Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N С-27/7 "Көкшетау қаласының жасыл желектерді қорғау және ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 19 мамырдағы N С-31/12 шешімі. Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 3 шілдеде N 1-1-48 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.12.09 № С-53/21 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамаларына орай сәйкестікке келтіру  мақсатында, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қалалық әділет басқармасында 2006 жылдың 4 қаңтарында N 1-1-32 болып тіркелген, 2006 жылдың 09 ақпанында N 6 "Көкшетау" газетінде жарияланған, Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N С-27/7 "Көкшетау қаласының жасыл желектерді қорғау және ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Көкшетау қаласында жасыл желектерді қорғау және ұстау Ережесінің 1 тармағы (одан әрі Ереже) мынадай мағынада 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) жасыл желектердің  мәні - көгалдандырылған аумақпен жасыл алқаптардағы жасыл желектерді сақтауға бағытталған жұмыстардың агротехникалық шараларының шаруашылық жүйесі;
      15) мамандандырылған ұйым - жасыл желектерді жасап, оған күтім көрсететін өзінің штатында осы саланың маманы жұмысшылары бар, арнайы техникалармен жабдықталған (автокөтергіш, сутаситын, трактор негізіндегі бұрғылау қондырғы, автокөліктер, жүк тиейтін техникалар, жүк автокөліктері) кәсіпорын";

      2) Ереженің 7 тармағының 1) тармақшасы, мынадай редакцияда баяндалсын:
      "1) Көкшетау қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге, түрлі үлгілерде қысқартуға, қайта отырғызуға, бұзуға немесе бұзбауға рұқсат ету және рәсімдеу";

      3) Ереженің 10 тармағы мынадай редакцияда оқылсын:
      "Жасыл желектердің есебін бейнелейтін жасыл желектерге тізімдеме және құжат дендроплан болып табылады, ол 10 жыл ішінде 1 рет жаңартылады";

      4) Ереженің 13   тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "13. Жасыл желектерді көгалдандырылған аумақтарды жалға алған және меншік иеліктері, жеке және заңды тұлғалар міндетті:
      1) аумағына жататындар жер участкелеріне, өз участкелеріне жасыл желектерді қорғап және ұстауды қамтамасыз етуге;
      2) белгіленген үлгі бойынша жасыл желектерді түгендеу материалдарында өзгерістер туралы (бұзу, қайта ретке келтіру, қайта отырғызу, отырғызу) ақпараттарды, жасыл желектердің жетекші кадастырын, жасыл желектер бойынша өкілетті органға жыл сайын жіберіп отыру;
      3) Көкшетау қаласының жасыл желектерін қорғау бойынша өкілетті органның нұсқаулық-әдістемелік сілтемелеріне сәйкес газондарды шабу зиянкестер мен аурулар, арамшөптермен күрес, соның ішінде газондармен ағаш және шіліктерді суару, бүкіл кешенді агротехникалық шараларды әрдайым жүргізіп тұру;
      4) Өз есебінен санитарлық-гигиеналық, экологиялық, калақұрылысы нормаларына сәйкес жасалған, дендрологиялық жоба бойынша бекітілген аумақтық жасыл желектердің ағымдағы жөндеуі мен көгалдандыруын жүргізу;
      5) жасыл желектерді бұзу (қайта отырғызу) осы  Ережеде көрсетілген тәртіпте рәсімделсін;
      6) ағаштарды жасартуға әсері бар, ағаш-шілікті өсімдіктерді кесу жүргізілсін;
      7) бақылау аумағында (радиусы 1 метр) ток сымдары өтетін, және көше көрсеткіштерін жауып тұратын, үй нөмірлерін көрсетпейтін бұтақтарды кесу өз уақытында жүргізілсін. Бұталарды кесу кесте бойынша электр желілерінің иелері келісімімен, олардың бақылауы бойынша техника қауіпсіздігінің ережесін сақтай отырып атқарылсын;
      8) сынған ағаштармен шіліктерді алып тастау, аумақтың санитарлық тазалауы өткізіліп отырсын;
      9) парктерге, бақтарға, скверлерге, алаңдарға барғандар жасыл желектерді қорғау бойынша талаптарды сақтау міндетті;
      10) жер учаскелерін жалға беру, алу, сатып алу, беру, сыйға беруде жасыл желектермен бірге кететін жағдайда, басқада айналымдарда көрсетілген жер заңдылықтарына орай, жаңа желіктерге, жалға алушыларға жасыл желектерді сақтау талаптары міндеті мен құқығы бірге өтеді";

      5) Ереженің 14 тармағы мынадай мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мамандандырылған ұйымдар ағаш-шілікті өсімдіктерді жою, отырғызу, қайта отырғызу, санитарлық, түрлі үлгілерде кесу жұмыстарын тек қана өкілетті органның жазбаша рұқсатымен, санитарлық-гигиеналық, экологиялық  қала құрылысы нормаларын сақтай отырып жүргізіледі.";

      6) Ереженің 15 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "15. Өкілетті органның рұқсатымен жүргізілген жасыл желектерді бұзғандағы өтемді қалпына келтіру жұмыстары ағаш отырғызу жолымен жүргізіледі, белгіленген жер учаскесі аумағының көлемі үш еселік жапырақты ағаш биіктігі 2 шаршыдан кем емес, ал қылқанды ағаш тұқымы биіктігі 1,5 шаршыдан кем емес. Ағаш отырғызуға бос кеңістік болмаған жағдайда өкілетті орган жасыл желектердің қалпына келтіру құнын бір еселік көлемде жергілікті бюджетке, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға өтеуді жүргізеді.";

      7) Ереженің 16 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "16. Жасыл желектерді рұқсат етілмей бұзған жағдайда, өтемді қалпына келтіру, ағаш отырғызу арқылы жапырақты ағаш түрі биіктігі 2 шаршыдан кем емес, ал қылқанды тұқымы биіктігі 1,5 шаршыдан кем емес он есе мөлшерінде, немесе қалпына келтіру құны жасыл желектің, жергілікті бюджетке екі есе мөлшерінде жеке және заңды тұлғалармен өтеу жүргізіледі, бұзылған жасыл желектерді қалпына келтіру құнының мөлшерін жергілікті бюджетке  аудару үшін қала әкімдігі бекітеді.";

      8) Ереженің 21 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "21. Бұзу, қайта отырғызу (қысқы тиыштық жағдайында) жалпы пайдаланылатын жерлерде осы Ереже белгілеген тәртіппен, тек өкілетті органның арнайы рұқсатымен жүргізіледі, жер учаскілерін жалға алатын немесе жер пайдалану құқығы туралы құжаттарды берерде осылай дәлелдейді.
      Көгалдандырылған аумақтың жалға алушылары, жалпы пайдаланылатын жерлерде иеліктері, пайдаланушылары, азаматтармен заңды тұлғалардың өтініші бойынша Көкшетау қаласының жасыл желектерді қорғау бойынша өкілетті органы, ауырған немесе кеуіп қалған, қу ағаштармен шіліктерді олардың қандай орындарда тұрғанына қарамастан есебі мен таңбалау жұмыстарын жүргізеді.";

      9) Ереженің 28 тармағындағы: "жер - заңдылықтары құжаттарының көшірмесі" деген сөз, "жер участкелеріне құқық беретін құжаттар көшірмесі" деген сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Көкшетау әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және арнайы жарияланғаннан соң 10 күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Үшінші шақырылған Көкшетау 
      қалалық мәслихатының 31-ші  
      сессиясының төрағасы

      Үшінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының кезекті
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады