"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қыркүйектегі N 08-1-1-1/327 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6591 болып енгізілді

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4194 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарында:
      бүкіл мәтін бойынша «жеке» деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақтағы «мерзімді» деген сөз алынып тасталсын;
      4-тармақ «басқа лауазым бойынша» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында» деген сөздер мен санды «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың бесінші бөлігі алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                   Қ. Сарыбай

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      ___________ Г. Әбдіқалықова
      2010 жылғы 29 қыркүйекте

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады