Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Агенттік Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережеде:
      кіріспеде "(бұдан әрi - Заң)" деген сөздерден кейін ", "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      екінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші-алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіндегі мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есепке сай көрсетілуі тиіс эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда (Ереженің 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетілген), уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтірілуі тиіс.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымына дейінгі кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есеп болмаған жағдайда қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есепті уәкілетті органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есепті қоғам акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есепті бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендірудің осы мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Концессиялық шарттың және кепілдік шарттың көшірмелері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөліктері болып табылады.";

      2-тармақта:
      2) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын тiркейдi және эмитентке осы Ереженің 3-1-қосымшасына сай облигациялар шығарылымын, осы Ереженің 3-2-қосымшасына сай облигациялық бағдарламаны немесе осы Ереженің 3-3-қосымшасына сай облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

"1-1-тарау. Облигациялар шығарылымының проспектісіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      5-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында эмитент уәкілетті органға:
      1) еркін түрде жасалған өтінішті;
      2) бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитенттің мөрімен бекітілген, қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды;
      3) қаржылық есепсіз Аcrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулары бар (мемлекеттік және орыс тілдерінде) облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісін;
      4) соның негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген эмитент органы шешімінің көшірмесін;
      5) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер және (немесе) облигациялардың айналыс мерзімі өзгерген жағдайда облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын;
      6) облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу нәтижесінде облигация иелерінің құқықтары бұзылмайтындығы туралы эмитенттің жазбаша міндеттемесін ұсынады.

      5-2. Эмитент облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркейді және бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер және (немесе) облигациялардың айналыс мерзімі өзгерген жағдайда бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады;
      2) уәкілетті органның олардың мемлекеттік тіркелгені туралы белгісімен бірге облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын эмитентке қайтарады.

      5-3. Уәкілетті орган облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін эмитент ұсынған құжаттарды осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.";

      11-тармақтың 1) тармақшасында "және эмитентке" деген сөздерден кейін "осы Ереженің 8-қосымшасына сай" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Егер эмитенттің осы Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болмаса (ипотекалық облигациялар эмитенттерін, сондай-ақ осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген эмитенттерді қоспағанда), эмитент бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде эмитент одан кейінгі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің левередж көлемінің есебін ұсынады.";

      1-қосымшада:
      18-тармақта:
      1) тармақшада "эмитент акцияларының (үлестерiнiң)" деген сөздер "эмитент үлестерінің (орналастырылған және дауыс беруші акцияларының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның екінші абзацындағы "банктiң дауыс беретiн акцияларының" деген сөздер "банктің орналастырылған акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде аффилиирленгендігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігі туралы ақпарат ашылады.";

      38-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1)-5-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) облигацияларды төлеу шарттары мен тәртібі;
      облигацияларды төлеу шарттары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері көрсетіледі;

      5-2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;

      5-3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің пәні, құқықтары мен міндеттері;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;
      талап ету құқықтары біртектілігінің критерийлері;
      секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамды талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әр түрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;

      5-4) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің фамилиялары, аттары, болса әкелерінің аттары);

      5-5) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;

      5-6) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;

      5-7) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі.";

      6) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "облигациялар мерзімінен бұрын сатып алынған немесе мерзімінен бұрын өтелген жағдайларда облигацияларды сатып алу немесе өтеу шарттары, мерзімі, тәртібі көрсетіледі;";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде - облигациялар шығарылымдарын өтеу шарттары мен мерзімінен бұрын өтеу тәртібі көрсетіледі;";

      40-тармақтың 3)-6), 8), 9) тармақшалары алынып тасталсын;

      41-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар және соларға сай арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға құқылы болатын шарттар көрсетіледі.";

      8-тарау мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
      "41-1. Облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген кезде:
      эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылар қай жағдайда облигациялардың мерзімін бұрын өтелуін талап етуге құқылы екендігі;
      облигациялар бойынша дефолт жарияланған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар, облигациялар бойынша сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе ойдағыдай орындалмаған жағдайда облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері;
      инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі.";

      2-қосымшада:
      10-тармақтың 1) тармақшасында "акцияларының (үлестерiнiң)" деген сөздердің алдынан "орналастырылған" деген сөзбен толықтырылсын;

      11-тармақта "акциялардың (үлестердiң)" деген сөздердің алдынан "орналастырылған" деген сөзбен толықтырылсын;

      24-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы "қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктi сақтандыру шартының болуы;" деген сөздер алынып тасталсын;

      28-тармақтың үшінші абзацының соңғы сөйлемі алынып тасталсын;

      3-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сай редакцияда жазылсын;

      5-қосымшада:
      5-тармақта:
      4) тармақшада "облигациялардың рыноктық құны" деген сөздердің алдынан "облигацияларды орналастыру аяқталған күнге" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "саны туралы мәлiметтер" деген сөздер "саны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "ұстаушылардың" деген сөз "иеленушілердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "ұстаушыларына" деген сөз "иеленушілеріне" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылым проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
      6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар сомасы;
      7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.";

      осы қаулының 2-қосымшасына сай 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалармен толықтырылсын;

      осы қаулының 3-қосымшасына сай 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының       
2006 жылғы 15 сәуірдегі   
N 99 қаулысына 1-қосымша  

"Мемлекеттiк емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу 
және облигацияларды орналастыру
және өтеу қорытындылары туралы 
есептi қарау ережесiнiң    
3-қосымшасы          

Облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар
шығарылымының проспектiсi

      1. Осы облигациялар шығарылымы [эмитенттiң толық атауы] облигациялық бағдарлама проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:
      облигациялық бағдарлама проспектісінің мемлекеттік тіркелген күні;
      шеңберінде шығарылым жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның ақшалай көлемі;
      облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;
      облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәліметтер (шығарылымның уәкілетті органда тіркелген күні, облигациялар саны, номиналдық құны бойынша шығарылым көлемі және осы облигациялық бағдарлама шегінде әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке орналастырылған облигациялардың саны).
      3. Шығарылымның құрылымы:
      1) облигациялардың түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемi (облигациялар шығарылымының жалпы көлемiн номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бiр облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудiң кезеңдiлiгi және күнi, тәртiбi және оны төлеудiң шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетiледi);
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      индекстелген облигациялар шығару кезiндегi есептеу тәртiбi.
      Егер сыйақының ставкасы белгiленбеген болып табылса, оның мөлшерiн белгiлеу тәртiбi көрсетiледi;
      5) мыналар қоса көрсетiлген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәлiметтер:
      облигациялардың айналыс мерзiмi және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күнi;
      облигациялар өтелетiн орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсiлi;
      6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      7) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызмет көрсетуі жөніндегі шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      8) тіркеуші туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті көрсету шартының жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      9) облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер (облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерлері, тиісті шарттардың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      10) төлем агенті туралы мәліметтер (оның атауы, орналасқан жері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      11) мыналар қоса көрсетiлген облигациямен оның ұстаушысына берiлетiн құқықтар:
      облигациялар ұстаушылардың эмитенттен шығарылым проспектiсiнде көзделген мерзiмде облигацияның номиналдық құнын алу не өзге мүлiктiк баламаны алу құқықтары, сондай-ақ облигацияның номиналдық құнынан сыйақы алуға құқығы не өзге де мүлiктiк құқықтар;
      12) облигациялар мерзiмiнен бұрын сатып алынған немесе толық орналастырылмаған жағдайларда облигацияларды сатып алу шарттары, мерзiмдерi, тәртiбi, облигацияларды төлеу үшiн берiлген ақшаны қайтарып алу тәртiбi;
      13) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану туралы мәліметтер:
      облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртiбi, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.
      4. Опциондар туралы мәліметтер:
      егер опциондар облигацияны ұстаушыға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, осы тармақшада опционды жасау шарттары көрсетіледі.
      5. Айырбасталымды облигациялар:
      айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртiбi мен шарттары көрсетiледi.
      6. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды орналастыру мерзiмi және тәртiбi:
      облигациялар ұйымдаспаған рынокта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күнi (бар болған кезде) көрсетiледi;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3) облигацияларды төлеудiң шарттары және тәртiбi:
      облигацияларды төлеу шарттары, тәртiбi, есеп айырысу шарттары көрсетiледi.
      7. Облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының проспектiсiне эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi не олардың орындарындағы адамдар қол қояды және мөрiнiң таңбасымен куәландырылады.".

                                       Қазақстан Республикасы Қаржы
                                       нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттігі
                                               Басқармасының
                                          2006 жылғы 15 сәуірдегі
                                         N 99 қаулысына 2-қосымша  

                                   "Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              3-1-қосымшасы

       Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                               куәлік

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N ____ 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
әділет органының атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)

облигациялар шығарылымын ___________________________________________
                               ( шығарылымның реттік нөмірі )
мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым __________________________________________________________
                 (облигациялар саны цифрмен және жазбаша)
бөлінді әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі_____________________
берілді.

Бір облигацияның номиналдық құны ___________________________ теңге.
                                   (цифрмен және жазбаша)
Облигациялар шығарылымының көлемі ____________________ теңге болады.
(шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналдық құны цифрмен және
жазбаша)

Шығарылым _________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: ________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.

                                   "Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              3-2-қосымшасы

       Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                              куәлік

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N _____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
әділет органының атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)

облигациялық бағдарламаны __________________________________________
                                     (реттік нөмірі)

мемлекеттік тіркеуге алды.
Облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі ______________________
теңге болады.

(облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі цифрмен және жазбаша)

Шығарылым _________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: ________________________________. 

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.

                                   "Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              3-3-қосымшасы

     Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
                          куәлік

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N _____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
әділет органының атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
____________________________________ облигациялық бағдарлама шегінде
    (реттік нөмірі)
облигациялар шығарылымын ___________________________________________
                                       (реттік нөмірі)
мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым __________________________________________________________
                   (облигациялар саны цифрмен және жазбаша)

бөлінді әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі_____________________
берілді.

Бір облигацияның номиналдық құны ___________________________ теңге.
                                   (цифрмен және жазбаша)

Облигациялар шығарылымының көлемі _________________ теңге болады.
(шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналдық құны цифрмен және
жазбаша)

Шығарылым _________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: ________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.".

                                       Қазақстан Республикасы Қаржы
                                       нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттігі
                                               Басқармасының
                                          2006 жылғы 15 сәуірдегі
                                         N 99 қаулысына 3-қосымша  

                                   "Мемлекеттiк емес облигациялардың
                                     шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
                                     және облигацияларды орналастыру
                                     және өтеу қорытындылары туралы
                                         есептi қарау ережесiнiң
                                              8-қосымшасы

    Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы
             есепті бекіту жөніндегі хабарлама

Алматы қаласы        2006 жылғы "____" ____________          N _____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес
___________________________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті берген
әділет органының атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке
сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
________________________________________ облигацияларды орналастыру
    ( шығарылымның реттік нөмірі )
(өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым номиналдық құны ___________________________ теңге болатын
                  (номиналдық құнының мөлшері цифрмен және жазбаша)
_____________________________________________ облигацияға бөлінді.
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша, облигациялар түрі)
_____________________________________________________ жағдай бойынша
(облигацияларды орналастырудың (өтеудің) аяқталған күні, айы, жылы)
орналастырылған (өтелген) облигациялар _____________________________
орналастырылмаған облигациялар _____________________________________

Шығарылым туралы қосымша ақпарат: _________________________________.

Хабарламаға қол қойған адамның фамилиясы, аты,
әкесінің аты және лауазымы, қолы, мөрі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады