Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 3-1-157қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-207қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 435 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен

       Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізімі туралы" шешімін ескеріп, Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 3-1-1978қ "Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 3-1-157қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 24 қаңтарда N 306 болып тiркелген, 2004 жылғы 2 ақпандағы N 17 "Астана хабары", 2004 жылғы 3 ақпандағы N 13 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) аталған қаулыда:
      преамбула мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы" бұйрығын орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешімін ескеріп, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :";

      1-тармақтағы "(жеңіл таксиден басқа)" сөздері алынып тасталсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасында "16-ға дейінгі мүгедек балаларға" сөздері "он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға" сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 5) тармақшасы "тұратын" сөзінен кейін "кәмелетке толмаған" сөзімен толықтырылсын;

      2-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Қоса беріліп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы Қағида бекітілсін.";

      3-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "3. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" және "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемелері "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша әлеуметтiк көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.";

      5-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "5. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүрудің жолақылық билеттерін дайындауды және "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне одан әрі беруді қамтамасыз етсін.";

      6-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "6. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалына осы қаулының 1-тармағының 1)-5)-тармақшасында, "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтардың тізімін дайындасын және жеңілдікпен жол жүру жолақылық билеттерін беру үшін "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесіне ұсынсын.";

      2) осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру жеңілдігін ұсыну тәртібі туралы Қағида жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсiн.

      Әкім

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      КЕЛIСIЛДI

      Астана қаласы
      "Алматы" ауданының әкімі

      Астана қаласы
      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігінің
      Зейнетақы төлеу жөніндегі
      мемлекеттік орталығы"
      республикалық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорны Астана
      қалалық филиалының директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      "Астана қаласының
      Экономика және бюджеттiк
      жоспарлау департаментi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң директоры

Астана қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 9 наурыздағы
N 23-10-207қ қаулысына
қосымша       

Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 22 қаңтардағы
N 3-1-157қ қаулысымен
бекітілген     

Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық
қоғамдық көлікте тегін жол жүруді ұсыну тәртібі туралы
ҚАҒИДА

      Осы Қағида "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, "Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б бұйрығын орындау барысында, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешімін ескеріп әзірленді және азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұсыну тәртібін реттейді.
      Қалалық қоғамдық көліктерде азаматтардың жекелеген санаттарына тегін жол жүру жеңілдігін ұсыну халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны болып табылады.

1. Жалпы ережелер

      1. Қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде азаматтардың мына санаттарына:
      1) жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға;
      3) І, ІІ топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      4) күш құрылымдарынан (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақы алушыларға;
      5) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұратын (анасы жоқ болған жағдайда, әкесіне немесе оның орнындағы тұлғаға) көп балалы аналарға (соның ішінде олардың балалары кәмелетке толғаннан кейін, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитындарға - олардың оқу орындарын бітіргенге дейін);
      6) үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік қызметкерлерге тегін жол жүру құқығы беріледі.
      2. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімші) болып табылады.
      3. Әкімші мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін тасымалдау жөніндегі жеткізушілерді белгілейді, олармен міндеттемелерді орындау талаптары мен тараптардың міндеттері ескертілген шарттар жасасады.
      4. Бағдарламаны іске асыру мақсатында "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін тасымалдау жөніндегі жеткізушілердің орындалған жұмыстарының есебін қамтамасыз етеді.
      5. Әкімші Департамент анықтылығын растаған қызметтер жеткізушілерінің орындалған жұмыстардың актілері негізінде нақты берілген жеңілдікті жол жүру билеттерінің санына қарамастан тиісті қаржы жылына көзделген қаражат көлемінде азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көлікте тегін тасымалдау қызметтерінің төлемін жүргізеді.

2. Қаржыландыру көзі

      6. Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктердің барлық меншік түрлерінде тегін жол жүруін және жеңілдікпен жол жүру билеттерін дайындаудың қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

3. Тегін жол жүруді ұсынудың тәртібі

      7. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі белгіленген үлгідегі жеңілдікпен жол жүру билеті және тегін жол жүру құқығын пайдалануды растайтын куәліктің түпнұсқасы негіз болып табылады.
      8. Жеңілдікпен жол жүрудің билеттерін беруді Әкімші "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалы (бұдан әрі - ЗТМО) және "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері ұсынған тізімдерге сәйкес жеке басының куәлігі мен тегін жол жүруді пайдалану құқығын растайтын куәлігін көрсеткен жағдайда алушылардың өзіне немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бар басқа тұлғаларға зейнетақы, жәрдемақы алатын орындарда жүргізеді.
      9. Әкімші азаматтардың өтініштері бойынша жарамсыз болған жеңілдікпен жол жүру билеттерін ауыстырады.
      Жеңілдікпен жол жүру билеттерін қайта беру ұрланғаны жөнінде құжаттамамен расталған жағдайда (іздеу салу үстелінің анықтамасы, газеттегі хабарландыру) жылына бір рет жүргізіледі.
      10. ЗТМО мен "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері жеңілдікпен жол жүру билеттерін алушылардың ұсынған тізімдерінің растығын бақылауды жүзеге асырады.
      ЗТМО осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына жататын қайта тағайындалғандардың және көшіп келгендердің тізімін ай сайын Әкімшіге ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады