, оның ішінде мұрағат пен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты барлық талаптарын орындалуын қамтамасыз етеді.

      177. Банктің тарату комиссиясының құрамы өзгерген кезде сақтауға жататын істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына қабылдау-өткізуі таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жасалады.

      178. Таратылатын банктің қызметі нәтижесінде пайда болатын, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысымен белгіленеді.

      Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      179. Істер мен құжаттарды сақтау мерзімін оларды іс жүргізу аяқталған кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.

      180. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою мұрағаттар мен құжаттаманы басқаратын тиісті органның сараптау-тексеру комиссиясының келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітетін актісімен ресімделеді.

      181. Мұрағат ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті органмен келісусіз құжаттарды жою жүргізілмейді.

      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      182. Таратылатын банктің тұрақты сақталуға жататын құжаттары банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік мұрағаттарға реттелген түрде тапсырылады, ал банкті таратуды толық аяқтау сәтінде сақталу мерзімі өтпеген, уақытша сақталуға жататын, оның ішінде жеке құрам бойынша құжаттары қабылдау-өткізу актісі бойынша уәкілетті органның филиалдарына тапсырылады.

      Ескерту. 182-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      183. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      184. Есепті ұйымдастыруына және құжаттардың сақталуына жауапты тұлғасы мұрағаттық сақтауға істерді тапсыруға дайындаған кезде, олардың дұрыстылығы, қалыптастыру және тізімдемеге жататын істердің саны таратылатын банктің іс номенклатурасына сәйкес куәландырылған істердің санына сәйкестігі тексеріледі. Құжаттарды тапсыру тізімдеме бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.

      Егер таратылатын банктің құжаттарын өңдеу жағдайы мен сапасы тиісінше жағдайда болса, онда тарату комиссиясы олардың тәртіпке келтіруін ұйымдастырады.

      Таратылатын банктердің құжаттарын сақтауды ұйымдастыру бойынша шығыстар таратылатын банк қаражаты есебінде жасалады.

13-тарау. Таратуды аяқтау

      185. Еріксіз таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органмен бірге келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын сотқа жібереді.

      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өндірісін аяқтау туралы ұйғарым шығарады.

      186. Тарату комиссиясы тарату балансы және банкті тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін – уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      187. Еріксіз таратылған жағдайда банктердің қызметін тоқтатуын тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      188. Әділет органының банктің таратылуын тіркеу туралы бұйрығы алынғаннан, банктің құжаттарын мұрағатқа сақтауға тапсырғаннан және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлағаннан кейін тарату комиссиясының өкілеттіктері тоқтатылады.

      188-1. Банктің қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 188-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысы.

14-тарау. Қорытынды ережелер

      189. Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешіледі.

      Ескерту. 189-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасында
банктерді мәжбүрлеп тарату
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Тарату шығыстарының сметасы
_________________________ жылғы _____ тоқсандағы
_____________________________________
(таратылатын банктің атауы)

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

ай

ай

ай

тоқсандағы барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары





1.1

тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің сыйақысы, оның ішінде:





1.1.1

сыйақы





1.1.2

жеке табыс салығы





1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.2.1

лауазымдық жалақы





1.2.2

жеке табыс салығы





1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.3

өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған адамдардың жұмысына ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.3.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу





1.3.2

жеке табыс салығы





1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары





2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар





2.1

әлеуметтік салық





2.2

әлеуметтік аударымдар





2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2.4

мүлікке салынатын салық





2.5

көлік құралдарына салынатын салық





2.6

жер салығы





2.7

қосымша құн салығы





2.8

жер телімдерін пайдалану төлемі, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем





2.9

өзге салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер





3

Әкімшілік шығыстар





3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау қызметтері





3.2

байланыс қызметтері





3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализациясы қызметтері





3.4

көлікті күзету қызметтері





3.5

көлік үшін тұрақ беру қызметтері





3.6

көлікті тіркеу қызметтері





3.7

көлікті техникалық қарау қызметтері





3.8

көлікті сақтандыру қызметтері





3.9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері





3.10

коммуналдық қызметтер





3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жұмыстары





3.12

үй-жайды жалдау





3.13

тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері





3.14

мүлікті бағалау қызметтері





3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері





3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындау қызметтері





3.17

сантехникалық жұмыстар





3.18

мүлікті сақтау қызметтері





3.19

мемлекеттік бажды төлеу





3.20

нотариаттық куәландыру қызметтері





3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері





3.22

терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жұмыстары





3.23

аукциондар өткізу қызметтері





3.24

инкассация қызметтері





3.25

сараптама жүргізу қызметтері





3.26

аудит жүргізу қызметтері





3.27

құжаттарды аудару қызметтері





3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату





3.29

бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі орталық депозитарийдің қызметтері





3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпастан жүзеге асырылған төлемдер және ақша аударымдары қызметтері





3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру қызметтері





3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу





3.33

коллекторлық қызметтер





4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары





4.1

офис жабдығын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау





4.2'

көлік құралдарын ұстау





4.3

үй-жайларды ұстау





4.4

қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу





4.5

кеңсе тауарларын сатып алу





4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу





5

Іссапар шығыстары





6

Көзделмеген шығыстар





7

Өзге де шығыстар





Жиынтығы





      Тарату комиссиясының төрағасы

      ___________________________________ ______________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      Бас бухгалтер

      ________________________________________ __________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      Орындаушы

      _______________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       (қолы)

      Телефоны

  Қазақстан Республикасындағы
банктерді мәжбүрлеп тарату
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      _______________________________
(таратылатын банктің атауы)

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Басталды __________________

      Аяқталды __________________

      Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады

Кіріс

Түскен күні

Кімнен қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Кіріс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Мақсаты

Кассирдің қолы

Бас
бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің)
қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)
қолы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Бір күндегі жиынтығы









Шығыс

Беріл
ген
күні

Кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Шығыс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің)
қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының)
қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Бір күндегі жиынтығы










      Растаушы жазба

      Осы кітаптағы жиынтығы

      __________________________________________________________________,

      (таратылатын банктің атауы)

      20 ___ жылғы "___" __________ жазбаларға арналған __________________

      ____________________________________________________________________

      (саны жазумен көрсетіледі)

      _______________ нөмірден бастап_____________ нөмірге дейін қоса

      алғанда нөмірленген, байланған және мөрмен бекітілген парақ.

      20 ___ жылғы "____" ____________

      Төраға (бөлімше басшысы) __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер (бөлімше бухгалтері)_________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Кассир ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасындағы
банктерді мәжбүрлеп тарату
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бекітемін

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Төрағасының орынбасары

      ______________________________________ жылғы "___"__________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Кредиторлар комитеті құрамының тізімі

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 19.12.2015 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      ___________________________________________

      (таратылатын банктің атауы)

р/с №

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы)

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын банк кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4










      Тарату комиссиясының төрағасы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)

  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 40 қаулысының 2-қосымшасы

      Күші жойылды деп танылған нормативтік

      құқықты актілердің тізімі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1136 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 6 басылымында 2000 жылы 237 бетте жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1502 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1765 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1765 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2712 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 41-44 басылымдарында 2004 жылы 1047 бетте жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3567 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3612 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 17 басылымында 2005 жылы 142 бетте жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады