Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 08-2/83 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4194

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекітілген Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналы еңбек шарттарының 1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттары бекітілсін.
      2. Валюта-қаржы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеуінен өткен күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      МИНИСТР

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі

      30 наурыз 2006 жыл

Қазақстан Республикасы      
Сыртқы істер министрінің     
2006 жылғы 31 наурыздағы     
N 08-2/83 бұйрығымен       
      бекітілген           

  Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне
жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет
персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған
штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттары

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «жеке» деген сөз алынып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.23 N 08-1-1-1/327 (мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттары (бұдан әрі - Шарттар) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде штаттық дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметке тағайындаусыз, еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдардың еңбек шарттары мәселелеріне қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 бұйрығымен.

  1. Қызметке тағайындау және қызметтен босату

      2. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа қабылданған адамдармен Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің басшысы еңбек шартын жасасады, кейіннен Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі басшысының штаттан тыс жұмыскер ретінде қызметке тағайындау туралы бұйрығы шығарылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.23 N 08-1-1-1/327 (мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Штаттан тыс жұмыскерлер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) әкімшілік, техникалық және шаруашылық функцияларын орындау үшін қызметке қабылданады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 бұйрығымен.

      4. Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері де - Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік-техникалық персоналының қызметіне тағайындала алады.
      Штаттан тыс жұмыскерлер еңбек шартымен шарттасылған өзінің негізгі жұмысынан басқа, өзінің негізгі жұмысынан босамай, уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін немесе басқа лауазым бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда қосымша жұмысты да орындай алады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.23 N 08-1-1-1/327 (мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      5. Дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесімен еңбек шарты жасалған жағдайда, оның мерзімі аяқталуы сол отбасының мүшесі болып табылатын дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі жұмысының аяқталу мерзімінен аспауы тиіс.

      6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен көзделген негіздер бойынша, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі басшысының кейіннен бұйрығы шығарылуы арқылы еңбек шарты бұзылуы немесе оның қолданысы тоқтатылуы мүмкін.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.23 N 08-1-1-1/327 (мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  2. Жалақы, жалақыны есептеу тәртібі,
жалақыдан ұстап қалу, кепілдіктер және өтемақы төлеу

      7. Штаттан тыс жұмыскерлердің жалақысы шетелдік валютада:
      мерзімді (нақты жұмысты атқарған уақыты үшін);
      кесімді (белгілі бір жұмыс көлемін орындағаны үшін) төленеді.
      Штаттан тыс жұмыскердің шекті жалақысы Қазақстан Республикасының шет елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі айлықақысының 30 пайызы көлемінде белгіленеді.
      Штаттан тыс жұмыскерлердің шет елде жұмыс істеген уақытына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жалақы төленбейді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 бұйрығымен.

      8. Штаттан тыс жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының және демалыс уақытының ұзақтығы, соның ішінде мейрам күндері орналасқан мемлекеттің заңнамаларымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
      Штаттан тыс жұмыскерлер шетел валютасындағы орташа жалақысы мөлшеріндегі төлеммен жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланады және 30 күн календарлық күнтізбе мерзімінде.
      Егер штаттан тыс жұмыскер жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жағдайда штаттан тыс жұмыскерге жұмыстан босаған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы төленеді.
      Жүктілігі мен босануы жөніндегі демалысы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ұзақтықта беріледі.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2010.09.23 N 08-1-1-1/327 (мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      9.  Науқастанған жағдайда, штаттан тыс жұмыскерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша шетелдік валютада орташа жалақы есебімен ауырған барлық уақыты үшін, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа жәрдемақы төленеді.
      9-1. Штаттан тыс қызметкерлер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі басшысы бұйрығының негізінде қысқа мерзімді іс сапарға жіберіледі.
      Іссапар шығыстарын өтеу «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі болып табылатын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының персоналы үшін белгіленген көлемде жүзеге асырылады.
      Ескерту. Еңбек шарты 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 бұйрығымен.

      10. Шет мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын штаттан тыс жұмыскерлерге төлемдер мен жәрдемақылардың тәртібі мен мөлшері орналасқан мемлекеттің заңдарына сәйкес белгіленеді.

  3. Қорытынды ережелер

      11. Штаттан тыс жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде қолданылатын ішкі еңбек тәртібінің ережелері қолданылады.

      12. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде жұмыс істеген уақыты штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек өтіліне (стажына) қосылады.
      Егер штаттан тыс жұмыскер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жағдайда, оның еңбек кітапшасындағы жазбаны Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің басшысы берген растау анықтамасы негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді.

      13. Осы Шарттармен реттелмеген өзге де еңбек шарттары Қазақстан Республикасының заңнамаларына және еңбек шартына сәйкес белгіленеді.

Об утверждении Условий труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2006 года N 08-2/83. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 апреля 2006 года N 4194.

      В соответствии с пунктом 1 Условий труда персонала дипломатической службы за рубежом, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 января 2006 года N 23, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Условия труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан в государстве пребывания, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы Республики Казахстан.

      2. Валютно-финансовому департаменту обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его направление после введения в действие в загранучреждения Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      МИНИСТР

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр труда и социальной защиты

      населения Республики Казахстан

      30 марта 2006 года



  Утверждены
приказом Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 31 марта 2006 года N 08-2/83

Условия труда внештатных работников,
принятых на месте на работу в загранучреждения
Республики Казахстан,
в том числе из числа членов семей
персонала дипломатической службы

      Сноска. По всему тексту слова "индивидуальных", "индивидуальный", "индивидуальным", "индивидуального" исключены приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 23.09.2010 № 08-1-1-1/327.

       1. Настоящие условия труда внештатных работников, принятых на месте на работу в загранучреждения Республики Казахстан, в том числе из числа членов семей персонала дипломатической службы (далее – Условия) разработаны на основании трудового законодательства Республики Казахстан и регулируют правоотношения, касающиеся вопросов условий труда лиц, осуществляющих трудовую деятельность в загранучреждениях Республики Казахстан на основании трудовых договоров без назначения на штатные дипломатические и административно-технические должности.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра иностранных дел РК от 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 (вводится в действие со дня его государственной регистрации).

1. Назначение на должность и освобождение
с занимаемой должности

      2. С лицами, принимаемыми на работу в загранучреждения Республики Казахстан, главой загранучреждения Республики Казахстан заключается трудовой договор с последующим принятием приказа главы загранучреждения Республики Казахстан о назначении на должность в качестве внештатного работника.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 23.09.2010 № 08-1-1-1/327.

      3. Внештатные работники (граждане Республики Казахстан, иностранцы и лица без гражданства) принимаются на работу для выполнения административных, технических и хозяйственных функций.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра иностранных дел РК от 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 (вводится в действие со дня его государственной регистрации).

      4. Внештатные работники кроме своей основной работы, обусловленной трудовым договором, могут выполнять обязанности временно отсутствующего работника без освобождения от своей основной работы либо выполнять дополнительную работу по другой должности, в случаях, предусмотренных Трудовым кодексом Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 23.09.2010 № 08-1-1-1/327.

      5. В случае заключения трудового договора с членом семьи персонала дипломатической службы, срок его окончания не может превышать срок окончания работы в загранучреждении Республики Казахстан персонала дипломатической службы, членом семьи которого он является.

      6. Трудовой договор может быть расторгнут или его действие может быть прекращено по основаниям, предусмотренным Трудовым кодексом Республики Казахстан, с последующим принятием приказа главы загранучреждения Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 23.09.2010 № 08-1-1-1/327.

2. Заработная плата, порядок исчисления
заработной платы, удержания из заработной платы, гарантии и компенсационные выплаты

      7. Оплата труда внештатных работников в иностранной валюте производится:

      повременно (за фактически отработанное время);

      сдельно (за выполнение определенного объема работы).

      Предельная заработная плата внештатного работника устанавливается в размере 30 процентов от оклада Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в стране пребывания.

      Заработная плата в национальной валюте Республики Казахстан внештатным работникам за время работы за границей не выплачивается.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра иностранных дел РК от 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 (вводится в действие со дня его государственной регистрации).

      8. Продолжительность рабочего времени и времени отдыха, в том числе праздничные дни, для внештатных работников устанавливается в соответствии с законодательством Республики Казахстан, с учетом особенностей, установленных законодательством государства пребывания.

      Внештатные работники пользуются правом на ежегодный трудовой отпуск с оплатой в размере среднемесячной заработной платы в иностранной валюте и сроком 30 календарных дней.

      В случае, если внештатный работник не использовал или использовал неполностью ежегодный трудовой оплачиваемый отпуск, то при увольнении внештатному работнику выплачивается компенсация за неиспользованный ежегодный трудовой оплачиваемый отпуск.

      Отпуск по беременности и родам предоставляется продолжительностью установленной законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 23.09.2010 № 08-1-1-1/327.

       9. В случае болезни внештатному работнику выплачивается пособие по временной нетрудоспособности из расчета среднемесячной заработной платы в иностранной валюте за время болезни, но не более чем за два месяца.

      9-1. Внештатные работники направляются в краткосрочные командировки на основании приказа главы загранучреждения Республики Казахстан.

      Возмещение командировочных расходов осуществляется в размере, установленном для персонала органов дипломатической службы Республики Казахстан, являющегося административными государственными служащими корпуса "Б".

      Сноска. Условия труда дополнены пунктом 9-1 в соответствии с приказом Министра иностранных дел РК от 26.12.2013 № 08-1-1-1/656 (вводится в действие со дня его государственной регистрации).

      10. Внештатным работникам, являющимся гражданами иностранных государств или лицами без гражданства, порядок и размеры выплат и пособий устанавливается в соответствии с законодательством государства пребывания.

3. Заключительные положения

      11. На внештатных работников распространяются правила внутреннего трудового распорядка, действующие в загранучреждении Республики Казахстан.

      12. Внештатным работникам время работы в загранучреждении Республики Казахстан засчитывается в трудовой стаж в соответствии с законодательсвтом Республики Казахстан.

      В случае, если внештатный работник является гражданином Республики Казахстан, то запись в его трудовой книжке производится Министерством иностранных дел Республики Казахстан при возвращении в Республику Казахстан на основании подтверждающей справки, выданной главой загранучреждения Республики Казахстан.

      13. Иные условия труда, не урегулированные настоящими Условиями, устанавливаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан и трудовым договором.