Тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдары жүргізетін патологоанатомиялық сою ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы»23 қарашадағы№N 567 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4492 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдары жүргізетін патологоанатомиялық сою ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық жоғары оқу орындарының басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықты қолданысқа енгізген күнінен бастап басшылыққа алу және орындау үшін патологоанатомдарға дейін жеткізсін.
      3. Емдеу-алдын алу ісі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры Ж.Қ.Исмайыловқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы»23 қарашадағы  
N 567 бұйрығымен бекітілген

  Тәуелсіз патологоанатомиялық сою жүргізу
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді және тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымы жүргізетін патологоанатомиялық сою тәртібін белгілейді. K090193

      2. Тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдары жүргізген патологоанатомиялық сою сырқат қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдарынан әкімшілік-қаржылық немесе өзге тәуелділікте емес ұйымдарда жұмыс істейтін патологоанатомдар жүргізетін сырқаттың мәйітіне патологоанатомиялық зерттеулер жүргізуді анықтайды.

  2. Денсаулық сақтау ұйымы жүргізетін тәуелсіз
патологоанатомиялық сою жүргізу тәртібі

      3. Патологоанатомиялық сою қайтыс болған адамның жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талабы бойынша, қажетті құжаттарды, сою хаттамаларын, сою нәтижелері туралы қорытындыны ресімдей отырып, жүргізіледі.

      4. Тәуелсіз патологоанатомиялық сою дербес және қызметтік немесе медициналық ұйымдардан өзге де тәуелділікте емес, қайтыс болған адамның тірі кезінде медициналық көмек көрсетілген заңды тұлға болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарында; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымына енбейтін қалалық және облыстық орталықтандырылған патологоанатомиялық бюрода; медициналық жоғары оқу орындарындағы патологиялық анатомия кафедраларында жүргізіледі.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында сырқат қайтыс болған жағдайда патологоанатомиялық союды тәуелсіз ұйымдар ретінде медициналық жоғары оқу орындарының патологиялық анатомия кафедрасы жүргізуі тиіс.

      6. Жоғары оқу орындары кафедрасының жанында прозектуралар болмаған жағдайда тәуелсіз союларды сырқат қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдарының прозектуралар базасында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымына кірмейтін қалалық және облыстық орталықтандырылған патологоанатомиялық бюрода кафедра қызметкерлері жүргізеді.

      7. Патологоанатомиялық сою сырқат қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымының әкімшілігіне қайтыс болған адамның жақын туыстарының немесе заңды өкілінің жазбаша өтініш беруі кезінде жүргізіледі.

      8. Тәуелсіз патологоанатомиялық сою мәйітханаға тек мәйітпен бірге белгіленген тәртіппен ресімделген сырқатнамасын немесе жүкті әйелдің амбулаториялық картасымен бірге босану сырқатнамасын немесе жаңа туған нәрестенің даму сырқатнамасын тапсырған жағдайда ғана жүргізіледі.

      9. Тәуелсіз союға ұсынылған жүкті әйелдің сырқатнамасы немесе амбулаториялық картасымен бірге босану сырқатнамасы немесе жаңа туған нәрестенің даму сырқатнамасы күні белгілене отырып, қорытынды клиникалық диагноздан, қайтыс болу эпикризі, жүргізілген зерттеулер материалдарының түпнұсқаларынан, тәуелсіз патологоанатомиялық союға жолдау мақсаты көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы басшысының немесе басшы орынбасарының қолынан тұрады.

      10. Патологоанатомиялық сою кез-келген мерзімде биологиялық қайтыс болу анықталғаннан кейін жүргізілуі мүмкін.

      11. Патологоанатомиялық сою кезінде зорлап өлтіру белгілерін анықтағанда немесе оған күдіктеген жағдайда патологоанатом:
      1) патологоанатомиялық бюроның бастығын (меңгерушісін) немесе оның орынбасарына және сырқат қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымының әкімшілігіне хабарлауы;
      2) ары қарай сот-медициналық зерттеу жүргізу үшін мәйітті, оның мүшелері мен тіндерін сақтау шараларын қабылдауы;
      3) үзілген патологоанатомиялық союдың жүргізілген бөлігіне сот-медициналық зерттеу жүргізу үшін мәйітті беру негіздемесімен жалпыға бірдей нысан бойынша хаттамасын ресімдеуі қажет.

      12. Қажет болған жағдайда патологоанатом сырқатнаманы (босану сырқатнамасын, жүкті әйелдің амбулаториялық картасын немесе жаңа туған нәрестенің даму сырқатнамасын) білікті маманға рецензияға сырқатты қарау сапасын бағалау, медициналық манипуляцияларды жүргізу техникасын бағалау және дәрі-дәрмектік терапияның сапасын бағалау мақсатында жіберуге құқылы.

      13. Патологоанатомиялық сою кезінде тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілген патологоанатомиялық союға қайтыс болған адамның мәйітін жіберген денсаулық сақтау ұйымының әкімшілігі өкілінің қатысуы міндетті.

      14. Патологоанатомиялық сою жүргізу кезінде отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің қатысуына жол берілмейді.

      15. Сырқат амбулаториялық-емханалық жағдайда қайтыс болған кезде мәйітті патологоанатомиялық союға жіберу кезінде амбулаториялық-емханалық ұйым мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) белгіленген тәртіпке сәйкес толтырылған патологоанатомиялық союға жолдау бланкі;
      2) қайтыс болуы анықталғандығы жазбасы, қорытынды клиникалық диагнозы мен қайтыс болу эпикризі бар амбулаториялық сырқаттың медициналық картасы қоса беріледі.

      16. Мәйітті жедел медициналық жәрдеммен әкелген жағдайда жедел жәрдемнің ілеспе парағы қоса беріледі.

      17. Сырқат жедел медициналық жәрдем машинасында қайтыс болған жағдайда стационарда қайтыс болған адамдардың мәйіттерін союға ұқсас тәртіп қолданылады.

      18. Тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдары жүргізетін патологоанатомиялық сою нәтижелері қорытынды патологоанатомиялық диагноз бен эпикриз ресімделген патологоанатомиялық сою хаттамасы және қайтыс болу себептері мен механизмі туралы қорытындылар түрінде ресімделеді. Патологоанатомиялық диагноз бен эпикриз ресімделген
патологоанатомиялық сою хаттамасының көшірмесі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жіберіледі. Патологоанатомиялық сою хаттамасы және қайтыс болу себептері мен механизмі туралы қорытындылардың төлнұсқалары патологоанатомиялық сою жүргізілген медициналық ұйымда қалады.

      19. Патологоанатомиялық сою жүргізу туралы өтінішке қол қойған отбасы мүшелері, жақын туыстары немесе заңды өкілі тәуелсіз денсаулық сақтау ұйымдары жүргізген зерттеу нәтижелерімен қайтыс болу себептері мен механизмі туралы қорытындының көшірмелерін беру арқылы таныса алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады