Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 19 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4202. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 388 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009.09.18 N 388 бұйрығымен.

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Төраға

      КЕЛIСIЛДI:
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрi
      2006 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлігі      
Дәрменсіз борышкерлермен   
жұмыс комитетi Төрағасының 
2006 жылғы 20 наурыздағы  
N 19 бұйрығымен бекiтiлген 

  Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн,
оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережесi

      Бұл Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  10-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес жасалған және бiлiм беру ұйымдарымен сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау тәртiбiн анықтайды.

      1. Бұл ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      бiлiм беру ұйымы - жоғары кәсiптiк бiлiм беру, қосымша кәсiптiк бiлiм беру және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
      iзденушi - жоғары кәсiптiк бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматы.

      2. Бiлiм беру ұйымдарымен сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметке лицензия алғысы келетiн iзденушiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi. ( Z952200 P010581 P951894 P041115 )

      3. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлiк бiлiмi бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары өз бетiмен осы екi жоғары бiлiмнiң бiреуiнiң негiзiнде "Сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау" оқу бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) жасайды және белгiленген тәртiпте бекiтедi.

      4. Бағдарлама 72 (жетпiс екi) оқу сағатынан кем емес және мiндеттi түрде банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия беру жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген болуы тиiс.

      5. Бағдарлама бойынша iзденушiлердi оқыту жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру түрiнде жүргiзiледi және оқу қорытындысы бойынша белгiленген үлгiдегi  сертификатқа ие болады.

      6. Сырттай байқау әкiмшiлер, оңалтуды және конкурстық басқарушылар ретiнде жұмыс iстеу үшiн мамандандырылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша магистратура шеңберiнде оқуға рұқсат етiледi.

      7. Оқу бағдарламасы сағатының жалпы көлемiнiң 20 %-нан кем емес бөлiгi сырттай байқау әкiмшiлерден, оңалтуды және конкурстық басқарушылардан, сондай-ақ банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қызметкерлерiнен тұратын тәжiрибелiк қызметкерлердiң қатыстырылуымен сырттай байқау әкiмшiлердi, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың тәжiрибесiн үйренуден тұруы қажет.

      8. Бiлiм беру ұйымдары:
      тәжiрибелiк қызметкерлердi және уәкiлеттi орган қызметкерлерiн оқытушылық қызметке банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия беру жөнiндегi  уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейiн қатыстыруы мүмкiн;
      жыл сайын банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия беру жөнiндегi уәкiлеттi органға сертификат алған тұлғалардың тiзiмiн жолдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады